Тәрбие сағаты Тақырыбы: Кітап өмірді дұрыс тануға үйретеді



бет1/3
Дата01.12.2022
өлшемі21,27 Kb.
#160812
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
кітап
психологиялық диагностика, 11кл 1

Тәрбие сағаты 
Тақырыбы: Кітап өмірді дұрыс тануға үйретеді
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». Н. Ә. Назарбаев
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: оқушылардың отбасының рухани, өнегелік, ұлтық мәдени салт-дәстүрлерді нығайтуға жағдай жасайды. Отбасы тарихын зерттеу, отбасы мүшелері мен балалардың рухани жақындасуына ықпалын тигізу.
2. Тәрбиелігі: отбасы мүшелерін бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу, бала бойында адамгершілік, имандылық тәрбиені қалыптастыру, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ата-анасын құрметтеуге баулу,
3. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру, отбасында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметттік бейімделген жеке тұлғаны дамытуға жол ашу, ойлауға, білуге құмарлығын дамыту
Әдісі: талдау, ой бөлісу, ой толғау.
Көрнекілік: нақыл сөздер, мақал - мәтелдер т. б. с
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз
Біз «байлықтың үлкені - рухани дүние» деп айтамыз. Ал, оған құмарлық адамның кіп -кішкене кезінен басталады. Сәби тілі былдырлап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жарыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын естігенде жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Батырлық пен тапқырлық туралы айтылатын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отырады. Осы құштарлықты әдемі безендірілген суретті кітапшалар ұштай түсетінін де үлкендер жақсы біледі. Ал кітап таңдай алудың өзі үлкен өнер. Балалар үшін барлық іс - кітаптар таңдауда, нашар таңдап алынған кітаптарды оқу бала үшін ештеңе оқымағаннан да гөрі жаман да, зиян-ды. . .
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
«Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн».
Біз отбасы, кітап, рухани байлық деп жатырмыз. Ендеше біз отбасы мүшелерімен қаншалықты кітап оқып, оқығанымызбен бөлісіп талқыладық. Осындай мақсатта бірігіп жұмыс жасаған отбасы бар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет