Текті сөздің ТӨресі-терме орындаған



бет1/4
Дата26.10.2022
өлшемі0,64 Mb.
#155009
  1   2   3   4
Байланысты:
Терме
Almatinskaya-oblast-kolledzhi

ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ-ТЕРМЕ

Орындаған:

ҚТӘ-411 Шәрбат


1. Терме деген не? Қашан пайда болған?
2. Терменің түрлері. Құрылымы
3. Терме бүгінде
Терме деген не? Қашан пайда болған?
Халқымыз ықылым заманнан елі, жері, ұрпақ тәрбиесі, тілінің тағдырына алаңдаушылық білдірген. Осы қасиеттердің ұрпақ санасына сіңіріп, атадан балаға мирас қылып қалдыру дәстүрге айналған. Осы мақсатта терме өмірге келді.
Терме туралы тұңғыш зерттеу Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі болды.
Онда, «Терме (яғни түрлі өлеңдер). Терме деп аталуының мәнісі: бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп, сөз қылып өтеді. Көп нәрсені сөз қылғанда, әрқайсысына айналып, баяндап жатпайды. Түрлі шөптің басын шалып, отап, тоқтамастан желге қарай тартып бара жатқан мал сияқты. Терме айтушылар түрлі нәрсені сөз қылып, бірақ ешқайсысына айналмастан, кідірместен ілгері қарай сырғи береді,» - дейді А. Байтұрсынов
Музыкалық жағынан алсақ, терме – дидактикалық ән жанрларының бірі. Терменің айтар ойы ұшқыр, мазмұны жеңіл, құрылымы қарапайым болып, көпшілік жағдайда құбылмалы жылдамдықта орындалады. Термеде ән жанрына тән қайырма болмайды. Орындаушы термені е-е-е немесе ги-ги-ги деген дыбыстарды қайталай отырып қайырады.
Ақын – жыраулар поэзиясында жиі кездесетін көсемдік-шешендік термелер топтамасына назар аударсақ, кейде олар әртүрлі мақалдың жиынтығы сияқты көрінеді. Демек, нақыл сөздерді тізбектеп, топтап халық санасына жеткізу дәстүрі сонау ХІ ғасырда болған.
Терме атауы ХІХ ғасыр ақындарының шығармаларына байланысты атала бастады.
Терме жанрының өмірге келуіне ақын-жыраулар әуелгі ықпал жасаса. Олардың шығарғанын жаттап, жалпыға тарату арқылы термеші – жыршылар да өзіндік үлесін қосты. Термеші - бойында домбырашылығы, өлеңшілігі, әншілігі, шешендігі, ақындығы тоғысқан әмбебап талант иесі.
Шешендік терме.
Жыраулық поэзияда көп кездесетін, мазмұны ақылды, ой, парасатты, пікірге бай, филисофиялық-психологиялық түйіндерге кенен, қрнекті афоризмдерге толы кестелі жыр түйдегі.
Асқар тау ғаріп емес пе,
Айдынды көлі болмаса.
Ер жігіт ғаріп емес пе,
Белгілі елі болмаса,
Ел де ғаріп емес пе,
Белгілі белге қонбаса,
Ағаш ғаіп емес пе,
Мәуесі өсіп тұрмаса ...
Терменің түрлері, құрылымы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет