Тергеуші және адвокат психологиясы



бет1/3
Дата25.11.2022
өлшемі287,89 Kb.
#159730
  1   2   3
Байланысты:
ТЕРГЕУ

Тергеуші және адвокат психологиясы

Орындаған: Бегалин С.

Тергеу психологиясы

  • Тергеу — қылмыс жағдайын анықтау үшін дәлелдерді тексеру мен жинау. Алдын ала тергеу (қылмыстық іс ашылғаннан кейін қылмыстың ізін ала басталатын) және бірінші сот сатысында (айыптау қорытындысы негізінде) соттық іс жүргізудің құрамдас бөлігі болып табылатын сот тергеуі түрінде ажыратылады

Тергеуші әрекеттің мақсаты мен міндеттері

Психология жағынан қарағанда тергеу тактикасы өз алдына тергеуші мен іске қатысатын адамдардың мінез- құлықтары, интелекгі, саналық принциптерінің күресі сияқты болып келеді. Тергеу тактикасының басқа психолопіялық аспектісі тергеу саласындағы түлғалармен тергеушінің психологиялық контактісі орналастыру мәселесі болып табылады. Еңбек жекешілігі тергеуге сай келеді. Іс бойынша негізгі қызметкері бола отырып, тергеуші тергеу барысында өзінің қызмет аясына сай жүмысының көбісін өзі жалғыз орындайды. Қоғамдық еңбекті үйымдастыруға қарағанда, өзінің жеке жүмысын үйымдастыру неғүрлым қарапайым жұмыс болып табылады. Терегеуші жұмысының жекелігі тергеушінің процессуаодық өздік жұмысымен бекіте.леді. Бұл бүкіл психологиялық қызметке өзгеше белгі қоятын аса маңызды қасиет болып табылады.

Қылмыстық Істі жүргізу

Қылмыстық іс жүргізу— анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура, сот органдарының өзге де мемлекетік, қоғамдық, лауазымды адамдар мен азаматтардың қатысуы арқылы заңмен реттелген және құқықтық қатынастар түрінде белгіленген қызметі. Қылмыстық іс жүргізу қылмыстық іс қозғау, тергеу, сотта қарау және шешу, сондай-ақ үкімдерді ішінара орындау түрінде болады. Қазақстанда Қылмыстық іс жүргізу ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша мынадай қағидаттарға негізделеді: заңдылық, сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы, жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке өміріне, тұрғын үйге, меншікке қол сұқпау, судьялардың тәуелсіздігі, сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету, жариялылық, қылмыстық сот ісінің мемл. тілде жүргізілуі, қажет болған жағдайда орыс тілі мен басқа да тілде жүргізілуін қамтамасыз ету, іс жүргізу әрекеттері мен шешімдері жөнінде шағымдану бостандығы. Қылмыстық істі қозғауда анықтау органы, тергеуші, прокурор заңды себеп болған жағдайда іс жүргізуге жеткілікті негіздің бар-жоғын анықтайды. Тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана жауап алу, беттестіру, тінту, басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет