Техносфераны қорғаудағы заң бұзушылыққа жауапкершілік



бет3/3
Дата20.12.2021
өлшемі20,5 Kb.
#103676
1   2   3
Байланысты:
техносфераны
композитты материал, СӨЖ 4 Нұрғали М
Табиғи кешендер

Экологиялық құқық бұзушының қоғамға келтіретін зиянның дәрежесіне байланысты теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді. Біріншісі қылмысқа қарағанда қоғамға көп зиян келтіре қоймайды және ол тәртіптік, материалдық, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік пайда болады.

Тәртіптік жауапкершілікке қызмет пен өзінің тікелей міндеттерімен алмаған адам тартылады. Мысалы, құқық бұзушылық кәсіпорынның бас инженерінің лауазымдық нұсқаудың талаптарын орындамағаны үшін жауапқа тартудан тұрады.

Экологиялық тәртіптік теріс қылықтың субъективті жағына абайсыздық жатады. Құқық бұзушыға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс жұмыстан шығару сияқты тәртіптік жаза қолданылады.

Тәртіптік жазаның қолдану тәртібі еңбек туралы заң белгіленген. Шара қолданған кезде жасаған қылықтарының дәрежесі, қызметтік мінездемесі және қызметкердің тәртібі ескеріледі.

Материалдық жауапкершілікті талдаған кезде, азаматтық заңдылықтарда қаралатын мүліктік жауапкершіліктен айыра білу керек. Экологиялық ғылымда, яғни табиғи ортаны қорғау саласында мүліктік жауапкершілк кей-кезде материалдық ретінде қарастырылады.

Материалдық жауапкершілік – құқық бұзушының кесірінен кәсіпорынға, ұйымға келтірген зияны үшін, белгілі – бір тәртіпке және белгілі – бір көлемде қызметкердің өтемақы төлеуі.

Материалдық жауапкершілік келтірген залалы үшін заңды жауапкершіліктің еркін түрі болып табылады. Сондықтан, қызметкер, материалдық жауапкершілікке тартыла отырып, тәртіптік және жауапкершіліктің басқа да түрлеріне тартылады.



Әкімшілік жауапкершілік мемлекеттің компонетті органдарының экологиялық қылмыс үшін әкімшілік шараларды қолдағанынан көрінеді. Бұл Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамалары арқылы реттеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет