Текті сөздің ТӨресі-терме орындаған



бет3/4
Дата26.10.2022
өлшемі0,64 Mb.
#155009
1   2   3   4
Байланысты:
Терме
Almatinskaya-oblast-kolledzhi
Патриоттық – үгіт терме
Ақын, жырау елді, жерді жаудан қорғауға аттанған жауангерлерге рух беріп, олардың намыс жігерін ояту үшін патриоттық өлең, жыр төгеді.
Тұлпардан шыққан із қалар,
Сұңқардан биік құз қалар.
Жаңбырдан жерге нұр қалар,
Жасаған жасыл қыр қалар.


Терменің композициясы яғни үш бөлімнен тұратын құрылымы болады.
а) Кіріспесі
ә) Негізгі бөлім
б) Түйіндеу
Термеші сөзін бастамас бұрын, біріншіден тыңдаушысын өзіне қарату, көңілін өзіне бұрғызу , екіншіден өзінің даусыны ашу, шабытын шақыру мақсатында ашық бір дыбысты көтере дауыстап, шалқыта, шарықтата созып алатын қайтармасын кіріспе немесе бастама деп атайды.
Термеші асыл сөзбен өрілген қуатты ойларды бірінен соң бірін түйдектетіп келіп, еркін көсілген дауысын кейде қысқа қайырып, ал кейде биіктеп, бірде төмендеп, сан құбылып біразға дейін созылып, шарықтап барып басылатын бөлігін негізгі қайтарма немесе шалқыма деп атайды.
Бастамадан да, шалқымадан да өзгешлеу, дыбыстық бітімі бісең, баяу, созылыңқы болып айтылатын бөлігін қайтарма немесе түйіндеме деп атайды.
Мысал: Кердері Әбубәкірдің «Насихат» термесі
Кіріспе бөлімі
Азырақ кеңес жазайын
Үш бу дәптер қағазға.
«Ақмаққа таяқ», - деген бар
Ақылды нұсқа сабазға .....
Негізгі бөлімі
Мұсылман болсаң жаһат қыл
Руза, иман, намазға
Алланың өзі жеткелер
«Жарлымын», - деп, тағы азба
Сабыр сақта көңілге,
Дұшпаныңа сыр ашпа .....
Қайтарма, түйіндеме
Ондай жолдас табылмас,
Табылса бірақ жаңылмас
Туса бөлек нар қасқа.
Бәрінен де жігіттер
Жалғыздық жаман бір басқа.
Ең бастысы байырғы рухани құндылығымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Алайда қандай деңгейде?
Терме қазақ халқының төл өнері, естіген құлаққа ғибраты мол дүние. Ұлтымыздың ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан бұл өнері жыршылық дәстүрдің күре тамырына қан соқтырып, жаңғыртып, жалғасуда. Соның бір дәлелі еліміздің әр түкпірінде ұйымдастырылып жатқан термешілер байқаулары, фестивальдер.
Терме жанры заман ағымынан қалмай онымен қатарласа, баяуда болса өмір сүріп келеді. Қазіргі таңда қазақ елінің игілігіне айналып отырған терме жанры жаңа форматта халыққа ұсынылуда, оның бірден бір дәлелі термені эстрадамен орындалуы. Мысалы: Елібайдың «Сүгір» термесін Қадірәлі Болманов, Нұртуғанның «Қанекей, тілім, сөйлеші...» термесін Роза Рымбаева, Тұрмағанбеттің «Елі үшін туған ер болса» термесін Өмірқұл Айниязов деген аға-апаларымыз орындап жүр.
Алайда терме жанрын дербес танытып, дамыту жағы менің ойымша кенжелеп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет