Текшемен танысу әдістемесі



Дата15.11.2022
өлшемі161 Kb.
#158374
Байланысты:
Текшемен танысу әдістемесі
Грант тобының кураторлар тізімі, 2 АУЫСЫМ ПЛ, 2 АУЫСЫМ ПЛ, 1олимпиада, ГО 18-1, ~$6b9a18-7feb-4198-a4f3-0e856296a6ec, 5.4, 5.4, Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі, Антивирус, Функция., Антивирустық бағдарламалар, Екі түрлі күнделік, арксинус, жинастыру бөлімі

Текшемен танысу әдістемесі.
Текше 3-сыныпта қарастырылынады. Балалар текшені қарастыру кезінде қабырғаларымен,қырларымен,төбелермен танысады. Бұл-текше,оның үш өлшемі бар: ұзындығы-1 см,ені-1 см,биіктігі-1 см. Бұл текшенің көлемі 1 см (1 текше метр).
Текшенің көлемін өлшегеннен кейін оқушылар текшені салумен танысады. Бұл былайша жүзеге асады:бұл-текше. Оның 8 төбесі бар. Оның 2 төбесін қосатын кесіндіні қабырғасы деп атаймыз. Барлық қабырғаралының ұзындықтары бірдей. Текшенің 6 жағы (алдынғы,артқы,төменгі,жоғарғы,оң және сол жағы) бар (текшенің суретін салу,қабырғаларын санау).
Тік бұрышты параллелепипед фигурасы интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.Слайдтар.
Тік бұрышты параллелепипед – бізге өте жақсы таныс фигура, өйткені көптеген заттар осындай пішінге ие. Ал, балалар қараңдаршы мына заттардың атын атайықшы. ( кітап , кірпіш, сіріңке қорабы).Осы көріп тұрған заттарымыздың бәрі тікбұрышты параллелепипедке мысал бола алады.
Ал енді тік бұрышты параллелепипед дегеніміздің өзі не?
Ол тек тік бұрыштардан тұратын болғандықтан тік бұрышты параллелепипед деп аталады.
Параллелепипедтің кез келген төбесінен үш қабырға шығады. Бұл қабырғалар тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері болып табылады және олар параллелепипедтің ұзындығы, ені, биіктігі болып аталады.
-Тап осы жерде мен сендерге бір сұрақ қояйын.
Тік бұрыш, шаршы сияқты фигуралардың неше өлшемі бар?
Дұрыс 2, ұзындығы, ені.
Олар қандай әріптермен белгіленеді?
Латынша а, b
Тік бұрышты параллелепипедтің 3 өлшемі бар: ұзындығы, ені, биіктігі, яғни а, b, с
( параллелепипед макетінен көрсету)
Енді тік бұрышты параллелепипед туралы түсінікке ие болсақ, оқулықтағы 1-2 тапсырмаларды орындайық.
Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше – жақтары тіктөртбұрыш болып келетін көлемді фигура.
Ұқсастықтары:
Бұл екеуінің де 6 жағы, 12 қабырғасы болады. 2 төбесін қосатын кесінді қыры деп аталады. Оларды былай санауға болады: төменгі жағында 4 қыры және жоғары мен төменгінің арасында 4 қыры бар . Қырларының ұштары төбелері деп аталады. Төменгі жағында 4 төбесі, жоғарғы жағында 4 төбесі бар. Барлығы 8 төбесі бар. Сонымен қатар, олардың 3 өлшемі бар. Олар:ұзындығы, ені, биіктігі.
Айырмашылығы:
Параллелепипедтің өлшемдері әр түрлі болады, ал текшенің үш өлшемі: ені, ұзындығы, биіктігі өзара тең болады. Текшенің алты жағы шаршы болып келеді.Ал параллелепипедте алты жағы тіктөртбұрыш болып келеді. ІІІ Жаңа білімді игерту
1 ) Анықтама
Әрбір жағы параллелограмм болып келетін көп-
жақты параллелепипед деп атайды.
Тіктөртбұрыштармен шектелген кеңістік денені
с тікбұрышты параллелепипед деп атайды.
. b Кеңістік денені шектейтін тіктөртбұрыштарды
оның жақтары, тіктөртбұрыштардың қабырғаларын
а қырлары деп, ал олардың төбелерін тікбұрышты
параллелепипедтің төбелері деп атайды.
Тікбұрышты параллелепипедтің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Бір төбеден шығатын қырлары тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп аталады. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін V=abc формуласымен табамыз. Мұңдағы a,b,c – оның өлшемдері.
S=2(ab+bc+ac)
2) Анықтама


Табандары параллель жазықтықтарда жататын
тең көпбұрыштардан тұратын, бүйір қырлары
табандарына перпендикуляр болатын кеңістік
денелерді тік призмалар деп атайды. Тік призманың
бүйір қыры оның биіктігі болып табылады.
Куб, тікбұрышты және тік параллелепипедтер
призмаларға жатады. Призманың толық бетінің
ауданы Sт.б.=Sб.б.+2Sтаб.
Призма түрлері: алтыбұрышты, төртбұрышты,
Үшбұрышты.
3 ) Анықтама

Пирамиданың көпбұрыштан тұратын бір ғана табаны


бар, бүйір жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан
тұрады. Ортақ төбені пирамиданың төбесі дейді.
Пирамиданың табанының қабырғалар саны оның
атауын және бүйір жақтарының саның анықтайды.
Табандарының және бүйір жақтарының
аудандарының қосындысы пирамиданың толық
бетінің ауданы деп аталады.
Sт.б.=Sб.б.+Sтаб.
Тік призма мен пирамида көпжақтар деп аталатын
геометриялық денелерге жатады.


Көпжақтың бір жағына жатпайтын екі төбесін қосатын кесіндіні оның диагоналі деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет