Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш чемпиондары кімдер?



Дата20.12.2021
өлшемі19,78 Kb.
#104096
Байланысты:
Реферат
Реферат

Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш чемпиондары кімдер?

Қазақстан егемен ел, тәуелсіз мемлекет атанған соң жазғы және қысқы спорт түрлерінен толағай табысқа жетті. Жазғы Олимпиада ойындарына тәуелсіз мемлекет ретінде тұңғыш рет 1996 жылы қатысты. Сол жылы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Атланта қаласында өткен болатын. Ал қысқы Олимпиада ойындарына 1998 жылы Лиллехамердегі ойындардан бастап егемен ел ретінде қатыса бастады.

Тұңғыш Олимпиада чемпиондары

Василий Жиров, бокс

Боксшы Василий Жиров Қазақстан тарихында елімізге тұңғыш Олимпиада алтынын сыйлаған боксшы ретінде қалды. 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол Атланта Олимпиадасының чемпионы атанды. Жиров финалға дейін Италия, Канада, АҚШ боксшыларын тізе бүктіріп, финалда кореялық Ли Сон Бені 17:4 есебімен жеңді. Сондай-ақ, Жиров Атланта Олимпиадасының ең үздік боксшысына берілетін Велл Баркер кубогын иеленген тұңғыш қазақстандық боксшы.

Юрий Мельниченко, күрес.

Грек-рим күресінің өкілі Юрий Мельниченко Атланта Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, чемпион атанды. Мельниченко Қырғызстанда дүниеге келген. Кейін отандық бапкерлердің шақыртуымен Қазақстанға келіп, жанкүйерлерге Олимпиада алтынын сыйлады. Ол екі дүркін әлем чемпионы атанды. Спорттық мансабы аяқталған соң Юрий Мельниченко Қазақстанда қалып, бапкерлік қызметке кірісті. Бүгінде ол спорт саласындағы шенеуніктердің бірі.

Александр Парыгин, қазіргі бессайыс

Атланта Олимпиадасында Александр Парыгиннің чемпион атануы көпшілік үшін күтпеген жайт болды. Ол барлық қарсыластарынан басып озып, чемпион атанған болатын. Алайда, Парыгин азаматтығын ауыстырып, Австралияға қоныс аударды. 2004 жылғы Атланта Олимпиадасына ол Австралия атынан қатысып, небары 27-ші орыннан көрінді.

Бекзат Саттарханов, бокс

2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекзат Саттарханов чемпион атанды. 20 жастағы түркістандық жігіттен мұндай ерлікті көп ешкім күткен жоқ. Әйтсе де, жылдамдығы мен техникасының арқасында Бекзат Румыния, Түркия, Оңтүстік Африка, Марокко боксшыларын жеңді. Ал финалда 1999 жылғы әлем чемпионы, америкалық Рикардо Хуаресті тізерлетті. Саттарханов 2000 жылдың 31 желтоқсанында жол апатынан қайтыс болды.

Ермахан Ыбырайымов, бокс

Атланта Олимпиадасында қола жүлдегер атанған Ермахан Ыбырайымов 2000 жылы Сиднейде есе қайтарды. 71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол Сиднейдегі финалда румыниялық Марин Симионды жеңді. Бүгінде Ыбырайымов он баланың әкесі.

Ольга Шишигина, жеңіл атлетика

Ольга Шишигина 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 200 метрге кедергілер арқылы жүгіруде чемпион атанды.

Бақтияр Артаев, бокс

Бақтияр Артаев 2004 жылы Афины Олимпиадасында Қазақстан құрамасына жалғыз алтынды сыйлаған боксшы. Ол жарыстың ең соңғы күнінде кубалық боксшыны жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ, техникасы үздік боксшыға берілетін Велл Баркер кубогының иегері.

Бақыт Сәрсекбаев, бокс

69 келі салмақ дәрежесіндегі Бақыт Сәрсекбаев 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында топ жарды. Сәрсекбаев та финалда кубалық боксшыны жеңді.

Ольга Рыпакова, жеңіл атлетика

Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден әлем және Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық спортшы. Ольга 2010 жылы Дохада әлем чемпионы атанса, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 14,79 метрге секіріп, алтын жүлдені мойнына тақты. Рыпакова 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Серік Сәпиев, бокс

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы. Сәпиев 2008 жылғы Бейжіңдегі сәтсіздіктен соң әлемдік сындарда да екі дүркін сүрінді. 2012 жылы Лондон төрінде қазақ боксшысы шаршы алаң қожайыны Эндрю Селбиді айқын басымдықпен жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды.

Дмитрий Баландин, жүзу спорты

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында алматылық Дмитрий Баландин Олимпиада чемпионы атанды. Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде АҚШ және Ресей спортшыларын артта қалдырды. Баландин Азия ойындарының үш дүркін чемпионы.

2012 жылғы Олимпиада чемпиондары Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедова допинг қолданғаны үшін алтын медальдарынан айырылды.

Болат Жұмаділов – бокстан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, 1999 жыл, Хьюстон.

Бақтияр Байсейітов – грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, 1998 жыл, Евле.

Елдос Сметов – дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, 2015 жыл, Астана.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет