Тәрбие сағатының тақырыбы: Қысқы табиғат Тәрбие сағатының мақсаты



Дата13.12.2019
өлшемі26,8 Kb.
#53578
Байланысты:
docx1544262472

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Атамекен орта мектебі» КММ

Адилбаева Гулжан Дуйсенбаевна


Тәрбие сағатының тақырыбы: Қысқы табиғат

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға қыс туралы түсінік беру, қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғап аялауға үйрету.

Қысқы ойын туралы түсініктерін байыту.


Көрнекіліктер: Қысқы табиғат суреттері
Мұғалім:

Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып терезеге қарасақ нені көреміз?


Балалар:
- Күнді, күннің нұрын көреміз. Онда қуанамыз, солай ма?

Балалармен шеңбер бойына тұрып:


Армысың ардақты Аспан ата!
Армысың мейірімді Жер ана!
Армысың шұғылалы Алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.

Енді келген қонақтармен амандасайық:

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Мұғалім:
- Балалар қазір бізде қандай мезгіл екен?

Балалар:

Қыс мезгілі.



Мұғалім:

Қыстың қандай айы?



Балалар:

- Ақпан айы.



Мұғалім:

Жарайсыңдар, балалар!


- Ақпан айы қыстың соңғы айы. Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз және қармен ойнаймыз.

Онда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қысқы табиғат» деп аталады.


- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, кім шешуін табады екен?
Аяз қыстап, өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар!
Бұл қай кезде болады?

Балалар ойланып, қыс мезгілі деп жауап береді.


Қыс мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетеді, кейбір қарға, торғай, сауысқан сияқты құстар қыстап қалады. Олар тоқылдақ құсының тұмсығымен тоқылдатып ағаштың арасын жарғанда, ондағы жатқан құрт-құмырсқаларды тамақ етіп жейді екен. Құстарға ұя жасап, қамқорлық көрсетуіміз керек екен.

Көрініс тамашалайық:
Қонаққа қоян келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Көңіл- күйлерің қалай?



Балалар:

Көңіл-күйлеріміз жақсы.



Қоян:
- Балалар мен орманнан келдім. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Ал сендер ойлана жауап беріңдер.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

Ақ жібек асыл көрпедей,


Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады (Қар)
Бәрекелді! Рахмет балалар!
Мұғалім:
- Балалар, қыс мезгілінде аяқтарыңның астында не жатады?

Балалар:

  • Қар.

Мұғалім:
- Қардың түсі қандай?

Балалар:

Қардың түсі ақ, мамықтай мақта сияқты ұлпа, сүттей ақ болады.



Мұғалім:
Қар мен мұздың қандай айырмашылығы бар?

Балалар:

Қар аппақ, жұмсақ, суық, тез ериді.

Ал, мұз - қатты, жылтыр, әйнек сияқты.

Мұғалім:

Мына суретке қарайықшы:



Ормандағы ағаштарды, шырша ағаштарын қар басып тұр екен. Яғни қыс мезгілінде ағаштарымызды, тауларымызды, үйлерімізді аппақ қар жамылады екен.


Енді қыс туралы тақпақтар:

1-оқушы: Табиғат-біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз!
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!

2-оқушы:
Аққу мамық ұлпа қар

Жамылады қырқалар.

Шымшып аяз бетіңді,

Ширатады етіңді.



3-оқушы: Туған жер, өскен ел,

Жүрекке жылы сөздер бұл.

Табиғат тал бесігім,

Ғажайып әлем есігі.
4-оқушы: Қазақстан туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем?

Көрінсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпіп өтем.



5-оқушы: Қос конькимен ылғи біз

Жалтыр мұзда сырғимыз.

Торғай қыста тоңады

Бұл қай кезде болады?

Мұғалім: Балалар бұл қай мезгіл екен айта кетейікші!

Балалар: Қыс мезгілі

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.
Хормен: Табиғатты қорғауға,

Өсімдікті жұлмауға

Құстарды атпауға,

Балапанын сақтауға

Ант етеміз!
Қорытынды: Балалар, міне бүгінгі қыс мезгіліне байланысты

«Қысқы табиғат» деп аталатын ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет