Тәлімгер журналы академиялық топ білім алушыларының ОҚУ, ТӘрбие және ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру мен есебін жүргізуге арналғАН



бет2/13
Дата04.10.2022
өлшемі2,52 Mb.
#151703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Тәлімгерлік журнал 2020-2021ж 1502-19 оқу тобы

ТӘЛІМГЕР САҒАТЫ:
Тәлімгер сағаты аптасына бір рет өткізілуі тиіс. Алайда оқу кезеңінің немесе топтағы жағдайға байланысты аптасына бірнеше рет те өткізілуі мүмкін (әсіресе, оқу жылының алғашқы айларында). Тәлімгер сағаттарының тақырыптары:

  1. топта туындайтын күнделікті мәселелер мен сұрақтарды шешу;

  2. қазіргі заманғы (заманауи) өзекті мәселелерді талқылау (өзінің құқықтарын білу және қорғау; салауатты өмір салтын бағалау; құқық бұзушылықтың алдын алу; белсенді азаматтық ұстаным, патриотизм және жоғарғы моральдық қасиеттерді қалыптастыру; аса маңызды мемлекеттік экономикалық және саяси оқиғаларды және т.б. талқылау);

  3. факультеттердің түлектерімен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және т.б.кездесу;

  4. білім алушылардың бір – біріне деген сенімдерін, ұжымдық бірлікті дамыту мақсатында іскери ойындар өткізу;

  5. оқу жұмысына қатысты туындайтын мәселелер туралы білім алушылармен жеке – дара әңгімелесу.



ТӘЛІМГЕР ҚҰҚЫҒЫ:
- топ білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша әкімшілік шешімдерін әзірлеуге қатысу (университеттен шығару, басқа ғылыми мектепке ауыстыру, академиялық демалыстарды рәсімдеу, курста қайта қалдыру, сырттай, қашықтықтан және кешкі оқу үлгісіне ауыстыру, білім алушыларға алғыс жариялау және сөгіс беру); стипендиялық комиссия шешімдерін әзірлеуге қатысу;
- университет декандарымен біріге отырып, білім алушыны жатақханаға орналастыру жөніндегі мәселені шешу,
- университетте тәрбие жұмысының жаңа үлгілері мен әдістерін қолдану бойынша ұсыныстар енгізуге кұқылы.


ТОП ТӘЛІМГЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ
- топтың оқу үлгерімі көрсеткіштеріне кеңінен талдау жасау (алғашқы кезекте топ тәлімгерлерінің жұмысы барысындағы үздік көрсеткіштер ескеріледі) мен тәлімгердің ЖОО оқу-тәрбие мәселелерін шешу ісіндегі белсенділігі негізінде;
-кафедра, деканат және тәлімгер Кеңесінің берген мінездемесі негізінде тәлімгерлерді жыл соңында университетте қабылданған моральдық және материалдық марапаттау негізінде жүргізіледі


Сабақ кестесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет