Территориясы, тайпалыќ ќђрамы



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі163 Kb.
#86239
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kypshak
ДҮНИЕ-ЖҮЗІ-ТАРИХЫ-БОЙЫНША-ТЕСТ-СҰРАҚТАРЫ., 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері презентация, 1178 1201 1179 y 1179 negizderi, 7v, 6-сабақ. 7 сынып Қазтарих 1-тоқсан Айтуғанова-53
ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, қорыта келсек, Қазақстан аумағында қыпшақ халқының қалыптасуын этникалық аумақ, шаруашылықты жүргізу түрлерінің біртектігі, қоғамдық қатынастар жүйесі мен тіл бірлігі жәрдемдескен этникалық-мәдени белгілердің үйлесу үрдісін жеделдете түсті, қыпшақтардың әр түрлі этникалық топтарымен өзара тығыз іс-қимылы этникалық қауымдастыққа әсер етті.


Қыпшақтардың саяси салмағының барған сайын өсе түсуіне байланысты көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің біртұтас этносқа жататындығын ұғынып, қыпшақ этнонимін қабылдады және өзін-өзі „қыпшақтар“ деп атай бастады.
Қыпшақ қоғамы ХІ-ХІІғ. басында өмір сүру ортасының ерекшелігі мен көшпелі шаруашылық-мәдени типінің спецификалық қызметі материалдық өндіріс процесінде, әлеуметтік қатынастар аймағында, әлеуметтік және мемлекеттік-саяси қоғамның, қоғамдық құрылымының жүйесінде белгілі ерекшеліктермен сипатталады. Осы мәселелерді шешу Евразияның көшпелі халықтарының тарихының көптеген мәселелерін қарастырумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, көшпелі социумның болуының жалпы заңдылықтарының жан-жақты зерттеп, анықтауда қажет етеді. Осыған байланысты, қыпшақтардың көшпелі социумының материалдық және рухани мәдениеттің, шаруашылығы мен өмір сүру ерекшелігін, әлеуметтік ұйымы, қоғамдық құрылымын жазба деректер мен тарихнамалық жетістіктерге сүйене отырып анықтамақпыз.
Г.И. Марков пен М.Е. Масанов қыпшақтарда күшті әскери билігі, басқару құрылымы бар қуатты бір орталыққа бағынған мемлекет болмады, олар ерте мемлекеттік немесе этносаяси бірлестік деуге болады деп тұжырым жасайды қыпшақ мемлекеті туралы. Жалпы, қыпшақтардың қоғамдық-саяси жағдайын сипаттайтын деректер жоқтың қасы. Қыпшақтардағы хандық билік жүйесін анықтайтын және оның атқарушы билік пен қарым-қатынасын белгілейтін мәліметтер де өте аз. Қыпшақтардағы хандық биліктің кейбір көріністерін сол кездегі Дешті Қыпшақ даласындағы сауда-саттық жағдайды сипаттайтын мәліметтерден де көруге болады.
ХІІІ ғасырдың басында моңғол жаулаушылығымен бірге келген моңғолдық басқару жүйесі жергілікті халық тарапынан қарсылық көрмеген күйі жалғаса берді. Алайда, моңғол жаулап алушылығынан ХІҮ ғасырдың ортасына деійінгі кезең із-түзсіз болған жоқ.
Қыпшақ хандығының мемлекеттік жүйесі ежелгі ғұн мемлекетінен бастау алып, түрік дәуірінде жалғасын тапқан терең тамырлы жүйе болды. Бұл мемлекеттік басқару жүйесі моңғол дәуірінде біршама уақытқа үзіліп барып, қайта жанданды.
Қыпшақтар ортағасырлық кезеңде Үнді, Мысыр,Қытай,Византия, Венгрия,Грузия,Болгария,Хорезм сияқты мемлекеттердің тарихи тағдырының өзгеруінде негізгі рөл атқарылды. Олардың осындай әртүрлі өзіндік өркениеті бар мемлекеттерге миграциялауына неше түрлі себептер болды. Нәтижесінде жоғары дамыған өркениетті мемлекеттерде қыпшақтар ассимиляцияға ұшырағанымен, олар ізсіз жоғалып кетті деуге болмайды. Қыпшақтар тек бүгінгі күнде өмір сүріп отырған түркі халықтардың этногенезіне әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар венгрлер, грузиндер, болгарлар, орыстар, украиндықтар, моңғолдар,қытайларлар, үндістер,және арабтар сияқты халықтардың құрамына да енген.
Көріп отырғанымыздай, қыпшақ тарихын зерттеудегі әлі де болса толық шешімін таппаған мәселелер қатарына қимақ-қыпшақ тайпасының этникалық шығу тегі, этнотерриториясы, этно-саяси одағы, көрші елдермен байланысы тарихы төңірегіндегі күрделі мәселелер жатады және терең зерттеулерді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет