Термодинамика заңдары. Изопроцестер, олардың медицинада қолданылуы



бет1/4
Дата11.03.2023
өлшемі2,87 Mb.
#171911
  1   2   3   4
Байланысты:
Термо.doc
СӨЖ 2 -рубежка

Термодинамика заңдары. Изопроцестер, олардың медицинада қолданылуы

Орындаған: Шәден Томирис

102 А - ЖМ

Тексерген: Жумабекова Р.Р.

Тақырып жоспары:

  • Термодинамика жайлы ақпарат
  • Термодинамика заңдары
  • Изопроцестер
  • Изопроцестердің түрлері
  • Қорытынды ой

1. Мақсаты:

  • 1. Мақсаты:
  • Термодинамика жайлы ақпарат беру, оның заңдарымен таныстыру; Термодинамика заңын изопроцестерде қолдануы жайлы толық мағлұмат беру;

  • 2. Міндеті:
  • Студент химия-физикалық зерттеулерде термодинамика мен изопроцестердің ерекшеліктерін, жұмыс жасау механизмін, формулаларды білуі тиіс.

    Студент берілген тақырыпқа есеп шығарып үйренуі тиіс.

  • 3. Өзектілігі:
  • Ішкі энергия мен термодинамиканың күнделікті жүретін процесс негізінде түсіндіру.

Термодинамика

Термодинамика – энергияның түрленуіне қатысты жалпы заңдарға негізделген жылулық процесстер туралы ғылым.

Термодинамика (грек. θέρμη - "жылу", δύναμις - "күш") - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы. Термодинамика — тәжірибелерден жинақталған нәтижелерге сүйенетін феноменологиялық ғылым. Ол көптеген құрамдас бөліктерден тұратын макроскопиялық жүйелер - термодинамикалық жүйелерді зерттейді. Мұндай жүйелерде жүретін процестер макроскопиялық шамалар, мысалға қысым немесе температура арқылы сипатталады және олар молекулярлық деңгейде қолдануға келмейді.

Бұл заңдар молекулалық құралымдарға байланыссыз барлық денелер үшін орындалады.

Термодинамиканың бірінші заңы

  • Термодинамиканың бірінші заңы — термодинамикалық жүйелер үшін керек энергияның сақталу заңы; Бұл заң бойынша жүйеге берілетін жылу оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмысына жұмсалады. Бір күйден екінші күйге өткен кезде термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі сыртқы күштердің жұмысы мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең және ол осы өтуді қалай іске асатынына тәуелсіз.
  • Термодинамиканың бірінші заңына сәйкес жылу мен жұмыс түрінде бөлінетін немесе сіңірілетін энергия (q+A) кез келген процесс үшін тұрақты. Энергия жоғалып та кетпейді, жоқтан пайда болмайды, сондықтан системаның толық энергиясының өзгерісіне тең. Ол толық энергияны ішкі энергия деп атайды:
  • U=q+A
  • Системаның ішкі энергиясының өсуі системаға берілген жылу мен системаға қарсы істелген қоршаған ортаның қосындысына тең.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет