Термодинамикалық жүйе, процесс және тепе-теңдік


Термодинамикалық процестер түрлері



бет3/3
Дата24.02.2022
өлшемі162,71 Kb.
#133116
1   2   3
Байланысты:
3лек през
11 сынып Гиперсілтемелер қмж
Термодинамикалық процестер түрлері:
Күй теңдеуі f(p,v,T) = 0 жүйенің үш осьті координатасында p, v және T кейбір бетті сипаттайды, бұл беттік термодинамикалық бет деп аталады.
Егер термодинамикалық бетті координата өстеріне параллель жазықтықтармен қиса, онда бетте қисықтар пайда болады:
  • v = const жазықтығымен қимасы p, T координаталарындағы температураға тәуелді қысымның өзгеру процесін сипаттайтын түзуді береді; осы түзумен сипатталатын процесс тұрақты көлемде өтеді және изохоралық деп аталады р = f(Т);
  • р = const жазықтығымен қимасы v, T координаталарындағы температураға тәуелді көлемнің өзгеру процесін сипаттайтын түзуді береді; осы түзумен сипатталатын процесс тұрақты қысымда өтеді және изобаралық деп аталады v = f(Т)
  • Т = соnst жазықтығымен қимасы изотермиялық деп аталады Р=f(v) көрсетеді.

Термодинамикалық процестер түрлері және олардың геометриялық түсіндірілуі
Техникалық термодинамикада тепе-теңдікті термодинамикалық процестерді зерттеу үшін көбінесе екі өсті p, v координат жүйесі пайдаланады: абсцисса өсі бойынша меншікті көлем, ал ордината өсі бойынша қысым салынады.
  • p, v – координат жүйесіндегі
  • тік сызық тұрақты көлемдегі изохорлы процесті,
  • көлбеу сызық тұрақты қысымдағы изобарлық процесті, ал
  • қисық гипербола түріндегі сызық (газ тәріздес күй үшін) температура тұрақты болған кездегі изотермиялық процесті көрсетеді.

  • Термодинамикалық процестерді зерттеу кезінде тұйықталған немесе айналымды деп аталатын процестер ерекше орын алады, бұл кезде жүйе бірқатар бірізді күйлерден өте отырып, бастапқы күйге қайта оралады. Айналымды процесс цикл деп аталады. Параметрлер жүйенің массасына тәуелді де, тәуелсіз де бола алады. Жүйенің массасына тәуелді емес күй параметрлері қарқынды параметрлер (қысым, температура, т.б.), ал мәні жүйенің массасына пропорционал болатын параметрлер аддитивтік немесе экстенсивтік параметрлер (көлем, энергия, энтропия және т.б.) деп аталады.

Назарларыңызға рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет