Тест тапсырмалары



Дата11.06.2023
өлшемі99,08 Kb.
#178601
Байланысты:
Мұратова А - аралық бақылау -3мс паллиативті көмек (копия)
тест акушерия емтихан

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі






«Онкологиялық бейіндегі науқастарға паллиативті көмек және күтім көрсету» пәнінен
09130100 «Мейіргер ісі» мамандығына арналған
аралық бақылау
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
(ІІІ курс, ІІ аралық)




«Арнайы пәндер» ӘБК бірлестігінде
қарастырылды және бекітілді
ӘБК төрайымы_____________
Хаттама №___ «____» ____2023 ж

Дайындаған оқытушы: Мұратова А.М.

Семей қ., 2023 ж.



«Онкологиялық бейіндегі науқастарға паллиативті көмек және күтім көрсету» пәнінен
09130100 «Мейіргер ісі» мамандығына арналған аралық бақылау
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
(ІІІ курс, ІІ аралық)

1. Өкпе рагы мен рак алды ауруларының пайда болуына септігін тигізетін факторларға жатпайды:


A. ұзақ темекі шегу
B. иондаушы радиация
C. дұрыс емес тамақтану
D. ауаның өндірістік шаң-тозаңмен ластануы
E. химиялық канцерогендер
2. Өкпе рагын емдеуде қандай әдіс қолданылмайды:
A. хирургиялық
B. сәулелік
C. химия-сәулелік
D. гормоналдық
E. симптоматикалық
3. Өкпе рагына шалдығу қаупі жоғары топқа кім жатады:
A. үнемі шылым тартаныдар
B. автокөлік қызметкерлері
C. химиялық өндіріс қызметкерлері
D. тау-кен өнеркәсібі қызметкерлері
E. аталғанның барлығы
4. Пенкост типіндегі өкпенің шеткі рагына тән емес симптом:
A. Горнер синдромы
B. иық буыны аймағының ауыруы
C. бұғана аймағының ауыруы
D. қақырықта қан жолақтары болатын жөтел
E. зақымданған жағындағы қол бұлшық еттерінің атрофиясы
5. Науқас иық буыны аймағының ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде мыналар анықталды: миоз, энофтальм және қол бұлшық еттерінің атрофиясы. Рентгенологиялық зерттеу кезінде сол жақ өкпе ұшының тұсындағы көлеңкелену, 1-2 қабырғалар контурының узуркациясы анықталды. Дұрыс диагнозды көрсетінің:
A. өкпенің инфильтративті туберкулезі
B. өкпенің пневмония тәрізді рагы
C. өкпенің орталық рагы
D. өкпенің Пенкост типті рагы
E. эозинофильді гранулема
6. Горнер симптомы немен сипатталады:
1. жоғарғы қабақ птозы
2. миоз
3. көз алмасының шүңіреюуі
4. дауыс байламының парезі
5. конъюнктивит
A. 1,2,3
B. 1,3
C. 2,4
D. тек қана 4
E. аталғанның барлығы
7.Өңештің қандай қабаты болмайды:
A. шырышты
B. шырышасты
C. бұлшық етті
D. серозды
E. Адвентициалды
8.Дәрігердің өңеш рагына күдігін тудыратын сигналдық (негізгі) клиникалық симптом:
A. Өңеш қызметінің бұзылуы – дисфагия
B. Патологиялық бөліністер – гиперсаливация
C. Тағам өткендегі ауыру сезімі
D. Салмағын үдемелі түрде жоғалту
E. Аталғанның барлығы
9.Өңештің рак алды ауруларына қайсысы жатпайды:
A. созылмалы рефлюкс-эзофагит
B. лейкоплакия
C. созылмалы глоссит
D. өңештің тракциялық дивертикулы
E. химиялық күйіктен кейінгі өңештің тыртықтанып тарылуы
10.Өңеш рагының негізгі симптомы:
A. төс артының және жауырын аралық аймағының ауыруы
B. дисфагия
C. одинофагия
D. гиперсаливация
E. Жүдеу
11.Толық өңеш өтімсіздігі.Науқас жұтыну барысында сілекей өтпейді.Тамақты қабылдау кезінде регургитация байқалады,ауызан жағымсыз иістің шығуы.Гиперсаливация,сілекейдің көп бөлінуі ДИСФАГИЯНЫҢ қай кезеңі?
A. І кезең
B. ІІ кезең
C. ІІІ кезең
D. ІV кезең
E. V кезең
12. А.И.Савицкий бойынша асқазан рагының «кішігірім белгілер» синдромына жатпайтын белгілерді көрсетіңіз:
A. себепсіз жалпы әлсіздіктің пайда болуы, еңбекке қабылеттіліктің төмендеуі
B. асқа тәбеттің төмендуі
C. себепсіз үдемелі жүдеу
D. психикалық депрессия
E. ауыз сілекейінің көбеюі
13.Қай әдістің көмегімен асқазан рагын ерте анықтауға болады?
A. фиброгастроскопия жасап нысаналы биопсия алу
B. асқазан сөлін фракциялық зерттеу
C. лапароскопия
D. ультрадыбыстық зерттеу ( УДЗ )
E. нәжісті жасырын қанға зерттеу
14.Асқазан обырының пайда болуына септігін тигізетін факторларды ата?
A. Дұрыс тамақтанбау
B. Темекі шегу
C. Helicobacter pylori,Эпштейн – Барр вирусы
D. Тұқымқуалаушылық
E. Аталғандардың барлығы дұрыс

15.Ісік асқазанның барлық қабаттарын зақымдаған,аймақтық 7-15 лимфа түйіндерінде метастаз бар.Асқазан обырының даму сатысын ата?


A. І даму сатысы
B. ІІ- В даму сатысы
C. ІІІ – А даму сатысы
D. ІІІ – В даму сатысы
E. ІV – сатысы
16.Асқазан обырының клиникалық белгісінің жергілікті симптомдарына қайсысы жатады?
1.Әлсіздік,жүдеу
2. Семсер тәрізді өскін аймағындағы ауырсыну сезімі
3. Тәбеттің төмендеуі
4. Диспепсиялық синдромдар
5. Функциялық бұзылыс синдромы
A. 1,3,5
B. 2,4,5
C. 1,2
D. тек қана 5
E. аталғанның барлығы
17.Терінің рак алды ауруларына қайсысы жатпайды:
A. пигментті ксеродерма
B. Кайр эритроплазиясы
C. пигментті невус
D. Боуэн ауруы
E. Педжет ауруы
18.Тері рагының пайда болуына жағдай жасайтын факторларға жатпайды:
A. ультракүлгін сәулелер
B. рентген сәулелері,радий сәулелері
C. жиі суға түсу
D. күйіктен кейінгі тыртықтар
E. кәсіптік зиянды заттар
19.Берілген сипаттама терінің қандай ісік алды ауруына қатысты: сүт безі ареоласының маңайында орналасатын, беті қабыршақпен қапталған экзематозды теріге ұқсас?
A. босанғаннан кейінгі емізіктің эрозиясы
B. себореялы кератоакантома
C. кәрілік кератома
D. Педжет ауруы
E. Кейр эритроплазиясы
20.Нақты емес (факультативті) ісік алды аурулардың ракқа айналу мүмкіндігі?
A. 20-30 %
B. 10-15 %
C. 80-90 %
D. 60-70 %
E. 5 %
21.Жарты сфералы айна тәрізді түйін,жар қабақты,ортасы мүйізді қабыққа тола болатын тері обырын ата?
A. Кайрп эритроплазиясы
B. Педжет ауруы
C. Пигментті ксеродерма
D. Кератоакантома
E. Боуэн ауруы
22.Ісік немесе ойық жара 2 см-ден артық ,терінің барлық қабатына еніп,бірақ астындағы тіндерге жайылмаған ,жақын арадағы лимфа безінде бір қозғалмалы бөгелме ісігі бар. Тері обырының қай өсу сатысы?
A. І - сатысы
B. ІІ - сатысы
C. ІІІ – А сатысы
D. ІІІ – Б сатысы
E. ІV – сатысы
23.Бір немесе бірнеше түйіндер қосылып,көлемі *шақпақтың* басындай ,түсі сарғыштау немесе сұрлау болып,қолға қаттылау сезілетін тері обырын ата?
A. Беткей
B. Жайылмалы
C. Шашақты
D. Базальды клеткалы рак
E. Пигментті ксеродерма
24.Өңештің облигатты ракалды ауруларын ата?
1.Карди ахалазиясы
2.Лейкоплакия
3.Пламмер-Винсон синдромы
4.Эзофагит
5.Баррет өңеші
A. 1,3,5
B. 2,4,5
C. 1,2
D. 2,3,5
E. аталғанның барлығы
25.Асқазан обырының гистологиялық түрлері ?
A. Аденокарцинома
B. Сақина тәрізді жасушалы рак
C. Безді-жалпақ жасушалы рак
D. Пісіп – жетілмеген рак
E. Аталғанның барлығы
26.Сүт безінің рагы бойынша қауіп-қатер сигналы болып табылады:
A. сүт безіндегі тығыздану
B. жүктілік пен бала емізуге байланысты емес, емізіктен шығатын кез келген сипаттағы бөліністер
C. емізік немесе ареола аймағында эрозияның, қабыршақтардың, ойылудың пайда болуы
D. бір жақ сүт безі ісініп, көлемі ұлғайып не кішірейіп, мүшенің себепсіз деформациясы
E. аталғанның барлығы
27. 52 жасар ауру әйелде осыдан екі айдай бұрын оң жақ сүт безінің емізігі суланып, ареола қатая бастады, сосын ареоланың(емізікше ұшының) кейбір жерлері жаралана бастады және қабыршақтар пайда болды. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қандай ауру туралы ойлауға болады:
A. мастит тәрізді рак
B. тілме тәрізді рак
C. Педжет типті рак
D. панцирлік рак
E. тері экземасы
28. Сүт безі рагының жаппай диагностикасы үшін қолданылады:
1. термография
2. маммография
3. дуктография
4. қарап тексеру, пальпация
5. радиоизотопты зерттеу
A. 1,2
B. 2,4
C. 3,5
D. 4,5
E. 1,4,5
29. Сүт безінің рагы үшін аймақтық лимфа түйіндері болып табылады:
1. қолтық асты
2. жақ асты
3. бұғана асты
4. төс артындағы
5. шап
A. 1,2,4
B. 1,3,4
C. 1,4,5
D. 1,3,5
E. 1,2
30. Қандай әйелдер сүт безінің онкологиялық аурулары бойынша «қауіп-қатер» тобына жатады:
A. Ерте менархе (11-12жас)
B. Аборттар(түсіктер)
C. Кеш алған босану(30-40жас)
D. Жатыр түтіктерінің созылмалы қабыну аурулары(ааналық без кистасы,эндометриоз)
E. Барлық аталғандар
31.Сүт безі обыры кезіндегі терідегі ең негізгі белгі?
A. Гиперемия
B. Лимон қабықшасы
C. Ойық - жара
D. Ісіну
E. Барлық аталғандар
32.Бүйрек рагында алыс метастаздар көбінесе қай жерде анықталады:
A. бауырда
B. өкпеде
C. қарама-қарсы бүйректе
D. мида
E. бүйрек үсті безінде
33. Бүйрек рагының алғашқы белгісі?
A. белдің ауыруы
B. сипап сезілетін ұлғайған бүйрек
C. анемия
D. субфебрильді температура
E. гематурия
34. Қуық ісігінің клиникасына тән?
A. ауыру сезімі
B. гематурия
C. зәр шығарудың қиындауы
D. дизурия
E. аталғанның барлығы
35. Аталық бездің қатерлі ісігінің басты сүйенетін симптомы:
A. бездің ұлғаюы
B. ауыру симптомы
C. зәр шығарудың бұзылысы
D. уретрадан патологиялық бөліністің шығуы
E. жалпы интоксикация
36. Аталық без ісіктерінің дамуына септігін тигізеді?
A. жыныстық артықшылықтар
B. ұма мүшелерінің жарақаты
C. жұқпалы аурулардан кейінгі эпидидимит
D. крипторхизм
E. Б,В,Г дұрыс
37. Қатерлі ісіктердің халықаралық жіктемесі бойынша ТNМ белгі мәні нені көрсетеді?
A. семіздіктің деңгейін сипаттайды
B. нерв жүйесінің саласын сипаттайды
C. аурулардың ағза ерекшеліктерін сипаттайды
D. ісіктің көлемін,лимфа бездерін,таралуын сипаттайды
E. тіршілікке мағынасы зор ағзалардың қызмет қабылетігін сипаттайды.
38.Егер науқасты қарап тексеру жолында, рак ауруына күмәндік туса онда ол ауруды қандай клиникалық топқа белгілеісіз?
A. I а
B. I б
C. II
D. III
E. IV
39. IIа клиникалық топтағы нақтылы онкологиялық ауруға қандай ем тәсілі тйісті?
A. Түбегейлі ем (химиотерапия,сәулелік ем,оперативті ем)
B. Паллиативтік ем
C. Симптоматикалық ем
D. Диспансерлік бақылау
E. Барлық жауаптары дұрыс
40.Қызыл сүйек кемігінен тыс дамитын қатерлі ісіктер?
A. Лейкоздар
B. Гематосаркомалар
C. Тератомалар
D. Фибромалар
E. Меланомалар
41.Қан жүйесі обырының даму себептері?
A. Вирустық инфекция
B. Иондаушы радиация
C. Генетикалық және тұқымдық факторлар
D. Хромосомалық аномалиялар
E. Барлық аталғандар дұрыс
42. Қатерлi iсiгiнiң көлемi ұлғайып, iсiгi дененiң алыс жатқан мүшелерiне кең тараған адамдар жататын онкологиядағы клиникалық топ?
A. I а
B. I б
C. II
D. III
E. IV
43.Лимфа түйіндердің ,бауырдың, талақтын ұлғаюы, шеттік қанда және сүйек миының пунктатында лейкоцитоз,лимфоцитоз болатын лейкоздар?
A. созылмалы миелоидтық лейкоз
B. жедел лимфобласттық лейкоз
C. созылмалы моноцитарлық лейкоздар
D. жедел дифференциаланбаған лейкоз
E. созылмалы лимфолейкоз

44.Қан жүйесі обырының диагностикасы кезінде ең маңызды әдіс?


A. ЖҚА
B. Трепанобипсия
C. Цитохимиялық
D. Гистохимиялық
E. Иммунологиялық
45. Ісік деген ұғым – бұл...:
A. генетикалық тұрғыда бекітілген жаңа қасиеттерге ие болған жасушалардың бағынбайтын пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс
B. қабыну ошағының жасушалармен инфильтрациялануы
C. грануляциялық тінде жаңа тамырлардың дамуы
D. антигендік ынталандыруға берілетін иммунологиялық реакция
E. барлық жауап дұрыс

46. Аталық без ісіктерінің диагнозын нақтылау үшін қажетті әдістерге жатпайды:


A. кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
B. ультрадыбыстық диагностика
C. жамбас артериографиясы
D. экскреторлы урография
E. адамның хориондық гонадотропинін (АХГ) анықтау
47. Қуық ісігі кезінде – гематурияның көрінісі қанша пайызды алады?
A. 10-15%
B. 50%
C. 70%
D. 90%
E. 20-30%
48.Тері рагының дамуына қандай факторлар ықпал етеді
1. гормональды бұзылыстар
2. күйіктен кейінгі трофикалық жаралар
3. күн инсоляциясы
4. маскүнемдік
5. жиі механикалық жарақаттар
A. 4,5
B. 1,2,4
C. 2,3,5
D. 1,2
E. 1,4,5
49. Горнер симптомына қайсысы жатпайды?
A. жоғарғы қабақ птозы
B. миоз
C. көз алмасының шүңіреюуі
D. ангидроз
E. конъюнктивит
50.Секреторлық қызметі бойынша асқазанның облигаттық рак алды ауруларына төменгілердің қайсысы жатады?
A. нормоцидтік гастрит
B. гиперацидтік гастрит
C. гипоацидтік гастрит
D. анацидтік гастрит
E. барлығы да
51.Қатерлi iсiкалды аурулармен ауыратын адамдар жататын онкологиядағы клиникалық топ?
A. I а
B. I б
C. II
D. III
E. IV
52.Онкологиядағы IV ші клиникалық топтағы науқастарға көрсетілетін негізгі ем әдістері?
A. Хирургиялық ем
B. Сәулелік ем
C. Химиотерапиялық ем
D. Паллиативтік ем, симптоматикалық ем
E. Сәулелiк + химиотерапиялық
53. Талақтың, бауырдың, лимфа түйіндерінің, бадамша бездердің ұлғаюы қандай синдром?
A. Гиперпластикалық синдром:
B. Анемиялық синдром.
C. Жаралы-некроздық.
D. Геморрагиялық
E. Интоксикациялық
54.Өңештің ракалды аурулары?
A. Эзофагит
B. Карди ахалазиясы
C. Лейкоплакия
D. Асқазан-өңеш рефлюкс ауруы
E. Барлық аталғандар
55. Қатты тағам өтпейді.Науқас сұйық және жартылай сұйық тағаммен қоректенеді.Өңеш обыры кезінде Дисфагияның қай сатысы?
A. І кезең
B. ІІ кезең
C. ІІІ кезең
D. ІV кезең
E. V кезең

Құрастырған:Қапсеметова Т.С.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет