Тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдіснемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады



бет53/53
Дата08.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#119191
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
45, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Курсты сәтті игеру үшін студенттің:
- қашықтықтан оқытуға мүмкіндік беретін құрылғысы (стационарлық компьютер, ноутбук, планшет, смартфон) болу керек,
- үздіксіз жұмыс істеу үшін жеткілікті жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізе алатын мүмкіндігі болу керек,
- «Platonus» ААЖ-не браузер немесе мобильді қосымша арқылы кіруге мүмкіндігі болу керек,
- пайдаланылатын құрылғысында бейне режиміндегі сабақтарға арналған Zoom платформасы орнатылуы керек.
Жазбаша жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
Студенттердің әр тапсырмаға арналған жазбаша жұмысы бір файлда жасалады, оның атауы «Пәннің аты_тобы_ студенттің аты-жөні_күні» формасына сәйкес болуы керек.
Студенттердің жазбаша жұмыстары баспа тәсілімен компьютер арқылы бір аралық (интервал) сақтай отырып орындалады. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14. Мәтін парақ ені бойынша тегістеледі. Қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: жиектері – сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 25 мм. Азат жол басындағы бос жер (абзац) – 1,0 (бесінші таңбадан).
Жазбаша жұмыстың беттері бүкіл мәтін бойынша қатар нөмірленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі жағында ортасында нүктесіз қойылады. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14.
Иллюстрацияларды (сызба, карта, график, схема, диаграмма, фотосуреттер) олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастырылады. Иллюстрациялар түрлі түсті болуы мүмкін және оларды араб цифрларымен бүкіл жұмыс бойынша қатар нөмірлейді. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасау қажет. Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «...1-суретке сәйкес ...» деп жазу қажет.
Қажеттілігіне қарай иллюстрациялардың аталуы және түсініктеме деректері (сурет асты мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның аталуы түсініктеме деректерден кейін ортада келесідей орналастырылады:

1-сурет. Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы

Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастырады. Барлық кестелерге сілтеме болуы тиіс. Кесте атауын кестенің үстінен, нөмірі және «кесте» сөзінен кейін келесі жолға абзацтан (бесінші таңба) орналастыру керек.


Мысал:
1-кесте
Қазақстан халқының жұмыспен қамтуын талдау (өңірлер бойынша)
мың адам





























































Е с к е р т у - ҚР статистика жөніндегі Агентігінің 2008 ж. №5 жинағынан алынған мәліметтер

Формулалар және теңдеулер жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол (бір Enter) қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік (=) немесе қосу (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:) белгілерінен кейін немесе өзге математикалық белгілерден кейін тасымалдануы тиіс және келесі жолдың басында белгі қайталанады.


Символдар мен сандық коэффиценттердің түсініктемелерін, олардың формулада берілген реттілігімен, тікелей формуланың астынан келтіру керек. Әр символ мен коэффициенттің түсініктемесін жаңа жолдан бастайды. Бірінші жолды «бұл жерде» деген сөзден, қос нүкте қоймай, бастайды.
Жұмыстағы формулаларды барлық жұмыс шегінде реттік нөмірлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңес жақшаларда араб сандармен нөмірлеу көзделеді.
Мысалы:

(8)

бұл жерде


– 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі;
– 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың таза пайдасы;
– 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың жалпы активтері;

Пайдаланылған ақпарат көздеріне сілтемелер тік жақшаға алынады. Мысалы, [4]. Бір ақпарат көзіне сілтеме бір неше рет қайталанса, тік жақшага ақпарат көзінің реттік нөмірі мен сәйкесті беттердің нөмірлері көрсетіледі. Мысалы, [2, 27 б.]. Мәтіндегі сілтеме саны пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі ақпарат көздердің санына сәйкес болу керек.


Дерек көздер туралы мәліметтерді жұмыста пайда болу реттілігімен орналастыру керек. Олар абзацтан бастап араб цифрларымен нүктесіз нөмірленеді.
Қосымшалар жұмыстың жалғасы ретінде рәсімделеді және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін орналасады. Жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады. Әрбір қосымша жаңа беттен басталады, беттің жоғарғы жағының ортасында қосымшаның нөмірі мен «қосымша» сөзі көрсетілуі тиіс. Қосымшаның атауы бас әріптен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылады. Қосымшалар араб цифрларымен нөмірленеді және жұмыстың қалған бөлімдерімен ортақ басынан басталатын беттердің нөмірленуіне жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет