Тәрбиешілерге арналған жадынама


ТАБЫСТЫ ЖОСПАРЛАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ШАРТТАР



бет26/34
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#118747
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
Тарбиеші құжаттары.doc
Тарбиеші құжаттары.doc, 1602656115384, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

ТАБЫСТЫ ЖОСПАРЛАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ШАРТТАР


Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды дамыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау:
-балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды;

    • материалдық-техникалық базаның жаңартылған нормативтік құқықтық құжаттар талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуін;

  • білікті педагогтер және мамандармен қамтамасыз етуді;

  • тәрбиелік, дамытушы және білім беруші міндеттердің біртұтастығын;

  • өтпелі тақырыптарға сәйкес білім беру салаларын кіріктіруді;

  • білім беру мазмұны балаларға артық жүктеме түсіруін болдырмауды;

  • ересектер тарапынан қолдау, балалардың бір-бірімен мейірімді қарым- қатынасын;

  • балалардың бойында ұлтжандылық және толеранттылық сезімін, Отанға және туған-туысқандарына сүйіспеншілікті қалыптастыруды;

  • білім беру процесін әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуді;

    • баланы тәрбиелеу мен дамыту және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсетуді қарастырады.

Табысты жоспарлаудың шарттары:

  1. жоспарлау кезінде өз жұмысының деңгейін әділ бағалау;

  2. жұмыстың белгілі кезеңінде жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау;

  3. Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын білу;

  4. жоспарлау кезеңі жұмыстың нәтижесін көрсетуі;

  5. алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін тиімді әдістер мен құралдарды таңдау.

Перспективалық жоспарды топқа бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиеші құрастырады. Бұл шартты орындау балаларға біріңғай тәсілді, біріңғай талаптарды қолдануды қамтамасыз етеді, жоспар мен бағдарламаны орындауда
әрбір тәрбиешінің жауапкершілігін арттырады. Ауысыммен жұмыс істейтін тәрбиешілер бір–бірімен күнделікті байланыста болуы, балаларды бақылау нәтижелері бойынша үнемі пікір алмасулары тиіс: олар бағдарламалық материалдарды қалай игеруде, өзінің міндеттерін қалай орындайды, мәдени
мінез-құлық дағдылары қалай қалыптасуда, кіммен ойнайды және т.б мәліметтерді білуі қажет. Осылайша, жоспардың негізгі бөлігін екі тәрбиеші де
белгілейді, бөліктерін әрқайсысы жеке белгілейді.Тәрбиеші өзінің тобындағы балаларды жақсы біліп, әрбір баланың даму динамикасын зерделеу керек.
Білім беру процесін құрудың тақырыптық ұстанымдары мектепке дейінгі ұйымдардың ерекшеліктерін ескеруге, аймақтық және мәдени компоненттерді енгізуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет