Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени жетістіктер



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі2,37 Mb.
#124452
  1   2   3   4   5
Байланысты:
676398.pptx (1)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени жетістіктер

Орындаған: Утегалиева Г. А

ПСИХОЛОГИЯ 19.629

Тексерген: Саржанова С. С


Жаңа ғасыр табалдырығын аттағанда бұған дейінгі экономикалық дағдарыста орын алған олқылықтарды жоюға күш жұмылып, қиын-қыстау кезеңде жабылып, құрыған мұражайларды, кітапханалар мен мәдениет сарайларын қайта ашу қолға алына бастады. Атап айтқанда, республика көлемінде 468 кітапхана, 239 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңадан 5 театр ашылды. Астанада Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, ҚР Президенті мәдени орталығы, ҚР Мемлекеттік мұражайы ашылып, бұл да елдің рухани-мәдени өміріне айтарлықтай сапалық өзгеріс әкелді. Жиырма бірінші ғасырдың алғашқы жылында халықтың асыл мұрасына бетбұрыстың куәсі ретінде қазақ ауыз әдебиеті 100 томдық жинақпен, Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерінің 10 томдығы, белгілі ғұлама, академик Әлкей Марғұланның шығармалары жинағының 14 томдығы жарық көрді. Бұдан бөлек, Қостанайда - Ахмет Байтұрсынұлының, Павлодарда - Сұлтанмахмұт Торайғырұлының, Атырауда - Бейбарыс Сұлтан мен күй атасы - Құрманғазының, Алматыда - Абылай ханның ескерткіштері ашылды. Осы жылы Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясы өз жұмысын бастады. «Ақындар айтысы» республикалық конкурсы, «Шабыт» жастар шығармашылық фестивалі осы жылы дәстүрлі конкурстар ретінде қалыптасты.
Қазақстанның Мәдениет жылындағы шаралар республикалық ауқымды ғана емес, халықаралық деңгейден де көрініс тапты. Мәселен, осы жылы тұтастай түркі жұртының бесігіне айналған шежірелі Түркістан қаласының 1500 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланып,
бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қатар түркі мемлекеттерінің басшылары да түгелдей қатысты. Жас Қазақстанның атын да атағын да әлемге танытқан спорттағы жетістіктің негізгісі ХХVІІ Сидней Олимпиадасында көрініс тапты. Осы олимпиадада Қазақстанның Туы әлемдік додада жоғарыға көтеріліп, боксшы Ермахан Ибраимов пен Бекзат Саттарханов, желаяқ қыз Ольга Шишигинаның арқасында Қазақстанның Әнұраны Сидней аспанында шырқалды.
Жалпы осыған дейінгі экономикалық қиындықтар еңсеріліп, жаңа ғасырда елдік дамудың даңғыл жолына түсуі мәдениет пен білім саласын жаңғыртуға үлкен септік жасады. Республиканың мұнайдан түсетін табыстары осы кезеңде күрт көтеріле бастады. Сол кездің ресми статистикасына үңілсек, Қазақстанда 2000 жылы 35 млн. тонна шикі мұнай өндірілген. Сол жылғы экспорт көлемі 4,2 млрд.
АҚШ долларына тең болды. Салыстырмалы түрде қарағанда, 1995 жылы бұл көрсеткіштер 23 млн. тонна және 0,7 млрд. АЌШ долларына тең келген еді. Расында, экономикалық дағдарыс еңсеріле бастаған осы жылы негізгі мәселе мұнайды сатудан түсетін табыстың көлемі емес, оның тұрақты өсу динамикасы болатын. Өйткені, мұндай «пайданың» үрдісі сол кездері «мұнай доллары» ауруынан туындайтын «экономиканы ентіктіру» секілді проблемаларды туындатқан болатын. Сондықтан, осындай проблемалардан құтылу үшін «қара алтынды» молынан өндіре бастаған осы жылы Қазақстанның Ұлттық мұнай қоры құрылды. «Қазақстанға мұнай долларынсыз, немесе, ел айтатындай «мұнай инесіне» дағдыланбай-ақ өмір сүруге үйрену қажет.
Айтыс өнері қайта жаңғырды. Мәдениет пен ғылымда, өнер мен әдебиетте ұшан-теңіз еңбек атқарған Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сығырбайұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жамбыл Жабаев, Мағжан Жұмабаев және басқа да тұлғалардың мерейтойларына арналған фестивальдар өтті.

1995 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталынып өтті.

1997 жыл – репрессия құрбандарын еске алу жылы, 1998 жыл – халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы, 1999 жыл – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы, 2000 жыл – мәдениетті қолдау жылдары болып жарияланды. Елбасының тікелей бастамасымен мәдениетті қолдау жылы аясында әбден тозығы жеткен кітапханалар мен мәдени ошақтар қайта салынды. Сол жылдары-ақ театрлар саны артып, 2 опера және балет театры, 33 драма театр, төрт музыкалық комедия театры, бес қуыршақ, 73 тұрақты және 266 көшпелі кинотеатрлар жұмыс істеді. 2000 жылдың аяғына Қазақстан бойынша 48 театр, 62 концерттік ұйымдар, 3529 кітапхана, 154 мемлекеттік мұражай, 2259 клуб типтес мекеме, сегіз мәдени-тарихи қорық-мұражайлар, 42 демалыс саябағы мен луна-парк, төрт хайуанаттар бағы есептелінді.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет