Тәжірибелік дағдылардың кәсіби стандарттары. Мамандығы: «Емдеу ісі»


Стандарт « Бауырдың сол жақ шекарасының абсолютті тұйықтығын анықтау техникасы »



бет14/28
Дата13.11.2022
өлшемі95,23 Kb.
#157968
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
Стандарттар ішкі аур. проп.-1
265559, Отзыв, 4-группа Русский яз, 3 дәріс. Танымдық процестер психологиясы, термохимия тест, 2срс2
16.3.Стандарт « Бауырдың сол жақ шекарасының абсолютті тұйықтығын анықтау техникасы ».
1. Науқасты бел аймағына дейін шешіндіру. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау,тұрғызып немесе арқасына жатқызу.
2. Плессиметр саусақты сол жақ қабырға доғасына 8-9 қабырға деңгейінде перпендикулярлы қою.
3. Қабырға доғасының шетінен тимпаникалық дыбыстың тұйық дыбысқа ауысқанына дейін оң жаққа перкуссиялау.


17. Стандарт « Көкбауырды пальпациялау техникасы ».
1. Науқасты оң жақ қырына жатқызу, басын кеудесіне қарай алдыға сәл еңкейтіп, сол қолды шынтақ буынында бүгіліп алдыңғы кеуде торында еркін жатады, оң аяғы созылған, сол аяғы тізе буынында және мықын аймағында бүгіледі.
2. Сол қолды науқастың сол жақ кеуде торына қолтық асты сызығы бойында 7 және 10 қабырға аралығында қойып, оның тыныс алғандағы қозғалысын шектей отырып, біршама батырып басу.
3. Оң қолдың бүгілген саусақтарын іштің алдыңғы бүйір қабырғасына қабырға доғасының шетіне жақын етіп, оның 10 қабырғамен жалғасатын жеріне қою.
4. Науқас дем шығарғанда оң қолмен іш қабырғасын қалташа түзетіндей етіп аздап басу.
5. Кейін науқасқа терең дем алуын сұрап, сырғымалы қозғалыстар жасау.
Қалыпты жағдайда көкбауыр анықталмайды.


18.Стандарт « Лимфа түйіндерін пальпациялау техникасы ».
1. Науқасты бел аймағына дейін шешіндіру. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау,тұрғызып немесе арқасына жатқызу.
2. Лимфа түйіндері орналасқан жерлерде тығыз мүшелерге жақындата ( сүйек, бұлшық ет ), саусақ ұштарымен сырғымалы айналмалы қозғалыстар жасау ( жақ асты, құлақ маңы, бұғана үсті және бұғана асты, қолтық асты, шат және т.б. ).
Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері пальпацияланбайды.


19.Стандарт « Бүйрек пальпациясын жүргізу техникасы ».
Бүйрек пальпациясы екі қолмен жүргізіледі ( бимануальды ).
1. Науқасты бел аймағына дейін шешіндіру. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау-тұрып немесе арқасына жатқызу.
2. Сол қолдың алақанын 12 қабырғадан біршама төмен бел аймағына қою. Бүгілген оң қолдың саусақтарын іштің тік бұлшық еттерінен сыртына қабырға доғасының астына перпендикулярлы етіп орналастыру.
3. Теріні төмен тартып, тері қатпарын жасау.
4. Науқастан терең тыныс алуын сұраймыз, дем шығару кезінде оң қолды ішке енгіземіз, сол қолмен іштің артқы қабырғасына қысым жасаймыз.
5. Науқастан терең дем алуын сұраймыз. Тыныс алу кезінде бүйрек төмен түседі, саусақтардың жылжымалы қозғалысымен алдыңғы бетін байқап сипауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет