Технологиялық карта



бет2/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,56 Mb.
#13432
1   2   3


Технологиялық карта

ІХ модуль

Тұңғыш ғалымдар
Сынып: 9 «А», «Б», «В»

Лексикалық тақырып: Тұңғыш ғалымдар

Грамматикалық тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем.
Сағат саны:
Модульдің мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлем жайында мағлұмат беру. «Тұңғыш ғалымдар» лексикалық тақырыбы арқылы жаңа сөздерді меңгегуге, сауатты түрде сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білуге ықпал ету.
Міндеттері:

1. Білімділік: Сабақтас құрмалас сөйлем жайында жалпы түсінік бере отырып, сабақтас құрмалас сөйлем түрлеріне түсінік беру. Лексикалық тақырыпты игерту, тұңғыш ғалымдар тақырыбына түсініктерін кеңейту.

  1. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру, мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру. Тақырыпқа сай тапсырмалар орындату арқылы сөздік қорларын тіл байлықтарын дамыту.

  2. Тәрбиелік: Сауаттылыққа тәрбиелеу, өзінің екінші ұясына деген махаббатын мемлекеттік тілде жеткізе білуге тәрбиелеу.


Түрі: Жаңа сабақ

Әдістері: Түсіндіру, баяндау, сөйлем құрау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, аудару, сөздікпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті сабағы
Көрнекілігі: сызба, суреттер, карточкалар, оқулық, дидактикалық материалдар.


1-сабақ

Ахмет Байтұрсынұлы

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, 10 сұрақ құрастырыңдар.

1. Ахмет Байтұрсынов кім?

2. Ол қай жерде дүниеге келген?

3. Әкесі оны қандай мектепке оқуға береді?

4. Нешінші жылы мектепті бітіреді?

5. Онда кімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі?

6. Оқуды бітірген соң қай жерлерде жұмыс істейді?

7. Немен айналысады, нелер жазады?

8. Ахмет Байтұрсынұлы тұңғыш рет нелерді жазады?

9. Нешінші жылдары, неше рет оқулығы басылып шығады?

10. Ахмет Байтұрсынұлы нешінші жылы, қандай газетін, қай қалада шығарды?

2. Мәтіннен екі құрмалас сөйлем теріп жазыңдар.

1. Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеуші, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбік деген жерде туған.

2. Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді.

2-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, сөздікті қолдана отырып аудармасын жазыңдар.



ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 89 бет, 1-тапсырма, ІІ деңгей Мәтінді түсініп оқу.





2-сабақ

Шоқан Уәлиханов - ғалым

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, 10 сұрақ құрастырыңдар.

1. Шоқанның шын аты кім?

2. Шоқан нешінші жылы, қай жерде дүниеге келген?

3. Жасында қандай мектепте, қандай хат таныған?

4. Ол кейін қай қалада қайда оқиды ?

5. Онда әскери сабақтарға қоса қандай пәндерді оқиды?

6. Ол нешінші ғасырда қандай руларды зерттейді?

7. Оның ең бірінші тамаша еңбегі қандай?

8. Бұл еңбегінде ненің тарихын жазады?

9. Нешінші жылы, кімнің шақыруымен, қай жерге келеді?

10. Нешінші жылы дүние салады, қай жерде жерленген?

2. «Шоқан Уәлиханов» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 90 бет, Мәтінді түсініп оқу, ережені жаттау.





3- сабақ

Шоқан Уәлиханов - ғалым

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:

1. Бүгін далада ауа райы қандай?



  1. Қазір қай жыл мезгілі?

  2. Бүгін күннің нешесі?

  3. Аптаның қай күні?

  4. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмалас сөйлем 6 түрге бөлінеді:

1. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;

2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;

3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;

4. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;

5. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;

6. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

ІІ деңгей. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар.

Сонда үйленіп, тұрып қалады Сөйтіп жүргенде, ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады.



ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 92 бет, Мәтінге қосымша мәліметтер жинаңдар.





4-сабақ

Тұңғыш ғалымдар

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:

1. Бүгін далада ауа райы қандай?



  1. азір қай жыл мезгілі?

  2. Бүгін күннің нешесі?

  3. Аптаның қай күні?

  4. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

1-тапсырма. Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударып, негізгі ойды анықтаңдар.

2-тапсырма. Мына кестені өткен тақырыптар мәтіндері бойынша толтырып, олардың мазмұнын айтуға дағдыландыру.


Аты-жөні

Туған жылы

Туған жері

Алған

білімі


Қызметі

Шығармашы-лығы

Қайтыс болған жылы

Ахмет Байтұрсынұлы

Шоқан


Уәлиханов

1873

1835


Торғай облысы Сартүбек жері
Қостанай облысының Құсмұрын бекітінде

Орыс-қазақ мектебі

Ауыл мектебінде мұсылман-ша



Мұғалім, аудармашы, жазушы

Қазақ тарихын зерттеген




«Тіл құралы»

«Алты шаһардың жайы туралы»



1937

1865


1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақ құраңдар.



ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 94 бет, 2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөзтіркестерін сөз құрамына қарай талдаңдар.




5-сабақ

Ыбырай Алтынсарин

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:

1. Бүгін далада ауа райы қандай?



  1. Қазір қай жыл мезгілі?

  2. Бүгін күннің нешесі?

  3. Аптаның қай күні?

  4. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

1-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша Ыбырай Алтынсарин туралы әңгіме жазыңдар.





Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Ағартушы,педагог,

жазушы, этнограф, фолькорист, қоғам қайраткері



1850 жылы Орынбор қаласындағы жеті жылдық мектепке оқуға кірген. 1857-1859 жылдары атасы Балқожа бидің хатшысы болған

1864 жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан

2-тапсырма. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңдар.

1. Ыбырайдың өз әкесі Алтынсары ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті. (себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)

2. Ыбырай Орынборда жітіжылдық мектепті бітіріп, атасы Балқожа бидің хатшысы болды. (Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем).

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 95 бет, 3-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтып келу





6-сабақ

Ыбырай Алтынсариннің кітаптары

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:

1. Бүгін далада ауа райы қандай?

2. Қазір қай жыл мезгілі?

3. Бүгін күннің нешесі?



  1. Аптаның қай күні?

  2. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Сөздікпен жұмыс.

Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет айту. Сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңдер.


  1. «Қазақ хрестоматиясы нешінші жылы шықты»?

  2. Бұл еңбегінде қандай мысалдарды келтірген?

  3. Хрестоматияда кімдердің тарихына, әдебиетіне жетік көрсетілді?

  4. Еңбегінде кімдердің мәселелері сөз болды?

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 96 бет, Мәтін негізінде қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып реферат дайындаңдар.





7-сабақ

Қаныш Сәтбаев

Мерзімі




І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:

1. Бүгін далада ауа райы қандай?

2. Қазір қай жыл мезгілі?

3. Бүгін күннің нешесі?

4. Аптаның қай күні?

5. Қазақ тілі нешінші сабақ?



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

Қаныш Сәтбаевтың өмірі туралы айтып кетемін.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аудару. Мәтін бойынша жоспар құраңдар.

І. Қаныш Сәтбаев

ІІ. Еңбектері

ІІІ. Қаныштың ерекшелігі



  1. Қаныш Сәтбаев кім туралы ізгі сезіммен жазған?

  2. Кімдер туралы көптеген еңбектер жазған?

  3. Қандай ғылыми тілдерде сөйлесе алған?

  4. Кімдер соншалықты көп істеріне таңғалған?

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 94 бет, Мәтінді түсіне оқып, Қаныш Сәтбаев туралы реферат дайындаңдар.





8-сабақ

Мазмұндама. Әке мен бала

Мерзімі




І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:

1. Бүгін далада ауа райы қандай?

2. Қазір қай жыл мезгілі?

3. Бүгін күннің нешесі?

4. Аптаның қай күні?

5. Қазақ тілі нешінші сабақ?



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

Әке мен бала


Мазмұндаманы екі рет оқып, мазмұнын түсіндіремін.

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:



  • Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.

Бала әкесіне:

  • Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жержен алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:

  • Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсыңсаң – көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең – көптен де құр қаласың, - деді.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: Ережені қайталау.






9-сабақ

Нәтиже сабақ

Мерзімі




І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:

1. Бүгін далада ауа райы қандай?

2. Қазір қай жыл мезгілі?

3. Бүгін күннің нешесі?

4. Аптаның қай күні?

5. Қазақ тілі нешінші сабақ?



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

Нәтиже сабақ. Тест



  1. Сызбаны толықтыр. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы.

  2. Шоқан Уәлиханов қай жылы туған? 1835

  3. Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кітабы нешінші жылы шыққан? 1879

  4. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай жұрнақтар арқылы жасалады? – са, - се

  5. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас – шартты бағыныңқылы

  6. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. Ш. Уәлиханов жасында мұсылманша хат танып, кейін Омбыда кадет корпусында оқыды. Қимыл-сын бағыныңқылы

  7. Ы. Алтынсари мұғалімдер мектебін қай жылы ашты? 1883

  8. –ып, -іп, -п, -а, -е, -й жұрнақтары – қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас

  9. Шоқан жазғы демалыс кездерінде елге барғанда, аңыз, әңгімелерді, халықтық жырларды жазып алумен айналысқан. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас

  10. Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері

Бақылау сұрақтары

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері: 6



ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: Тұңғыш ғалымдарды қайталау.







Технологиялық карта

ҮІІІ модуль

Қыс
Сынып: 6 «Б»

Лексикалық тақырып: Қыс

Грамматикалық тақырыбы: Зат есім.
Сағат саны:
Модульдің мақсаты: Зат есім жайында мағлұмат беру. «Қыс» лексикалық тақырыбы арқылы жаңа сөздерді меңгеруге, сауатты түрде сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білуге ықпал ету.
Міндеттері:

  1. Білімділік: Зат есім жайында жалпы түсінік бере отырып, зат есімнің түрлеріне түсінік беру. Лексикалық тақырыпты игерту, қыс, табиғат, ауа райы тақырыбына деген түсініктерін кеңейту.

  2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру, мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру. Тақырыпқа сай тапсырмалар орындату арқылы сөздік қорларын тіл байлықтарын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Сауаттылыққа тәрбиелеу, өзінің екінші ұясына деген махаббатын мемлекеттік тілде жеткізе білуге тәрбиелеу.


Түрі: Жаңа сабақ

Әдістері: Түсіндіру, баяндау, сөйлем құрау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, аудару, сөздікпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті сабағы
Көрнекілігі: сызба, суреттер, карточкалар, оқулық, дидактикалық материалдар.


1-сабақ

Қыс

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: Кім? - әже, оқушы, мұғалім Асан.

Не? – қала, тиін, сиыр, мысық, от, қалам.

Зат есім жалпы есім, жалқы есім болып бөлінеді. Мысалы: дала, адам, атамекен, мал, құс.

Жалқы есім: Астана, Семей, «Балдырған», «Абай жолы», Ертіс, Иван.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын түсіндіру.

Жылдың төрт мезгілі болады. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста ауа райы өте суық, аяз, боранды болады. Өзен, көлдердің бетіне мұз қалыңдайды. Балалар шаңғы, шана, коньки тебеді. Әр жылдың өзінің мейрамы болады. Қыста Жаңа жылды қарсы аламыз.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 78 бет, 1-тапсырма,мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.






2-сабақ

Қыс

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: Кім? - әже, оқушы, мұғалім Асан.

Не? – қала, тиін, сиыр, мысық, от, қалам.

Зат есім жалпы есім, жалқы есім болып бөлінеді. Мысалы: дала, адам, атамекен, мал, құс.

Жалқы есім: Астана, Семей, «Балдырған», «Абай жолы», Ертіс, Иван.

3-тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдер құраңдар. Зат есімдерге сұрақ қойыңдар.

Қыста ауа райы қарлы, суық болады. Қыста қар жауады. Қыста адамдар басына малақай, үстіне тон, қолына биялай, аяғыныа пима киеді. Балалар қыста шана, шаңғы, коньки теуіп сырғанап жүр.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 79 бет, ережені жаттау, қыс демалысын қалай өткіздің? шағын шығарма.





3-сабақ

Желтоқсан.Қаңтар. Ақпан

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: Кім? - әже, оқушы, мұғалім Асан.

Не? – қала, тиін, сиыр, мысық, от, қалам.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

4-тапсырма. Сөйлемдерді аударып жазыңдар.

Қыс. Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күндер қысқа, түндер ұзақ болады. Күндер суық, аязды болады. Ағаштар және үй шатырларын қар басады. Өзендер мен көлдер қатады. Балалар коньки және шаңғы тебеді.

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Қыста ауа райы қандай? Суық. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

2. Жер бетін не басады? Жер бетін қар басады.

3. Адамдар қыстыгүні қандай киім киеді? Адамдар қыстыгүні жылы киімдер киеді.

4. Қысты жақсы көресің бе? Әрине, жақсы көремін.

5. Балалар қыста не істейді? Балалар қыста шана, шаңғы, коньки тебеді.

6. Жаңа жыл мейрамы қай айда болады? Жаңа жыл мейрамы желтоқсан айында болады.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 81 бет, 2-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар. Ақпан.





4-

сабақ


Ауа райы

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: Кім? - әже, оқушы, мұғалім Асан.

Не? – қала, тиін, сиыр, мысық, от, қалам.

1-тапсырма. Диалогты оқып, жаттығыңдар. Өз диалогтарыңды жасаңдар.

- Бүгін ауа райы қандай?

- Бүгін ауа райы суық, қар жауды.

- Күн бұлтты ма?

- Бүгін күн ашық, бірақ ауаның температурасы нөлден төмен.

- Далада күн ашық болса, киноға барайық.

- Далада күн суық, мен тоңып қалдым.

- Сен ше тоңдың ба?

- Ештеңе етпейді, денем шынығады.

2-тапсырма. Ертеңгі ауа райы туралы болжам жасаңдар. Сөйлемнен жалпы, жалқы есімдерді табыңдар.

Бүгін ауа райы суық болады. Қар жаууы мүмкін. Ауаның температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді. Семейде күндіз онша суық емес. Қазақстанның солтүстігінде ауа райы қатты суық болуы мүмкін. Семейде күндіз ашыық, түнде аяз болуы мүмкін.

5-тапсырма. Мақал – мәтелдерді аударыңдар. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

1. Қыс азығын жаз жина.

2. Мезгіл жетсе, мұз ерір.

3. Қыстың көзі - қырау.

4. Қыстың қамын жазда ойла.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 84 бет, 5-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.





5-сабақ

Тәуелсіздік күні

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

1-тапсырма. Мәтіннен жалпы, жалқы есімдерді тауып жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Жалпы: қыс, қар, тон, құлақшын, етік, дүкен, пима, мектеп, орамал, қолғап, балабақша.

Жалқы есім: Дәурен, Әмина, «Бөбек».

Құлақшын – сөзде 3 буын бар. 1 б.- ашық, 2 б. – бітеу, 3 б. – бітеу буын.

Қ- дауыссыз, қатаң Етігім – сөзде 3 буын бар. 1,2 ашық,3 бітеу

Ұ- дауысты, жуан, еріндік, қысаң Е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

Л- дауыссыз, үнді Т- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан, ашық, езулік І- дауысты, жіңішке, езулік, қысаң

Қ- дауыссыз, қатаң Г- дауыссыз, қатаң

Ш- дауыссыз, ұяң І- дауысты, жіңішке, езулік, қысаң

Ы- дауысты, жуан, езулік, қысаң М- дауыссыз, үнді

Н- дауыссыз, үнді Сөзде: 6 әріп, 5 дыбыс.

Сөзде: 8 әріп, 7 дыбыс бар.

Дүкеннен – сөзде 3 буын бар. 1 б. Ашық, 2,3 бітеу

Д- дауыссыз, ұяң

Ү- дауысты- жіңішке, еріндік, қысаң

К- дауыссыз, қатаң

Е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

Н- дауыссыз, үнді

Н- дауыссыз, үнді

Е- дауысты, жіңішке, езулік, қысаң

Н- дауыссыз, үнді

Сөзде: 8 әріп, 5 дыбыс

4-тапсырма. Мына сөз тіркестері мен сөйлемдерді аудар.

Далаға шықпаңдар. Қар жамылады. Жылы киім киеді. Қалың тон. Егерде жылы киінбесең, тоңасың. Шана тебеді . Мұз айдынында сырғанайды.

3-тапсырма. Жаңылтпаштарды оқып, жаттаңдар.

1. Қарағайлы Қарқара, 2. Ақша қардай

Қарағайы қаншама. Ақ пүліш,

Қара-дағы шалқалап, Ақ пүліштей

Қарағайым, ал, сана. Ақ күріш.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 84 бет, 3-тапсырма. Жаңылтпаштарды жаттаңдар.





6-сабақ

Қыс келбеті

Мерзімі





І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

1-тапсырма. Берілген әр сөйлемге бірнеше сұрақ қойыңдар.

Қазір ненің ортасы? Қазір қыстың ортасы ма? Далада не жаып тұр? Далада қар жауып тұр ма? Өзен мен көлдің бетін не бекиді? Өзен мен көлдің бітін мұз бекиді ме?

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Жерді қалың қар жапты. Қысты жиі-жиі қар жауып, боран соғады. Ағаш бұтақтары аппақ қарға жамылған. Шанасын сүйретіп балалар далаға шықты.

Төмендегі берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдар.

Ясный день, мерзнуть, кончик носа, закаляться, морозный, лыжи, санки, шуба, идет снег.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 85 бет, 5-тапсырма. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні өлеңін жатқа.





7-сабақ

Қысқы ойындар

Мерзімі





І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

1-тапсырма. Қыс туралы әңгіме құрастырыңдар.

Қыс. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста балалар шана, шаңғы, коньки теуіп сырғанайды. Балалар қыста қардан аққала жасайды. Аққаланың басына шелек, мұрнына сәбіз, қолына таяқ қойып жасайды.

«Қыс» тақырыбы бойынша өткен сөздерді жатқа жазу.

Қар, шана, шаңғы, сырғанайды, қалың қар, боран, аяз, тон, құлақшын, пима, тоңу, шынығу, мұз айдыны, шырша, суық.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.ҮІ. Үйге тапсырма: 86 бет, «Қысқы демалыс» шығарма жазыңдар.





8-сабақ

Диктант

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

Диктантты екі рет оқып шығамын. Қиын сөздерді тақтаға жазып қоямын.

Ұлттық тағамдар

Қазақта ұлттық тағамдар алуан түрлі. Еттен түрлі дәмді тағамдар жасайды. Қазақ халқының басты ұлттық тағамы-ет. Етін жеп сорпасын ішеді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая дайындайды. Қуырдақ қуырады. Суық жерде тұрса да, жылқының сорпасы қатпайды, майы тоңазымайды. Жылқының еті өте сіңімді болады. Қазақтың ұлттық дастарханында бауырсақ, шелпек, құрт, сүзбе, жент, талқан сияқты түрлі дәмдер ерекше орын алады. Олар-біздің ұлттық тағамдарымыз.

Тапсырмалар: 1. Мәтіннен Зат есімдерді тауып, астын сыз.

2. Зат есімдерге сұрақ қойыңдар.



ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма:Қайталау 85-86 бет





9-сабақ

Нәтиже сабақ

Мерзімі




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қызығушылқтарын арттыру мақсатында тіл дамыту сұрақтарын қою:


  1. Бүгін далада ауа райы қандай?

  2. Қазір қай жыл мезгілі?

  3. Бүгін күннің нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Қазақ тілі нешінші сабақ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға айды, тақырыпты жазып қоямын.

І. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Мақалды аяқтаңдар. «Қыстың көзі - қырау»

2. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

1) қыстыгүні – зимой

2) сырғанау –кататься

3) аяз – мороз

4) бейнелеу – описывать

3. Сөйлемді дұрыс құраңдар.

Жер бетін ақ қар басады.

4. Көп нүктенің орнына керекті зат есімді жазыңдар.

Сол өзен бойы мен көл жағалауын жабайы үйректер қыстайды.

ІІ. Бақылау сұрақтары.


  1. Қазір қай мезгіл? Қазір қыс мезгілі.

  2. Қыста ауа райы қандай болады? Қыста ауа райы суық болады.

  3. Қыста балалар не тебеді? Қыста балалар шана, шаңғы, коньки тебеді.

  4. Қыс туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер білесіңдер ме? Қыстың қамын жазда ойла. Қыс азығын жаз жина. Мезгіл жетсе, мұз ерір. Өыстың көзі – қырау.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Грамматикалық тапсырма арқылы бекіту.

Ү. Қорытындылау кезеңі. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 85 бет, 1-тапсырма.













Технологиялық карта


Каталог: uploads -> doc -> 1299
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1299 -> Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбар ауылы «Шұбар» жалпы орта мектебі
1299 -> Сабақтың эпиграфы Айтар сөзді алдымен ойлап ал
1299 -> Урок по математике для 3 класс «Письменное умножение и деление вида 242×4, 968: 4»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет