Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени жетістіктер


«Қазақстан» орталық киноконцерт залы



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі2,37 Mb.
#124452
1   2   3   4   5
Байланысты:
676398.pptx (1)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
«Қазақстан» орталық киноконцерт залы
Тағы бір жетістігіміз – бұл «Мәдениет» телеарнасының ашылуы. 2011 жылы 26 қыркүйекте отандық арналардың қатары «Мәдениетпен» толықты. «Мәдениет» арнасын ашудың негізгі мақсаты – көрермен қауымды отандық және әлемдік мәдениеттің нәрімен сусындату. Ол үшін жаңа телеарнада ең үздік қазақ киносы, Кеңес одағы кезінде шығарылған көркем туындылар, деректі фильмдер, әлемдік киноматографияның бірегей туындылары, атақты тұлғалардың өмірбаянына арналған бағдарламалар , опера және балет бағдарламалары, телеспектакльдер тағы да басқа мәдени жобалар көрсетіле бастады. Бүгінде бұл арнаның атауы – «Білім және Мәдениет» телеарнасы.
«Астана Опера»
Тікелей Елбасының бастамасымен Астана қаласында «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры бой көтерді. «Астана Опера» – әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына кіреді. Орталық Азиядағы теңдессіз мәдени ғимараттардың бірі.
Қазақстан Президенті бірегей «Астана Опера» классикалық опера және балет театрының ашылуымен құттықтап, бұл елорданың 15 жылдығына баға жетпес тарту екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында болып, «Біржан-Сара» операсының премьерасын тамашалаған сәтте:
Ең алдымен, мен сәулетшілер мен құрылысшыларға алғыс айтамын. Жаңа театр – Орталық Азиядағы ең үлкен өнер шаңырағы. Бұл – бүкіл еуразиялық кеңістіктегі соңғы бірнеше онжылдықта салынған кең ауқымды бірден-бір классикалық театр.
Бұл – әлемдегі техникалық жағынан ең жетілдірілген театрлардың бірі. Осы тарихи сәт әлемдік опера өнерінің жылнамасына енеді. Ғаламат «Астана Опера» ғимараты қазірдің өзінде еліміздің тарихына жазылды. Оның күмбезі астында мен «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жария еткенімді білесіздер. Онда мәдениет біздің ұлтымыздың генетикалық кодының ажырамас бөлігі болып белгіленді, – деді Мемлекет басшысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет