Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет4/40
Дата15.11.2022
өлшемі115,15 Kb.
#158199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
орта топ қараша циклограмма

(Математика негіздері)
Үшбұрыш фигурасын пайдаланып әр түрлі құрылымдарды ойдан шығарып құрастырту.
(Құрастыру)

Кітаптарға қызығушылықты ояту. Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру.
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту,
Балаларға бір бірден қораптан зат алдырту. Алмай жатып ол не екенін сипап сезу арқылы тапқызу.
(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелерді, кірпіштерді ажырата білуге үйрету.


(Құрастыру)

Зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдануды үйрету.
(Сөйлеуді дамыту
«Ұсқынсыз үйрек» ертегісін кітаптан оқып беру. Кейіпкерлердің іс әрекетін сипаттауды үйрету.
(көркем әдебиет)
Үйректі ермексаздан жасату.
Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
(Мүсіндеу)

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету;
Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуін бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.



Серуен

Аула тазалаушысымен сұхбат. Еңбек иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық танытуды дамыту.
(Қоршаған ортамен таныстыру)

Бормен жерде әр түрлі пішіндегі кітаптар, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар және заттарды таңдауы бойынша бейнелеуге баулу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет