Тәрбие сағатының жоспары



Дата11.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#162279
Байланысты:
Адалдық тәрбие сағаты 6 сынып
1552665426, 1347522618487


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________


Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.
«Келісемін» _______________
Сынып жетекшісі: _______________
Тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: «Адалдық пен жауапкершілік»
Өтетін орны:
Сынып: 6 «А»
Мерзім орны: 04.09.2021
Тобы: 27
Машықкер: Бекжанова Баян Алімжанқызы
Баға: «__ » (________)
Баға: «___ » (________)




Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, жауапкершілікке баулимын;болашақ өмірде адалдықпен пен жауапкершіліктің ара-жігін ажыратуды түсіндіремін;Осы қасиеттерді баланың бойына дарытып,дамытамын.
Тәрбие сағатының міндеті:

  • «Адалдық» пен «Жауапкершілік» қасиеттерін мағынасын ашып,түсінеді;болашақ өмірде қолдана алады;оқушының бойынан осы қасиеттерді көру;оқушы өз ойын анық,нақты жеткізеді,еркін ойлап,пікіралмасады.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы түрі:пікірталас
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, пікірталас,тренинг, видеоролик.
Техникалық жабдықталуы: телефон, , компьютер,ватсап,
Көрнекілік: суреттер,бейнеролик,
Қажетті жабдықтар: а4 форматындағы қағаз, маркет, стикер, т.б.
Тәрбие сағатының құрылымы

І. Ұйымдастыру кезеңі 7 минут


- танысу» тренингі. «Мен туралы»

ІІ. Негізгі кезең


уақытқа қарап ,тиімді өткізу.
-Адалдық пен жауапкершілік туралы өз ойым мен дерек оқу. 5минут
- Осы дерек бойынша оқушылар өз араларында пікір алмасады. 7 минут
- Жағдаят шешу. 10минут
-Видиоролик 3минут
ІІІ. Қорытынды кезең
-сергіту сәті 5минут

  • Рефлексия 5минут



Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме оқушылар! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз қалай? Мен Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «..Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы 27 топ студентті Бекжанова Баян Алімжанқызымын. Сіздермен тәрбие сағатын өткіземін.
Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін. Бүгінгі тәрбие сағатын бастамас бұрын сіздермен тренинг өткізіп алайық.

Танысу. «Мен туралы» Мысалы:Оқушы есімін айтып, есімінің бас әрпінен басталатын хоббиін, сүйікті тамағын,түсін,ойынын,жақын адамын айтады. 5-7 минут




ІІ. Негізгі кезең
-Дерек. Адалдық пен жауапкершілік туралы.


Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
Жауапкершілік[1] — адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар.
- Оқушылар пікір алмасады
- Әр қатарға 1 жағдаят беремін. Оны өз араларында шешіп,қорытындыны келесі қатарға айтады.Солай әр қатар алмаса отырып жағдаят шешеді.
1жағдаят. Қайрат пен Алмас өте жақын дос. Қайрат Алмасқа қалаға барсаң маған үялы телефон алып келуін өтінді.Алмас жақсы деп қомақты қаражатты алды.Бірақ оның ойында басқа ойлар болды.Яғни,досына әйтеуір ескі ұялы телефон алды да,қалған ақшаны өз қалтасына басты. Сен Алмастың орнында болсаң не істер едің?
2жағдаят. Айман еңбек демалысына шығуға дайындалып жүр. Бірақ соңғы уақытта жұмысына салғырт қарап, дұрыс жасамайды.Бұл жағдайды байқаған бастығы оны еңбек демалысына шығармады. Неге? Себебі қандай деп ойлайсың?
3 жағдаят. Ардақ оқуға түсіп,қазірге таңда жатақхана да тұрып жатыр. Бұрыңғыдай ата-анасы жанында емес. Ол сабаққа бармай,жатақханаға кеш келеді.Сен Ардақтың бойынан қандай қасиет байқадың? Сен оның орнында болсаң не істер едің?
Видиороликпен жүмыс. https://youtu.be/EuPMpu0yxS8 әр оқушы түсінгенін айтып,қорытынды ой айтады.


ІІІ. Қорытынды

  • Рефлексия

 
«Екі жұлдыз бір тілек» атты, яғни өздерінің сабақ туралы 2 жақсы жағын айта отыра 1 тілек айтып,тірек ағашына іледі.
Ал,оқушылар бүгінгі сабақ аяқталуға тәмәм.Сонымен, адалдық пен жауапкершіліктің алар орны мен өмірде қатар жүруін түсіндіңдер.Сондықтан,әр ісімізге адал болып, жауапкершілікпен қарайық.Сау болыңыздар!






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет