Тексерген: Курпишева Г. Ж



Дата06.02.2022
өлшемі19,68 Kb.
#79913
Байланысты:
срс 12 Тлегенова А дф 204
117678, ӘДН 2020-2021 оку жылына, РЕКОМЕНДАЦИИ ПО НАПИСАНИЮ ЭССЕ, 6 я 2 СОЧ 4 спецификация

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
СӨЖ №12
Бұқаралық спорт

Орындаған:Тлегенова Айнагуль


ДФ-204
Тексерген:Курпишева Г.Ж.

Ақтөбе-2019 ж.



Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Қа­зақ­стан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бас­шы­лы­ғымен қыруар жұмыстар ат­қарылды. Елбасы спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әр­дайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Н.Назарбаев 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуды міндеттеген болатын.
Мемлекет басшысы 2010 жылдың 12 наурызында об­лыс­тардың, Астана мен Алма­ты қалаларының әкімдерімен өткізген Қазақстанды 2014 жылға дейін индустриялық-ин­новациялық тұрғыдан қа­рыш­тай дамыту бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі мәжілісте бұқара­лық спортты дамыту бойынша жұмыстарды ширатуды тап­сыр­ды. Сондай-ақ спорт ны­сандарының тиімсіз пайда­ла­нылу жағдайын сынға алды. «Ша­ғын спорт кешенін ашуын аша­ды да, оларда, бірақ, не ешқандай құрал-жабдық жоқ, не оған ешкім қарамайды. Онда келгендер бар нәрсені қиратып, алаңдарында қаңғыбас иттер сайран салып жүреді. Бар нәрсені игілікке пайдалануға болады ғой», – деп орынды ескертті Ел­ба­сы. «Ал­маты мен Астананың аулаларында спорт алаңқайлары бар. Соны әр аудан, әр ауылда да жасауға болады», – деді Н.Назарбаев. Былтырғы жылы спорттың ма­териалдық-техникалық база­сын ны­ғайту, спортшыларды дайын­дау сапасын арттыру және бұқа­ра­лық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл ша­ралардың барлығы Қазақ­стан спор­тының әлемдік дең­гей­дегі бәсекеге қабілеттілігін көте­ру­ге және еліміздегі бұқаралық спортты ілгері жылжытуға бағытталды. Еліміздегі спорттық инфрақұ­рылымды дамытуға «Жол кар­тасы» бағдарламасы игі ықпалын тигізді. Осы бағдарламаның ая­сын­да былтыр жоспарланған 56 спорт нысанының орнына үнем­делген қаражат есебінен 12 об­лыста 64 нысан жөнделді.
Бүгін­де елімізде 31 мыңға жуық спорт нысаны бар. Дене шынық­тыру­мен, спортпен тұрақты шұғыл­данатын қазақстандықтардың қатары 380 мың адамға көбейіп, олардың жалпы саны 2 миллион 900 мың адамға жетті. Бұл – ел халқының 17,7 пайызы деген сөз. Былтыр барлығы 17 мыңнан астам спорттық-бұқаралық шаралар өткізілсе, соның жартысынан астамы ауылдық жерлерде ұй­ымдастырылды. Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, ат спорты, тағы да басқа ұлттық спорт түрлерін дамытуға айрық­ша ден қойылуда. Ұлттық спорт түрлері бойынша былтырғы жылы 80 жарыс өткізілді. Соның ішінде, әсіресе, тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионатын, жас­өспірімдердің бірінші ауыл спор­ты ойындарын, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан Республикасы Прези­дентінің жүлдесі жолындағы ІV халықтық спорт ойындарын атап өткеніміз орынды. Спортпен жүйелі айналысатын мүгедектер саны 13 мың адамға жетті. 2010 жылы бірқатар жаңа спорттық ұйымдар ашылды. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облы­сында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Нысана көздеу бойынша олимпиадалық даярлау республикалық орталығының тұ­сауы кесілді. Ал Алматы облы­сын­да Балалар мен жасөспірім­дердің ат спорты түрлері бой­ынша республикалық спорт мектебі ашылды. Жалпы, қазір елімізде барлығы 423 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 8 республикалық және 17 өңірлік олимпиадалық ізбасарлар даярлау орталығы жұмыс істеуде. Айта кету керек, VІІ Қысқы Азия ойындарына арнайы са­лынған нысандар еліміздің спорт­тық инфрақұрылымын едәуір нығайтты. 1972 жылы «Медеу» спорт кешені салынғаннан кейінгі аралықта Қазақ жеріне бұйыра қоймаған бірегей спорт ны­сан­дары, әлемдік деңгейдегі жарыс­тар өткізуге болатын ғажайып ғимараттар тұрғызылды. Енді қыс­қы негізгі олимпиадалық спорт түр­лері бойынша Қазақстанның өз спорт­тық базасы бар. Осы нысан­дарда әлемдік жарыстарға дайын­да­лып, жаттығу жиындарын өткізуге әбден болады. Қазақстан спортының тарихы көрсетіп отырғандай, елімізде жақ­сы жабдықталған спорт ғимарат­тары­ның болуы спорттың дамуына игі ықпалын тигізіп, халықаралық спорттық ареналарда ірі жетістіктерге қол жеткізуімізге дәнекер болады. Айталық, бір ғана «Медеу» кешенінде коньки спортының өзінен жалпы саны 130 әлемдік рекорд жа­салыпты. VІІ Қысқы Азия ойында­рын өткізуге Астанада арнайы са­лынған «Алау» коньки стадио­нын­да болса, міне, Азия құрлығының 9 рекорды жасалып үлгерді. Азиада нысандары үздік технологиялар пайдаланылып, заманауи талаптарға лайықталып салынған. Шымбұлаққа дейін тартылған бірегей аспалы жол аталмыш кешенді тау шаңғысы курорты ретінде дамытуға септігін тигізері сөзсіз. VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізу шеңберінде барлығы 10 спорт нысаны жаңадан салынып немесе тұтастай қайта жаңғыртылды. Айта­лық, Алматыдағы «Медеу» мен «Шым­бұлақ» кешендері, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы түгелімен қайта жаңғыртылып, велотрек, «Алау» коньки стадионы, Алматы облысында шаңғы және биатлон кешені, Алматы қаласында трамплин кешені жаңадан салынды. Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – тө­тенше маңызға ие көкейкесті мә­се­ле. Елдегі бала туу көрсеткіштерінің төмендігі, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, физикалық һәм ақыл-ой тұрғысынан дамудың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіпсіздігіне, халықтың санасы мен парасатының өсуіне, рухани даму­ына қауіп төндіретін факторлар. Осының бәрі жиналып келіп Қазақ елінің экономикалық өрлеуіне, саяси тұрақтылығына, халықаралық беделінің артуына да залалын тигізбей қоймайды. Сондықтан, саламат­ты өмір салтын мемлекеттік саясат­тың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақ­саттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс.
Қазір халықтың басым бөлігі спортпен шұғылдануға немқұрайды қарайтыны жасырын емес. Ден­сау­лыққа аса зиянды шылым мен ішімдіктен құтыла алмай жүрген, арық­таймын деп неше түрлі дәрі­сы­мақ­ты пайдаланатын адамдар бар. Соның бәрінен арылу үшін дене шынықтыру, спорт және туризм арқылы саламатты өмір салтына бет бұру – өмірдің өзі алдымызға көлденең тартып отырған көкейкесті мәселе.
Қазақстандағы бұқаралық спорт – әркімнің жеке басына тәуелді іс. Бүгінгі халық теннис кортына, бассейнге, фитнес залдарына бар­ғысы келеді. Бірақ оны екінің бі­рінің қалтасы көтермейді. Десек те, аталмыш нысандарда ден­сау­лықтан бұрын жан рахаты көз­делетіні жасырын емес. Ал біздің мамандар халықты спорттың мей­лінше қолжетімді түрлеріне тартуы тиіс. Мәселен, таңер­теңгілік жүгіріп немесе аула­дағы алаңқайда доп қуса, несі бар?!. Бұқаралық футболға ешқандай шығынның да керегі шамалы. Ең бастысы – ниет пен көңіл болса болғаны. Кәсіби футболшыларды ма­мандандырылған мектептер даяр­лайды. Біз, бірақ, мұны­мен шектелмейміз деп отыр­ған жоқпыз. Қазір спорт үйір­мелері мен сек­цияларын кө­бей­ту бойынша жалпы білім беру мектептерімен жұмыстар жүріп жатыр. Елбасы Туризм және спорт министрлігі мен барлық дең­гей­дегі әкімдерге елімізде бұқа­ра­лық спорт пен дене шынық­тыру ісін дамытуға бағытталған ортақ ша­ра­ларды белгілеу туралы нақты тапсырма берді. Және ұлт ден­сау­лығының келешегі үшін, үлкен спортта үміт артатын бола­шағымыз үшін біз бұл міндеттерді бірлесе атқаруымыз керек. Иә, мемлекетіміз өзінің ал­ды­на дене шынықтыру мен спорт­ты дамыту туралы тұтас мін­дет қойып отыр. Алғашқы мемлекеттік бағдарлама 2001 – 2005 жыл­дар аралығын қам­ты­са, екінші бағдарлама 2007 – 2011 жылдар аралығына арналды. Екінші бағдарлама бойын­ша елімізде балалар мен жас­өспі­рім­дер спорт мектептері, дарынды балаларға арналған өңірлік спорт мектеп-интер­нат­тары, олимпиа­да­лық ізбасарлар даярлау орта­лық­тары кө­бей­іп, жекелеген спорт түрлері бойынша респуб­ли­калық, өңірлік мамандандырыл­ған спорт орталықтары құрылды.
Қазіргі уақытта бұқаралық спортты дамытуға ден қойылып, серпін беріліп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері­нің саны 423-ке жетіп, оларда 234 мыңнан астам жеткіншек тәрбие­ле­нуде. Бұған қоса, респуб­ли­ка­ның спортта дарынды балаларға арналған 15 мектеп-интернаты 4 мыңнан астам шәкірт баулып отыр. Мемлекет басшысы 2020 жылы бұқаралық спортпен шұ­ғылданушы халықтың санын 30 пайызға дейін жеткізу туралы міндет қойды. Ал бұл – болашақ дені сау ұрпақтың, яғни еліміздің стратегиялық дамуының қамы. Спортшыларымыздың әлем­дік деңгейдегі беделді жарыс­тар­да қол жеткізген жетістіктері спортшыларды даярлаудағы қа­зір­гі жүйеміз ықпалды да тиімді екенін аңғартады. Жоғары жетістіктер спортындағы рекордтар, халықаралық, ұлттық және басқа да ресми спорттық бәсекелердегі жеңістер бұқаралық спорттың дамуына моральдық тұрғыдан игі ықпалын тигізеді. Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылда­натын адамдар мен спорт түр­лерінің дамуы. Экономикалық тұр­ғыдан дамыған елдер бұл көр­сеткішті 30 және одан да көп пай­ызға жеткізуге ұмтылуда. Сала­мат­ты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса ма­ңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмы­сын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз.
Қазір бізде, Қазақстанның бар­лық өңірлерін қосқанда, жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіледі. Бірақ, бұл – аз, жер-жерде: ауылдарда, үлкен­ді-кішілі қалаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйым-мекеме­лер­де тың бастамаларға жол ашу қажет. Жарыстар, спартакиадалар мен универсиадалар, басқа да спорттық бәсекелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүй­елі, тұрақты, жыл сайын өте­тін дәстүрге айналдырғанымыз абзал. Және мұны әркім өзінен, өз шаңырағынан бастауы керек. Спортты дамыту үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмін іске қосып, қаржылы кә­сіп­орындарды спорт нысандарын салуға, спорт саласын қар­жыландыруға тарту қажет. Спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мем­лекеттің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне де байланысты. Мемлекет спорт саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетсе, спортшылар да тиісті дәрежеде дайындалып, соның арқасында жоғары спорттық нәти­желерге қол жеткізе алады. Және керісінше, спорттың даму деңгейі мен халықтың дене шынықтыруға деген немқұрайды­лы­ғы экономикалық өрлеуге кері ықпалын тигізуі мүмкін. Әрине, мейлінше дені сау, даярлығы жан-жақты халық мемлекеттің бәсе­ке­ге қабілеттілігін арттыруға да ба­рынша үлес қосады. Сондықтан, бұқаралық спорт бүгінгі Қазақ­стан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жету үшін ауадай қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет