Тәрбие мақсаты, оның әлеуметтік қамтамасыз етілуі. Тәрбие мақсаты мен міндеттерінің өзара байланысы



бет2/9
Дата04.12.2023
өлшемі46,04 Kb.
#195013
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лек пед

Тәрбие процесі – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кіріктіре жүргізетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.
Тәрбие процесінің ерекшеліктері төмендегідей:
- бір мақсаттылығы
- көпфакторлылығы
- нәтиженің бірден көрінбеуі
- ұзақтылығы
- үздіксіздігі
- кешенділігі
- екіжақтылығы.
8. Нәтиженің бірмәнді және анық болмау мүмкіндігі.
Тәрбие біртұтас ұйымдастырылған процесс ретінде белгілі бір заңдылықтар мен принциптерге бағынады. Олар тәрбиелік процесс мазмұнына, тәрбие формалары мен әдістерін таңдауға, осы процестің субъектілері болып табылатын мүғалімдер мен оқушылардың позициясына әсер етеді. Тәрбие заңдылықтары тәрбие принциптеріне қарағанда тұрақтырақ, тиянақтырақ болып келеді.
Тәрбие заңдылықтары – тәрбие процесіндегі мәнді, тұрақты байланыстар, олар тәрбие барысын және бағыттылығы мен нәтижелілігін анықтайды. Тәрбие процесінің негізгі заңдылықтары төмендегідей:
- тәрбие мақсаты, мазмұны, әдістерінің бірлігі;
- біртұтас педагогикалық процестегі тәрбие мен оқытудың үзіліссіз байланыстылығы;
- жеке тұлғаны тәрбиелеу, тек оны іс-әрекетке қосқан уақытта ғана жүзеге асады;
- тәрбиелеу барысында жеке тұлғаға деген ізгілікті қарым-қатынасты жоғары талап қоюмен үйлестіру;
- балалардың жағымды сапа-қасиеттерін анықтап, тәрбие барысында соларға сүйену;
- тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру;
- тәрбие барысында баланың өзін-өзі тәрбиелеуге деген құлшынысын ояту;
- тәрбие барысындағы мұғалімдер, ата-аналар және қоғамдастық әсерінің бірлігі мен ынтымақтастығы;
- мұғалімдердің де, оқушылардың тәрбие процесіне белсенді қатысуы.
Заңдылықтардың негізінде тәрбие принциптері қалыптасады. Тәрбие процесі дамуының белгілі бір кезеңінде көптеген принциптер заңдылықтарға айналады. Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғышарты, негізгі ережесі, ұстанымы, ал тәрбие принципі тәрбие процесі барысында тәрбиелеушінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымы, қағидасы болып табылады.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі принциптер төмендегідей:
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.
3. Тәрбие барысындағы жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.
5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу.
7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.
8. Тәрбиенің қоғам талаптарына бағыттылығы.
9. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланыстылық принципі.
Сонымен, тәрбие тұлғаны қалыптастырудың тұтастық идеясына бағынатын, тәрбие процесінің мақсат, міндет, мазмұн, форма, әдістер бірлігін білдіреді. Тұлға қасиеттерінің қалыптасуы бір мезетте, яғни кешенді жүзеге асады, сондықтан педагогикалық өзара әрекет те кешенді болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет