Терапия Артериальная гипертензия



бет2/20
Дата06.04.2022
өлшемі1,21 Mb.
#138118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
окон каз вар воп№1 (5)
19 en, 552002.pptx, New Document 2, БиологиЯ, Силлабус БАН 22-23 каз, Screenshot 2022-11-30 at 00.47.47
ИБС. Стенокардия
! 48 жасар ер адам, тегіс жермен 600 метр жүргенде және 3-ші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5 минуттық, тоқтағанда басылатын төс артындағы басып ауыруына шағымданады. Ауру сезімі 3 аптадан бері. Қарап тексергенде: пульсі минутына 75, артериалды қан қысымы 120/80 мм.сын бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі қалыпты.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
*+ Алғаш пайда болған стенокардия
* Жедел миокард инфаркті
* Күш түсу стенокардиясы ФК III
* Вазоспастикалық стенокардия
* Үдемелі стенокардия
! Ер адам 53 жаста, 300 метр жүргенде және екінші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5 минуттық төс артындағы қысып ауру сезіміне шағымданады. 6 айдан бері ауырады, кейде нитроглицерин қолданады. Қарап тексергенде: акроцианоз, пульсі 80 соққы минутына, артериалдық қан қысымы 130/90 мм.сын бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Алғаш пайда болған стенокардия
* Күш түсу стенокардиясы ФК I
* Күш түсу стенокардиясы ФК II
*+ Күш түсу стенокардиясы ФК III
* Күш түсу стенокардиясы ФК IV
! Ер адам, 45 жаста. Таңға жақын төс артында қатты басып ауыру, жүрек қағысы, ауа жетіспеу сезімі, жалпы әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: акроцианоз, суық жабысқақ тер, жүректің соғу жиілігі 90 соққы минутына. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, жүректің соғу жиілігі минутына 85 рет. Жүректің электрлік осі қалыпты.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Күш түсу стенокардиясы
*+ Вазоспастикалық стенокардия
* Үдемелі стенокардия
* Алғаш пайда болған стенокардия
* Жедел коронарлы жетіспеушілік
! 55 жасар әйелде, физикалық күшпен байланысы жоқ, бірақ нитроглицерин ішкенде басылатын жүрек тұсында қысып ауыру пайда болады. Анамнезінде аяқтарының көк тамырларының варикозды кеңеюі. Қарап тексергенде: Артериалдық қан қысымы 160/90 мм.сын бағ. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қайсысы?
* Велоэргометрия
* Обзиданмен сынама
* Эхокардиография
* Коронароангиография
*+ Тәуліктік мониторлау
! 60 жасар ер кісі. соңғы 2 аптада 5-7 минутқа созылатын, екінші қабаттқа көтерілгенде және 300 метр түзу жолмен жүрген кезде төс артында қысатын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 жылда 2-3 минутқа созылатын, екінші қабаттқа көтерілгенде және 600 метр түзу жолмен жүрген кезде төс артында қысатын ауру сезімі бар. Объективті: акроцианоз, пульсі минутына 75 соққы, артериалды қысымы 130/90 мм.сын бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
* Алғаш рет анықталған стенокардия
* Жедел миокард инфарктісі
* Күш түсу стенокардиясы ФК III
* Вазоспастикалық стенокардия
*+ Үдемелі стенокардия
! 42 жасар ер кісі. Таңға жақын пайда болған 15 минутқа созылған, мойынға берілген, төс артындағы қысқан ауру сезіміне шағымданады. Ауа жетпеумен қосарласқан, жалпы әлсіздікпен жүрек қағуы пайда болыды. Анамнезінде бұл ұстамалар жыл бойында мазалайды. Объективті: жүректің соғу жиілігі минутына 90 соққы. Тондары тұйықталған. Электрокардиограмма: ритмі синусты, жиілігі минутына 85 рет. Электр осі қалыпты орналасқан.
Төменде көрсетілгендер ішінде дәрілік заттың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+ Амлодипин
* Кардикет
* Бисопролол
* Верапамил
* Каптоприл
! Ер адам 50 жаста, 600 метр жүргенде және екінші қабаттан жоғары көтерілгенде, ұзақтығы 5 минуттық төс артындағы қысып ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: пульсі 70 соққы минутына, артериалдық қан қысымы 120/90 мм.сын бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Алғаш пайда болған стенокардия
* Күш түсу стенокардиясы ФК I
*+ Күш түсу стенокардиясы ФК II
* Күш түсу стенокардиясы ФК III
* Күш түсу стенокардиясы ФК IV
! Ер адам 48 жаста, шамадан тыс күш түскенде, жүгіргенде ұзақтығы 2 минуттық төс артындағы қысып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: пульсі 75 соққы минутына, артериалдық қан қысымы 120/80 мм.сын бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Алғаш пайда болған стенокардия
*+ Күш түсу стенокардиясы ФК I
* Күш түсу стенокардиясы ФК II
* Күш түсу стенокардиясы ФК III
* Күш түсу стенокардиясы ФК IV
! Ер адам 68 жаста, 100 метр жүргенде және кез-келген қалыпты күш түскенде ұзақтығы 5 минуттық төс артындағы қысып ауру сезіміне шағымданады. Нитроглицерин қолданады. Қарап тексергенде: акроцианоз, пульсі 90 соққы минутына, артериалдық қан қысымы 130/90 мм.сын бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 85 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Алғаш пайда болған стенокардия
* Күш түсу стенокардиясы ФК I
* Күш түсу стенокардиясы ФК II
* Күш түсу стенокардиясы ФК III
*+ Күш түсу стенокардиясы ФК IV
! 57 жасар ер кісі, кеуде клеткасындағы тұйық, қысып ауырсынуға шағымдады. Ұйықтағаннан бірнеше сағат өткен соң, ауырсынудан оянды. Анамнезінен: ұстамалар 10-15 минут ішінде бірінен соң бірі кезектесіп, серия түрінде өтеді. ЭКГ-да ұстама кезінде ST сегменттің жоғарлауы байқалады.
ЕҢ мүмкін болатын диагноз?
*+ Принцметал стенокардиясы
* Күш түсу стенокардиясы ФК II
* Күш түсу стенокардиясы ФК III
* Күш түсу стенокардиясы ФК IV
* Жедел миокард инфарктісі
! 40 жастағы әйел адам алдын-ала медициналық қаралудан өтуге келді. Жүрек тұсындағы сирек болатын шаншып ауырсынуға шағымданады. Салмағы 90 кг, бойы 170 см, 5 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді, физикалық жаттығулармен айналыспайды. Соңғы рет 6 жыл бұрын тексерілген. Анасы 45 жасында миокард инфарктын алған. Физикалық тексеруде патология табылған жоқ.
Бірінші кезекте қандай тексеру жүргізу керек?
* Кеуде қуысының рентгенограммасы
* Физикалық жүктемемен тест
* ЭКГ
*+ Қан сарысуының холестерині
* Жалпы қан анализі
! Стенокардия ұстамасы мен синус түйінің әлсіздігі синдромы бар қарт адамға антиангиналды ем ретінде қандай препаратты тағайындауға болады?
* Метопролол
* Верапамил
* Кордарон
* Дилтиазем
*+ Амлодипин
! 47 жастағы ер адам соңғы 2 айда 500 метр. жаяу жүргенде немесе 3 қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданады. Кейде ауырсыну тыныштықта да пайда болады.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Тұрақты күш түсу стенокардиясы І ФК
*+ Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІІ ФК
* Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІІІ ФК
* Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІУ ФК
* Функциональды класты анықтау мүмкін емес
! Науқаста қант диабетінің 2 типі болса қай антиангиналды препаратты қолданған тиімдірек?
* Бета-блокаторлар
*+ Кальций антагонистері
* Нитраттар
* ААФИ ингибиторлары
* Сидноминдер
! Науқаста созылмалы обструкциялық бронхит болса қандай антиангиналды препарат қолданған тиімдірек?
* Бета-блокаторлар
*+ Кальций антагонистері
* Нитраттар (монотерапияүшін)
* ААФИ ингибиторлары
* Сиднониминдер
! Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалды. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Прогрессирлеуші стенокардия
* Күштену стенокардиясы ФК 2.
* Миолкард инфартісі
*+ Алғаш пайда болған стенокардия.
* Принцметалл стенокардиясы
! Стенокардияға патогномды тән болып табылады
* ЭКГ-да өзгеріссіз физикалық күштемеде төс артының ауыруы
* физикалық күштемеден кейін экстрасистолияның дамуы
*+ төс артының ауыруы және ЭКГ-да ST сегментінің 1 мм-ге және одан көп депрессиясы
* ST –нің 1 мм-ге және одан аз көтерілуі
* III стандарты және аVF әкетулерінде Q сермесінің ұлғаюы
! Науқас Г., 30 жаста кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген.
Бірінші кезекте науқас қандай тексеруді қажет етеді?
* Эхокардиография
* Вентрикулография
* Коронароангиография
* Электроэнцефалография
*+ Тәуліктік мониторлеу ЭКГ
! Науқас К., 42 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
*+ ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
* ЖИА. Үдемелі стенокардия
* ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК II
* ЖИА Күш түсу стенокардиясы ФК III
* ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК IV
! Аталған белгілер қандай топтағы дәрілерге тән: стенокардия ұстамасының жиілігін азайту және қарқындылығын төмендету, систолалық ҚҚ бастапқы деңгейден 10-15 %-ға төмендету, ЖСЖ-нің жоғарлауын 7-10-қа қысқарту, миокард ишемиясының эпизодтарының жоғалуы?
*+ Нитраттарға
* Кордаронға
*  -адреноблокаторларға
* Кальций антагонистеріне
* Калий каналдарының активаторларына


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет