Қытаймен бейбiт келiсiм жасасуға мүмкіндік туды.
1723 жылдың көктемiнде алдағы болатын жойқын соғысқа мықтап әзiрленген Цеван-Рабтан өз әскерiнiң қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды.
Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшыраған Жетiсу мен Ертiс бойының қазақтары болды.
Жоңғарлар Ташкент, Сайрам, Түркiстан сияқты басқа да қалаларды басып алды.
Бұл кезең (1723–1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама» деген атпен аталады.
Қазақтар қырғыннан аман қалу үшiн елдiң батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейiн жеттi.
Орта жүз руларының көпшiлiгi Самарқан қаласының төңiрегiне, ал Кiшi жүз қазақтарының едәуiр бөлiгi Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшiп кеттi.
Жоңғар шабуылынан қатты зардап шеккен қазақтар болды.
Оның дәлелі – “Елім-ай” жыры
Батырлардың Отан қорғаудағы ерлік істерін Үмбетей, Тәтіғара, Бұқар т.б. жыраулар жазып қалдырды.
Қазақтардың жоңғарлардан жеңілу себептері
- Бытыраңқылық
- Жоңғарлардың мықты дайындығы
- Жұт
- Геосаяси жағдай
- Күтпеген шабуыл
- Жоңғарлардың мол тәжірибесі
Шәкәрім Құдайбердіұлы осы тарихи оқиға жөнінде өзінің “Қалқаман-Мамыр” поэмасында баяндайды және қазақтардың 2/3 бөлігі қырылғаны туралы айтады
Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыру
Жоңғарларға қарсы тұру үшін халықтың бірлігі қажет болды. Осы мақсатта 1710 жылы Қарақұмда құрылтай өткізілді. Бас қолбасшы – Бөгенбай батыр болып сайланды.
Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы – Әбілқайыр болды.
- 1723 жылы 20 мың қолмен Еділ қалмақтарын талқандады.
- 1724 жылы Түркістанды азат етіп, бір жылдай қолында ұстады.
- 50 мың жауынгерден құралған қазақ-қарақалпақ жасағына қолбасшы болды.
1726 жылдың күзiнде Ордабасы тауында (қазiргi Шымкентқаласының батыс жағында) Бүкiлқазақтық құрылтай өткізілді. Құрылтайға қатысушылардың бiрауыздан ұйғаруымен Әбiлқайыр хан бүкiлқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды.
- Iрi әскери жасақтарды Әбiлмәмбет, Барақ, Сәмеке,Әбiлқайыр басқарды,
- Жас сұлтан Абылайдың беделi тап осы кезеңде көтерiлдi.
- Басқыншыларға қарсы қарулы қарсылықты ұйымдастыруда Қабанбай,Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек,Жасыбай, Есет, Малайсары, Жәнiбек батырлар маңызды рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |