Тәрбиеші: Төребекқызы Алтын. Білім беру саласы



Дата25.12.2016
өлшемі31,58 Kb.
«Ақбота»балабақшасы. Тәрбиеші:Төребекқызы Алтын.

Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.

Мақсаты: ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Қандай? сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу.

Көрнекіліктер: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер (ат, ботақан, мысық).

Сөздік жұмыс: ботақан, құлыншақ.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациалық-қозғаушылық

М.Әлімбаевтың

«Ойыншықтар» өлеңін оқып беру:

Біздерде бар қуыршақ, Бұзау,қозы,қуыршақ. Ойыншықтар тыңдайды, Айтқаныңнан шықпайды.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ойыншықтармен танысатындықта-рын айтып, балалардан топта , үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды.

-Сенің қандай ойыншығың бар? -Ойыншықтарыңды жақсы көресіңдер ме? -Қандай? (Үлкен, кішкентай). -Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба? -Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе? Ойыншықтарды лақтыр-май, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады.

Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды.

Жаттауға талпынады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ойыншықпен ұқыпты ойнауды түсінеді.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық».

-Кәне, сандықта не бар екен, деп балалардың көңілін аударады. -Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен. -Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыру-ға көмектеседі. Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолынжуады.

Үлестірмелі суреттермен

«Тез көрсет!» ойынын ойнатады. Ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсету керек. Мысалы:

Құлыншағым- құндызым, Құлдырайды, шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады.

Тәй, тәй тұрған ботақан, Аяқты қалт- құлт басасың.

Осы тақпақтардың біреуін жаттауды ұсынады.

«Не артық?» дидактикалық ойыны. Суреттен не артық екенін табады.

Балалар сандыққа қызығушылық танытады.

Ойыншықтарды балалар қуана қабылдайды.

-Менің ойыншық мысығым бар. Мысықтың екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар. Мысығым аппақ.

Ол сүтті өте жақсы көреді.

-Менде құлыншақ бар. –Құлыншақ кішкентай, әдемі. Мен құлыншақты жақсы көремін. –Менде ойыншық ботақан бар. Ботақанның құлағы, төрт аяғы бар. Балалар қимыл қозғалыс жасайды.Ойынды түсініп ойнауға тырысады. Тез көрсетуге талпынады.

Балалар жылқыны көрсетеді. Балалар мысықты көрсетеді. Ботақанды көрсетеді.

Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап жаттайды. –Суретте гүл артық, өйткені ол ойыншық емес.


Рефлексиялық- түзетушілік

Балаларға сұрақтар беріп, қайталатады. Балалардың түсінгендерін, қимыл- қозғалыстарын, жақсы ойнаған балаларды бағалайды, мадақтайды.

Балалар қайталайды. Балалар түрлі қимыл- қозғалыс жасайды.

Күтілетін нәтиже: біледі: ойыншықты сипаттауды. игереді: ойыншық туралы түсінікті. меңгереді: өлең жолдарын жаттауды.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет