Теодолиттерді тексеру және түзету



бет1/2
Дата19.10.2023
өлшемі434 Kb.
#186801
  1   2
Байланысты:
Зерт ж 8 Поверка теодолит (1)
Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу

Теодолиттерді тексеру және түзету

Теодолиттегі сақталуға негізгі геометриялық шарттар горизонталь бұрыштарды өлшеу принципті сұлбасынан шығады. Олар мына төменгідей:


- аспаптың вертикаль осі тік болуы керек;
- лимбінің жазықтығы горизонталь болуы тиіс;
- көздеу жазықтығы вертикаль болуы тиіс.
1. Тексерулерді орындаудың қажеттілігі. Осы шарттардың орындалуын анықтау үшін тексерулер жүргізіледі. Ал оларды жою жұмыстарын түзету деп айтады.
2. Теодолиттерді тексеру және түзету
а) Горизонталь дөңгелектің алидадасында орналасқан цилиндрлік деңгейдің осі VV сурет 27 теодолиттің негізгі осіне ZZ перпендикулярлығын тексеру.
Тексеру тәртібі. Алидаданы бұрап деңгейді көтергіш бұрандалардың бағыты бойынша орнатып, оларды әр жаққа айналдырып процесті жылдамдату үшін деңгей үлбіреуігін ноль-пунктке келтіреді.

Сурет 27 - Деңгейдің тексеру сұлбасы

Алидаданы 1800 бұрайды. Егер алидаданы бұрғаннан кейін, деңгейлеуіш үлбіреуігі ортада қалса, онда шарттың орындалғаны. Керісінше болған жағдайда деңгейді түзетеді.


Түзету тәртібі. Түзеткіш бұрандаларды бұрап, үлбіреуіктің ноль орнын жартылай доғасына келтіреді. Бақылау үшін әрекеттерді қайталайды, яғни қайтадан көтергіш бұрандаларды бұрап деңгей үлбіреуікті ноль орнына келтіреді, алидаданы 180 бұрайды және т. б.
б) Көру дүрбінің осі VV дүрбінің айналу осіне перпендикулярлығын тексеру. Егер келтірілген шарт орындалса, онда көздеу осі дүрбінің айналу осіне жүргізілген нормалімен бір С бұрышты құрайды. Ол коллимациялық қателік деп аталады.
Эксцентриситеттің өлшемге әсерін тигізбеу үшін теодолиттерде шартты тексеру бір жақты жүйе өлшемімен жүргізіледі.
Тексеру тәртібі. Лимбті бекітіп, тордың центрін мысалы, тік дөңгелек сол жақта жергілікті жердегі алыстағы нүктеге көздейді. Ол мөлшері дүрбінің айналу осімен бір деңгейде орналасқан және СД өлшемімен жүргізеді. Дүрбіні зенит арқылы орнынан ауыстырады, алидаданы бұрап тордың центрін де сол нүктеге көздейді тік дөңгелек оң жақта және ОД өлшемін жүргізеді. Сонан соң тұғырықтағы теодолиттің орнын бекіткіш бұрандасын босатады да, аспапты 1800-қа бұрайды. Осыдан теодолиттің орнын тағы да бекітеді. Теодолитті тұғырыққа бекітіп, тордың центрін сол нүктеге дөңгелектің оң жақ және сол жақ жағдайында қайтадан көздейді де, екінші өлшемдерді алады, яғни ОД мен СД.
Коллимациялық қателіктің шамасы мына формула арқылы анықталады:
(8.1)
Егер С коллимациялық қате аспаптың екі еселенген дәлдігінен аспаса, онда шарттың орындалғаны. Керісінше болған жағдайда түзету жүргізіледі.
Түзету тәртібі. Дұрыс өлшем мына формула бойынша анықталады:

ОД=СД1


немесе (8.2)
ОД=СД2

және есептелген өлшемді горизонталь дөңгелектің лимбісіне белгілеп, осыдан кейін тордың центрі жергілікті жердегі байқалатын нүктенің орнынан жылжып қалады. Тордың центрін қайтадан осы нүктеге көздеу қажет. Сол үшін жіптер торының түзеткіш бұрандаларын жауып тұратын қалпақшаны бұру керек және оларды бұрап, тордың центрі жергілікті жердегі нүктемен бірлестіреді.


Кесте 5


Нүктелердің нөмірлері

Горизонталь дөңгелек бойынша өлшем

Ескертпе

ОД

СД

Тұғырықтағы теодолиттің бұрылуына дейін

1

038

18032

Т30 теодолиті

Коллимациялық қателіктің мәні 4 формулаға және кесте 2 сәйкес былай анықталады:



яғни с>2t.
Коллимациялық қателіктің шамасы екі еселенген дәлдіктен артық болды. Сондықтан түзетуді жүргізу керек.
Көздеу осінің дүрбінің айналу осіне перпендикуляр жағдайына сәйкес 4 формуламен табылған өлшемдер мынаған тең:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет