Темпераменттің типі (Мінезді, қызу мінезді, жігерлі адам). Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі



Дата27.02.2023
өлшемі18,66 Kb.
#170270

1) Холерик — темпераменттің типі (Мінезді, қызу мінезді, жігерлі адам). Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істеуші, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады. Холерик белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.
2) Сангвиник— оптимист адамды белгілеу үшін қолданылатын термин. Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Сангвиник — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек келеді. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика, қимылы көп. Ақжарқын, ашық келеді. Мұндай адам басқалармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа онша мән бермейді. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпыну көп, бірақ оп-оңай басылып қалады.

  1. Флегматик- Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады; флегматикті өзі үшін байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң. Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін, дене қимылдарын білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бірсарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Флегматик байсалды, баяу, орнықты болады.

  2. Меланхолик— адамдарға тән төрт темпераменттің бірі. Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе болса да ішінде сақтайды. Меланхоликтің де жағымды және жағымсыз жақтары болады. Егер де меланхолик — темпераментті адам дұрыс тәлім-тәрбие алмаса, ондай адам өзінен-өзі тұйықталып, жұрттан өзін оқшау ұстауы мүмкін. Адамда болатын темпераменттердің қай-қайсысы да жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті болып саналады. Меланхолик, уайымшыл - (ағылш. melancholic; нем. Melancholiker m; гр. melanos - черный + сһоlе – желчь) - жабырқаңқы көңіл-күй мен қамықтыратын ойларға бейім адам. Қозуы әлсіз (өз темпераменті бойынша), жан толғанысының терең және ұзақтығымен дараланатын адам.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет