Түзеткіштердің жұмыс істеу принципі. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/3
Дата28.06.2017
өлшемі0,55 Mb.
#20368
түріСабақ
  1   2   3
Дузбаева Жанымай Бесенбайқызы,

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің оқытушысы.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Түзеткіштердің жұмыс істеу принципі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзеткіштің құрылымдық сұлбасы, классификациясы, қоректену көзінің құрылымдық сұлбасы, жартылай периодты түзеткіштердің жұмыс істеу принциптері мен өндірісте түзеткіштің түрі қызметі мен таныстыру.
Тәрбиелік: Өзін - өзі жетілдіруге (өзін - өзі тануға, өзін - өзі бақылауға, өзін - өзі реттеуге) талпыну; творчестволық қабілетін дамыту.
Дамытушылық: Барлық салаларда электрлендіруі кеңінен қолданылуын және электр энергиясының құнды қасиеттерін байланыстыра отырып, студенттердің таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, кубизм стратегиясы, жигсо стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, анимациялық сұлба, жазбаша текст интербелсенді тақта.
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды сабақтың белсенді өтуіне ынталандыру



2. Топ студенттерін “”, “”, “...” деп 3 топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру: Жигсо стратегиясы бойынша өткен тақырыпты сұрау

1. «Білімділік шыңға шығарады»

  • Микросхемалар жұмыс істеу принипі?

  • Микросхемалар құрылысы, параметрлері.

  • Микросхемалардың қандай түрлерін білеміз?


ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
Сонымен интегралды микросхеманың түрлері, құрылысын, параметрлерін, жұмыс істеу принципін, қолдану саласын қарастырдық.



IV. Негізгі бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру

Түзеткіштер

Жоспары:

1. Түзеткіштің құрылымдық сұлбасы, классификациясы, жұмыс принципі

2. Түзеткіштерді қуаты қондырғыларда қолданылуы
1. Түзеткіштің құрылымдық сұлбасы, классификациясы

Түзеткіш деп – айнымалы электр тоғын тұрақты тоққа түрлендіру. Әдетте, тоқты түзету – тоқ тек қана бір бағытта өтетін вентильмен іске асырылады. Қолданылатын вентиль типіне қарай вакуумдық, газразрядты, шалаөткізгіш және электр түйіспелі т.б түрлері бар. Түзету сызбасына байланысты бір және екі жарты периодты, көпірлік және нөлдік шықпасы бар, бір фазалы және көп фазалы түзеткіш деп жіктеледі. Электрондық техникада екі жарты периодты бір фазалы көпірлік түзеткіш сызбалары қолданылады.



1-сурет. Түзеткіштің құрылымдық схемасы.

Төмендеткіш күштік трансформатор 1-түзеткіштің кіріс (тораптық) және (түзетілген) кернеулерін бірімен – бірін үйлестіруге, 2-түзеткіштің кірісінде керекті шамадағы (тораптық кернеуден кіші) кернеуді алу арқылы. Түзету құрылғы диод және тиристордың негізінде орындалады, ал кейбір жағдайларда күштік транзисторлардың негізінде орындалады. Түзетілген тоқтың толықсуын азайту үшін 3- тегістегіш сүзгілер қолданылады. Тегістегіш сүзгі мен жүктеменің 5 арасына электрондық стабилизатор 4 қосылады, ол торап кернеуі мен жүктеме тоғының өзгеруіне тәуелсіз түрде шығыс кернеуді тұрақты етіп ұстап тұрады.

Түзеткіш жалпы жағдайда бір үлкен агрегат болып келеді (1-сурет) Түзеткіштің қосымша функциясы ретінде шығудағы кернеудің басқарылады, ол түзету құрылғысының кірісіндегі кернеуінің өзгеруінен немесе жартылай өткізгіш аспаптарының ашық жағдайдағы бұрышының өзгеруінен болады.

Түзеткіштердің үш түрі бар:

♦ Бір жартылай периодты бір фазалы түзеткіш

♦ Екі жартылай периодты көпірлік түзеткіш

♦ Өткелдік ( мостовой) түзеткіш

Оларды алу үшін көп жағдайда бір фазалы кішкене қуатты түзеткіштердің схемалары қолданылады. Түзеткіштердің классификациясы. Қоректену торабының фаза санына байланысты. Бір фазалы және көп фазалы тоқ түзеткіштері арқылы ажыратады. Мұндай түзеткіштер басқарылатын деп аталады. Түзетілген токтың толықсуын тегістегіш тегістеп, оның орта шамадан ауытқуын тұрақтандырғыш тұрақтандырады.
2.Түзеткіштерді қуаты қондырғыларда қолданылуы.

Күнделікті пайдаланылып жүрген радиоқұрылғылардың көпшілігі тұрақты токпен жұмыс істейді. Сырт көзге айнымалы токпен жұмыс істейтіндей көрінгенмен, олардың көпшілігі электр жүйесіндегі айнымалы кернеуді (220В, 50Гц) құрылғы ішінде тұрақты тоққа айналдырып алып отырады. Электрондық аспаптарды қоректендіру үшін жоғары сапалы тұрақты кернеу қажет.

Түзеткіштің жұмыс істеу принципі бір бағытта тоқ жүретін жүктеменің қорек көзіне қосылуын қамтамасыз етеді. Түзеткіш тоқ деп түзеткіштің жүктемесінде оң қысқышынан теріс қысқышына қарай жүретін тоқты айтады


2 сурет – жарты периодты түзеткіш сызбасы



2 суретте ауыспалы кернеудің трансформатордан диодқа өтеді, диод ауыспалы токты бірполярлы токқа түзететін құрылғы. Диод негізінен токты бір бағытта ғана өткізетін болса, бұл сызбада ол оң жарты толқынды өткізеді. Екі жарты периодты сызбаның кемшілігі болып трансформатордың орамдарын екі есе көбейту қажеттігі болып табылады, сондықтан өндірісте көпірлік (мостовая) түзеткіш сызбасын қолдану кеңінен таралған. (2.2 сурет)

Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет