Тәрбие процесін бақылау және диагностикалау әдістемесі. Тәрбие



Дата08.05.2024
өлшемі17,27 Kb.
#201880
Байланысты:
Диогностика
үлгілік оқу бағдарламасы, Бағалау жүйесі

Тәрбие процесін бақылау және диагностикалау әдістемесі.
Тәрбие дегеніміз – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады
Диагностика - оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау Психологиялық - педагогикалық диагностика – бұл оқу - тәрбие жұмысын оңтайландыру мақсатында оқушының жеке - психологиялық ерекшелігін және балалар ұжымының әлеуметтік - психологиялық мінездемесін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі. Адамды барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек.
Диагностиканың негізгі әдістемелік міндеті Мектептегі, сыныптағы тәрбие үрдісінің нақ осы кездегі даму ерекшеліктерін анықтау. Оқушы тұлғасының дамуына бәрінен аз әсер ететін тәрбие үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді педагогикалық құралын, формасы мен амалдарын анықтау. Тұлға мен ұжым дамуының мүмкін жолдарын болжау, тәрбие үрдісінің болашақта мүмкін күйі мен оның нәтижесін ( балалар тәрбиелілігі тенденцияларын, ұжымның даму динамикасын ) көре білу.
Диагностикалық әдістемені таңдаған кезде мыналарды ескеру керек : сынып оқушыларының жас ерекшелігін ; балалар ұжымының қалыптасу деңгейін ; сынып жетекшісі мен оқушылардың қарым - қатынас ерекшелігін ; балалар мен ересектердің бір - біріне деген сенім көрсету дәрежесін.
Диагностикалық әдістемелермен жұмыс істеу ережесі Диагностикалық әдістеменің мазмұны күтілетін нәтижеге бағытталуы керек. Диагностиканың мазмұндық сипаты болуы шарт және зерттеушілік қызметке кең жол ашуы керек. Диагностикалық зерттеудің нәтижесі сынып ісіне қатысы жоқ адамдардың талқысына салынбауы керек. Кез келген нәтиже сынып оқушыларының игілігі үшін қызмет етуі керек. Педагогикалық диагностиканың қажеттігі оқушыларға түсіндіріліп айтылуы керек.
Негізгі әдістері Бақылау Әңгіме Эксперимент Сауалнамалар Сұқбаттар Тесттер
Олардың мақсаты тұлғаның белгілі бір сапасын, қоғамдық пікірді, бір нәрсеге оқушының қатынасын айқындау ; тәрбие жұмысының түрлі формасы үшін мазмұнды материал жинау ; тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігін зерттеу.
Диагностикалаудың 4 деңгейі
жоғары деңгей : тұлға қарым - қатынас пен әрекет етуде өзіндік әрекетімен ерекшеленеді, өзін - өзі дамытуға қабілетті ;
жеткілікті деңгей : балада мінезінің ішкі реттеуіштері негізінен қалыптасқан, бірақ оған сын сағаттарда көмек қажет ;
төменгі деңгей : тұлға өз дамуында тоқтап қалған, педагогикалық қолдаусыз өзін - өзі жетілдіруге қабілетсіз ;
қанағаттанаралықсыз деңгей : ала - бөтен мінез - құлыққа бейім, өзін - өзі бұзушы тұлға.
Тәрбие үрдісінің нәтижесі Тұлғаның қол жеткізген тәрбиелілік деңгейі.
Тәрбиелік деңгей : оқушының қоршаған әлеуметтік орта мен жалпы қоғаммен өзінің қарым - қатынасын реттей алуға дайындығы. адамның қоғам мен ұжымға, адамдар мен өзіне деген қарым - қатынасы жүйесі. оқушының өмір жолын таңдауы мен білім алуын жалғастыруға дайындығы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет