Тәрбие мақсаты, оның әлеуметтік қамтамасыз етілуі. Тәрбие мақсаты мен міндеттерінің өзара байланысы



бет6/9
Дата04.12.2023
өлшемі46,04 Kb.
#195013
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лек пед

6. Тәрбие мазмұны


6.1 Тәрбие мазмұны туралы түсінік

Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейтесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеялық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.


Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлы және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын біртұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Тәрбие мазмұны - әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуін қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Тәрбие мазмұны мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өздігінен жасап, қабылдап, іс жүзіне асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.
Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудегі басты бағыт – теориялық біліммен қаруланған, оны шығармашылықпен іс-жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткерін, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары мәдениетті, ұлттық санасы дамыған көпмәдениетті жеке адамды қалыптастыру.
Бұл мақсат «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында» (1995 ж), «Білім беру жүйесіндегі мемлекет саясатының тұжырымдамасында» (1996 ж), «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» (2000 ж(, «2005-2010 жылдарда Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» (2004 ж), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында» (2004 ж.) және мектептегі біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудағы Қазақстар Республикасының білім және ғылым Министрлігінің т.б. құжаттарында көрініс табады.
Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі керек. Сондықтан да қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінің идеялық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірибесінде қалыптасқан және дәлелденген гуманизм принциптері болуы керек.
Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабарлылықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлауды көрсетеді. «Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құндылық ретінде санайтын құндылық бағдарлар жүйесі ретінде қалыптасады.
Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ, онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалдық, рухани, адамгершіліктік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады.
Қазірде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері әр түрлі. Мектепті гуманизациялау, демократияландыру процестерімен қатар, басқа да сұрақтар талқылануда. Бірақ барлық зерттеуші, педагогтардың тәрбие жайлы ізденістері мынадай маңызды идеяларға негізделген:
- Тәрбие мақсатын нақты қою;
- Мектептегі, отбасындағы педагогикалық процестегі ересектер мен балалардың ынтымақтастығы;
- Жеке адамның өмірдегі өз орнын анықтай алу мәдениеті;
- Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы;
- Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру;
- Ұжымдылыққа бағыттау.
Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттеріне, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға жағдай жасау жатады.
Мәдениеттің белгілі бір саласының немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындаған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды ұйымдастыру тәрбие бағыттарын анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажеттілігі туындаған.
2000 жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Қазақстан республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» тәрбиенің мазмұнын құрайтын, тәрбиенің төмендегідей бағыттары айқындалды:
- Экономикалық тәрбие;
- Экологиялық тәрбие;
- Азаматтық тәрбие;
- Еңбек тәрбиесі;
- Адамгершілік тәрбиесі;
- Эстетикалық тәрбие,
- Ақыл-ой тәрбиесі;
- Дене тәрбиесі.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет