«Тәукел тобындағы балалар» бұл кейбір жағымсыз факторлардың әсерінен қиын жағдайға тап болған балалар


Мақсат Міндеттер



бет2/2
Дата16.10.2022
өлшемі1,04 Mb.
#153293
1   2
Байланысты:
тәуекел тобындағы балалармен жұмыс
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 100 дата
Мақсат







Міндеттер





Принциптер
Бағыттар





Қызмет түрлері







Нәтиже


Сурет 2 «Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыс жүйесінің моделі


Жалпы, «тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыс тұтас педагогикалық үдеріс барысында іске асады, сондықтан бұл жұмыс үзіксіз түрінде оқыту және тәрбиелеу үдерістерінде өтеді.
Осылайша, зерттеу жұмыстың екінші міндеті, яғни «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың құрылымы және мазмұны, сонымен бірге моделі қарастырылды.
«Тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың өз ерекшеліктері бар, осы орайда шет елдердің «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс тәжірибесін қарастыруды жөн деп таптық.

1.3 Шет елдердің «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс тәжірибесі


«Тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жұмыс көп қырлы және күрделі болып келеді. Ғалымдар мен практиктер осы санаттағы балалармен жұмыстың ең оңтайлы әдістері мен формаларын үнемі іздестіруде. Осы орайда, «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс істеудің әлемдік тәжірибесі маңызды, өйткені әр елде тәжірибеде қолдануға болатын ұтымды жақтары бар. Осыдан, біздің дипломдық зерттеу жобамыздың келесі міндеті: шет елдердің «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс тәжірибесін зерттеу.
Атап айту керек, әр елде өзінің құқықтық негіздері мен халықтың өз мәдениеті, салт-дәстүрлері бар, сондықтан «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс аталғандарға негізделінеді.
Францияда «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс мектептегі әлеуметтік педагогқа және психологқа жүктелген. Әлеуметтік педагогтар өз қызметінде тәрбиелік ортасын әзірлеумен айналысады. Мектептің міндеті – өскелең ұрпақтың бойында олардың қоршаған ортамен органикалық бірлігі туралы түсінік пен адам тіршілігінің жақсаруы тек ұлттық байлықты жинақтауға ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаны ұқыпты сақтауға байланысты екеніне сенімін қалыптастыру. Сондықтан, жан-жақты тәрбие кеңістігін құру мәселесі әлеуметтік педагог жұмысында басымдыққа ие болады.
Практикада ынтымақтастық педагогикасы, табыс педагогикасы, демократиялық педагогика, педагогикалық анимация кеңінен қолданылады. Мысалы, педагогикалық анимацияның мақсаты адамның физикалық сауығудан қуаныш пен ләззат алу арқылы шығармашылық әрекетке деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға дейін демалуын сүйемелдеу болып табылады. Басқаша айтқанда, педагогикалық анимация – бұл дене жаттығулары мен эстетикалық іс-шаралар арқылы сонымен қатар белсенді өз бетінше шығармашылық іс-әрекет арқылы бос уақытты сауатты өткізу. Педагогикалық анимацияның қызметтері «Үш D» формуласы ретінде анықталады: delassiment (релаксация); divertissement (ойын-сауық); developpement (даму) [10, б. 60].
Тәрбиелік ортасын құру үшін әлеуметтік педагог немесе психолог аниматор рөлін атқарады («animateur» француз тілінен аударғанда «шабыттандыру», «белгілі бір қызмет түріне итермелеу»). Аниматор топтың әлеуметтік және мәдени жағдайын жақсаруына жауапты. Оның міндеттері – балалардың мәдениетке ұмтылуы үшін жағдай жасау; топта достық қарым-қатынас орнатуға көмектесу; балаларды шығармашылыққа баулу.
Әлеуметтік педагог қызықты іс-әрекеттерге жағдай жасауға тырысады, балаларды шабыттандырады және ынталандырады. Ол үшін балаларға ашық ауада әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады: туризм, тарихи орындарға бару. Түрлі орталықтарда оқушылардың көркемдік-эстетикалық іс-әрекеті мен ғылыми-техникалық қызмет, шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту, талғамын тәрбиелеу қарастырылған.
Әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта әлеуметтік халыққа көмек көрсетуге қызметтері болады.
Джуринский А. «Сравнительная педагогика» атты еңбегінде Батыс Еуропа Ұлыбритания, Швеция, Германия мемлекеттіндегі «тәуекел тобындағы» балалар мен олардың отбасыларымен психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктерін ашып, көрсетті [11].
Ұлыбританияда мектептегі әлеуметтік педагогтар мен психологтар ата-аналар мен оқушыларға көмек көрсетеді. Отбасымен жұмыс жасауда олар отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін барынша пайдаланады, отбасында тиімді қарым-қатынас орнатуға, балалардың тәрбиесіне әсер ететін басқа да мәселелерді шешуге көмектеседі. Мамандардың ерекше назарында отбасындағы зорлық-зомбылық, отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ физикалық, эмоционалды немесе интеллектуалды дамуы артта қалған балаларды анықтау болады.
Әлеуметтік педагог оқудың артта қалуына жол бермеу үшін медицина мамандарымен тығыз жұмыс істейді, балаларды үйде немесе ауруханада оқытуды ұйымдастырады.
Швецияда педагогтың «тәуекел тобының» балаларымен жұмысы қызығушылық тудырады. Мысалы, педагог мектепте жасөспірімдер клубтарын ұйымдастырады. Ол бағдарламаларды әзірлейді және балалардың демалыс уақытын ұйымдастырады. Бос уақыт клубтың балалары мен педагогтары арасында өз еркімен қабылданған міндеттемелерді қатаң сақтауға кепілдік беретін шарт жасалады. Клубтың жұмыс бағдарламасын ашық жиналыс анықтайды, оған барлық келушілер қатыса алады. Мысалы, балалар әр түрлі би жобаларына қатысады. Бұл жасөспірімдерге өздерінің еркіндік кеңістігін қалыптастыру үшін мүмкіндік береді, олар өз құрдастарымен барынша өзара үйлесімді әрекеттесе алады. Бұл тұрғыда балаларда «стрит данс», «брейк данс», «спорттық рок-н-ролл» сияқты би өнерінің түрлері ерекше қызығушылық тудырады.
Швециядағы балалардың құқықтарын қорғау және отбасына деген әлеуметтік саясат қамқорлықты сәтті үйлестіру үлгісі жақсы дамыған. Мысалы, Швецияда аз қамтылған отбасынан шыққан балаға «кедейлікті жоюға» емес, керісінше теңсіздікті азайтуға бағытталған. «Тәукел тобындағы» отбасылар, яғни ажырасқан, аз қамтылған, толық емес отбасына қатысты жұмыс орындарын құруға бағытталған, білім алуды, оқытуды, қайта оқытуды және жұмыспен қамтуды, оның ішінде жас балалары бар аналарды ынталандыратын бағдарламалар белсенді жүзеге асырылуда. Жалғыз басты аналар арнайы жәрдемақы алады, бірақ мұнда жәрдемақы тек балаларға арналған. Мемлекет ажырасқан отбасы мүшелеріне жұмыс орындарын сақтайды, сондай-ақ неғұрлым жоғары ақы төленетін жұмысты алу үшін анаға қажетті мамандықты қайта оқыту кезеңінде уақытша төлемдерді де қамтамасыз етеді. Жұмыс істейтін ата-аналарда бала күтімінің әртүрлі отбасылық емес түрлері бар. Кез-келген ата-ана жылдық ақылы күтім демалыс күндерін пайдалана алады; оларға баланың ауру күндері немесе мектепке бару қажет болған кезде жұмыс күндері толық төленеді; мектеп жасына дейінгі баласы бар ата-ана үшін жұмыс күні бірнеше сағатқа қысқарады.
Германияның «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс істеу тәжірибесі қызықты деп санаймыз. Бұл жұмыс кешенді түрінде өтеді, яғни педагог- психолог және әлеуметтік қызметкер бірлесе жұмыс атқарады.
Әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмыстың мазмұны мыналарды қамтиды:
- отбасының материалдық, рухани, әлеуметтік мәселелерін анықтау;
- отбасымен байланыс орнату, ресурстарды талдау және жалпы көмек көрсету;
- «Кедейлікпен күрес, үйдегі зорлық-зомбылықтың және балалар саудасының алдын-алу» атты бағдарламаны іске асыру;
- «Уақытша үй» жобасы аясында әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету;
- отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек беру, ата-аналар үшін балаларды тәрбиелеу бойынша тренингтер өткізу;
- «Екінші мүмкіндік» және «Отбасына амбулаториялық көмек» жобаларының аясында ажырасу кезеңдегі ата-аналарға құқықтық, психологиялық және педагогикалық көмек көрсету.
Отбасына, балаға, жасөспірімге көмек көрсету кезінде субсидиялық жауапкершілік (лат. subsidiarius - резервтік, көмекші) қағидаты сақталады. Ол келесіні білдіреді: «Мен өзіме көмектесу үшін көмек аламын». Балалар мен отбасы проблемаларды шешудің қадамдық принципіне негізделінеді. Біріншіден, адам өз проблемаларын өзі шешуге тырысады. Егер ол сәтсіз болса, онда ол көмек алу үшін отбасына жүгінеді, бұл екіншіден. Егер отбасы оған көмектесе алмаса, онда ол көмек алу үшін мектепке арызданады бұл үшіншіден, содан кейін жергілікті билік органдарына және ең соңында мемлекетке жүгінеді. Бірақ кез-келген деңгейдегі барлық көмек шексіз бола алмайды, бала немесе отбасы мәселені шешкенде, оған көмек беру тоқтатылады.
Германияда «тәукел тобындағы» балалар көп жағдайда ажырасқан отбасыларынан шығады. Сондықтан, отбасына ерекше көңіл бөлінеді және сол жұмыс әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмыс деп аталады. Германияда отбасылық кеңес беру орталықтарынан басқа жалғыз басты аналар мен әкелерге, алкоголь мен есірткі тұтынатын балаларға, сондай-ақ құқық бұзушылық, суицидтік әрекеттер жасайтын балаларға арналған арнайы кеңес беру орталықтары жұмыс істейді. Көмектің бұл түрі тәрбие міндеттерін шешуде, тұрмыстық мәселелер мен отбасылық дағдарыс мен жанжалдарды шешуде, мекемелер және ұйымдармен байланыс орнатуда, сондай-ақ «өзіне-өзі көмек көрсету» деген арнайы жұмыс ұйымдастырылады. Мұның бәрі ұзақ мерзімге арналған және мемлекеттен де, түрлі қоғамдық ұйымдардан да қаржыландыруды талап етеді.
Жалпы педагог-психолог және әлеуметтік қызметкелер алғашқы бірлескен сұхбатында өзара күтулер, шектеулер мен мүмкіндіктер, сондай-ақ жұмыстың ұзақтығы, көлемі мен жиілігі алдын-ала талқыланады. Отбасымен жеке жұмыс жоспары жасалады, қаржыландыру жұмыс көлемін есептеу негізінде жүзеге асырылады, мысалы, аптасына кемінде 10-12 сағат.
Жалпы, Еуропа елдерінде «тәукел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен материалдық жағынан ғана емес, сонымен қатар, жұмыс жасау кезінде психологиялық-педагогикалық көмекке, бос уақытты ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді.
Ғалым И.Т. Хайруллин АҚШ-да «тәукел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жұмыс туралы «Сравнительная педагогика» атты кітабында ашып көрсетті [12].
АҚШ-да мектептерінде әлеуметтік педагогтың басты назары баланы бейімдеу мәселелеріне аударылады. Сондай-ақ психикалық денсаулық мәселелерімен айналысады. АҚШ мектептерінде әлеуметтік педагогтың негізгі функциялары: сабақтарға қатыспайтын балалардың себептерін анықтау; қандай да бір өз бетімен мәселені шешуге қиындығы бар оқушыларға кеңес беру; материалдық көмекке мұқтаж оқушыларды тегін немесе ішінара төленетін таңғы (немесе түскі) ас алу үшін анықтау; ата-аналармен жұмыс ұйымдастыру.
Іс-әрекет барысында әлеуметтік педагог балалармен әртүрлі мәселелерді талқылайтын топтарды жүргізеді. Талқылау тақырыбы ата-аналардың қарсылығын тудырмайтын тақырыптар болады. Сондықтан, пікірталас топтарына арналған жаңа бағдарламаларды әзірлеу кезінде олар алдымен педагогикалық ұжыммен талқылайды, мектеп әкімшілігінің рұқсатын алады және ата-аналардың қолдауына ие болады. Егер бала нашар бейімделсе, диагностика нәтижелері бойынша көп салалы мамандар жиналып, ата-аналарымен кездеседі. Бұл кездесуде мамандар командасы баланың арнайы білімге мұқтаждығы туралы шешім қабылдайды.
АҚШ-да мектептер әртүрлі балаларға әлеуметтік көмек көрсететін арнайы мекемелер бірлесе жұмыс атқарады. Мысалы, аз қамтылған отбасылар үшін тегін тамақ, киім және тіршілікке қажет заттарды таратады.
«Тәуекел тобының» балаларымен жұмысты шартты түрде үш үлкен бөлікке бөлуге болады:
- балалармен жұмыс;
- ата-аналармен жұмыс;
- балалармен және ата-аналармен бірлескен жұмыс.
Балалармен жұмыс «сенім» телефонының жұмыс істеуін, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін, балаларға білім алуға көмек көрсетуді, балаларды баспаналар мен жатақханаларға орналастыруды, үйге баруды, жеке және топтық кеңес беруді, дағдарыс жағдайындағы делдалдықты, қоғам қаражатын жұмылдыру мен үйлестіруді, балаларды бақылауды, оны қорғауды қамтиды.
Ата-аналармен жұмыс істеу үшін келесі процедуралар қарастырылған: ата-аналар үшін арнайы кәсіптік оқыту топтарын ұйымдастыру; жұмысқа орналастыру бойынша көмекті қамтамасыз ету; қалалық денсаулық орталықтарында жалғыс басты аналарға арналған қызметтерді құру; үй шаруашылығын жүргізуде ата-аналарға көмек көрсету; баланы отбасына қайтару мақсатында ата-аналармен жеке және топтық кеңестер, әңгімелесулер өткізіледі.
Балалар және ата-аналарымен бірлескен жұмыс келесі бағытта жүреді: әлеуметтік бейімдеу бойынша тренингтер, асырап алушы отбасының жұмыс істеуін қолдау үшін тренингтер өтеді; баланың жаңа отбасында бейімделуі байқалады; балалармен жаңадан біріккен отбасыларға көмек көрсетіледі.
АҚШ-да Еуропа елдерінен айырмашылығы бар, мысалы, мемлекет «тәукел тобындағы» отбасыларға көмек көрсетпейді. АҚШ-та балалы отбасыларды қолдаудың барлығына ортақ жүйесі қалыптаспаған. Жалғыз басты ата-аналарға тұрғын үй жәрдемақысы төленбейді.
АҚШ-да ажырасқан ата-аналардың балаларына мемлекеттік көмек федералды-штаттық «Тәуелді балалары бар отбасыларға көмек көрсету бағдарламасы» аясында көрсетіледі. Ажырасқан ата-аналардың аз қамтылған отбасыларының балалары басқа санаттағы мұқтаж адамдармен қатар «Азық-түлік талон бағдарламасы» арқылы тегін тамақтануға, «Медикейд»бағдарламасы бойынша медициналық көмек алуға құқығы бар.
Американдық ғалым М.Пейннің пікірінше, АҚШ-тағы «тәукел тобындағы балалар» мен отбасымен жұмыс тәжірибесінде екі бағытты ажырату керек:
- ресми бекітілген әлеуметтік көмек бағдарламалары аясында заңнамалық, саяси және ұйымдастырушылық талаптарға жауап беретін әлеуметтік қызметтерді ұсыну. Осы жерде адамдар кеңес алуға немесе белгілі бір қызметке жүгінеді;
- психологиялық-педагогикалық және терапиялық міндеттерге бағытталған жұмыс. Осы жерде ажырасқан отбасы мүшелеріне әртүрлі психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. Мысалы, ажырасқан отбасы ішіндегі балалар-ата-ана және ерлі-зайыптылық қатынастардағы проблемаларды шешуге көмек береді, әртүрлі эмоционалды бұзылулары бар ата-аналарға психологиялық кеңес өткізеді [13].
АҚШ-тағы отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың функциялары келесі: диагностикалық, болжамдық, құқықтық, ұйымдастырушылық, профилактикалық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, коммуникативті. Тарихи тұрғыдан алғанда, АҚШ-та қазіргі уақытта классикалық болып табылатын әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың үш формасы дамыған: жеке, топтық және қауымдастық.
Жеке әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (social case work) – «тәукел тобындағы» балалармен жеке қарым-қатынас жасау арқылы психологиялық, тұлғааралық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде жеке адамдарға және отбасыларға көмектесу үшін әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың пайдаланатын бағыт және практиканың бір түрі.
Топтық әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (social group/wогк) – тәукел тобындағы балалар және олардың отбасы мүшелеріне физикалық және рухани әлеуетін дамыту, әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру үшін топтық тәжірибені беру арқылы көмек көрсету мақсатында пайдаланылатын жұмыс түрі.
Қауымдастық әлеуметтік-педагогикалық жұмыс аумақтық жақындықпен байланысты адамдардың іс-әрекеттерін біріктіруді, жалпы жағдайға әлеуметтік тұрғыдан нұқсан келтіреді және барлық әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық әр түрлі жұмыс формалары мен әдістерін қолдана отырып, белгілі бір шараларды бірлесіп жоспарлау және жүзеге асыру арқылы өзінің қиын жағдайынан арылғысы келетіндерді қамтиды.
АҚШ-тағы отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыста жеке жұмыс жасау әдіс үлкен маңызға ие, оның негізгі формасы әлеуметтік көмек көрсету және дағдарыс жағдайында ұзақ мерзімді негізде отбасыларға психологиялық кеңес беру болып табылады. «Тәукел тобындағы балалар» мен олардың отбасымен жұмысты екі топ қызметтерлер іске асырады: «Үйдегі қызметкер» (in-home Services) және «Үйден тыс қызметкер» (out-home Services). Үйде қызмет көрсету отбасына өз мүшелеріне ыңғайлы, үйлесімді және қауіпсіз өмір сүруге көмектесу мақсатында ұсынылады. Осы бағыт бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Үйде көрсетілетін қызметтер әлеуметтік көмектің мынадай түрлерін қамтиды:
- отбасы әлеуетіне негізделген қызметтер (Family-Based Services),
- отбасын қорғау қызметтері,
- отбасылық терапия,
- күндізгі күтім,
- хоммейкер сервис («homemaker services») – қолөнермен айналысу
- отбасылық өмірге оқыту.
Оқу орындарында жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар мен психологтар әртүрлі әдістерді қолданады: үйге барады, ата-аналар мен балаларға жеке және топтық кеңес береді, дағдарыс жағдайында делдал болады, отбасы мәселелерін шешу үшін қоғам құралдарын жұмылдырады және үйлестіреді, білім алушыларды бақылауға алады және оларды қорғайды. Әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлер оқушылардың оқу орнының қызметкерлеріне деген көзқарасын талдайды, ата-аналардың білім беру үдерісіне қатысуын ынталандырады, оқушылардың тәртібі, олардың психикалық денсаулығы, болашақ отбасылық өміріне дайындау сияқты мәселелерді шешуге өз үлестерін қосады.
Зерттеуші И.А. Яценко Ресей Федерациясында атқарылатын психологиялық-педагогикалық жұмыс жөнінде «Хрестоматия: сравнительная педагогика» атты кітабында жазып көрсетті. Мысалы Ресей Федерациясында «тәукел тобындағы» оқушылардың ата-аналарымен өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың негізгі мақсаттары - балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы отбасының рөлін арттыру, жас ұрпақты әлеуметтендіру, ұйымшыл және достық ұжым құру, сонымен қатар ата-аналардың білім беру мекемесімен ынтымақтастығын ұйымдастыру [14].
Оқу орны мен отбасының өзара әрекеті отбасылық тәрбие жағдайлары мен микроклиматын, балалар мен ата-аналардың жеке ерекшеліктерін зерттеуден басталады. Оқушының отбасын зерттеу онымен жақынырақ танысуға, отбасының өмір салтын, оның рухани құндылықтарын, тәрбиелік әлеуетін, баланың ата-анасымен қарым-қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық диагностиканың дәстүрлі әдістерінің жиынтығы қолданылады: байқау, әңгімелесу, тестілеу, сауалнама, іскерлік ойындар және т.б.
Ата-аналармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру тәжірибесінде ата-аналармен жұмыс істеудің жаппай, топтық және жеке формалары мен әдістері қолданылады. Ата-аналармен бұқаралық іс-шаралар жүйесін құру мүдделі мекемелермен және ведомстволармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік педагогтың «тәуекел тобындағы» балалардың отбасымен жұмысы мазмұнының негізгі бағыттары:

  • ата-аналарды тәрбие әдістемесімен, балалардың физиологиялық және психикалық даму кезеңдерімен, білім беру саласындағы нормативтік актілермен және құжаттармен таныстыру;

  • ата-аналардың балалармен бірлескен сабақтары (үйірмелер, секциялар, клубтар, тренингтер, экскурсиялар); бірлескен сауықтыру жұмыстары (денсаулық күндері, жорықтар, спорттық іс-шаралар);

  • көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қамқорлық;

  • өзін-өзі басқаруға қатысу (қамқоршылық кеңестің, ата-аналар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру арқылы).

Әр түрлі елдерде отбасымен өзара әрекеттесудің өзіндік жүйесі құрылды, әлеуметтік педагогтың «тәуекел» тобының отбасыларымен, жастармен қызықты жұмыс тәжірибесі жинақталды. Отбасына көмек көрсету үшін арнайы отбасылық кеңес беру орталықтары құрылады. Бұл орталықтардағы жұмыс негізінен психологиялық-педагогикалық сипатқа ие және оның негізгі мақсаты - ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты бұзуға әкелетін тәрбие мәселелері бар отбасыларға көмек көрсету болып табылады. Жұмыстың негізгі формасы - әңгіме, сонымен қатар ол тек ерікті негізде жүзеге асырылады. Мамандар өз бақылауларын отбасы мүшелерімен бірге талқылайды және бірге жағдайдан шығудың жолын іздейді. Бұл жұмыс өте күрделі, отбасымен ұзақ ынтымақтастықты қажет етеді және барлық отбасы мүшелерінің келісімімен ғана мүмкін болады. Ол консультациялар мен әлеуметтік қызметтердің басқа түрлері тиімді болмаған жағдайларда қолданылады.
Ресейде жергілікті деңгейде ажырасу жағдайында балаларға көмек көрсету шараларын отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аумақтық орталықтар жүзеге асырады. Мысалы, орталықтардың жұмысында ерлі-зайыптылық қатынастардағы бұзушылықтарды түзетуге бағытталған отбасылық кеңес беру маңызды орын алады. Сондай-ақ, отбасылық өмірге дайындық бойынша жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізіледі. Жас жұбайлар үшін отбасылық жанжалдардың алдын-алу мақсатында «Жас отбасы клубы» жұмыс істейді. «Ата-аналарға арналған мектеп» ұйымдастырылады, онда отбасының тәрбиелік әлеуетін арттыру және ата-ана-бала қарым-қатынастарын түзету бойынша ұсынымдар әзірлеу бойынша сабақтар өткізіледі.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жетістігінің кілті барлық мүдделі қызметтер мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен қызметі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тәрбиешілер мен жұмысшылардың арнайы дайындығының жоғары деңгейі болып табылады деп қорытынды жасауға болады.
Ресейде әртүрлі әлеуметтік институттар балалармен және олардың ата-аналарымен айналысады. Олар: азаматтық хал актілер жазбалар органдары (АХАЖ), соттар, отбасы мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің жергілікті органдары, балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік баспаналар мен оңалту орталықтары, жұмыспен қамту органдары, ерлер/әйелдерге арналған дағдарыс орталықтары, әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық консультация беру қызметтері, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциялар мен комиссиялар, әлеуметтік-құқықтық консультация беру қызметтері, әйелдер консультациялары, емханалар, кітапханалар, мәдениет және балалар шығармашылығы орталықтары, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар.
Ресейлік эксперттердің пікірінше, «тәукел тобындағы» балалардың мәселелерін шешуге көмектесетін бірқатар мекемелер бар екеніне қарамастан, олардың мәселелері толық шешілмеген күйінде қалып отыр. Көп жағдайда мұқтаж адамдарға материалдық және заттай көмек, балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау, кәмелетке толмағандардың бос уақыты мен жазғы демалысын ұйымдастыру тек осылар жұмыс істеудің негізгі формалары болып табылады.
«Тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс істеу шетелдік тәжірибесін қорытындылай келе, бұл жұмыс төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылатындығын атап өткен жөн:
- бірінші бағыт – балалармен жеке және топтық жұмыс;
- екінші бағыт – ата-аналармен жеке және топтық жұмыс;
- үшінші бағыт – балалар және ата-аналармен топтық жұмыс;
- төртінші бағыт – балаларға көмек және дұрыс бағыт бағдар беру үшін көптеген әлеуметтік мекемелер мен ұйымдармен бірлесе жұмыс атқару.
Сонымен, «тәуекел тобындағы» балалармен және олардың отбасымен әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмысты ұйымдастырудың әлемнің әртүрлі елдерінде өзіндік ерекшеліктері бар.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «тәуекел тобындағы» балалармен және олардың отбасымен әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жұмыс жетістігінің кілті барлық мүдделі қызметтер мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен қызметі деп қорытындылауға болады.
1.4 Отбасы - қоғамның негізгі әлеуметтік институты. «Тәуекел тобындағы» балалармен және олардың отбасымен психологиялық-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері
Үйлесімді адам болудың бір шарты - бұл отбасы. Отбасы - табиғи және әлеуметтік-мәдени құқықтар мен құндылықтарға негізделген адамдардың ерекше бірлігі болып саналады.
С.И.Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінде» бұл ұғымға келесідей анықтама беріледі: «Отбасы - бірге тұратын жақын туысқандар тобы. Ортақ мүдделермен топтасқан адамдардың бірлестігі» [15, б. 163].
Энциклопедиялық сөздікте мынадай анықтама берілген: «Отбасы кішкене ғана əлеуметтік-психологиялық топ, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынастармен, ортақ тұрмыспен жəне өзара моральдік жауапкершілікпен байланысқан» [16, б. 9].
Философия тұрғыда отбасы - әлеуметтік топтың ең көп тараған түрі, қоғамның негізгі ұяшығы, онда адам дүниеге келеді, дамиды және жеке тұлға болып қалыптасады [17, б. 61].
Əлеуметтанушылар отбасының мәнін ортақ өмір, ортақ мүдде, өзара қамқорлық сипатындағы адамдардың неке, туыстық, тəрбиелеуге балаларды отбасына қабылдауы арқылы құрылған одағы деп түсіндіреді [18, б. 89].
Шетел ғалымдары, мысалы, ең ірі ағылшын әлеуметтанушыларының бірі Э. Гидденс былай деп анықтама береді: «Отбасы - ересек мүшелері балаларды күту бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайтын тікелей туыстық қатынастармен байланысты адамдар тобы» [19, б. 82].
Құқықтанушылар отбасы бұл өзара құқықтары мен міндеттері қан туыстығына, некеге тұруға, бала асырап алуға немесе тәрбиеге қабылдаудың өзге де түріне байланысты туындайтын адамдар тобы деп санайды [20, б. 21].
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы деген анықтама берілген [21].
Психология саласында отбасы - бұл кіші топ, оның мүшелері қарым-қатынас пен араласу және бір-бірімен эмоционалды байланысты болады деп анықтама берілген [22, б. 53].
Педагогикада отбасы — белгілі бір әлеуметтік нормалар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады деп анықтама берілген [23, б. 46].
Әлеуметтік педагогикада келесі анықтама кездеседі: «Отбасы - тұлғаны әлеуметтендірудің, баланың әлеуметтік тәжірибені жинақтаудың ең қуатты фактордың бірі» [24, б. 17].
Осылайша, «отбасы» деген ұғымды философия, психология, әлеуметтану, құқықтану, әлеуметтік педагогика салаларын зерттеп, келесі тұжырымдаманы жасауға мүмкіндік берді: отбасы - күрделі құрылымы бар шағын әлеуметтік топ; жеке тұрмысты ұйымдастырудың аса маңызды түрі; ерлі-зайыптылық одақ; ерлі-зайыптылардың туыстарымен, яғни бірге тұратын жəне ортақ шаруашылық жүргізетін, отбасы мүшелерімен бір-бірімен қарым-қатынасқа, эмоционалды байланысқа ие болатын адамдар тобы.
Отбасы - қоғамның негізгі әлеуметтік институты ретінде бірнеше қызметтерді атқарады. Отбасы қызметі дегеніміз отбасы мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тәсілі.
Отбасының бірінші қызметі – репродуктивті қызмет. Репродуктивті қызмет - отбасы өмірдің жаңғыртылуынан, яғни балалардың тууынан, адам тектерін жалғастырудан тұрады. Бұл қызмет барлық басқа қызметтердің элементтерін қамтиды, өйткені отбасы тек қана сандық емес, сонымен қатар халықтың сапалы ұдайы өсуіне қатысады.
Тәрбиелік қызмет - ана және әке болуда, балалармен қарым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттануынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Шаруашылық-тұрмыстық қызмет - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, баспана және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Эмоционалдық қызмет - отбасы мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік қызмет – отбасы мүшелері қажеттіліктерімен қанағаттандыру үшін бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі.
Рухани қарым-қатынас қызмет – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызмет - отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуі мен өз бетімен тәрбиелей алатын қабілеті қамтамасыз етеді. Отбасы атқаратын қызметтер жүйе ретінде 3-суретте көрсетілген. Суретте көрсетілгендей, отбасы атқаратын қызметтерді жүйе ретінде қарастыруға болады. Репродуктивті қызмет негіз болып келеді, ал басқа қызметтер, яғни тәрбиелік, шаруашылық-тұрмыстық, эмоционалдық, коммуникативтік, рухани қарым-қатынас, бастапқы әлеуметтік бақылау қызметтері жүйе элементтері болып саналады.

Отбасы қызметтері



Репродуктивті



Шаруашылық-тұрмыстық

Тәрбиелік





Коммуникативтік

Эмоционалдық



Бастапқы әлеуметтік бақылау

Рухани қарым-қатынас

Сурет 3 Отбасы қызметтерінің жүйесі


Осылайша, біз отбасы бұл қоғамның негізгі әлеуметтік институты деп қарастырдық, яғни оның мәнін, атқаратын міндеттерін және басты қызметтерін.
Ғылыми әдебиетті және мектеп тәжірибесін зерттей келе, «тәуекел тобындағы» балалар көп жағдайда өмірлік қиын жағдайда болады екен. Қазақстан Республикасының «Ерекше әлеуметтік қызметтер туралы» Заңында өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал» - деп анықталған [25].
Өмірлік қиын жағдайға жеке адам және отбасы да тап болуы мүмкін. Жоғарыда аталған құжатта 6-бабында адам (бала), (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуынын негіздері анықталып көрсетілген. Ол негіздер келесі:
1) жетімдік;
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;
4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
12) пробация қызметінің есебінде болу [25].
Жоғарыдағыны есепке ала отырып, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдап, біз әлеуетті «тәуекел» топ» және «тәуекел тобындағы» балалар деп екі топқа бөліп қарастырдық. «Тәуекел» топ туралы ақпарат 4 суретте көрсетілген.





Әлеутті «тәуекел топ»









өз қамқорлығында балалары бар отбасы

ата-анасының екеуі де немесе олардың біреуі мүгедек


отбасы

қолайсыз отбасы

толық емес отбасы

аз қамтылған және көпбалалы отбасы



қандас отбасы

табысы жоғары, бірақ бала тәрбиесімен айналыспайтын отбасы

субмәдниетті
топ

Сурет 4 «Тәуекел» топ


Суретте көрініп тұр «тәуекел» тобына аз қамтылған және көпбалалы, толық емес, қолайсыз, өз қамқорлығында балалары бар, ата-анасының екеуі де немесе олардың біреуі мүгедек, қандас, табысы жоғары, бірақ бала тәрбиесімен айналыспайтын отбасылар және субмәдниетті топтар кіреді.
Осы аталған отбасы және жастардың субмәдениет топтарынан көп жағдайда «тәуекел» тобына кіретін балалар жатады. 5-суретте «тәукел тобындағы» балалар туралы ақпарат берілген.



«тәуекел тобындағы» балалар





дамуында ауытқулары бар балалар

құқық бұзған
оқушы (жалпы мектептік есепте тіркелген оқушы)

себепсіз сабаққа қатыспайтын оқушы

үлгерімі төмен оқушы

девиантты мінез құлықты оқушы

Сурет 5 «Тәуекел тобындағы» балалар


«Тәуекел тобындағы» балаларға келесілер жатады: девиантты мінез құлықты оқушы, үлгерімі төмен оқушы, себепсіз сабаққа қатыспайтын оқушы, құқық бұзған оқушы, яғни жалпы мектептік есепте тіркелген оқушы, дамуында ауытқулары бар балалар.


Жалпы зерттеу жұмыстың теориялық негіздері анықталды. Осы негіздерді тәжірибе жүзінде тексеру үшін «тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмысты эксперимент арқылы тексеруді көздедік және зерттеу логикасына сәйкес дипломдық жұмыстың екінші бөліміне қатысты міндеттерді шешегу кірістік.
2. «Тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмысының практикалық негіздері

2.1 Өскемен қаласы № 16 Заки Ахметов атындағы орта мектеп «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмысының тәжірибесі


Оқу жоспарына сәйкес қаңтардың 20-нан бастап кәсіптік (педагогикалық) іс-тәжірибе ШҚО Өскемен қаласының №16 З. Ахметов атындағы орта мектебінде өтті. Аталған мектепте дипломдық жұмыстың эксперименті ұйымдастырылды. Эксперимент 2 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде келесі міндет қойылды: №16 З. Ахметов атындағы орта мектебінде «тәукел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс тәжірибесін зерттеу. Бұл міндетті шешу үшін құжаттарды зерттеу әдісін пайдаландық. 2020-2021 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының сараптамасы атты құжатын оқып, талдадық. Құжатты зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасалды.
Мектеп төлқұжатымен танысайық.
Мекен-жайы: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 З. Ахметов атындағы орта мектебі», Шакарім к., 89, тел. 87232 608925, мектеп сайты: www school16.@edu.oskemen.kz.
Мектеп директоры: Саурбаева Гүльзихан Қусаиновна.
Мектептің салынған және пайдалануға берілген жылы: қараша, 1976ж.
Барлық үй-жайлардың жалпы ауданы: 7549,3 м2
Барлық үй-жайлардың жұмыс алаңы: 7025,3 м2
Құрылыс алаңы: 7025,3 м2
Ғимараттың көлемі: 2897,7 м2.
Жобалық қуаты: 663 бір ауысымда оқушылар.
01.08.2020.г. 1-11 сынып оқушыларының саны - 1.351.
53 сынып-комплектілер, оның ішінде:
- жоғары сынып жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: 11 сынып – 2; 62 оқушы;
- орта мектеп – 28 сынып – 663 оқушы;
- бастауыш мектеп - 21 сынып – 595 оқушы;
- түзету-дамыту сыныптары - 2 сынып – 11 оқушы;
- инклюзивті біліммен қамтылған – 13 оқушы.
Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің саны: 131 адам, соның ішінде:
- педагогикалық қызметкерлер: 98 мұғалім.
Жоғары білімі: 73 адам.
Орта-арнайы білімі: 21 адам.
Жоғары санаты: 2 адам.
Зерттеуші мұғалім: 12.
Эксперт: 46.
Модератор: 8.
Санаты жоқ: 4 адам.
Педагогикалық ұжымның орташа жасы: 47,5 жас.
Қызмет түрі: білім беру.
Материалдық-техникалық база:
- спорт залдары – 1
- шеберханалар - 1 (ұсталық, слесарлық)
- технология кабинеті - 2 (қызмет көрсететін еңбек, аспаздық)
- оқу кабинеттері – 32, оның ішінде: лингафондық кабинет-1, компьютерлік сынып - 3, робототехника кабинеті-1.
- асхана (отырғызу орындары) – 433.
- акт залы (отырғызу орындары) – 163.
- компьютерлер саны – 156.
Мектептің негізгі мақсаты - қазақстандық білім беруді дамыту стратегиясына, қоғамның және әрбір азаматтың заманауи қажеттіліктеріне сәйкес қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету болады. Зияткерлік және шығармашылық дамуға бағытталған өзін-өзі бақылау және өзін-өзі жетілдіру деңгейі жоғары бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Мектепте мақсатты іске асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық база, тиісті жергілікті актілер мен ережелер қолданылады:
- Бала құқықтары туралы Конвенция;
- Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;
- Тілдерді меңгерудің жалпы еуропалық шеңбері: оқу, оқыту, бағалау (CEFR);
- Мемлекеттік заң актілері (Қазақстан Республикасының заңдары, Жарлықтар, бағдарламалар);
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
- «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
- «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;
- «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»;
- Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңы;
- «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясы;
- «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы;
- «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жж.» мемлекеттік бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
- Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы Заңы;
- Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу Тұжырымдамасы;
- Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру, еңбекке оқыту және тәрбиелеу, балалар мен жастарды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу Тұжырымдамасы;
- Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі;
- Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы.
Мектептің өзекті тақырыбы: «Оқушылардың жеке тұлға ретіндегі эстетикалық мәдениетінің педагогикалық-психологиялық жағдайын қалыптастыру».
Сонымен, мектептің педагогикалық іс-әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына және мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепте оқушылардың сабаққа қатысуын директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді. Әр сыныпта күн сайын қатысуды бақылау журналын жүргізетін жауапты оқушылар тағайындалған. Журналда оқушылардың сабақты себепсіз және дәлелді себептермен босатуы, сабақтан кетуі көрсетіледі. Әр төқсан сайын сабаққа қатысуларына талдау жасалып, дәлелсіз себептермен мектепте сабақты жүйелі түрде қатыспай жүрген оқушылар анықталады. Мониторинг қорытындысы бойынша орта есеппен оқу жылы ішінде мектептің әрбір оқушысы 60,7 сабақтан, оның ішінде дәлелді себептерсіз – 1,6 сабақты жіберіп алды.
Оқу жылы барысында«Түнгі қаладағы балалар», «Мектепке жол», «Жаппай оқыту», «Жасөспірім», «Зорлық-зомбылықсыз аудан» акциялары шеңберінде, «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында шағынаудан бойынша 10 рейд өткізілді, олардың мақсаты кешкі және түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың бос уақытын бақылау, оқудан жалтарғандарды анықтау, көңіл көтеру орындарына, шағын аудандағы компьютерлік клубтарға, тұрмысы нашар және толық емес отбасылардың пәтерлеріне бару және тағы осы сияқты әлеуметтік-педагогикалық жұмыс түрлерін әлеуметтік педагог ұйымдастырады.
11 отбасына, оның ішінде «тәуекел тобында» жататын, ата-анасымен тұрмайтын, тұрмысы нашар және қамқорлықтағы балалар бар отбасылардың пәтерлеріне әр түрлі мақсаттармен: қолайсыз отбасының бақылау актісі, қамқорлықтағы баланың бақылау актісі, бос уақытын ұйымдастыру, тұрғылықты жері бойынша тексеру, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар мен алғашқы танысу әлеуметтік педагог және мектеп инспекторы барады.
«Мектепке жол» және «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Мектепте 2020-2021 оқу жылының басында толық емес және аз қамтылған отбасы есебінде 11 оқушы тұрды. Акция барысында оларға жалпы білім беру қорынан 413000 теңге сомасына киім түрінде материалдық көмек көрсетілді.
Жиналған заттар мен мектеп оқу жарақтары аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 102 балаға 310500 теңге сомаға бөлінді.
«Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасынан шыққан 11 оқушыларға кеңсе тауарларымен портфельдер табыс етілді.
Мектепте гуманитарлық көмек пункті бар, онда мектеп педагогтары мен ата-аналар қоғамы кейіннен мұқтаж оқушыларға беру үшін киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарларын әкеледі.
Мектепте материалдық көмек беру және көмек алған оқушылардың саны 4-кестеде көрсетілген.

Кесте 4

Мектепте материалдық көмек беру және көмек алған оқушылардың саны



Материалық көмек түрі

Оқушылар саны

Күнделікті тегін ыстық түскі ас 460 теңге

102

«Мектепке жол» акциясы - ата-аналар күшімен (киім және кеңсе тауарлары)

Қаңтар, 2022г – 82 оқушы, 125500 тенге

Жаңа жылдық сыйлықтар

32

Күзгі-қысқы-көктемгі демалыс кезіндегі лагерьдегі демалыс

-

Кестені талдай отырып, келесі қорытынды жасауға болады: 102 оқушы тегін тамақтанады. Тамақтану балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады, аурулардың алдын-алуға, жұмыс қабілеттілігі мен үлгерімінің артуына, дене және ақыл-ойдың дамуына ықпал етеді, өсіп келе жатқан ұрпақтың қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасайды.


Денсаулық сақтау мектеп ортасының ажырамас бөлігі болып табылады. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативті ережелерге сәйкес білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануы үшін және оқушыларға қызмет көрсету үшін асхана жабдықталған, ол ыдыспен және аспаптармен 100% қамтамасыз етілген. Асхана мен оның қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық құжаттама әзірленді, асхана үй-жайлары мен жабдықтары нормалар мен талаптарға сәйкес келеді.
Білім алушыларды салауатты тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін тағамдардың, аспаздық өнімдердің тізбесін жеке тамақтану бойынша бөлуді қамтитын ас мәзірі әзірленеді. Білім беру ұйымдарының барлық білім алушыларын салауатты тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін перспективті ас мәзірін жасаудың ұсынылған нысанына сәйкес 12 күнге, сондай-ақ тағамдардың рецептура туралы сандық деректерді қамтитын күнделікті ас мәзірі жасалады. Ыстық тамақ мәзірін жасау кезінде тамақтану рационымен витаминдер мен минералды тұздардың санитарлық ережелермен регламенттелген мөлшерде түсуі қамтамасыз етіледі. Сыныптарда тамақтануға жауаптылар таңдап алынды, тамақтану дәптерлері жүргізіледі. Мектепте асхананың жұмысын тексеру бойынша сараптамалық топ құрылды,онда әлеуметтік педагог, кәсіподақ комитетінің төрағасы, мектептің өзін-өзі басқару мүшесі, қамқоршылық комитетінің мүшесі болды. Мектеп асханасының жұмыс жоспары және бір жылға сараптама тобының жұмыс жоспары жасалды. Асхана бойынша әкімшіліктің кезекшілік кестесі бекітілді. Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің отырыстарында оқушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыру қажеттілігі туралы сұрақтар тыңдалды. Мектеп бойынша ыстық тамақпен қамту 87 % құрайды. Бастауыш мектепте ыстық тамақпен 100% қамту құрайды. Күніне 460 теңгеден 102 бала тегін тамақтанады, оның құрамына ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасынан, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар, түзету-дамыту сыныптарының оқушылары кіреді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысымен бекітілген «Білім туралы» ҚР Заңының 6 бабының 19 тармақшасына және «Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер жанындағы жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры туралы Ережеге» сәйкес, ҚР Үкіметінің 12.03. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін, көздерін, түрлері мен ережелерін бекіту туралы» 2012 жылғы № 320 мектеп келесі мәселелерді шешеді: қамқорлықтағы балаларға арналған киім, қамқорлықтағы балаларға және көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға тегін ыстық тамақ.
Бөлінетін бюджет қаражатын салыстырмалы талдау тұрақсыздықты көрсетеді, ол аз қамтылған отбасылардағы және қамқорлықтағы балалардың санына байланысты. Бөлінетін бюджет қаражатын салыстырмалы талдауы 5-кесте берілген.
Толық емес отбасы балаларға және ата-аналарына әлеуметтік-педагогикалық көмек тығыз психологиялық қызметпен байланысты. Толық емес отбасы, «тәуекел тобына» жататын, ата-анасымен тұрмайтын, тұрмысы нашар және қамқорлықтағы балалар отбасынан ерекше психологиялық-педагогикалық қызметке мұқтаж. Сондықтан, мектепте психологиялық-педагогикалық қызмет ұйымдастырылған.
Кесте 5

Бөлінетін бюджет қаражатын салыстырмалы талдау





Әлеуметтік көмек түрлері

2018-2019

2020-2021

Тегін ыстық тамақ

5745169

6041695

Киім

217800/7

187165/5

Демалыс орнына жолдама

378000/11

237165

Барлығы

6740958

6946276

Психологиялық-педагогикалық қызметтің мақсаты - білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, олардың өмірін, дене және психикалық денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін жайлы және қауіпсіз жағдай жасау, жағымсыз құбылыстар мен зиянды әдеттердің алдын-алу, сондай-ақ жеке тұлғаны әлеуметтендіруге жәрдемдесу болып табылады.


Психологиялық-педагогикаялық қызмет келесі құрамда жұмыс істейді: әлеуметтік жұмысқа жетекшілік ететін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары; әлеуметтік педагог; педагог-психолог; ювеналды полицияның балалар жөніндегі инспекторы; сынып жетекшілері.
Оқу жылы бойы мектептің әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жұмысы «тәуекел тобына» жататын, девиантты мінез-құлықты оқушылармен және олардың отбасыларымен, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасыларының, педагогикалық ыңғайсыздығы бар отбасыларымен жұмыс істеуге, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және әлеуметтік-психологиялық қолдау мәселелерінде педагог қызметкерлер мен басқа да мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Жыл сайын мектептің әлеуметтік төлқұжаты жаңартылып отырады, ол оқушылардың отбасылары туралы толық және дұрыс ақпарат алуға және мектеп пен шағын ауданның әлеуметтік жағдайын зерттеуге мүмкіндік береді. Сыныптардың әлеуметтік паспорттары негізінде мектептің әлеуметтік паспорты жасалады. Мектептің әлеуметтік паспорты 6-кестеде берілген.
Мектептің әлеуметтік паспортын талдау кезінде келесі қорытынды жасауға болады: көпбалалы отбасы мен аз қамтылған отбасылар саны азайды; «тәуекел топтағы» отбасылардан шыққан оқушылар саны да артты, яғни 2018-2019 жылы - 0,4% болса, 2020-2021 жылы - 0,6% болды.
Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» (2004 ж.), «Құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы» (2010 ж.) заңдарына сәйкес мектепте құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстың мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын- алу; әлеуметтік-құқықтық көмекті жүзеге асыру; құқықтық білімді тереңдетуге және лайықты өмір сүру салтының дағдыларын бекітуге, құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал ету; оқушылардың сана-сезіміне құқықтар мен міндеттер бірлігі принципін жеткізу, психологиялық-педагогикалық қызметтің алдын-алу жұмыстары білім беру үдерісінің барлық қатысушылары арасында сенімді психологиялық климат жасауға, оқушылардың мотивациялық саласын салауатты жандандыруға, адамгершілік өмір салтын қалыптастыруға, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын-алуға бағытталған.

Кесте 6



Мектептің әлеуметтік паспорты

Оқушылардың әлеуметтік портреті

Оқу жылы

2017-2018

2018-2019

2020-2021

0 сынып оқушыларының саны

150

206

135

1-11 сынып оқушыларының саны

779

783

1.081

1-4

363

678

575

5-9

348

386

463

10-11

49

42

32

Жынысы бойынша:










ұлдар

386

362

403

қыздар

369

523

678

Ұлты бойынша:










қазақ

362

455

1.059

басқа ұлттар

18

28

22

мүмкіндігі шектеулі балалар

11

9

12

жетім және қамқорлықтағы балалар

8

9

4

патронатта тұр

1

0

0

көпбалалы отбасынан

31

41

38

аз қамтылған отбасынан

118

101

96

толық емес отбасынан

118

101

96

ата-аналардан бөлек тұрады

10

7

9

«тәуекел тобы» отбасылардан

2

3

6

мектеп есебінде

2

3

1

Ата-аналардың әлеуметтік портреті

Оқу жылы

2017-2018

2018-2019

2020-2021

Білім дәрежесі










жоғары

44%

43%

48%

орта-кәсіби

30%

32%

37%

орта

26%

23%

15%

Жұмыспен қамту:










жұмысшылар

36%

36%

31%

қызметшілер

33%

35%

40%

жеке кәсіпкерлер

10%

12%

11%

бір ата-ана жұмыс істемейді

16%

17%

16%

екі ата-ана жұмыс істемейді

1%

2%

1%

Отбасының сипаттамасы

Оқу жылы

2017-2018

2018-2019

2020-2021

Толық отбасы

51,6%

76%

86%

Толық емес отбасы

29%

17%

8,8%

Көпбалала отбасы

3,3%

2,6%

2,1%

Аз қамтылған отбасы

17%

10%

8,8%

«Тәуекел топ» отбасы

2%

0,4%

0,6%

«Тәуекел топ» отбасының шыққан балалар көп жағдайда сабаққа қатыспайды, тәртіп бұзады және әртүрлі әкімшілік нормаларға қарсы іс-әрекет жасайды. Осы орайда олардың істері алдын-алу Кеңесінде, КТБҚҚ Комиссиясында, соттарда қарастырылады. «Тәуекел топ» отбасының шыққан балалардың құқық бұзу істерінің динамикасы 7-кестеде берілген.

Кесте 7

«Тәуекел топ» отбасынан шыққан балалардың құқық бұзу істерінің динамикасы



Іс қарастырылды

2017-2018

2018-2019

2020-2021

Алдын-алу кеңесінде

2

1

1

КТБҚҚ комиссиясында

1

1

0

Кестеде берілгін ақпаратты талдап, келесі қорытынды жасауға болады: сонғы оқу жылы «Тәуекел топ» отбасынан шыққан балалардың құқық бұзуы төмеңдеді.


Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу, оқушылар арасында тәртіпті нығайту бойынша жұмыстар үшін қалалық білім бөлімінің бастығы мен мектеп директоры 2013 жылғы бекіткен алдын-алу Кеңесі туралы ереже негізінде мектепте алдын-алу Кеңесі құрылып, жұмыс істейді.
Мектеп әкімшілігі оқу жылы ішінде алдын-алу Кеңесінің 2 отырысын өткізді, оның ішінде кезектен тыс екі отырысы, онда келесі мәселелер қаралды: есепке алудың барлық түрлерінің тізімін бекіту; жасөспірімдер қылмысының жағдайы туралы ақпарат; тәлімгерлер есебі; есепте тұрған оқушылардың қатысуын талдау; зиянды әдеттерге бейім оқушыларды анықтау бойынша жұмыс туралы Наркопост ақпараты; тұрмысы төмен отбасылардың пәтерлеріне рейд қорытындысы. Барлығы 2 материал қаралды. Басқа мамандарға кеңес беру және көмек көрсету үшін өтініш білдіру ұсынылды: отбасы мен балалықты қолдау орталығына – 1 бала, алдын-алу Кеңесінің шешімі бойынша 1 оқушы мектепшілік бақылауға қойылды.
Оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің жалпы құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында мектепте құқықтық оқыту жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жұмысты алдын-алу Кеңесінің мүшелері, сынып жетекшілері, қоғамдық пәндер мұғалімдері жүргізеді. Инспекторлар мен директордың ӘЖ жөніндегі орынбасары, педагог-психолог кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында оқушылар арасында «Жалған шақыруларды болдырмау», «Мектептегі сабақ пен үзілістердегі тәртіп ережесі», «Мектепте ұялы телефондарды пайдалануды шектеу», «Мектепке шанышпалы-кесетін заттарды алып жүруге тыйым салу туралы» әңгімелер мен дәрістер өткізілді, сондай-ақ ҚР ҚК 127,403 434, 435, 442-баптары, ҚР ҚК 105 және 251-баптары түсіндірілді. Бопсалаушылық фактілерін анықтау бойынша дәрістер өткізілді. «Қылмыс жасағаны үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілік шарасы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел түрінде 8-9 сынып оқушыларының отбасы мен балалықты қолдау орталығының заңгері және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторымен кездесуі ұйымдастырылды.
Мектепшілік есебінде тұрған оқушылар отбасында ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынас орнаталмайды. Ата-аналар кәмелетке толмағандардың бос уақытын бақылауды жүзеге асырмайды. Көбінесе бұл балалар сабаққа бармайды, оқуға деген уәждері төмен, әлеуметтік және отбасылық мәселелері бар.
Девиантты мінез-құлықты оқушылармен профилактикалық жұмыс - күрделі, көп аспектілі және ұзақ үдеріс болып келеді. Осы жұмысты жүргізу үшін жалпы мектептік оқу-тәрбие жұмыс жоспарындағы арнайы бөлім құрылды.
Есепте тұрған әрбір оқушыға алдын-ала жұмыстың жеке карточкасы жасалды, «тәуекел топтағы» жасөспірімдер туралы базасы толтырылады, ол тоқсан сайын қалалық білім бөліміне тапсырылады. Директордың әлеуметтік жұмыс (ӘЖ) жөніндегі орынбасары, мектеп инспекторы, педагог-психолог және сынып жетекшілері есепте тұрған оқушылардың пәтерлеріне барып, тұрғын үй-тұрмыстық жағдай актісін жасайды. Тұрғылықты жеріне бару кезінде жасөспірімдермен, олардың ата-аналарымен алдын-алу әңгімелесу өткізіледі, отбасындағы өзара қарым-қатынас мен әлеуметтік орта анықталады.
Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары, педагог-психолог есепте тұрған кәмелетке толмағандардың оқу және демалыс уақытында бос уақытын бақылап отырады. Мектепішілік есепте тұрған оқушылар мектеп спорт секцияларында бос уақытын өткізеді.
Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысының жоспарында оқу жылы бойы жұмыс істейтін «тәуекел топтағы» тобындағы және толық емес отбасы балалармен жұмыс істеу тәртібі жеке жазылған: оқу сабақтарына қатысуға күнделікті бақылау жасайды, сабақтан қалудың себептерін анықтайды және сол күні ата-аналардың, әлеуметтік педагогтың, педагог-психологтың назарына жеткізіледі. Есепке алынған оқушыларды бақылау күнделіктері толтырылады.
2020-2021 оқу жылында мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметімен бірлесіп психологтардың «тәуекел топтағы» балалармен үлкен жұмысы жүргізілді. Мектепшілік есебінде тұрған оқушылардың жеке бақылау маршруттары мен күнделіктері, әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық мінездемелер, әлеуметтік-психологиялық паспорттар, жеке бақылау карточкалары құрастырылып, жаңартылды. Мектеп психологтары «тәуекел тобы» балалармен мінез-құлықты түзету және өмірлік бекіту концепциясына бағытталған тренингтер өткізілді. Сонымен қатар сынып жетекшілерімен тығыз жұмыс барысында «тәуекел тобына» кіретін балалармен бірнеше жеке кеңестер мен әдістемелер өткізілді.
«Тәуекел топтағы» жасөспірімдермен жұмыс істеу негізінде психологтар олардың өмір сүруіне мүмкіндік беру керектігін, жасөспірімнің референттік тобының қолайлы болуы маңызды, өзінің бос уақытын кеңейтуді ұсыну қажет екенін атап өтеді. Осы санаттағы балалар үшін «сәтті жағдайы» қажет, ол оқушы, мектеп белсендісі, көшбасшы және т.б. сияқты бола алатынын көрсету керек. Негізсіз шектеулер болмауы тиіс, ал тәртіптік ықпал ету шаралар жүйесі әрбір нақты жағдайда ескертілуі тиіс. Ең бастысы - әрбір балаға жеке амалды пайдалану керек.
Оқу жылы бойы «Отбасы мен балалықты қолдау орталығы» КММ, Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы сияқты мектептен тыс ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізілді. Орталықтың психологы бір толық емес отбасын патронатына алды. «Өзін-өзі тәрбиелеу-даму жолы» бағдарламасы бойынша мектептің «тәуекел топтағы» жасөспірімдердің ата-аналарымен «Отбасы тәрбиесінің құпиялары» бағдарламасы бойынша сабақтар өткізілді. Балалар мен ата-аналардың пікірі бойынша, балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқын бақылай отырып, сабақтар оң нәтиже берді деп айтуға болады.
«Тәуекел топтағы» отбасынан шыққан балалар көп жағдайда есірткі және зиянды заттарды пайдалануға құмарлығы болады. Сондықтан, педагог-психолог, әлеуметтік педагог осы орайда нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Мектеп нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын-алу аймақтық және қалалық бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Әлеуметтік-психологиялық қызмет және педагогикалық-психологиялық өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға, олардың ата-аналарына және басқа да мүдделі тұлғаларға үнемі кеңес береді.
Зиянды заттарды қолданудың теріс салдары бойынша әңгіме жүргізу үшін дәрігер-нарколог шақырылды. Оқушы және ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізіледі.
Мектептің облыстық наркологиялық диспансерімен бірлескен қызметі зиянды әдеттерге ұшыраған балалармен жұмыс істеуге баға жетпес үлес қосады. Есірткілік, токсикомандық заттарды пайдаланатын, спирттік ішімдіктерді, темекі шегуге, насыбайды пайдалануға болатын кәмелетке толмағандарды уақытша және толық анықтау, оларды бақылауға немесе диспансерлік есепке қоюды қамтамасыз ету мақсатында облыстық наркологиялық диспансердің мамандары диагностикалық ерекше тесттер қоя отырып, профилактикалық медициналық тексеру жүргізеді.
Әлеуметтік паспортты негізге ала отырып, 2020-2021 оқу жылында аз қамтылған және толық емес балалы отбасылардан шыққан 192 бала білім алуда, барлық оқушылардың мәртебесі құжаттармен расталған.
2020-2021 оқу жылында мектепке 4 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бекітілген. Оның ішінде мектепте 4 адам оқиды. Әлеуметтік кепілдіктер негізінде осы санаттағы балаларға тағайындалған жәрдемақы қарастырылған. Ата-анасы қайтыс болған барлық қамқорлықтағы балалар асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алады – 36817т.
«Тәуекел топтағы» отбасынан шыққан балалардың 4 жеке тұрғын үйі бар.Тек екі оқушы А.Ж. және Н.Р. жатаханада жалға алынған бөлмеде тұрады.
Сонымен, біз мектептің құжаттың зерттедіқ, сонымен қатар біз мектептің ресми сайттың қарастырып шықтық. Атап айту керек, мектеп сайтында «тәуекел топтағы» балалар мен олардың ата-анасына арнайы бет бөлінбеген. Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған кезде, біздің ойымызша, сайтта ерекше бір бет болуы керек. Тағы да бір байқағанымыз, мектепте педагогикалық-психологиялық жұмыс көп жағдайда дәстурлі формалар арқылы өтеді, яғни ата-ана жиналасы, кеңес беру, үйге бару және тағы осы сияқты. Ал педагогикалық-психологиялық жұмыс тиімді болу үшін дәстүрлі формалар басым болмай, басқа да инновациялық формаларын пайдалану керек деп санаймыз.
Жалпы №16 З. Ахметов атындағы орта мектебінде әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық қызметтің қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі жұмысын қанағаттанарлық деп санауға болады.
2.2 «Тәуекел топтағы» балалар және олардың отбасымен педагогикалық-психологиялық іс-шараларды өткізу және эксперимент нәтижелерін талдау мен өңдеу
Эксперимент диагностиканың нақтылау кезеңінен басталды. Нақтылау диагностиканың мақсаты - «тәуекел топтағы» балалар мен отбасы мүшелері туралы толық ақпарат жинақтау. Ақпарат жинақтау үшін сауалнама әзірленді.
Жоғарыда айтып кеткендей, мектепте 6 «тәуекел топтағы» отбасы тіркелген. Саулнамаға 6 отбасы қатысты.
Сауалнама жүргізу арқылы келесі нәтижелерді анықтадық: 4 отбасы «аналық», ал 2 отбасы толық отбасы болып анықталды. Ата-аналарды жас мөлшері бойынша бөлу 8-кестеде көрсетілген.

Кесте 8

Толық емес отбасын жасына қарай бөлу



Жасы

25-33 жас

33-40 жас

40 жастан жоғары

Саны

1 (17%)

4 (66%)

1 (17%)

Отбасының материалдық жағдайы туралы респонденттердің ақпараты 9-кестеде берілген.


Кесте 9

Отбасының материалдық жағдайы туралы ақпарат



Жоғары

Орташа

Төмен

0 (0%)

5 (83%)

1 (17%)

Өз материалдық жағдайын жоғары деп 0 адам (0%), орташа - 5 респондент (83%), төмен - 1 (17%) анықтады.
«Сізде тұрақты жұмыс орны бар ма?» деген сұраққа 5 (83%) ата-аналар оң жауап берді және 1 (17%) ата-аналар «тұрақты жұмыс орны жоқ» деген жауап берді.
Респонденттер өз тұратын жері туралы сұраққа берілген жауаптары 10-кестеде көрсетілген.

Кесте 10

Өз тұратын жері туралы ақпарат



Жеке меншік пәтер

Алмалы-салмалы тұрғын үй (пәтер)

Жатақхана (бөлме)

3 (50,0%)

1 (17,0%)

2 (33,0%)

3 отбасы (респонденттердің 50,0%) жеке пәтерлері бар, 1 отбасы (17,0%) тұрғын пәтерді жалға алады және 2 отбасы (33,0%) жатақханадағы бөлмеде тұрады.
Саулнамаға қатысқан отбасылары өз бос уақытын келесідей өткізеді деген ақпарат 11-кестеде берілген.

Кесте 11

Отбасылық демалыс өткізу туралы ақпарат



Үйде

Белсенді демалыс (спорт, табиғатқа шығу)

Бос уақыт жоқ

4 (64%)

0 (0%)

2 (36%)

«Тәуекел топтағы» отбасы 4 (64%) үйде бос уақытты өткізуді қалайды, 0 (0%) отбасы белсенді демалыс түрін көрсетпеді және 2 (36%) респондент «бос уақыт жоқ» деп жауап берді.


Өз отбасының өзекті мәселелері туралы сұраққа (ең маңыздысы 2 таңдау рұқсат етілді) келесі жауаптар алынды. Ақпарат 12-кестеде берілген.

Кесте 12



Отбасының өзекті мәселелері туралы ақпарат



Әлеуметтік-экономикалық мәселелер
(ӘЭМ)

Әлеуметтік –тұрмыстық мәселелер
(ӘТМ)

Балаларды тәрбиелеу мәселелері (БТМ)

Психологиялық-педагогикаық мәселелер (ӘПМ)

4 (64,0%)

2 (34,0%)

6 (100%)

3 (50,0%)

Кестеде көрсетілгендей, 4 (64,0%) отбасы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері үшін ең өзекті деп санайды, 2 отбасы (34%) әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді маңызды деп шығарды, 6 (100%) отбасы бала тәрбиесіндегі мәселелерді және 3 (50,0%) сұралғандар психологиялық-педагогикалық мәселелерді өздері үшін өзекті деп санайды.
Осылайша, жүргізілген зерттеу нәтижесінде біз мыналарды айта аламыз: сұралған отбасылардың көпшілігі 33-40 жас аралығындағы топқа жатады (66,0%). Біздің көзқарасымызша, бұл өмірде қандай да бір өзгерістерден қорықпауға болатын өте жақсы жас. Отбасының әл-ауқатын арттыру мақсатында тұрғын үйді немесе жұмыс орнын ауыстыруға болады.
Саулнамаға жауап берген отбасылардың 83% өзінің материалдық жағдайын орташа деп бағалады. Ал 1 отбасы (17,0%) өзінің материалдық жағдайын төмен деп анықтады. Мұндай жағдайдың себептері әртүрлі болуы мүмкін: тұрақты жұмыс орнының болмауы немесе басқа да объективті себептер.
3 отбасы (респонденттердің 50%) жеке пәтері бар, 1 отбасы (17,0%) тұрғын пәтерді жалға алады және 2 отбасы (33,0%) жатақанада тұрады.
Отбасының көпшілігі (64%) отбасылық бос уақытты үйде өткізеді. Бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, өйткені қолда бар қаражат негізінен азық-түлікке, киім-кешекке және аяқ киімге жұмсалады. Жалғыз басты ата-ананың жалақысы аз болған жағдайда кинотеатрларға, ойын-сауық орталықтарына және басқа да демалыс мекемелеріне баруға артық ақша салу өте қиын. 36,0% отбасы іс жүзінде бос уақыт жоқ деп жауап берді. Кейбіреулер негізгі жұмыстан басқа бір жерде жұмыс істейді және барлық бос уақыт үй істеріне жұмсайды (тамақ дайындау, жуу, жинау және т.б.) осыдан тағы бір маңызды мәселе туындайды - балаларға жеткілікті уақыт бөлінбейді, тәрбиелеуде олқылықтар, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасында түсініксіз пайда болады.
Отбасының өздері үшін ең үлкен мәселе әлеуметтік-экономикалық – 4 (64%), екінші орында – 6 отбасы (100%) балаларды тәрбиелеу мәселелері, үшінші орында - психологиялық педагогикалық мәселелер (50,0%) тұр.
Жоғарыдағыны қорытындылай келе, түйін жасай аламыз: «тәуекел топтағы» балалардың отбасыларында бірқатар мәселелер бар екендігі анықталды. Олар осы мәселелерді өз бетінше шеше алмайды. Бұл жағдайда мұндай отбасыларға мектеп тарапынан психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі.
Эксперименттің нақтылау кезеңіне оқушылар қатысты. Жалпы саны – 6 оқушы. Атап айту керек, экспериментке қатысқандар 4 толық емес отбасы, 2 көпбалалы отбасында тәрбиеленеді.
«Тәуекел топтағы» балалардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы аса үлкен назар талап етеді. Сондықтан, Э.Г. Эйдемиллер мен О.В. Черемисин жасаған «Отбасылық социограмма» атты тесті қолдандық [26].
«Отбасылық социограмма» әдісі сурет салу жобалау тестеріне жатады. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі жағдайын және сонымен қатар отбасындағы коммуникациялардың сипатын тікелей немесе жанама анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістеменің сипаттамасын қарастырайық.
Респондентке диаметрі 110 мм. шеңбер салынған бланк ұсынылады. Онда өзіңізді және отбасы мүшелерін төрт бұрыш түрінде салып, есімдерін белгілеңіз. Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір-бірімен кеңеспей орындайды.
Нәтижелерді түсіндіру. Авторлар тестілеу нәтижелерін бағалау критерийлерін ұсынды:
1) шеңбер алаңына түскен отбасы мүшелерінің саны;
2) төрт бұрыштың шамасы;
3) төрт бұрыштың бір-біріне қатысты орналасуы;
4) олардың арасындағы қашықтық.
Бірінші өлшем бойынша нәтижені бағалай отырып, зерттеуші респондентке бейнеленген отбасы мүшелерінің санын нақты өлшеммен салыстырады. Мүмкін, оқушы жанжалды қатынаста болған отбасы мүшесі үлкен шеңберге түспейді. Сонымен қатар бөгде адамдардың, жануарлардың, сүйікті заттардың біреуі отбасы мүшесі ретінде бейнеленуі мүмкін.
Бұдан әрі біз төрт бұрыштың көлеміне назар аударамыз (екінші критерий). Басқалармен салыстырғанда, «Мен» төрт бұрышы жеткілікті немесе жоғары өзін-өзі бағалау туралы, аз-төмен баға туралы айтады. Отбасының басқа мүшелерінің төрт бұрыштардың шамасы олардың оқушының көзінде маңыздылығын көрсетеді.
Шеңбердің тестілік алаңында және бір-біріне қатысты төрт бұрыштардың орналасуына назар аудару керек (үшінші критерий). Оқушы шеңбердің ортасында өз төрт бұрышын орналасуы тұлғаның өзімшілдік бағыты туралы айта алады, ал төменгі жағында, отбасының басқа мүшелерін бейнелейтін төрт бұрыштармен тыс жерде өзін эмоциялық бұрамаушылықтың уайымдауын көрсете алады.
Отбасының неғұрлым маңызды мүшелері оқушының өлшемі бойынша үлкен шеңберлер түрінде ортасында немесе тест алаңының жоғары бөлігінде бейнеленеді.
Соңында, үлкен ақпаратты шеңберлер арасындағы қашықтықты (төртінші критерий) талдап алуға болады. Бір отбасының басқалардан алшақтығы отбасындағы жанжалды қарым-қатынас, оқушының эмоционалдық бас тартуы туралы айтуға болады. Өзіндік «Мен» басқа төрт бұрыштармен бір-біріне жалынып, бір-біріне жанасқанда немесе бір-біріне жақындағанда, отбасы мүшелерінде «Мен» деген бөлінбейді, симбиотикалық байланыстардың бар екендігін көрсетеді. «Отбасылық социограмма» тестін пайдалану санаулы минуттарда «мұнда және қазір» отбасында өзара қарым-қатынас туралы өз түсініктерін визуализациялауға, содан кейін өз бланкілерін көрсетіп, не болғанын талқылауға мүмкіндік береді.
«Тәуекел топтағы» отбасынан шыққан Рауан Ж., 7 «В» сынып оқушысының «Отбасылық социограмма» тестінің нәтижесін қарастырайық.
Тестінің нәтижесі 6-суретте көрсетілген.



Мама



МЕН





Бауржан,
Алуа

Әжем

Сурет 6 «Отбасылық социограмма» тестінің нәтижесі


Суретті талдай келе, келесі интерпретация жасауға болады: Раун Ж,. 7 «В» сынып оқушысы. Рауан отбасылық социограмманың ортасына өзін көрсетті. Жасөспірім өзін жоғары бағалайды, себебі өзін шеңбердің ортасына орналастырды. Ал інісін Бауржан, 10 жаста және қарындасын Алуа, 8 жаста шеңбердің үшінші бұрышына орналастырды. Әжесін шеңбердің төртінші бұрышына орналастырды. Сонымен, отбасының мүшелерін ішінде шешесін жасөспірім беделді деп санайды.
«Отбасылық социограмма» тестінің нәтижелері әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету жоспарын әзірлеген кезде есепке алынды.
Келесі әдістеме - мазасыздықты зерттеу. Ч.Д. Спилбергер (АҚШ) әзірлеген және Ю.Л. Ханинмен бейімделген өзін-өзі бағалау әдістемесі [27].
Жеке мазасыздық жағдайдың үлкен шеңберін қауіп-қатер ретінде қабылдауға, осындай жағдайларға әрекет етуге тұрақты бейімділігін сипаттайды. Реактивті алаңдаушылық кернеумен, мазасыздықпен, нервоздылықпен сипатталады. Өте жоғары реактивті алаңдаушылық зейіннің бұзылуы, кейде жүйкесі бұзылуы. Өте жоғары жеке мазасыздық невротикалық қақтығыстың болуымен, эмоциялық және невротикалық бұзылулармен және психосоматикалық аурулармен тікелей байланысты.
Диагностикалық зерттеу нәтижелері.
Рауан Ж., толық емес ажырасқан отбасынан шыққан, 12 жаста. Әкесі отбасын тастап, балаларға көмектеспейді, өйткені оның басқа отбасы бар. Анасы емхана асханасында жұмыс істейді. Материалдық жағдайлары төмен, алмалы-салмалы пәтерде тұрады. Әжесі бөлік тұрады, бірақ көп жағдайда осы отбасына көмек бере алмайды. Рауан қадағалаусыз болғандықтан себепсіз сабақтан қалады. Мазасыздықты сынағын өткен Раун мазасыздықтың көрсеткіші жоғары (3,6), ахуалдық мазасыздықтың өте жоғары көрсеткіші (4,0) дегенді көрсетті.
Ойымызды тұжырымдасақ, «тәуекел топтағы» толық емес отбасынан шыққан балалар тұлғааралық қатынастар және сонымен отбасындағы коммуникациялар аясында қиыншылықтары бар екенін көрсетеді.
Сонымен, эксперименттің нақтылау кезенінде алынған диагностика нәтижелерін зерттеп, эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде «тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасындағы оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің іс-шаралары ұйымдастырылды. Сол үшін арнайы «тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға психологиялық-педагогикалық жұмыс өткізу жоспары құрастырылды (13-кесте).

Кесте 13

«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасы оқушыларына психологиялық-педагогикалық іс-шаралардың жоспары



Мақсат

жалпы білім беретін мектепте «тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларына психологиялық-педагогикалық іс шаралар арқылы денсаулығы қанағаттарлық, рухани-адамгершілік жағынан тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау

Міндеттер



1. «тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды және олардың отбасы мүшелерімен диагностика өткізу;
2. «тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылардың табысты оқуы мен дамуы, оның әлеуметтенуі үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету

Іс- Шаралар

Мақсаты

Мерзімі

Жауаптылар



Психологиялық-педагогикалық диагностика

Баланың және оның әлеуметтік ортасының мәселелерін диагностикалау:
а) денсаулық жағдайы
б) танымдық қабілеттері
в) тұлғааралық қатынастары;
г) мектепішілік қарым-қатынасы

«тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылардың денсаулық жағдайы, қызығушылық пен қажеттіліктерді, қиындықтарды, даулы жағдайларды, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтау

Қаңтар, 2022ж.

Педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекші

Кестенің жалғасы





«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасы үйлеріне бару



Балаларды тәрбиелеуде педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларын анықтау

Қаңтар, 2022ж.

Педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекші кәмелетке толмағандар жасөспірімдер істер жөніндегі инспектор

Әлеуметтік қорғау

«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасыларының тұрғын-тұрмыстық жағдайларын тексеру және актілерін жүргізу

Мемлекеттік қолдау көрсету үшін толық емес және көпбалалы
отбасындағы балаларды анықтау

Жылына екі рет: мауысым, желтоқсан айлары



Педагог-психолог, сынып жетекші, әлеуметтік педагог, кәмелетке толмағандар жасөспірімдер істер жөніндегі инспектор

«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасындағы балаларды ыстық тамақпен қамту

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету

Оқу жылдың ішінде



Әлеуметтік педагог, сынып жетекші

Киім және керек кеңсе жарақтары түрінде мұқтаждарға материалдық көмек көрсету

Материалдық қамтамасыз ету



Жылына 2 рет

Әлеуметтік педагог, сынып жетекші

Әлеуметтік-құқықтық жұмыс

Оқушылармен жеке жұмыс жасау:
үйірмелерге, секцияларға қатысуын үйлестіру арқылы кәмелетке толмағандардың мүдделерін дамытуға көмек көрсету.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу

Ақпан, 2022ж.

Әлеуметтік педагог, сынып жетекші, кәмелетке толмағандар жасөспірімдер істер жөніндегі инспектор

«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасы ата-аналар арасында «Ата-аналар рингі» атты іс-шара өткізу

Әлеуметтік-құқықтық мәдениет негіздерін қалыптастыру

Ақпан, 2022ж.

Әлеуметтік педагог, сынып жетекші, кәмелетке толмағандар жасөспірімдер істер жөніндегі инспектор

Кестенің жалғасы





Заңгер, дәрігер-нарколог, психолог, психиатрлардың қатысуымен мектеп жағдайында әртүрлі сынып сағаттар, кездесулер өткізу

Құқық бұзушылықты алдын-алу

Наурыз, 2022ж.

Әлеуметтік педагог, педагог-психолог, сынып жетекші

Алдын-алу кеңестерін өткізу

Құқық бұзушылықтың алдын-алу

Наурыз, 2022ж.

Әлеуметтік педагог, сынып жетекші

Психологиялық-педагогикалық жұмыс

«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан балалармен кездесу, жеке кеңес беру

«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан балалармен оқу үлгерімін жақсарту және мептепте басқалармен дұрыс қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту

Наурыз, сәуір
2022ж.

Педагог-психолог, сынып жетекші

«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан балалармен «Менің сабырлық қорым»
тақырыбы бойнша топтық жұмыс тренинг өткізу

«Тәуекел топтағы» балалардың шиеленісті азайтуға, жағымсыз көзқарастардың өзгеруіне, агрессивті мінез-құлықты азайтуға бағытталған

Наурыз, 2022 ж.

Педагог-психолог, сынып жетекші

«Тәуекел топтағы» балалармен квест ойын өткізу

Тәуекел топтағы» балалардың өзін өзіне сенімділік, жауапкершілік сезімдерін дамыту

Наурыз, 2022 ж.

Педагог-психолог, сынып жетекші

«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан балалармен «Оқу және бос уақытта пайда болған жетістіктерінің» қоғамдық тұсаукесеріне қатысу

«Тәуекел тобындағы» балалардың өзі-өзіне сену және адекватты бағалау дағдыларын дамыту

19-Наурыз, 2022ж.

Педагог-психолог, сынып жетекші

«Тәуекел топтағы» толық емес және көпбалалы отбасы оқушыларымен жұмыс жоспары келесі бағыттардан тұрады:

  • психологиялық-педагогикалық диагностика өткізу;

  • әлеуметтік қорғау;

  • әлеуметтік-құқықтық жұмыс;

  • психологиялық-педагогикалық жұмыс.

Әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету алдында диагностика өткізілді, яғни сауалнама, байқау және әңгімелесу әдістері арқылы толық емес отбасының әлеуметтік жағдайы анықталып, мәлімет жинақталды, оның негізінде әлеуметтік карта толтырылды. Мысалы, отбасының тұрмыстық жағдай кесімін талдап, келесі қорытынды жасадық: Рауан Ж., 7 «В» сынып оқушысы толық емес және аз қамтылған отбасында тәрбиеленеді. Шешесі - жалғыз басты ана. Оның тұрақты жұмыс орыны емхана асханасы. Ай сайын – 82.000т. алады.
Әлеуметтік қорғау бағыты бойынша Рауан Ж. толық емес және аз қамтылған отбасынан шыққан бала ретінде ыстық тамақпен қамтылды, сонымен қатар киім және керек кеңсе жарақтары материалдық көмек көрсету ретінде берілді.
Әлеуметтік-құқықтық жұмыс бағыты бойынша толық емес отбасының анасына әлеуметтік-құқықтық қызметтер туралы кеңес берілді. Осы орайда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу туралы ақпарат беріліп, қажетті құжаттарды жинауға колдау көрсетілді.
Қазақстанда 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетіле басталды. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) - бұл ҚР аз қамтылған азаматтарына және табысы төмен отбасыларына мемлекет тарапынан берілетін ақшалай төлем. «Аз қамтамасыз етілген» ұғымын анықтау үшін өлшем жан басына шаққандағы айлық табыстың шамасы болып табылады: егер ол белгіленген кедейлік шегінен төмен болса, онда адамға немесе отбасына мемлекеттен материалдық көмек тиесілі. Жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының бір айдағы жиынтық табысының бір бөлігі, ол отбасының әрбір мүшесіне келеді. Есептеледі де: жалпы табыс-отбасының бір айдағы /отбасы мүшелерінің саны. Қазіргі уақытта кедейлік шегінен төмен табыс болып күнкөріс минимумының 70% - нан төмен табыс саналады.
Қазақстандағы АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін және отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төмен болатын тұлғаларға, яғни 2022 жылы 25 212 теңге мемлекеттік жәрдемақы болып табылады.
2022 жылынан бастап АӘК алу үшін құжаттарды беру рәсімі жеңілдетілді. Егер бұрын құжаттардың және анықтамалардың (барлық балалардың туу туралы куәліктері, неке қию туралы куәліктері, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер, оқу орнының анықтамасы және т.б.) толық пакетін ұсыну қажет болса, қазір атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін сізге тек өтініш беру және жеке куәлік беру қажет. АӘК тағайындау үшін қажет болуы мүмкін тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркеуді.Басқа ешқандай құжаттардың қажеті жоқ – халықты жұмыспен қамту орталықтары мен әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдеріндегі қызметкерлер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден құжаттардың электрондық көшірмелерін алады, ал олар базада болмаған жағдайда-тиісті органдарға өз бетінше сұрау салады.
Рауаның ахуалдық мазасыздықтың өте жоғары көрсеткіші (4,0) болғандықтан мектеп психологымен бірлесе психологиялық кеңес және тренинг өткізілді. Рауан Ж. «Менің сабырлық қорым» тақырыбы бойынша топтық жұмыс және тренингке белсенді қатысты.
Топтық тренингтің үзіндісін қарастырайық.
«Менің сабырлық қорым» тақырыбы бойынша топтық тренинг.
Мақсаты: «тәуекел тобындағы» балаларды тез шешім табуға үйрету.
Нұсқаулық.
Педагог-психолог: әркімнің өмірінде тез және өз бетінше әрекет ету қажет жағдай туындауы мүмкін. Біз қазір әртүрлі мәселелердің шешімін табуды үйренуіміз керек. Мысалы, өзіңіз үшін бірдеңе сатып алыңыз; егер жақын адам ауырып қалса, көмектесу... бұл әр түрлі жағдайлар, сіз өзіңіз әрекет етуіңіз керек және ойланыңыз. Барлаудың негізгі ережелерінің бірін еске түсіруге болады: «Керемет, бірақ кешірек қабылданған шешімден жақсы және жылдам шешім». Сондықтан бүгінгі динамикалық өмірде әрекет ету керек.
Енді «Менің сабырлық қорым» тестінің көмегімен әрқайсыңыз оның өмірдегі кенеттен өзгерістерге қаншалықты дайын екенін, жаңа жағдайды түсінуге, сезінуге және оған бейімделуге болатындығын тексере аласыз. Сіздің алдыңызда 25 ұсыныс бар. Оларды баяу оқыңыз. Егер оқылған сөйлем, сіздің ойыңызша, сізге қатысты болса, оны белгілеңіз, егер жоқ болса – нөл қойыңыз.
Тест сұрақтары:
1. Қандай да бір іс орындаған кезде, мен тез шаршаймын.
2. Мен үлкен қиындықпен бір нәрсеге назар аударамын.
3. Мен кез-келген себеппен алаңдауға бейіммін.
4. Көбінесе мен өзімді жаман сезінемін, жүрек айну болады.
5. Көбінесе мен жауапты нәрсе жасағанда, қолдарым дірілдейді.
6. Жалпы мен жиі алаңдаймын.
7. Мен жиі қорқыныш сезімінде боламын.
8. Шынымды айтсам, мен суық ауа-райында да терлеймін.
9. Маған барлық уақытта бір нәрсе жегім келеді. Мен тұқымдарды, кәмпиттерді, сағызды қатты жақсы көремін.
10. Көбінесе мен іштің ауырсынуын сезінемін.
11. Ұзақ ұйықтаймын.
12. Мен өзіме өте ашуланшақ адам екенімді білемін.
13. Мен басқа адамдарға қарағанда сезімталмын.
14. Менің өмірімде үнемі қызықты нәрсе болады, сондықтан мен үнемі бір нәрсе туралы алаңдаймын.
15. Өкінішті, әрине, мен басқалар сияқты бақытқа жете алмаймын.
16. Шындығында, мен оңай жылай аламын.
17. Мен біреуді немесе бір нәрсені күте алмаймын. Мен әрқашан ашулана бастаймын.
18. Мен жай отыра алмаймын.
19. Мен қиындықтарды жеңе алмаймын.
20. Кейде мен өзімнің дәрменсіздігімді және пайдасыздығымды ешкімге сездірпеймін.
21. Мен өте үлкен ұялшақтықпен ерекшеленетінімді білемін.
22. Маған бәрі қиын.
23. Көбіне мен шиеленісемін.
24. Кейде менде толық әлсіздік пен апатия болады.
25. Қиындықтарды еңсеруге болмайды, мүмкін болса, айналып өту керек деп ойлаймын.
Нұсқаулық.
Бірінші топ -0-5 белгі қойғандар: сіздің кенеттен болатын қиыншылықтар мен өмірдегі күрт өзгерістерге дайын болуыңыз кейде соншалықты жоғары, сондықтан сіз жиі жаңа жағдайдың маңыздылығын бағаламайсыз.
Екінші топ - 6-10 белгі қойғандар: сіздің кенеттен өзгеруге дайын болуыңыз және оларға бейімделу қалыпты жағдай.
Үшінші топ -11-20 белгі қойғандар: өзгерістерге дайын болу және өмірдің жаңа жағдайларында тез шарлау қабілеті төмен.
Төртінші топ -21-25 белгі қойғандар: сізде тым көп алаңдауға бейімділік бар, тек маңызды нәрсе үшін ғана емес, сонымен қатар ұсақ-түйектер үшін де алаңдайсыз.
Педагог-психолог тренинг өткізеді: өмірде әрқайсыңыздың алдында қандай күтпеген жағдай немесе мәселе туындауы мүмкін екенін бірге қарастырайық. Армандайық, мысалдарыңызды ұсынайық. Қатысушылар нақты мысал ұсынады.
Алдын-ала жасалған іс-қимыл жоспарын қолдана отырып, бұл жағдайды қалай шешуге болатынын бірге анықтайық. Балалар талқылап, жоспар жасайды. Әрі қарай, педагог-психолог қандай да бір істі бастай отырып, оны орындау жоспары әрқашан қажет екенін түсіндіреді.
Осылайша, «Менің сабырлық қорым» тест нәтижелері бойынша Рауан үшінші топ қатарына кірді, сондықтан ол ойластырылған әрекеттер жақсы нәтижеге әкелетінін есте ұстауы керек, қазіргі жағдайдан қорықпау және кез-келген әрекеттен бас тартпау үшін оларды алдымен талқылап және алаңдаушылығын жеңу үшін іс-қимыл жоспарын жасау қажет. Рауан тренингке белсенді қатысты (7-сурет).
Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған әлемінде квест ойыны өте танымал. Бұл балалар мен жасөспірімдер арасында танымал ойын, ол қиындықтарды жеңуге және бір нәрсені табуға байланысты белгілі бір мақсатқа жетелейді.
Ағылшын тіліндегі «квест» «іздеу», «ізделетін тақырып» дегенді білдіреді. Квест - бұл ойынның интеллектуалды түрі, оның барысында қатысушылар қиындықтарды жеңіп, логикалық тапсырмаларды шешеді, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға және оларды басқалармен үйлестіруге үйренеді. Бұл ойындар компьютерлік ойындар әлемінен келді және тез танымал болды, бос уақытты өткізудің өзіндік әдісіне айналды.



Сурет 7 «Менің сабырлық қорым» тақырыбы бойынша топтық жұмыс және тренинг

Квест ойындардың пайдасы бар екен: біріншіден, ақыл ой қабілетті дамытады, яғни мидың әр жаңа әрекетпен жаңа нейрондық байланыстар жасайтыны дәлелденді; екіншіден, күрделі, дәстүрлі емес жағдайларға түсу, жаңа эмоция мен сезімдерді алу; үшіншіден, өз қорқыныштарын жеңу; төртіншіден, күнделікті өмірде сирек қолданылатын зейінді, тапқырлықты, түйсікті дамыту; бесіншіден, ұсақ бөлшектерді байқау, жағдайды тұтастай талдау қабілетін жетілдіру; алтыншыдан, басқалармен жұмыс істей білу, бірлескен шешімдерді әзірлеу және ортақ мақсатқа жету; жетіншіден, ұялы телефонсыз және басқа гаджеттерсіз уақыт өткізу мүмкіндігін пайдалану.


Осы орайда, жеткіншектердің және жасөспірімдердің жас және әлеуметтік тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп біз «Бәріміз бірге жеңеміз» атты квест-ойының ұйымдастырып өткіздік.
Ойын балалар мен жасөспірімдердің психоактивті заттарды тұтынуының алдын-алуға, жоғары сынып оқушыларының зияткерлік белсенділігін арттыруға, денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын үйретуге бағытталған.
Квест ойын нұсқаулықтары.
Ойын қатысушылары. Ойынға 5-6 адамнан тұратын 7 сынып оқушыларының топтары қатысты.
Ойынның орны мен уақыты. Орны: мектеп рекриациясы мен кітапхана. Ойынның басталуы: сағат 15-00; аяқталу уақыты: 17.00.
Квесттің мәні тапсырмаларда шифрланған бетте психоактивті заттардың алдын-алу әдістерін табу, тапсырмада қойылған сұраққа объектіде жауап алу және бүкіл тапсырманы мүмкіндігінше тез аяқтау. Қойылған сұрақтарға жауаптар тапсырма парақта толтырылады және ұйымдастырушыларға тапсырылады. Ойын фото тапсырмаларды қамтуы мүмкін. Тапсырмаларды орындау үшін міндетті жабдық болуы керек: камерасы бар ұялы телефон.
Әр дұрыс жауап пен орындалған тапсырма үшін топ ұпай алады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңеді. Ұпайлар тең болған жағдайда тапсырмаларды орындауға аз уақыт жұмсаған топ жеңіске жетеді. Топ тапсырмаларды орындау тәртібін өз бетінше таңдауға құқылы. Сондай-ақ, ол интернет кеңестерді пайдалануға құқылы. Шартты бұзған топ шеттетіледі.
Квест ойын тапсырмалары.
Әрбір топ өз атауы болады. Бізде үш топ болды, олардың атауы: «Жаттығу», «Денсаулық» және «Спорт».
Топтарға маршрут парағы берілді (14-кесте )

Кесте 14

Маршрут парағы

Топтың атауы _______________





бекет

келген уақыты

жөнелген уақыты

ұпай саны

№ 1










№ 2










№ 3










№ 4










№ 5










№ 1-бекет: анаграмманы шешіп, осы бекетті табыңыз: «нехама» (емхана).


«Қуыршақ» ойыны осы кезеңде ойының тақырыбы тұжырымдалып, мәселе қойылады. «Қуыршақ» ойының мәні: біздің өміріміздің белгілі бір аспектілері еліктеледі. «Қуыршақ» қуыршақтың барлық қимылдарын басқарады. Сонымен қатар, әр қатысушы ойын барысында қуыршақ рөліне баруы керек. Қуыршақтардың жалғыз мақсаты - қуыршақ қуыршағын бастапқы нүктеден екіншісіне ауыстыру. Осыдан кейін ойын жүргізуші сұрақтар қояды: басқалар басқаратын қуыршақ қуыршағының рөлін орындау кезінде сіз не сездіңіз? Өзіңізді дұрыс емес кездерде қуыршақ сияқты сезіну жақсы болды ма? Бұл жағдайда бір нәрсе жасауға ниет болды ма? Сізге басқалардың қалауы мен еркіне байланысты болу жағымды болды ма? Бұл ойын қандай өмірлік жағдайды еске түсіреді?
№ 2-бекет: анаграмманы шешіңіз: әріптерді ауыстырылған сөз.
Сөздерді қосу керек: Емадул (демалу), Қулысенад (Денсаулық), РОТСП (спорт), САМСЖА (массаж).
№ 3-бекет: «Сенімділікпен бас тарту ережелері» атты ағашы.
Плакатта жапырақтары бар ағаш бейнеленген, онда сіз жаман әдеттерден бас тарту жолдарын жазуыңыз керек. Оқушылар парақшаны жазып алады. Қиын уақытта кеңес алу үшін жақын адамдарға хабарласқан дұрыс. Қараңыз: олардың айналасында көп нәрсе бар – күлімсіреген ана, мейірімді әже, мықты әке, дана атасы (8-сурет).
Ағаштан дұрыс жапырақтарды алу:
- егер сіз адамға бір нәрседен бас тартқыңыз келсе, оған «жоқ» деп нақты және нақты айтыңыз;
- бас тарту себебін түсіндіріңіз;
- тез жауап беріңіз;
- сізбен адал және ашық сөйлесуді талап етіңіз;
- неліктен сізден қажет емес нәрсені жасауды сұрайтындығын түсіндіруді сұраңыз;
- сіз сөйлейтін адамға қараңыз. Оның мінез – құлқында өзіне деген сенімсіздік белгілері бар жоғын бақылаңыз;
- ренжімеңіз және агрессивті болмаңыз.

Сурет 8 «Сенімділікпен бас тарту ережелері»


№ 4-бекет: «Ромашка» жинаңыз. Әр топқа түймедақ жапырақтары мен өзегі кіретін жиынтық беріледі. Топ бойынша бірінші қатысушы түймедақтың өзегін алып, оны алдын-ала белгіленген сызыққа апарады. Содан кейін ол оралып, эстафетаны келесі қатысушыға жапырақшамен өткізеді. Бүкіл түймедақты тезірек жинайтын топ жеңеді. Топ ең әдемі түймедақ үшін қосымша ұпай алады.
№ 5-бекет: бізге алдаудың қажеті жоқ, сізді алдамайтын, тыныш және жақсы жерде, жаныңызбен демалуға болатын орын қажет. Мұндай орын сіздің отбасыңыз.
«Репка» деген ойын. Ойынға екі топтар қатысады. Бұл атасы, әжесі, қоңызы, немересі, мысық және тышқан. Залдың қарама-қарсы қабырғасында 2 орындық бар. Әр орындықта репа отырады – бала репа бейнеленген шляпада. Ойынды атасы бастайды. Сигнал бойынша ол репаға жүгіреді, жүгіреді және оралады, әжесі оған жабысады, яғни оны белінен алады және олар бірге жүгіруді жалғастырады, қайтадан репа орап, артқа жүгіреді, содан кейін немересі оларға қосылады және т.б. ойынның соңында репа тышқанға жабысады. Репаны тезірек шығарып, бастапқы орнына оралған топ жеңеді.
Марапаттау кезеңі. Ойынға қатысушылар грамоталармен марапатталады және жеңімпаздарға сыйлықтар қарастырылады. Ойын қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау квест аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар үшін сағат 17.00-де өтеді.
Квест ойыны аяқталған соң балалардың ата-аналарына арналған ватсап арқылы жадынама жіберіледі.
Жадынама.
Құрметті ата-аналар!
Психоактивті заттар және денсаулыққа келтірілген зиян есірткіні қолданудың жалпы және сыртқы белгілер:
- терінің бозаруы;
- қызарған немесе бұлтты көздер;
- баяу сөйлеу;
- қозғалыстардың нашар үйлестірілуі.
Мінез-құлық белгілері:
- жақын жерде болып жатқан оқиғаларға немқұрайдылықтың артуы;
- үйден кету және мектепте болмау;
- шоғырлану қиындықтары, есте сақтау қабілетінің нашарлауы;
- сынға жеткіліксіз реакция;
- көңіл-күйдің жиі және күтпеген өзгеруі;
- ақша берудің ерекше өтініштері;
- үйден құндылықтардың, киімнің және басқа заттардың жоғалуы;
- жиі түсініксіз телефон қоңыраулары;
- жаңа күдікті достардың пайда болуы;
- тәбеттің жоғалуы, салмақ жоғалту, кейде шамадан тыс тамақтану;
-созылмалы жөтел.
Дәлел белгілері:
- инъекция, кесу, көгерудің іздері;
- түтікке оралған қағаздар, кішкене қасықтар, капсулалар, бөтелкелер, көпіршіктер.
Квест ойын қатысушылардың фотолары 9-суреттерде берілген.



Сурет 9 Квест ойының қатысушылары


«Тәуекел топтағы балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс барысында «Мозаикалық сынып» атты әдістемесін қолдандық.


Мозаика әдісі немесе топтық пазл (нем. Gruppenpuzzle, ағылш. Jigsaw technique) - 1971 жылы американдық психолог Эллиот Аронсон әзірлеген топтық жұмыстың әдісі. Бұл әдісті қолданған кезде оқушылардың бір-біріне оң тәуелділігі пайда болады, олар жауапкершілікті және ұжымда жұмыс істеуді үйренеді.
«Мозаикалық сынып» әдістемесін қарастырайық.
Жалпы тапсырмамен жұмыс істеу барысында болған өзара іс-қимыл этносаралық оң қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді. Бірақ, бұдан басқа, жұмыстың осы түрін қолдану тұлғааралық және топаралық қатынастарда оң өзгерістерге алып келеді. Бұл әдіс балаларды бір-бірін тыңдауға және үйретуге үйретеді. Ол екі маңызды қағидатты білдіреді:
1) топтың қалған мүшелерінің көмегінсіз тапсырманы ешкім шеше алмайды;
2) топтың әрбір мүшесі өзінің бірегей және қажетті үлесін ортақ іске қосады. Бұл ретте әдістеменің бірегейлігі оқушыларды оқыту үдерісіне белсенді қатысуға итермелейді. Мозаикалық және сараптамалық топтарда қатысушылар тапсырманы орындау үшін бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауы тиіс. Топтың басқа мүшелерімен ынтымақтасқанға дейін ешкім де табысты бола алмайды. Ынтымақтастықта оқыту кең және түрлі педагогикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін білім беру технологиясы ретінде қарастырылғанына қарамастан, ол тек мәдени түрлі мектепте ғана тиімді.
«Мозаикалық сынып» әдістемесі көпмәдени ортада оқыту мәселелерін шешу үшін ойлап табылған. Көптеген зерттеулер балалар үлкен болған сайын, соғұрлым өздерінің этникалық тобының өкілдері арасында достарды таңдайды, соғұрлым олар үшін этникалық ерекшеліктер үлкен рөл атқара бастайды, басқа нәсілдердің өкілдеріне қатысты сенімсіздік күшейе түседі. Мұндай қарым-қатынастарға қарама-қайшы, мозаикалық сыныптардағы зерттеулер оқушылардың этникалық белгілеріне қарамастан, бірінші кезекте мінез-құлқына, нақты адамның іс-әрекетіне байланысты достық байланыстарды орнататынын көрсетеді. Мұндай нәтижеге топтардың сауатты құрамы, олардың аралас сипаты арқасында қол жеткізіледі – әр түрлі жыныстағы, этникалық қатыстылығы, үлгерім деңгейі бірге жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ бұл жалғыз маңызды фактор емес.
Біріншіден, ынтымақтастықта оқыту тұлғааралық аттракцияға ықпал етеді, қарапайым айтқанда, оқушылар арасында өзара ықылас пайда болады.
Екіншіден, кооперативтік оқытудың бәсекелестікпен салыстырғанда артықшылығы анықталды, ол позитивті этностық ұстанымдарды дамытуға, әртүрлі мәдениет өкілдері арасында достық қарым-қатынасты орнатуға ықпал етеді, басқа ұлт өкілдеріне қатысты теріс бағаларды төмендетеді. Аралас топтарда жұмыс істеу оқушыларға бір-бірін жақсы білуге мүмкіндік береді, олар бір-бірін түсінеді, этникалық стереотиптерге аз сенеді және әр адамды жеке тұлға ретінде көбірек қарастырады. Мұндай оқытудың этносаралық қарым-қатынастарына оң әсері әдістемені пайдаланудың алғашқы аптасында байқалады және бұл жағымды қарым-қатынас одан әрі сақталады. Зерттеушілер бұл оқу процесі және когнитивті категориялардың өзгеруімен байланыстырады. Әр түрлі этникалық топтарға жататын балаларда бәсекелестік ортада өзара іс-қимыл жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан олар өздерінің этникалық тобы шеңберінде тұйықталуға бейім және қалғандарын «басқа» деп қабылдайды, бұл жиі теріс қабылдау. «Мозаикалық сынып» әдістемесі не береді? Басқалармен өзара іс-қимыл кезінде біз оларды «бөтен» деп қабылдауды тоқтатамыз, ортақ «біз» пайда болады. Егер «біз» – топ болса және белгілі бір тапсырманы бірге орындау керек, сонымен бірге оны сәтті және жақсырақ басқа топтарды жеңе білуіміз керек болса, онда біз ұлты бойынша кім, біздің арамыздағы айырмашылықтар бар. Санаттау тетігі бұрын сияқты маңызды рөл атқармайды, өйткені біз адамдарды олардың іс-әрекеттеріне, жеке ерекшеліктеріне, іскерлігіне қарай бағалай бастаймыз. Топ мүшелері бір-бірін, ең алдымен, олар қандай да бір мүшенің қандай пайдалы дағдыларға ие екенін үйренуі мүмкін деген көзқарас тұрғысынан қарай бастайды. Сонымен қатар, мозаикалық әдіс эмпатияны дамытады – өзін басқаның орнына қоя білу қабілеті.
Сонымен қатар, Рауанды Ж. мектеп және сыныптың әртүрлі іс-шараларына қатыстыруға тырыстық. Рауан Ж. өте белсенді келесі іс-шараларға қатысты: «Оқу және бос уақытта пайда болған жетістіктер» атты қоғамдық тұсаукесерге қатысты. 10-суретте Рауан Ж. қолымен жасаған өнімі, яғни «Жолбарыс» атты күйдіру жұмысы көрсетілген.

Сурет 10 «Жолбарыс»


Эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде Ч.Д. Спилбергер (АҚШ) және Ю.Л. Ханинмен әзірлеген мазасыздықты зерттеу және өзін-өзі бағалау әдістемесі пайдаланды. Алынған нәтижелер арнайы ұйымдастырылған психологиялық-педагогикалық жұмыстың тиімділігін көрсетті.
11-суретте эксперименттің нақтылау және қалыптастырушы кезеңінде алынған нәтижелер көрсетілген.

Сурет 11 Эксперименттің нақтылау және қалыптастырушы кезеңінде алынған нәтижелер

Нақтылау кезеңінде мазасыздық көрсеткіші 3,6 жоғары деңгейде болды, ал қалыптастырушы кезеңінде 2,6 орта деңгейге түсті. Ахуалдық мазасыздық көрсеткіш нақтылау кезеңінде 4,0 жоғары деңгейде, ал қалыптастырушы кезеңінде 3,2 орташа деңгейде екенін көрсетті.


Осылайша, жалпы білім беретін мектеп жағдайында «Тәуекел топтағы балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс арнайы әзірленген жоспар бойынша іске асты және эксперимент нәтижелері бойынша оң динамика қөрсеткенін талдып, өңдеп диаграмма арқылы көрсеттік.

Қорытынды


Қазақстанда соңғы жылдары «тәуекел тобындағы» балалардың мәселесі педагогика мен психология және медицина мен физиология саласында маңызды болып саналады. Қазіргі мектепте оқушылардың 20% - дан астамы – «тәуекел тобының» балалары. Осы санаттағы балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың тиімділігі әдістер мен ұйымдастыру формаларына байланысты. Сондықтан, дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты: «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың әдістері мен формаларын анықтау деп белгіленді.
Зерттеу мақсатына жету үшін және болжамды дәлелдеу үшін зерттеудің міндеттері шешілді.
1) «Тәуекел топ», «тәуекел тобындағы» балалар ұғымдар түсінігінің мәні ғылыми әдебиетті зерттеу негізінде ашылды. «Тәуекел топ» – бұл медициналық-әлеуметтанулық термин, белгілі бір медициналық, әлеуметтік жағдайларға немесе қоршаған орта әсерлеріне тап болатын осал халық өкілдеріне арналған термин. Мысалы, медицинада «тәуекел топ» дәстүрлі түрде адамдардың кәсіби қызметінің сипатына байланысты мүмкін болатын аурулардың, жарақаттардың және денсаулықтың басқа да бұзылуларының, сонымен қатар, олардың өмірінің әлеуметтік жағдайлары, мінез-құлық ерекшеліктері теріс өзгеруі деп анықталады.
Әлеуметтануда «тәуекел тобы» - қоғамның осал мүшелері немесе белгілі бір медициналық немесе әлеуметтік жағдайлардан зардап шегуі мүмкіндігі бар әлеуметтік топтар, сондай-ақ қылмыстық немесе құқық бұзушылық әрекеттерді жасау ықтималдығы жоғары халық санаттары бар деп түсініледі.
Заң саласында «Тәуекел тобындағы» балалар - бұл өз өмірінің белгілі бір жағдайларына байланысты басқа санаттарға қарағанда қоғам мен оның қылмыстық топтары тарапынан жағымсыз сыртқы әсерлерге ұшырайтын, кәмелетке толмағандардың нашар бейімделген балалар санаты.
Психологияда, педагогикада және әлеуметтік педагогикада «тәуекел тобындағы» балалардың оқуда, психикалық дамуда, әлеуметтік бейімделуде, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынаста, жалпы әлеуметтенуде қиындықтарға тап болған балалар жатады.
Балалар «тәуекел тобына» туылғандықтан емес, көбінесе әртүрлі қауіп факторларының әсерінен пайда болады. Осы факторлардың ішінде келесі негізгі топтарды бөліп көрсетуге болады: биологиялық-медициналық (денсаулық, тұқым қуалаушылық және туа біткен қасиеттер, психикалық және физикалық дамудағы бұзылулар, құрсақішілік даму жарақаттары және т.б.); әлеуметтік-экономикалық (отбасының материалдық мәселелері, отбасындағы қолайсыз психологиялық климат, ата-ананың әдепсіз бейне өмірі, қоғамда өмір сүре алмау және т.б.); психологиялық (өзінен бас тарту, невротикалық реакциялар, эмоционалдық тұрақсыздық, құрдастар мен ересектер арасында қарым-қатынас және өзара әрекеттесу қиындықтары т.б.); педагогикалық (балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, психикалық даму қарқыны оқыту кезде есепке алмауы, сондықтан бағдарламалар мазмұнының сәйкессіздігі пайда болады; оқуға деген қызығушылықтың болмауы, жақындығы оң тәжірибені қабылдамауы, оқушы деген бейнесіне сәйкес келмеу және т.б.).
«Тәуекел тобындағы» балалар ұғымының мәнін толық ашу үшін «тәуекел тобындағы» балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін қарастырдық.
Ғалымдар тәуекел тобына жататын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сипаттады. Жалпы алғанда, олар балалардың психикалық дамуының баяу қарқыны, интеллектуалдық дамуының төмен деңгейі, эмоционалдық сферасы мен қиялының нашарлығы, бейімделушілік, өзін-өзі реттеу дағдылары мен дұрыс мінез-құлқының болмауы, оқуда артта қалу, құрдастарымен қақтығыстарға түсу және т.б. Атап айту керек, ғалымдар «тәуекел тобындағы» балалардың әр жас кезеңіне жеке тоқталды.
Педагогикалық-психологиялық әдебиетті зерттеп, біз «тәуекел тобындағы» балалардың жас кезеңділігіне қарай психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін қарастырдық. Бұл ерекшеліктер келесі: басқа адамдармен қарым-қатынастағы қиындықтар; сезімнің үстірттігі, тәуелділігі, басқалардың қалауы бойынша өмір сүру әдеті байқалады. Өзін-өзі тану және объективті түрінде өзін бағалауы қалыптаспаған; оқу материалын меңгеруде қиындықтар бар, өрескел бұзушылықтарды көрсетеді, яғни тәртіпсіздік, қаңғыбастық, ұрлық жасау. Оларда мазасыздық пен агрессивтіліктің жоғары деңгейі болады. Қызығушылықтары шектеулі: үйден көшеге шығу немесе қашу, суицидтік мінез-құлық көрсету
2) «Тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың құрылымы мен мазмұны қарастырылды. «Тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс дегеніміз бұл оқыту мен тәрбиелеудің бейімделген жүйесі, оның мазмұны, әдістері мен ұйымдастырушылық формалары, оқыту мен тәрбиелеуде мәселелері бар балалар үшін қолайлы білім беру және тәрбиелік орта құру.
Психологиялық-педагогикалық жұмыстың негізгі мақсаты - баланың дамуына және әлеуметтендіруіне тиімді жағдай жасау, жанұя мен мектептің арасындағы байланыс пен әріптестік қатынасты жүргізіп отыру. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық, психологиялық және өмірлік-практикалық міндеттерді орындау қажет.
«Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыс келесі принциптерге негізделінеді:
- жүйелілік принципі «тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларының психологиялық-педагогикалық мәселелерін кешенді түрінде анықтау және психологиялық-педагогикалық жұмысында қол жетімді әдістер мен формаларын пайдалануды көздейді;
- баланың оң қасиеттеріне сүйену принципі балаға өз күшін белсендіруді және жағдайдың оң нәтижесіне сенуді білдіреді;
- даралау принципі әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеруді талап етеді;
- психологиялық-педагогикалық жұмыс өмірмен байланысты принципі әлеуметтік орта, адамдардың іс-әрекеті, түрлі мәдени құндылықтармен қарым-қатынасты қалыптастыруды көздейді;
-психологиялық-педагогикалық жұмыстың біртұтастық және сабақтастық принципі мектеп, отбасы, қоғам және мәдени-демалыс мекемелерінің тәрбиелік ықпалының жүйелілігін білдіреді.
3) Шет елдердің «тәуекел» тобындағы балалармен жұмыс тәжірибесі зерттелді. Ерекше назарамызда Ұлыбритания, Швеция және Германия елдерінің тәжірибесі болды. Шет елдерде «тәуекел» тобындағы балалармен арнайы жұмыс және қолдау іс-шараларды әлеуметтік қызметкер мен психолог жүргізеді. Біз ойымызша, шетелдік оң тәжірибені есепке алу керек.
4) Отбасы - қоғамның негізгі әлеуметтік институты және психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жүйе. Философия тұрғыда отбасы - әлеуметтік топтың ең көп тараған түрі, қоғамның негізгі ұяшығы, онда адам дүниеге келеді, дамиды және жеке тұлға болып қалыптасады. Əлеуметтанушылар отбасының мәнін ортақ өмір, ортақ мүдде, өзара қамқорлық сипатындағы адамдардың неке, туыстық, тəрбиелеуге балаларды отбасына қабылдауы арқылы құрылған одағы деп түсіндіреді. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы деген анықтама берілген.
Психология саласында отбасы - бұл кіші топ, оның мүшелері қарым-қатынас пен араласу және бір-бірімен эмоционалды байланыста болады деп анықтама берілген.
Педагогикада отбасы — белгілі бір әлеуметтік нормалар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады деп анықтама берілген.
Отбасы - қоғамның негізгі әлеуметтік институты ретінде бірнеше қызметтерді атқарады. Отбасы қызметі дегеніміз отбасы мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тәсілі. Отбасы баланың дамуы мен әлеуметтенуіне ерекше әсер етеді.
5) Өскемен қаласының № 16 З. Ахметов атындағы орта мектеп «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмысының практикалық аспектілері зерттелді. Жалпы №16 З. Ахметов атындағы орта мектебінде әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық қызметтің қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі жұмысын қанағаттанарлық деп санауға болады.
6) Эксперименттік зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері және зерттеу әдістемелердің сипаттамасы мен барысы. Қойылған міндеттердің шешімі және болжамды зерттеу үшін келесі зерттеу әдістері пайдаланды: ғылыми әдебиеттерді талдау; анализ және синтез; модельдеу; байқау; әңгімелесу; құжаттарды зерттеу; сауалнама; психодиагностикалық зерттеу әдістемелері: Э.Г. Эйдемиллер мен О.В. Черемисин жасаған «Отбасылық социограмма» атты тесті; Ч.Д. Спилбергер және Ю.Л. Ханинның мазасыздықты зерттеу сынағы. Зерттеудің эксперименталдық базасы: Өскемен қаласы №16 З. Ахметов атындағы орта мектеп. Зерттеуге қатысқандар – 6 оқушы. Олардың ішінен бір оқушы жан-жақты зерттеуден өтіп, әр түрлі іс-шараларға қатысты. Эксперимент кезінде әзірленген жоспар бойынша педагогикалық-психологиялық іс-шаралар өткізілді. Жоспарланған жұмыс арқылы оң нәтиже алынды. Мысалы, мазасыздық сынағын өткен Раун мазасыздықтың көрсеткіші орташа (2,6), ахуалдық мазасыздықтың орташа көрсеткіші (3,2) дегенді көрсетті. Бұл педагогикалық-психологиялық жұмыстың оң нәтижесі.
Сонымен, зерттеудің болжамы дәленделді және қойылған мақсатқа жеттік.

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ


1. Основы социальной медицины: учебник для СПО /под ред. А.В. Мартыненко - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Издательство Юрайт, 2019. - 375 с.
2. Аберкромби Н. Социологический словарь /Н.Аберкромби, С.Хилл, Б.С.Тернер; /пер. с англ. И.Г.Ясавеева под ред. С.А.Ерофеева. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ЗАО «Изд-во «Экономика», 2004. – 620 с.
3. Кон И.С. Социология личности /И.С. Кон - М.: Политиздат, 1967 - 383 с.
4. Ветошкин С.А. Ювенальное право: учеб. пособие /С.А. Ветошкин - Екатеринбург: Изд-во Рос. гос. проф.-пед. ун-та, 2008. - 169 с.
5. Олиференко Л.Я. Социально-педагогическая поддержка детей группы риска: учеб. пособие /Л.Я. Олиференко, Т.И. Шульга – М.: «Академия», 2008 – 256 с.
6. Рыбакова Л.А., Бабынина Т.Ф. Дети группы риска: особенности развития, психолого-педагогические технологии работы с детьми группы риска: учеб. пособие /Л.А. Рыбакова, Т.Ф. Бабынина. – Казань: Издательство «Бриг», 2015. – 200 с.
7. Беличева С.А. Социально-педагогическая поддержка детей и семей «группы риска» / С.А. Беличева - М., 2006 – 237 с.
8. Психология: энциклопедиялық сөздік /Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б.
9. Губайдуллина Г.Н. Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар: оқу құралы: дәріс кешені / Губайдуллина Г.Н. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕ АҚ «Берел» баспасы, 2020. – 120 б.
10. Колокольникова З.У. Педагогическая анимация: учеб. пособие. /З.У. Колокольникова – Красноярск: Сибирский федеральный университет, 2015. – 246 с.
11. Джуринский А.Н. Сравнительная педагогика: учебник для магистров. — 2-е изд., перераб. и доп. /А.Н. Джуринский - М.: Издательство Юрайт, 2014. — 440 с.
12. Хайруллин И.Т. Сравнительная педагогика: Краткий конспект лекций /И.Т. Хайруллин - Каз.федер.ун-т. – Казань, 2013. – 118 с.
13. Пэйн М. Социальная работа: современная теория / М. Пэйн – М.: Академия, 2007 – 205 с.
14. Хрестоматия по сравнительной педагогике [Электронный ресурс] /сост. И.А. Яценко - Краснояр. гос. пед. ун-т им. В.П. Астафьева. – Красноярск, 2013. //files.wordpress.com
15. Ожегов С.И. Словарь русского языка /Под ред. Шведовой Н.Ю. – 20-издание – М.: русский язык, 1989 – 1063 с.
16. Энциклопедический словарь – М., 2013 – 780 с.
17. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы: ғылыми басылым. // Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. - Алматы:Дәуір. 4-ші т.: Қазіргі заман философиясы. - 2019. - 419 б.
18. Бринкерход Д., Уейтс Р., Ортега Әлеуметтану негіздері /ауд. М.И.Амандосова, Ж.Бөрібаева, Г.Ғ.Қалдыбаева // Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. - Алматы, 2018 – 455 б.
19. Гидденс Э. Социология / При участии К. Бердсолл: Пер. с англ. Изд. 2-е, полностью перераб. и доп. - М.: Едиториал УРСС, 2005. - 632 с.
20. Эндрюс Н. Азаматтық іс жүргізу: ғылыми басылым. - 1-ші басылым. - Нұр-Сұлтан; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2020. 2-ші т.: Медиация және арбитраж. - 2020. - 408 б.
21. Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі /Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-V Заңы // www. adilet.kz
22. Майерс Д. Әлеуметтік психология: оқулық - Ұлттық аударма бюросы. - 12-ші басылым. - Алматы: Дәуір, 2018. - 648 б.
23. Шунк Д. Х. Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі: оқулық - Ұлттық аударма бюросы. - 7-ші басылым. - Алматы: Дәуір, 2019. - 607 б.
24. Мардахаев Л.В. Социальная педагогика: учебник. - М.: Гардарики, 2005. - 269 с.
25. Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Заңы /Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114-IV Заңы // www. adilet.kz
26. Эйдемиллер Э.Г. Проективная методика «Семейная социограмма» / Э.Г. Эйдемиллер – М., 1990 – 18 с.
27. Спилбергер Ч.Д. Методика «Шкала ситуативной тревожности» / Ч.Д. Спилбергер – М., 1996 – 107 с.

ҚОСЫМША А




Психологиялық-педагогикалық тренинг.
Тақырып: 7-сынып оқушыларының әлеуметтік-психологиялық бейімделуі.
Тренинг мақсаты: сыныпта жағымды көніл-күй мен өзара қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру.
- Сыныпта өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу.
- Қарым-қатынасқа түсу дағдысын қалыптастыру, өз сенімділігін арттыру, адамдар арасындағы қарым – қатынастың мәнін түсіну.
- Жеке тұлғаның өзін-өзі тани білуін, өзін-өзі бағалай білуіне бағыттау.
- Айналадағы адамдардың көңіл-күйін сезінуді дамыту және өзінің эмоциясын дұрыс көрсетуді қадағалау.
- Жекелік өсудегі (жеке адам) бейімделу мен қатар өз ортасына қалыптаса білуге тәрбиелеу.
Тренинг қатысушылары: 7-сынып оқушылары.
Тренинг әдістері: ойын жаттығулар, релаксация, топтық жұмыс.
Тренинг уақыты: 50 минут
Қажетті құрал-жабдықтар: А4 формат қағазы, қалам, әр түрлі фигуралар, мультипроектор, қоқыс жәшігі т.б.
Тренинг ережесі:

  • Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру.

  • Шынайы болу ережесі.

  • Сөзді және әрекетті бағалауға болмайды.

  • Жауапкершілік ережесін сақтау.

  • Тыңдап ал, содан кейін айт ережесі.

  • Белсенді болу ережесі.

Тренинг барысы 3 кезеңнен тұрады.
1. Кіріспе. Кезеңнің мақсаты: тренинг мақсаты мен ережелерін таныстыру.
2. Негізгі кезең. Кезеңнің мақсаты: өзін-өзі тану процессін белсендіру. Өзіндік маңыздылығы мен құндылығын көтермелеу мен қатар, өзін дамыту мен тәрбиелеу түрткісін қалыптастыру.
3. Қорытынды кезең.
Танысу жаттығуы (10 минут): оқушылармен сәлемдесу; көңіл-күйлерін сұрау.
«Қар домалағы» атты ойын. Мазмұны: топ шеңберге шығады, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қоямыз, жымия қарап күлімсірейміз. Әр амандасу рәсімінің ерекшеліктері бар. Бүгін біз амандасу барысында бас әріпі өз есімімізден басталатын жақсы қасиеттерді бір-бірімізге айтамыз.
Жаттығу «Досым, қалың қалай?» (10 минут). Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру, бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту.
Шарты: оқушылар дөңгелене тұрады, психолог-педагог қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды.
1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады;
2 рет шапалақтаған кезде – бір – бірін құшақтайды;
3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады.
Жаттығу «Сенімділік» (15 минут). Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.
Шарты: оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1, 2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазады, ортасы екіге жыртылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.
Күнделікті өмірде біз әртүрлі мәселелермен кездесіп отырамыз. Сол қиындықтар кейде біздің өмірімізді қиындататын кездері де болады. Егерде жақсылап ойланатын болсақ, осы мәселелерді шешу жолдарын табу өз қолымыздан да келеді.
Жаттығу «Атомдар мен молекулалар» (15 минут). Мақсаты: қарым-қатынасты дамытуға арналған.
Шарты: Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.
Жаттығу «Сиқырлы қобдиша». Нұсқау: қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Релаксация: әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. Өздеріңізге ұнаған фигураны таңданыздар.
Түсіндіру.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға болады.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетің жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Жаттығу «Автопортрет» (15 минут).
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты: сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б..
Жаттығу «Мен басқаның көзімен».
Нұсқау: педагог-психолог алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу шарты: портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады.
Жаттығу «Жүйрік ой». Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз:
- Маған қажет қасиеттер, мыналар......
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар:......
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар....
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі.....
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
Жаттығу «Қайта байланыс». Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
- Тренингте ең бірінші не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?
Жаттығу «Өрмекші торы».
Нұсқау: қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек. Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет