Тем Омыртқалылар дене құрылысының жоспары



бет2/4
Дата19.02.2017
өлшемі428,9 Kb.
#10899
1   2   3   4
Тема 9. Тістер

  1. Сабақтың мақсаты: тіс жүйесі құрылысын қайталау; рептилийдер мен сүтқоректілердің тіс алмасу процесі мысалы ретінде тіс жүйесінің әр түрлі деңгейінің қалыптасуын қарастыру (мамонтардың горизонтальды және носортардың вертикальды).

Теориялық бөлім.

Тістер – қазба жұмыстары кезінде ең информативті және көп кездесетін скелет бөлшегі.

Тістер төменгі және жоғары жақтардың альвеоляр шұңқырларында орналасады. Әрбір тістің сауыты (коронка), түбірі және мойыны бар. Тістің іші қуыс, ол пульпа сүйықтығымен толған.

Тістің негізгі массасы дентін деп аталатын әктелген дәнекер ұлпасының түрінен тұрады. Дентиннің қоректенуі тіс пульпасының есебінен жүреді. Тіс сауытының дентині эмаль деп аталатын эпителийден пайда болатын өте тығыз әктелген ұлпамен қапталған. Тістің түбірі кемік сүйекке ұқсас материалмен – цементпен қапталған. Тіс қуысын қоршаушы дентин одонтобластер ден аталатын ерекше клеткалар қабатының астында жатады. Одонтобластлердің қызметі дентинді түзумен байланысты.

Жалпы сүтқоректілердің тістері дифиодонтты – екі рет тісейді (сүт тістер мен тұрақты тістер) және текодонтты (түбірлері ұяшықтарда орналасқан). Ал көне амфибияларда тістері субтекодонтты және акродонтты болатын. Сүтқоректілердің тіс жүйесінің гетеродонтизм шайнау актісіне байланысты тістердің жеке топтарының арасындағы еңбек бөлісуінің нәтижесінде пайда болған. Сүтқоректілердің гетеродонттық тістері эволюция процесінде рептилийдің қарапайым гомодонтты тістерінен бірте-бірте дамыған.

Сүтқоректілердің әрбір жоғарғы және төменгі жарты жақта күрек тістер – incissivi, ит (сойдақ) тіс – canini, кіші азу тістер – premolars, үлкен азу тістер – molare орналасады.

Сұтқоректілердің тіс жүйесі жоғарғы және төменгі тістердің бір бірімен сәйкесуімен ерекшеленіп, окклюзия деп аталады.

I3 C1 P3-4 M3

Сүтқоректілердің тіс формуласы: -----------------------

I3 C1 P 3-4 M3
Плацентарлы жануарларда тістің шайнау бетінде әр түрлі төмпешіктер пайда болған – негізгі: жоғарғы жақта кондар, төменгі жақта конидтер, қосымша конули және конулиды.

.
Тема 7 . Бас қаңқасы



Сабақ мазмұны

  1. Тетраподтар қаңқасының негізгі морфотиптерімен және олардың кейбір структуралық элементерінің эволюциялық өзгерістерімен танысу.

  2. Кейбір типтік тетраподтардың (бақа, көгершін, сұтқоректілер) бас қаңқа құрылысын оқып білу.

Құрал жабдықтар мен материалдар

  1. Әртүрлі тетраподтардың бас қаңқалары мен томеңгі жақтары.

  2. Бас қанқалар таблицасы.

Бас қаңқасында төрт морфофункциональды блок белгілі: қаңқа қақпағы, ми сауыты, таңдай комплексі және төменгі жақ.

Қаңқа қақпағы — calvaria: маңдай сүйектері— oss frontale, төбе сүйектері — oss parietale, төбе аралық сүйектерден — os interparietale тұрады. Сагиттальдық жүлге — crista sagittalis (рис. 87, 88) — күмбездің ортасынан өтеді..



Сүтқоректілерде көз шарасының маңайында тесіктер — foramen supraorbital болады (жыртқыштарда болмайды).

Бас сүйек артқы жағынан үлкен шүйде тесігін - foramen occipitale -magnum қоршап тұратын шүйде сүйегімен - os occipitale- шектелген.
87 сурет. Қаңқа қақпағы эволюция. (қаңқа үстіңгі жағынан суреттелген)

а — примитивті пеликозавр



б — кейіңгі перм кезеңіндегі терапсида; в — прогрессивтік триас терапсидасы;

г — ит; 1 — maxillare; 2 — premaxillare; 3 — nasale; 4 — lacrimale;

5 — prefrontale; 6 — frontale; 7 — postfrontale; 8 — postorbitale;

9 — шүйде тесігі; 10 — postparietale; 11 — supraoccipitale;

12 — parietale; 13 — tabulare; 14 — supratemporale; 15 — squamosum;

16 — jugale; 17 — preparietale; 18 — septomaxillare; 19 — occipitale;

20 — exoccipitale; 21 — prooticum; 22 — самай сызығы;

23 — сагиттальды жүлге (Ромер, Парсонс, 1992)




Сүтқоректілердің бас сүйегіне тән процесс бастапкы кездегі бірнеше жеке сүйектердің өзара косылып сандарының кемуі. Ми сауытының сүйектері жүп және так болып бөлінеді. Самай мен төбе сүйектері жүп болып келеді, ал мандай, шүйде, негізгі, немесе сынатәрізді, жәнетор сүйектер так сүйектер.
Бет бөлімі.

Бас сүйектің бет бөлімі көбінесе жүп сүйектерден күралған, атап айтқанда жоғары жак, тандай, бет, мүрын, көз жасы сүйектері. Соны-мен бірге бет бөлімінін құрамында екі так сүйек болады төменгі жақ пен түрен сүйегі.

Бас сүйегінің висцеральдық бөлігі эктодермадан туындайтын мезенхиманың есебінен дамиды. Бас сүйектің бет бөлімінің сүйектерінің көпшілігі жоғарғы жақ, тандай, шыкшыт, мүрын, көз жасы сүйектері жүп келеді, ал төменгі жақ пен танау сүйегі дара сүйектері.

Бет сүйектерінің ішінде жогарғы жақтың { maxilla, верхняя челюсть) рөлі ерекше. Жоғарғы жақ күрылысы күрделі жұп сүйек, алуан түрлі кызмет атқарады. Атап айтканда, көз шарасы мен танау куысын құрауға қатысады, мұрын куысын ауыз куысынан бөліп тұратын бөл-менің негізін құрайды және көптеген бет бұлшык еттерінің бекитін орны.
Мұрын сүйектер - os nasale. Астыңғы және шет қабырғалары жоғары жақ сүйектерінен құрылған - maxillare. Орбитаның алдыңғы шеті (foramen orbitale) сформиро­ван көз жасы сүйегінен құралған os lacrimale. Жақ аралық сүйек os incisivum (premaxillare) жоғарғы жақ сүйегінен ростральды рет орналасқан.
7.2. Төмеңгі жақ

Төменгі жақ {mandibula, нижняя челюсть). Бас сүйектін бірден-бір қозғалмалы сүйегі. Көбінде так болғанымен сәби өмірінін бір кезінде қосылып-бітісіп кететін жұп құрылымынан пайда болады. Сүтқоректілердің көпшілігінде төменгі жақ өмір бойы жұп күйінде қалады. Төменгі жақтың денесі мен екі бұтағын ажыратуға болады. Бүтактар екі өсінді құрап аяқталады. Алдыңғы бүтағы шайнау бүлшық еті бекитін тәждік өсіндісі, ал артқысы самай сүйекпен буындасатын буын өсіндісі; оның басы мен мойнын ажыратуға бо­лады. Мойынның алдыңғы бетінде сыртқы канат тәрізді бүлшык ет бекитін қанат тәрізді шүнкыр деп аталатын шүқыр болады (30-сурет). Төменгі жақ денесінде тістер орналасатын ұя болады, осыған байланысты оны альвеолалық өсінді дейді. Төменгі жак бас сүйекке тікелей бекиді, оның буын басы буын шүңқырына кіріп түрады.


Нижняя челюсть (mandibula) (рис. 90) состоит из: венечно­го отростка (processus coronoideus), суставного отростка (мы­щелка) condilus (бывшая сочленовная кость).

Жақ аралық сүйек тіс сүйегі - dentale мен симфизден құралған. Диастема — бұл ит тіспен азу тістер аралығы.



Тема 4-6 Посткраниальды скелетінің құрылысы

Сабақ мазмұны

  1. Тетраподтар негізгі морфотиптерімен және олардың кейбір структуралық элементерінің – омыртқалар, иық және бел белдеу, қол және аяқ сүйектерінің эволюциялық өзгерістерімен танысу.

  2. Бақа, қой, мысық, мамонт омыртқаларының құрылысын оқып білу

Құрал жабдықтар мен материалдар

  1. Тетрапод скелеттерінің суреттері мен бөлек сүйектер.


Қаңқа скелеті.

Омыртқа (позвонок, vertebra) - серпімді шеміршек арқылы біріккен. Шеміршектің қызметі арқылы омыртқа жотасы иілу қабілетіне ие болады. Әрбір омыртқаның денесі, догасы және бірнеше өсіндісі бар. Олар: білікті, көлденең, буындық өсінділер. Омыргқаның ең узын білікті өсіндісі артқа қарай шығып түрады. Омыртқаның денесі мен доғасының аралығыпда тесік бар. Барлық омыртқалардың тесігі бірігіп омыртка жотасының өзегі пайда болады. Оның ішінде жүлын орналаскан. Омыртка жотасы жүлынға берік қоргаушы қызметін атқарады.

Омыртка доғасының 2 жогарғы, 2 төменгі буын өсіңдісі бар Омыртка денесі маі доғаның біріккен жерінде, жогарғы жак темеңгі жағыңда, ойық бар Омыртка жотасындағы барлық омыртка біріккеңде, олардағы ойыктан, омыртка аралық тесік пайда болады. Омыртка аралық тесіктен жүлыннан шығатын жүйкелер мен кан тамырлары өтеді.

Омыртқа типтері:



  • Амфицельды - екі жағынан ойықша келеді

  • Ацельды – екі жағынан тегіс (сүтқоректілерде).

  • Процельды – алдыңғы жағынан ойықша, артынан дөңес (рептилийдерде).

  • Опистоцельды – омыртқаның артқы жағы дөңес (сүтқоректілердің мойындарында).

  • Гетероцельды - ертоқым тәрізді (құстардың мойындарында).

Омыртқа жотасы эволюция барысында келесі бөліктерге бөліңген:

мойын

сегіз көз алды



дене арқа кеуде

сегіз көз бел

құйрық


5. Қол скелеті

Қол скелеті иық белдеуінің скелеті мен колдың өз скелетінен түрады.



Иық белдеуі

Иык белдеуі байланыстырушы сінірлермен, бұлшық еттермен көкірек клеткасына бекіген және алдыңғы жағынан төс сүйекпен буындаскан екі жауырыннан және екі бұғанадан түрады.



Бүғана (clavicula, ключица) S-әрпі тәрізді иілген жүп сүйек, оның денесін және екі үшын төстік және акромиальдық ұштарын ажыра­тады. Екі үшында буын беттері болады, бір үшы төспен буындасса, ал екінші ұшы жауырынның акромиальдық өсіндісімен жалғасады.

Бүғананың маңызы зор: көкірек кеуде клеткасынан иык буы-нын тиісті қашықтықта үстап түратын тірек. Бүғана калталылар мен қолқанаттыларда дамыған күмінде сакталған, ал приматтарда, әсіресе адамдарда жаксы жетілген. Аяқтары біртүрлі кимыл аткаратын жануарларда бүғана толыктай жойылған (тұяқтыларда, кит тәрізділерде, сирендерде), ал басқаларда рудименттік күйде сакталған (насе-комжеушілерде, кемірушілерде, шалатістілерде, жыртқыштардың көпшілігінде).



Жауырын (scapula, лопатка) үшбүрышты жалпак сүйек. Оның үстіңгі бетінде акромиондык өсіндімен аякталатын қырқа (гребень) орналаскан. Акромиондык өсіндімен жауырын бүғанамен жалғасады (14-сурет). Жоғарғы жиегі қүстүмсықтәрізді өсіндіге айналған. Қырқа жауырыннан басталатын бұлшык еттер бекитін ауданды арттыру үшін кажет. Бұл кырқа сүткоректілерге ғана тән, омырткалардың баска кластарында жетілмейді. Қырка жауырын бетін екі бөлікке бөліп түра-ды, қырка үсті және кырқа асты ойпаттарға.

Қолдың сүйектері

Қол мен аяктың скелеттері негізінде ұқсас. Олардын әр қайсысы үш негізгі бөлімнен — проксимальдык, ортаңғы және дистальдық бөлімдерден тұрады. Қолдың үстіңгі бөлімін тоқпан жілік кұрайды. Оның үстіңгі үшы жауырынның буын ойпатына кіріп, иык буынын қүрайтын басы. Жіңішке анатомиялық мойны токпан жіліктің басын денесінен беліп түрады. Анатомиялық мойынның астында бұлшық еттер бекитін үлкен және кіші төмпешіктер орналаскан. Осы төмпешіктерден төменірек хирургиялық мойын жайғаскан. Дистальдық ұшында білекпен буындасатын тоқпан жіліктің блогі болады. Блоктын жанында кәрі жілікпен буындасатын жұмыр дөнес байкалады. Блок пен осы дөңестің үстінде орналасқан сүйектің медиаль-дық және латеральдық жиектерін медиальдық және латеральдык ай-даршықтар деп аталатын томпақтар күрайды. Медиальды қайдаршыққа қол басын бүгетін бүлшық еттер бекиді. Тоқпан жіліктің алдыңғы бетінде, блоктын үстінде екі шұңқыр орналасқан: алдынғы жағында тәждік (кәрі жіліктік), артында шынтақтық шұңқырлар. Қол бүгілген кезде тәждік шүнкырға кәрі жіліктің үшы кіреді. Тоқпан жіліктің дистальдық үшы білектің сүйектерімен буындасады.

Білек екі суйектен — шынтақ сүйек пен кәрі жіліктен тұрады (16-сурет). Шынтақ сүйек кәрі жілікке қарағанда үзынырак. Оның проксимальдық үшында екі өсінді бар: шынтақтык және тәждік.

Шынтак сүйектің төменгі ұшы жуандап оның дистальдық басын құрайды. Оның артқы жағында біз тәрізді өсінді орналасқан.

Кәрі жіліктің проксимальдық ұшы басы деп аталады. Басы денесінен мойын арқылы бөлінген, мойынның төменгі жағында кәрі жіліктің бұдыры болады. Кәрі жілік пен шынтақ сүйек өзара сүйек-аралық жарғакпен жалғасқан. Кәрі жілік пен шынтақ сүйектін үстінгі және астыңғы беттерін ажыратуға болады, ал үшінші беті жінішке, сыртына карай орналаскан. Кәрі жіліктің төменгі үшының медиальдык бетінде шынтақ сүйекпен буындасатын кішкене ойынды байқалады. Кәрі жіліктің дистальдік эпифизі біз тәрізді өсіндімен аяқталады. Білектің проксимальдік үшында кармен буындасуда маңызды рольді шынтақ сүйек аткарады, ал дистальдік ұшында қолдың қоспасымен буындасуға кәрі жілік қана катысады.





Рис. 81. Иық сүйектер: палеозой амфибиясы (а), примитивті қарапайым рептилия (б), кесіртке (в), опоссума (г); барлық сүйектер вентральды жағынан: а — сол жақ, б,г — оң жақ сүйектері. Бастапқы иық сүйегі қысқа жәнеекі басы кеңейген болған.( проксималды жағы дистальды жағынан 90° - қа дейін бұрылған, сондықтан тарлау болып көрінеді – а және б). Барлық жағдайларда дельта тәрізді және кеуде былшық еттер бекітілетін мықты айдар байқалады. Ал кейіңгі кезде омір сүрген жануарлардың сүйектері ұзынрақ және жіңішкелеу, әсіресе ұсақ жануарларда. Примитивті рептилийдерде сүйектің дистальды бөлігінің ішкі, немесе постаксиальды (foramen entepicondylare — 9), және сыртқы, немесе преаксиальды (foramen ectepicondylare — 10), шетінде тесіктер болады. Бірінші тесік әртүрлі сүтқоректілерде және гаттерияда сақталыңған, ал екіншісі - рептилийдерде. 1 — ішкі ойқыс үсті; 2 — пекторальды қыры; 3 — басы ; 4 — дельта тәрізді бұдыр; 5 — өсінді (супинаторлы); 6 — латеральды айдаршық; 7 — шыбық шұңқыры; 8 — шынтақ шұңқыры ; 11 — үлкен төмпешік; 12 — кіші төмпешік (Ромер, Парсонс, 1993).

Жалпы терминология Сүтқоректілер анатомиясы

Radiale Scaphoideum

Intermedium Lunare (s.semilunare)

Ulnare Cuneiforms (клиновидная)

Pisiforme Pisiforme

Centrale Centrale

Carpale distale 1 Trapezium

Carpale distale 2 Trapezoideum

Carpale distale 3 Magnum (большая)

Carpale distale 4 Unciforme
Саусақтар — digiti. Проксимальды элементтер — metacarpalia. Дистальды элементтер — фалангтар — phalanges digitorum. Тырнақтық фалангтер — phalanges unguales. Үлкен саусақ — pollex. Құстарда үш ішкі саусақтар болады. Барлық жануаоларда редукция сыртқы саусақтарынан басталады.

Саусақтар рим цифраларымен , а білезік және тобық дистальды элементтер запястья и предплюсны — араб цифрларымен С (cl — с4) — орталық (centrale); R — кәрі жілік (radius); U — шынтақ (ulna); г — кәрі жілікті (radiale); i — аралық (intermedium); u — шынтақты (ulnare); 6, pis — бұршақ тәрізді сүйек (pisiforme); sc — scaphoideum; lu — lunare; су (на В) — cuneiforme білезікте ; tz — трапеция (trapezium); td — трапеция тәрізді (trazoideum); mg — үлкен (magnum); un — unciforme; T — асық жілік (tibia); F — шыбық сүйек (fibula); f — fibulare; a — блок тәрізді сүйек (astragalus); ca — өкше сүйек (calcaneum); enc — entocuneneiforme; nav — naviculare; mc — mesocuneiforme; ec — ectocuneiforme; cu (на E) — квадратты (cuboideum) (Ромер, Парсонс, 1992)

Фаланг формуласы әр саусақтағы ішкі саусақтан бастап шет саусақтарға дейін, фалангалар санын көрсетеді. Амфибия саусақтары екі немесе үш фалангтардан құралған. Ал кеш девондағы телерпетонда алты саусақты қол-аяқтары болған.

Примитивті рептилийдердің фаланг формуласы – 2.3.4.5.3., жоғарғы сатыдағы формаларда – 2.3.3.3.3. Бұл примитивті сүтқоректілерге де тән. Кит тәрізділерде фаланг саны 13 немесе 14 –ке дейін көбейіп, су рептилийдерде (ихтиозаврлар, плезиозаврлар) – 20 дейін жетеді.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет