Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет5/7
Дата12.05.2023
өлшемі72,46 Kb.
#176582
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 лекц
Химиялық тіл, Адам анатомиясы тәжіриб.сабақ, 679, 43 билет

5-бет

  • Қазақстандық парламентаризм. 1995 жылғы Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті. Жоғары өкілді орган-екі палаталы Парламенттің құрылуына құқықтық негіз жасады. Конституцияға «парламент» ұғымы заң шығарушы органды жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында екі палаталы Парламент енгізілді. Парламенттің жоғары палатасы төменгі палатаның «бұқара халық талаптарына аса көңіл бөлуін қадағалау» мақсатында құрылды. Жалпы, Сенат республика басшысы мен төменгі палата Мәжіліс арасындағы жалғастырушы құрылым міндетін атқарды.
  • 1995 ж. Конституцияға сәйкес парламент екі палатадан Сенат пен Мәжілістен тұрды. Сенат өкілеттілігі-6 жыл, Мәжіліс өкілеттілігі -5 жыл. Осы кезеңнен бері кәсәби парламент қалыптаса бастады. Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен ҚР астанасынан 2 өкілден сайланады. Сенатқа 7 депутатты қоғамның ұлттық-мәдени мүдделерін ескере отыырп Президент өзі тағайындайды. Мәжіліс 77 депутаттан тұрды. 1997 ж. қазанда Президент Н.Назарбаев Қазақстанның премьер-министрі Ә.Қажыгелдинді қызметінен алу туралы Жарлыққа қол қойды. 1997ж. 10 қазанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып, Н.Балғымбаев тағайындалды. 1997ж. қазанда Президент 1997 ж. 10 желтоқсанынан бастап, Ақмола қаласын Қазақстанның астанасы етіп жариялау туралы Жарлық шығарды. 1998ж. 6 мамырда Ақмола қаласы Астана болып аталды. 1998ж. қазанда Қазақстан парламенті 1999ж. неғұрлым ұзақ мерзімге (7 жыл) Президент сайлауын өткізу туралы ереже енгізді. 1998ж. қазанда Президент сайлауын 1999 жылы 10 қаңтарда өткізілу белгіленді. 1999ж. қаңтарында сайлау өткізілді. 1999ж. мамырында Қазақстанның сайлау туралы заңына кезекті өзгертулер енгізілді. Сол арқылы сайлау жүйесінде елеулі өзгерістер жасалды. 1999ж. 10 қазанда республика парламентіне сайлау жаңаша, аралас сайлау жүйесімен өткізілді.

6 бет

  • 1999ж. қазанда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің ресми қорытындысын шығарып, соған сәйкес, республикада нағыз демократиялық сайлау өтті. 1999ж. күзде Н.Балғымбаев басқарған үкімет отставкаға кетті. Қ.Тоқаев премьер-министр болып тағайындалды. 2000 ж. шілдеде “Қазақстан Республикасының бірінші Президенті туралы” конституциялық Заң күшіне енді. 1992 ж. 29 қыркүйекте Алматы қаласында қазақтардың Бірінші Бүкіләлемдік құрылтайы ашылды. 1992 ж. Желтоқсанда Қазақстан халықтарының форумы болды. 1995ж. 24 наурызда Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясы ашылды. Ассамблеяның міндеті Қазақстанда тұратын барлық халықтардың республиканың саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріндегі жаңаша үлгілендіруде бірігуін жүзеге асыру болып табылады. 2001ж. Қазақстан Республикасында тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Астана қаласында 2001ж. 16 желтоқсанда осы оқиғаға байланысты өткен салтанатты жиналыста “Жүз жылға татитын он жыл” атты баяндамасында былай атап көрсетті: “Біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ, талай ондаған жылдарға татырлық жолдан өттік. Біз еркін тыныстайтын, еңсе жазатын күйге көштік. Біздің санамызды, зейін-зердемізді, жанарымызды тұмшалап келген бірталай көнерген сарқыншақтардан, теріс пайым-ұғымдардан арыла алғанымызда да күмән жоқ”.
  • 1992 ж. 3 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 46-сессиясындағы пленарлық мәжілісте толық құқықты мүше ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды. Қазақстан Республикасы басты валюта-қаржы ұйымдары болып табылатын Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта жаңарту және даму банкісіне, Еуропа қайта жаңарту және даму банкісіне кірді. Бұл жетістік қаржы құюда, ұлттық валютаны қолдауда, макроэкономиканы тұрақтандыруға көмектесу мен инвестициялық бағдарламаларды экономиканың маңызды салалары – мұнай-газ секторында, көлікте, алтын өндіруде оң нәтижелерін беруде. Қазіргі таңда Қазақстанды 130 ел таныды, жүзден аса елдермен дипломатиялық қатнастар орнатылып, шетелдерде 20-дан астам елшілік ашылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет