"Қарттарым, аман-сау жүрші"



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,94 Kb.
#91556
  1   2
Байланысты:
тәрбие сағаты


Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
КММ «Егінді-Ағаш орталау мектебі»

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қарты бар үйдің – қазынасы бар


Дайындаған: Кожабеков М.Д.

2015-2016 оқу жылы


Тәрбие сағаты
Күні:
Өткізілетін сынып: 7/8
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарты бар үйдің - қазынасы бар
Мақсаты:

  • Қарт деген кім, қарттар күнінің аталып өтілу мақсаты неде екенін түсіндіру;

  • Оқушылардың ой-санасын дамыту, танымын кеңейту;

  • Жасы үлкенді сыйлауға, халқымыздың дәстүрін қадірлеуге, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының барысы:
1 жүргізуші:
«Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты, - деп өлең жолдарында айтылғаннан,
қариялардың сөзі ұлы сөз, даналықпен айтылған ұлағатты сөз екенін байқаймыз.»
«Құрметті жиналған қауым! Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, бүгін, яғни 1-қазан күні еліміз бойынша қарттар мерекесі аталып өтілуде. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері қазіргі кезде ерекше орын алады. Бүгінде біз атаулы күнге орай, мектебімізде, қатардан тыс қалмай, «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» атты шағын мерекелі кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Қазкеева Алтынжан Тіржанқызына береміз.»

2 жүргізуші:


«Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.»

1 оқушы:


«Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап».

1 жүргізуші:


«Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет