Тексерген: Айнаш Махамбетқызы



Дата30.04.2023
өлшемі17,84 Kb.
#175743
түріРеферат
Байланысты:
турсынбек реферат
киім моделдеу, Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Реферат
Тақырыбы:Ойлау туралы түсінік

Орындаған:Берикбусинов Турсынбек


Тексерген:Айнаш Махамбетқызы

Адамның өз өмір – тіршілігі мен күнделікті іс - әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр – сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат – мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс - әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады, өзінің бұрынғы тәжірибесі мен білімінің, шама – шарқынының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. Әрбір адам ойланып – толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаналықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материялының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді.


Сонымен, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздін санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс - әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланыстылығына тоқталсақ:
Дүниетану тікелей сезімдік процестер – түйсіну, қабылдау, пайымдаудан басталып, одан әрі ойлануға қарай өрбиді. Таным процестерінің барлығы да тікелей сезімдік процестер – түйсіну, қабылдау, елестетумен байланысты. Елес – заттардың нақты бейнесін көз алдымызға келтіретін тікелей таным процесі – сезімдік танымнан абстрактылы ойға көшу аралығындағы көпір сияқты. Адамдардың сыртқы дүниені танып білуінің теңдігі мен ақиқаттығы тәжірбие, сондай – ақ, адамдардың табиғат пен қоғамға ықпал етіп, оларды өзгерту жолындағы іс - әрекеттерінің нәтижелері арқылы тексеріліп отырады.

Тікелей сезімдік процестер барысында адам нәрселер мен құбылыстардың дара қасиеттерін, сол қасиеттердің жиынтығы арқылы нәрселердің тұтастығын бейнелейді, көз алдында жоқ заттың да бейнесін елестетеді. Дегенмен, адам тікелей сезім арқылы танып білген нәрселердің белгілі – қасиеттері мен мән – жайына терең бойлап, жете танып біле алмайды. Мұндай ерекшеліктерді білу тек ойлау және де заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарың, бір тектес нәрселердің жалпылық белгілерін дерексіздендіру арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады. Мысалы, заттардың, әсер еткен нәрселердің жылылығын, оның температурасын тек жанама әдіспен, термометр арқылы ғана анықтауға болады. Ал ондай жылылықты тері түйсігі арқылы не қолмен сипап анықтау оңайға түспейді.


Ойлау арқылы танып білу тікелей сезімдік процестерге негізделмеген, олардын көптеген ерекшеліктерін тікелей сезім арқылы тану мүнкін емес және олардың мән – жайы айқын бейнеленбейді. Мысалы, осы заманғы физика ғылымындағы аса күрделі проблемалардың бірі - өте ұсақ қарапайым бөлшектер жайындағы теория. Мұндай өте майда типті, жай көзге көрінбейтін бөлшектерді микроскоппен де көре қою қиын. Біз осы бөліктерді ойлау арқылы ғана пайымдап білеміз. Абстрактылы дерексіз және жанама ойлану нәтижесінде сондай өте ұсақ бөліктердің бар екендігіне көз жеткіземіз, олардың өзіндік қасиеттері болатындығын аңғарамыз.
Ойлаудың тілмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының қоғамдық – тарихи сипатта болатындығын көрсетеді. Адамның дүниетанымы, білімі және өмір тәжірбиесінен жинақтаған мағұлматтары ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып ауысып отырады. Бұл – тарихи фактор. Адам ақыл – ойының дамып жетілуі мен білімінің өсуі әрбір ұрпақ жасаған білім қорын меңгеріп, оларды әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға пайдаланылады. Сөйтіп, тарихи даму адам баласының қоғам өміріндегі қарым – қатынасын нығайтады.
Ойлау деп ақиқат дүниені өзара барлық байланыс, қатынастарымен сәулелендіретін психикалық процесс. Сонымен қатар, ойлау әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілімен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелеу адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Демек, ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет