Терминологиялық сөздік Тақырыбы: Психология салалары және психологтар мамандануының ерекшеліктері



Дата07.02.2022
өлшемі14,32 Kb.
#82635
Байланысты:
Практика 4 апта


Терминологиялық сөздік
Тақырыбы: Психология салалары және психологтар мамандануының ерекшеліктері.
Авиациялық психология-авиация мамандарының іс-әрекетгерінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Әлеуметтік психология-әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әскери психология-әскери қызмет жағдайындағы адам психикасының зандылықтарын (түйсікқабылдауойлау, сезім және т.б.) зерттейтін психология саласы.
Ғарышкерлік психология-шетсіз, шексіз әлем кеңістігі жағдайындағы адамның көңіл күйі мен ерік-жігерінің, қажыр-қайратының төзімділігі мен шыдамдылығын, ғарышта ұшу кезіндегі салмақсыздық күйге түскен ғарышкердің ерекшеліктерін зерттейтін еңбек психологиясының бір саласы.
Еңбек психологиясы-еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Заң психологиясы-заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы.
Инженерлік психология-бұл адам мен машина арасындағы ақпараттық өзара әрекеттесу процестері мен құралдарын зерттейтін психология саласы.
Спорт психологиясы-жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы-психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет