Тексерген: оқытушы Ергалиева Х. А



Дата24.04.2023
өлшемі10,62 Mb.
#175227
Байланысты:
Альцгеймер ауруы (3)
1002 1311 4512 (3), ОЖ сил

Орал “Мақсат” жоғарғы медициналық колледжі
Орындаған: Арыстанғалиева Р.Т
МС-31 тобы
Тексерген: оқытушы Ергалиева Х.А.
Орал, 2023жыл
АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫ
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізіг бөлім
1. Себептері
2.Клиникасы
3. Симптомдары
4.Диагностикасы
5.Емдеу
6.Күтімі
7.Алдын алуы
III. Қорытынды
Альцгеймер ауруы - деменцияның ең кең таралған түрі, 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда кездеседі.
Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды. Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.
Кіріспе
Деменция – түрлі ауруларда пайда болатын мидың қызметін жоғалтуы. Ол есте сақтауға, ойлауға және мінез-құлыққа әсер етеді.
• Даму қаупі 60 жастан кейін артады – 5% жуығы АА зардап шегеді. АА аурушаңдығы әлем бойынша 2016 ж. 44 млн. адамды құраған.
• Дамыған елдерде (мысалы, Ұлыбритания) АА ерлердің арасында өлім-жітім себебі бойынша жүрек ауруларының алдына, бірінші орынға шыққан.
АА нақты себебі белгісіз. Зерттеулер көрсеткендей, АА дамуына мидағы белгілі бір өзгерістер апарады.
АА дамуына келесі топтың адамдары бейім келеді:
Жасы ұлғайған шақта. АА дамуы организмнің қалыпты қартаюына жатпайды.
Туғандары, мысалы, бір туған бауырлары, немесе ата-анасы АА шалдыққан болса.
АА байланысты белгілі бір гендері бар болса.
1. Себептері
Бұл аурудың клиникалық көрінісінде Пик ауруымен ұқсастықтар өте көп. Бұл ауру үшін де үдемелі амнезия және тотальды кем ақылдылық тән. Сонымен қатар белгілі бір айырмашылығы да бар. Альцгеймер ауруының инициальды кезеңінде жиі жасаурағыш-тітіркенген депрессия, бұл бұзылыстармен қатар үдемелі амнезияға жақын естің жылдам үдемелі нашарлауы бақыланады, көп ұзамай аурудың алғашқы белгiлері пайда болғаннан бастап кеңiстiктегi дезориентировка дамиды. Альцгеймер ауруының ерекшелiгi, науқастарда ұзақ уақыт өз күйлеріне формальды сын көзқарастың сақталуында (Пик ауруымен салыстырғанда). Ауру дамуына қарай ақыл кемдігі де үдй түседі. Мұндай науқастардың тәртiбi мүлдем орынсыз болады, олар өздерінің тұрмыстық дағдыларын жоғалтады, қимыл-қозғалыстарының мүлдем мәні жоқ.
Альцгеймер ауруымен науқастарда сөйлеу бұзылысы, афазия, эпилептиформды ұстамалар, спастикалық контрактуралар ерте пайда болады.
2. Клиникасы
3. Симптомдары
Жеңіл танымдық бұзылыстар (ЖТБ) - қалыпты жасқа байланысты ұмытшақтық пен АА дамуы арасындағы аралық саты. ЖТБ басталған адамдарда ойлауда және есте сақтауда аздаған мәселелер болады. олар көбінесе, өзінің ұмытшақтығын біледі. ЖТБ бәрінде АА дами бермейді
ЖТБ симптомдары:
бірнеше міндетті қатар орындауда қиындықтар
· мәселені шешудегі қиындықтар
· жақындағы оқиғалар мен әңгімені ұмыту
күрделі әрекетті орындауда ұзақ уақыт кетіру
АА ерте симптомдары:
- банк есептері, күрделі ойын, жаңа ақпаратты түсіну секілді ойлау мәселелерін шешудегі қиындықтар
- таныс маршрутты ұмыту
-тіл мәселелері, мысалы, есімдерді немесе таныс жерлерді
-бұрын қызығушылық танытатын заттарға селқостық, көңіл-күйдің болмауы
- заттарды басқа жерлерге қою
- тұлғалық өзгерістер және әлеуметтік дағдыларды жоғалту
-
АА ушыққан сайын симптомдары айқындалады және өзіне қамқорлық жасау қабілетіне әсер етеді. Аурудың симптомдарына жатады:
- ұйқы тәртібінің өзгеруі, түнде жиі ояну
- сандырақ, депрессия және үрйлену
- негізгі міндеттерді орындаудағы қиындық, мысалы, ас әзірлеу, киімді дұрыс таңдау, автокөлік жүргізу
-оқу жазудағы қиындық
- жақындағы оқиғалардың деректерін ұмыту
- өмірден оқиғаларды ұмыту және өзін-өзі танымау
- галлюцинациялар (елестеу), пікірталасу, таласу, агрессиялық мінез-құлық
-байсалдылықтың болмауы, қауіпті тану қабілетін жоғалту
- сөздерді дұрыс таңдай алмау, сөздерді дұрыс айтпау, сөйлемдерді шатастырып айту 
-әлеуметтік қатынастан оқшаулану.
4. Диагностика
Тәжірибелі дәрігер АА келесі іс-шараларды өткізу арқылы анықтайды:
Дәрігерлік толық тексеру, оның ішінде, неврологиялық
Науқастан оның ауруының тарихы және симптомдары туралы сұрау арқылы
Функционалдық психологиялық тестілерді өткізу арқылы (психологиялық статус)
АА диагнозы кейбір симптомдардың болуы және деменцияның басқа себептерінің болмауының негізінде қойылады. Әдетте, тексерулер деменцияның келесі мүмкін себептерін ескеру үшін өткізіледі:
Деменцияның мидың ісігі мен инсульт секілді себептерін анықтау үшін мидың КТ немесе МРТ, кейбір жағдайда АА ескеру үшін ПЭТ тағайындалады.
АА анықтаудың жалғыз сенімді тәсілі – өлімнен кейін ми тінінің үлгісін зерттеу.
5. Емдеу
АА емделіп жазылмайды. Жағдайды қолдау үшін емдеудің міндеті:
Аурудың ушығуын бәсеңдету (бұл аса күрделі мәселе)
Мінез-құлықтың мәселесі, естің қалыпты болмауы, ұйқыдағы мәселелер секілді симптомдарды реттеу
Күнделікті қызметті жеңілдету мақсатында қоршаған ортаны өзгерту
Отбасы мүшелерінің қолдауы.
Дәрі-дәрмектер:
Мидағы қан айналымды жақсартатын дәрі-дәрмектер
Ноотропты дәрі-дәрмектер
Нейромедиаторлар
Дофамин рецептрінің стимуляторлары
Апетилхолинэстераз ингибиторлары
аминоқышқылдар
6. Күтімі
АА болуы немесе АА шалдыққан жақын адамға күтім көрсету өте қиын болуы мүмкін. Бұл күйзелісті АА бойынша қолдау тобының көмегімен жеңілдетуге болады, олар АҚШ және еуропалық елдерде кең таралған. Мұндай топтарға қатыса отырып, өз мәселесін ортаға салу арқылы науқас немесе оны күтетін адам өздерін жалғыз сезінбеуіне жәрдем алады.
7. Алдын алу
Альцгеймер ауруының алдын алатын нақты ережелер мен қағидалар жоқ. Бірақ ғалымдардың айтуынша, бұл ауру ми жұмысының төмендігінен болады екен. Сол себепті аурудың алдын алу үшін төмендегі ережерлерді ұстану өте маңызды:
- ойлау қызметін жақсарту
- салауатты өмір салты
- диета ұстану
- кітап оқу
- интеллектуалды ойындар ойнау
- кроссвордтар шешу
- адамдармен тұрақты сөйлесіп тұру
Назарларыңызға рахмет !

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет