Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


5-мәтін

149
Оқылым бөлігі
А) Алманың Қазақстанда кездесетін түрлері сипатталады. 
В) Қазақстанның экологиясын таза сақтау жолдары сипатталады.
С) Ұрпақ денсаулығын сақтау жолдары туралы баяндалады. 
D) Адам ағзасына зиянды газдар мен олардың зияны туралы баяндалады. 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
21
1) Мәтінде алманың Қазақстанда кездесетін түрлері туралы ақпарат берілгенімен, ол мәтінннің 
негізгі ойын білдіремейді, қосымша ақпарат ретінде пайдаланылады. 
2) Мәтінде "экологияны таза сақтауымыз қажетті" деген сөздер бар, ал нақты сақтау жолдары 
көрсетілмеген.
3)  Мәтінде  денсаулықты  күту  және  жеміс-жидектердің  адам  азғасына  пайдасы,  ұрпақ  
болашағы туралы ақпарат – негізгі ақпарат болып табылады.
4) Мәтін мазмұны бойынша адам ағзасына зиянды газдар туралы қосымша мәлімет беріліп 
өткен.
А) Пайдалы қазбалар 
В) Денсаулық – ұрпақ болашағы
С) Денсаулықты сақтау жолдары
D) Қазақстан денсаулық сақтау ұйымдары
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
22
1) Мәтін мазмұнында пайдалы қазбалар жайлы азырақ мәлімет қамтылған, бірақ ол мәтінге 
тақырып болуға жарамайды. 
2)  Мәтін  мазмұны  бойынша  денсаулыққа  зиянды  нәрселерден  қорғану,  ұрпақ  болашағы  өз 
қолымызда екені жайлы айтылған. Ол ақпарат мәтін мазмұнын толық қамтып тұр. 
3)  Мәтін  мазмұнында  денсаулықты  күту  керек  екендігі,  денсаулықты  сақтаудың  жолдары 
туралы пайдалы кеңестер берілген. Ол да мәтін мазмұнын толық ашып тұрған жоқ.
4) Мәтін мазмұнында Қазақстанның денсаулық ұйымдары туралы ешқандай ақпарат жоқ.
А) Тазалық – денсаулық кепілі. 
В) Қазақстанда Сиверс алмасы көп кездеседі.
С) Денсаулығы жақсы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі.
D) Тыныс алудың қиындауы – аурудың ең алғашқы белгісі.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
23
1) Мәтін мазмұны бойынша бұл қорытынды соңғы бөлігінде берілген, мәтіннің жалпы мазмұнын 
нақтыламайды.  
2)  Мәтін  мазмұны  бойынша  Сиверс  алмасының  елімізде  кездесетіндігі  жайлы  ақпарат  бар 
болғанымен, мәтін мазмұнын қорытындыламайды.
3)  «Денсаулығы  мықты  білімді  ұрпақ  –  еліміздің  жарқын  болашағы»  деген  ақпарат  мәтін 
мазмұнын нақтылай алады.
4)  Мәтін  мазмұнындағы  тыныс  алудың  қиындауы  аурудың  алғашқы  белгісі  екендігі  туралы 
ақпарат мәтін мазмұнын қорытындылай алмайды.
А) Адамның дені сау болу үшін оны күту керек. 
В) Ұрпақ денсаулығы өз қолымызда.
С) Аурудың алдын алу керек. 
D) Алманың 36 түрі бар.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
24
1) Бұл өте маңызды, негізгі ақпаратқа жатады.
2) Ұрпақ денсаулығы жөніндегі ақпарат маңызды болып табылады. 
3) Мәтінде аурудың алдын алу керек деген ақпарат маңызды.
4) Алма түрлерінің саны туралы ақпарат қосымша берілген.

150
А) Еліміздің жарқын болашағы
В) Өндірістің денсаулыққа әсері
С) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
D) Қазақстанның басты байлығы – мұнай.  
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзоголовок для первого абзаца текста.
25
1) Бұл тақырып бірінші азатжолының негізгі ақпараты емес, себебі Қазақстанның болашағы 
баяндалмайды.
2) Бірінші азатжолының негізгі ойы 
– 
өндіріс орындарының адам ағзасына тигізетін әсері жайлы.
3) Бұл мекеме мысал ретінде келтірілген.
4)  Мәтінде  мұнай  туралы  ақпарат  берілгенімен,  бұл  бірінші  азатжолының  негізгі  ақпараты 
емес.
Менің аты-жөнім  Айдарханов Дәурен. Менің мамандығым  журналист. Маған 
бұл мамандық бала кезімнен ұнайды. Мен 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық  университетінің  журналистика  факультетін  бітіріп  шықтым.  Алғашқы 
еңбек жолымды елімізде жаңадан ашылған «Балапан» телеарнасында журналистік 
қызметтен бастадым. 
Өзім  қызмет  атқаратын  сүйікті  телеарнам  жайлы  айтып  өтсем,  бесіктен  белi 
шыққан кiшкентай нәрестеден бастап, тiлi былдырлап шыға бастаған балғындарды 
экранның  алдына  жинайтын  «Балапан»  телеарнасының  бiр  артықшылығы  өз 
хабарларын тек қана мемлекеттiк тiлде таратады. Бұл  әуелгi кезекте, баласы 
қазақша тiл сындырмаған отбасыларға таптырмайтын тәрбиелiк құрал. 
Қазақстанда  электронды  ақпарат  құралының  қатарына  қосылған  «Балапан» 
телеарнасы  таңғы  оннан  кешкi  онға  дейiн  балаларға  базарлық  тарту  етпек.  Бұл 
интеллектуалды  жобаның  жүзеге  асуын  «Қазақстан»  ұлттық  телеарнасы  өз 
мойнына алып отыр. Балалар ендi «Алақай, балақай!» хабарымен бiрге оянатын 
болады. Спорттық ойын-сауық бағдарламасының арқасында денелерiн шынықтырып, 
бой  сергiтiп  алуға  мүмкiндiк  бар.  Бүлдiршiндер  телеарна  арқылы  ана  тiлiнде  әрiп 
танып,  шығармашылық  қабiлеттерiн  де  шыңдай  алады.  Эфирде  тұрақты  түрде 
«Әлiппе», «Ғажайыпстанға саяхат», «Айжұлдыз» сынды танымдық бағдарламалар 
көрсетiлмек.  «Айгөлек»  тасада  жүрген  жас  таланттарды  ашса,  «Шеберханада» 
балалар түрлi өнерлердi игередi. Сонымен қатар үш пен он жас аралығындағы балаларға 
арналған ұлттық мәдениет пен әдебиетке де қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа 
байланысты хабарлар саны да дайындалыпты. «Балапан» телеарнасының жетекшiсi 
Жанар Шәмелдiң айтуынша, «Балапанның» хабарларының бәрi де педагог-психолог 
мамандардың  қатысуымен,  балалардың  жас  ерекшелiктерi  мен  мiнез-құлықтарын 
ескере отырып жасалады. Мұның сыртында әлемдiк балалар киносы мен анимациялық 
фильмдердiң ең үздiк туындылары «Қазақстан» ұлттық арнасының дубляж бөлiмiнде 
қазақша дыбысталып, ұсынылмақшы.
«Балапан»  тек  қазақ  тiлiнде  шығады.  Ендi  бiздiң  алдымызда  «Балапанды» 
ғарыштық байланыс арқылы әр елдi мекенге, әр ауылға тарату мақсаты тұр. Маған 
өз қызметім мен өзім қызмет жасайтын «Балапан» телеарнасы қатты ұнайды. 
6-мәтін

151
Оқылым бөлігі
А) «Қазақстан» ұлттық телеарнасының қызметі сипатталады.
В) «Балапан» телеарнасының жетекшісі Жанар Шәмел туралы баяндалады. 
С) Өзінің және «Балапан» телеарнасының жұмысы туралы мәлімет берілген.
D) «Айгөлек» тасада жүрген жас таланттарды елге танытып, жол ашып береді.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
26
1) Мәтін мазмұны бойынша «Қазақстан» телеарнасының ашқан белгілі бір арнасы жайлы, ал 
жалпы ұлттық арна туралы мәлімет мәтінде қамтылмаған.
2) Мәтін мазмұнында «Балапан» телеарнасының жетекшісі Жанар Шәмел туралы айтылып 
өткенімен ақпарат негізгі ойды білдірмейді. 
3) Мәтін мазмұны бойынша Дәуреннің өз қызметі мен жұмыс істейтін «Балапан» телеарнасы 
туралы ақпарат мәтіннің негізгі ойын білдіреді. 
4) Мәтін мазмұны бойынша ұлттық арнадағы «Айгөлек» жобасы қазақстандық телеарналар 
туралы ақпарат қамтылғанымен, негізгі ақпарат емес.
А) Менің сүйікті жұмысым
В) «Қазақстан» телеарнасы
С) Менің мамандығым
D) "Балапан" телеарнасы
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
27
1)  Автордың  негізгі  мақсаты 
– 
өзінің  жұмыс  орны  туралы,  жұмысы  өзіне  ұнайтыны  туралы 
ақпарат беру. 
2) Мәтін «Балапан» телеарнасы жайлы болғандықтан, мазмұнындағы «Қазақстан» телеарнасы 
туралы ақпарат негізгі болып саналмайды. 
3) Мәтін мазмұнында автордың мамандығы туралы ақпарат бар, негізгі ақпарат емес.
4) Негізгі ой жалпы "Балапан" телеарнасы емес, сонда жұмыс істейтін қызметкер туралы.
А) Жанар Шәмел – "Балапан" телеарнасының жетекшісі. 
В) 2012 жылы балаларға арналған «Балапан» телеарнасы ашылады.
С) «Балапан» – балаларға қазақ тілін үйрететін негізгі арналардың бірі.
D) «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Әліппе» бағдарламасы ашылды.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
28
1) Мәтінде Жанар Шәмел туралы ақпарат бар, бірақ негізгі емес, мәтіннің жалпы мазмұнын 
ашпайды.
2)  2012  жылы  «Балапан»  телеарнасының  ашылатындығы  туралы  ақпарат  мәтін  мазмұнын 
нақты болғанымен, мәтін мазмұнын қорытындылай алмайды. 
3) «Балапан» – балаларға қазақ тілін үйретуге арналған арна. Сондықтан, аталған ақпарат 
мәтіннің мазмұнын нақтылайтын қорытындыға жатады. 
4) Мәтін мазмұнында «Қазақстан» телеарнасында «Әліппе» бағдарламасының ашылғандығы 
туралы ақпарат кездеспейді.
А) «Балапан» – балаларға арналған телеарна.
В) Университетте журналистика факультеті бар.
С) Дәурен «Балапан» телеарнасында қызмет істейді. 
D) Алдағы мақсат – «Балапан» телеарнасын әр ауылға тарату.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
29
1)  Бағдарламаның  балаларға  арналғандығы  жайлы  ақпарат  мәтін  мазмұнындағы  маңызды 
ақпаратқа жатады.
2)  Мәтінде  журналистика  факультеті  туралы  ақпарат  берілгенімен,  бұл  ақпарат  маңызды 
ақпарат емес. 
3) Мәтінде Дәуреннің телеарнада қызмет істейтіндігі туралы ақпарат маңызды болып тұр. 
4) Мәтінде телеарнаны әр ауылға тарату туралы ақпарат маңызды болып табылады. 

152
А) Ұлттық телеарна
В) Электронды ақпарат құралдары
С) Телеарна бағдарламалары
D) "Алақай, балақай!" хабары
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для третьего абзаца.
30
1) Мұнда ұлттық телеарнаның қызметі жайлы, қосымша айтылып өткендіктен, үшінші азатжолға 
ол тақырып бола алмайды.
2) Мәтіннің үшінші азатжолында "Балапан" телеарнасы электронды ақпарат құралдарының 
қатарына қосылған" деген ақпараттан басқа ақпарат жоқ. 
3) Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша бола алатын телеарна бағдарламалары 
туралы ақпарат бар.
4)  Мәтіннің  үшінші  азатжолында  тек    қана  "Алақай,  балақай!"  туралы  емес,  басқа  да 
бағдарламалар туралы айтылған.
«Хабар»    еліміздегі  жетекші  телеарналардың  бірі.  Осыған  орай  оған  бүгінде 
артылатын жауапкершіліктің де салмағы ауыр. Ал министрлік агенттік тарапынан 
ұсынылған  кез  келген  бастаманы  қолдауға  дайын»,  -  деді  Мәдениет,  ақпарат 
және  байланыс  министрі.  Келесі  жылдан  бастап  «Хабар»  агенттігі»  Акционерлік 
қоғамын қаржыландыру айтарлықтай ұлғаятын болады. Алдын ала есеп бойынша ол  
6 миллиард 200 миллион теңгені құрамақ. Бұл туралы Мәдениет, ақпарат және 
байланыс  министрі  «Хабар»  агенттігі»  Акционерлік  қоғамының  өкілдерімен  болған 
кездесуінде мәлім етті. Министрдің сөзіне қарағанда, бұл қаржы агенттік өкілдері 
тарапынан білдірілген ұсыныстар негізінде әлі де болса пысықталмақ. 
«Бүгінде  агенттікке  артылатын  жүк  ауыр.  Өйткені  ол    еліміздегі  жетекші 
арналардың бірі. Агенттікке қарасты телеарналардың хабарлары  Елбасының ұдайы 
назарында. Мемлекет басшысы агенттікке қарасты арналарды тек тамашалап қана 
қоймай, оған қаржылық тұрғыдан да үлкен қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, 2006 
жылы  агенттікке  берілген  мемлекеттік  тапсырыс  3  миллиард  900  миллион  теңге 
болса, небәрі үш жылдан соң бұл көрсеткіш 5 миллиард 900 миллион теңгеге жетті. 
Бұл  өте үлкен сома», - деді министр.
Қазақ тіліндегі хабарлары елу пайызға жетпейтін телеарналар заң жүзінде қатаң 
жауапқа тартылады. «Бәсекеге қабілетті қазақи ортаны қалыптастыру  басты 
міндеттеріміздің  бірі.  Елімізде  қазір  өз  тілін  түсінбейтін  бірде-бір  қазақ  жоқ. 
Бұл  мәселені  «Хабар»  агенттігі  басты  назарда  ұстағаны  жөн»,  -  деді  министр. 
«Біз бүгінде телеарна саласындағы үлкен өзгерістерді күтіп отырмыз. Ол  сандық 
телеарнаға көшумен байланысты мәселе. Қазір біз сандық телеарнаға көшуге қажетті 
шығындардың мөлшерін анықтау үстіндеміз», - дейді министр.
7-мәтін
А) Министрдің баяндамасы
В) Министрдің "Хабар" агенттігін қолдау
С) "Хабар" агенттігін қаржыландыру
D) «Хабар» - Қазақстандағы басты телеарналардың бірі.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
31
1) Жалпы бүкіл мәтінде министрдің баяндамасынан үзінділер берілген, сондықтан бұл тақырып 
бірінші азатжолының тақырыбы деп айта алмаймыз.
2) Бұл ой бірінші азатжолының негізгі ақпараты емес.

153
Оқылым бөлігі
3) Бұл ақпарат бірінші азатжолдың негізгі ақпараты емес. 
4)  Мәтіннің  бірінші  азатжолында  автордың  негізгі  ойы  "Хабар"  телеарнасы  туралы,  оның 
республикамыздағы жетекші телеарналарының бірі екендігін айту.
А) Министрдің есебінен 
В) Елбасы назарындағы телеарна 
С) Телеарна саласындағы өзгерістер
D) «Хабар» телеарнасының даму жолы
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для второго абзаца.
32
1) Мәтіннің екінші азатжолында министрдің сөзі бар, бірақ бұл тақырып нақты емес, өйткені 
есеп бергені жайлы ақпарат жоқ. 
2) Елбасының басты назарындағы телеарна деген ақпарат мәтіннің екінші азатжолына дәлірек 
тақырыпша бола алады. 
3) Мәтін мазмұнындағы телеарна саласындағы өзгерістер туралы ақпарат екінші азатжолға 
дәлірек тақырыпшаға келмейді.
4) Мәтіннің екінші азатжолында «Хабар» телеарнасының даму жолы жайлы ақпарат берілмейді.
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для третьего абзаца.
А) Тіл үйренушілер бағдарламасы
В) "Хабар" агенттігінің басты міндеттері
С) Қазақ тіліндегі хабарлардың санын көбейту
D) «Хабар» - қазақи ортаны қалыптастыратын арна
33
1) Мәтін мазмұнының үшінші азатжолында жалпы агенттіктің негізгі міндеттері туралы ақпарат    
ашылмаған.
2)  Мәтіннің  үшінші  азатжолында  тіл  үйренушілерге  арналған  бағдарлама  туралы  ақпарат 
берілмеген. 
3) Мәтіннің үшінші азатжолында телеарнаның қазақи ортаны қалыптастыруы алдына қойылған 
міндет, ал оған жетудің бір жолы қазақ тіліндегі хабарлар санын көбейту керек деген. 
4) Мәтіннің үшінші азатжолында қазақи ортаны қалыптастыру міндеті жайлы айтылады.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
А) «Хабар» агенттігінің қаржысы 
В) «Хабар» телеарнасының болашағы
С) Еліміздегі мықты телеарналардың бірі
D) «Хабар» телеарнасы сандық телеарнаға көшуде
34
1)  «Хабар»  агенттігінің  қаржысы  жайлы  ақпарат  мәтіннің  екінші  азатжолында  ғана  аталып 
отырғандықтан бүкіл мәтінге ол нақтырақ тақырып бола алмайды. 
2) Мәтінде «Хабар» телеарнасының болашағы туралы ақпарат мәтін мазмұнында қамтылмаған. 
3)  «Хабар»  телеарнасының  жетекші  телеарналардың  бірі  екендігі  туралы  ақпарат  мәтін 
мазмұнын нақты көрсетіп, тақырып мәтін мазмұнына сәйкес келіп тұр.
 4) «Хабар» телеарнасының сандық телеарнаға көшуі қосымша ақпарат қана болып табылады. 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) "Хабар" агенттігінің қазіргі хал-жағдайы мен даму жолдары
В) Телеарнадағы қызметкерлер жұмысы жайлы сипатталады.
С) Республикамыздағы айтулы телеарналардың бірі туралы
D) «Хабар» телеарнасы бағдарламаларының жағдайы баяндалады.
35

154
1)  Мәтінде  "Хабар"  агенттігінің  толық  хал-жағдайы  мен  даму  жолдары  анықталмаған,  тек 
министрдің баяндамасынан кейбір үзінділері келтірілген. 
2) Мәтінде «Хабар» телеарнасының қызметкерлерінің атқаратын жұмысы сипатталмайды.
3)  Мәтінде  «Хабар»  телеарнасы  еліміздегі  айтулы  телеарналардың  бірі  екендігі  туралы 
баяндалады.
4) Мәтінде «Хабар» телеарнасының бағдарламаларының жағдайы толық ашылмайды.
Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. 
Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, 
астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып 
алып,  жарық  түсірмейді.  Сөйтіп,  Ақ  бидайдың  жағдайы  күннен-күнге  нашарлай 
бастайды.  Ақырында  өлер  халге  жетеді.  Содан  соң  олай-бұлай  өткен  әр  түрлі 
аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі 
құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды. 
Енді өлдім ғой деген сәтте Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап 
жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын 
шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге 
қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ 
бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың 
бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды.
Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір 
суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді. Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор 
болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып 
тұрады.  Күзге  салым  бидай  піседі.  Баданадай  дәндерінің  бір  түйірін  де  шашау 
шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды.
Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді 
себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында 
еңбегі зая кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан 
соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп 
алатын болды. Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай 
басталған екен.
8-мәтін
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Ақ бидайдың өтініші 
В) Ақ бидай туралы әңгіме 
С) Адам мен Ақ бидайдың жағдайы
D) Адам мен Ақ бидайдың достығы
36
1) Мәтінге «Ақ бидайдың өтініші» деген тақырып нақты бола алмайды, себебі ол ақпарат тек 
бірінші азатжолда ғана қамтылып отыр. 
2)  Мәтіндегі  «Ақ  бидай  туралы  әңгіме»  деген  тақырыпта  «әңгіме»  деген  сөз  жанрды 
көрсеткенімен, нақты тақырып емес. 
3) Адам мен Ақ бидайдың жағдайы нақты тақырып бола алмайды, себебі мәтінде бидайдың 
жағдайын суреттеп қана қоймай, олардың арасында достық пайда болғаны туралы айтылады.
4) Бұл жауаптағы ақпарат мәтінге нақты тақырыпқа сай келеді. 

155
Оқылым бөлігі
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
А) Еңбектің зая кетпеуі 
В) Ақ бидай мен Адамның кездесуі
С) Бидайдың Адамға берген сыйлығы 
D) Бидайдың адам ағзасына тигізетін пайдасы
37
1) Мәтіннің бірінші азатжолына еңбектің зая кетпеуі деген ақпарат тақырыпша сәйкес келмейді, 
өйткені ондай ақпарат мәтіннің келесі азатжолында қамтылған.
2) Аталған бөлікте Ақ бидай мен Адамның кездесуі – негізгі ой, ең маңызды ақпарат.
3)  Мәтіннің  бірінші  азатжолында  Ақ  бидайдың  Адамға  берген  сыйлығы  туралы  ақпарат 
берілмеген. 
4)  Мәтіннің  бірінші  азатжолында  бидайдың  адам  ағзасына  тигізетін  пайдасы  туралы 
айтылмайды.
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для второго абзаца.
А) Баданадай дән
В) Адамның қамқорлығы
С) Ақ бидайдың Адаммен достығы
D) Ақ бидайдың Адамға берген сыйы
38
1)  Мәтіннің  екінші  азатжолында  баданадай  дән  деп,  бидайдың  берген  сыйын  мапаздап 
отырғандықтан, ол қосымша ақпарат болып саналады. 
2)  Мәтіннің  екінші  азатжолында  адамның  бидайға  жасаған  қамқорлығы  жайлы  ақпарат 
қамтылған.
3)  Мәтіннің  екінші  азатжолында  Адам  мен  Ақ  бидайдың  достығы  жайлы  жайлы  ақпарат 
берілмеген. 
4) Мәтіннің екінші азатжолында Ақ бидайдың Адамға берген сыйы айтылады, бірақ ол тақырып 
бола  алмайды,  себебі,  әлсіреп  қалған  бидайға  адамның  көмек  бергені  жөнінде  толығырақ 
ақпарат беріледі. 
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для третьего абзаца.
А) Адамның көмегі
В) Ақ бидайдың өтініші 
С) Адам еңбегінің нәтижесі 
D) Бидай мен адамның кездесуі
39
1) Мәтіннің үшінші азатжолына адамның көмегі емес, еңбегі туралы айтылған.
2) Мәтіннің үшінші азатжолында Ақ бидайдың өтініші туралы ақпарат берілмеген. 
3)  Мәтіннің  үшінші  азатжолында  адам  еңбегінің  зая,  яғни  бекер  кетпеуі,  нәтижесі  туралы 
айтылады.
4) Мәтіннің үшінші азатжолында бидай мен адамның кездесуі жайлы ақпарат жоқ.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Ақ бидай мен қаскөй тікеннің арпалысы
В) Адам мен Ақ бидайдың достығы туралы
С) Адам найзаның ұшымен топырақты қопарады.
D) Қуаңшылық жылғы өсімдіктердің тіршілік үшін жанталасы
40
1) Қуаңшылық жылғы өсімдіктердің тіршілік үшін жанталасы басталғанда бидай мен тікеннің 
арпалысы оқиғаның шиеленісуін білдіреді. 
2) Адам мен Ақ бидай достығы деген ақпарат мәтіннің негізгі идеяны білдіріп отыр. 
3) Мәтінде адамның найза ұшымен топырақты қопарып, бидайға көмектесуі, қосымша ақпарат.
4) Мәтінде қуаңшылық жылдың басталғаны, өсімдіктердің тіршілік үшін жанталасы оқиғаның 
басталуына себеп болған жағдай, ол негізгі ойды білдірмейді.

156
Досым Сәлімнің отбасы үлкен. Олар Панфилов ауданындағы Қоңырөлең ауылында 
тұрады. Сәлімнің отбасында жеті адам бар. Олар: әкесі, анасы, әйелі, қарындасы, 
інісі және ұлы. Әкесі Мәлік  мектепте мұғалім. Анасы Сара  балалар дәрігері. 
Әйелі Салтанат  кітапханашы. Қарындасы Ақниет  заңгер. Ол  әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Қазір Ұлттық банкте заңгер болып 
жұмыс істейді. Інісі Әлім  Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық 
университетінің студенті. Ол  президенттік шәкіртақы иегері. Досым Сәлім  
байланыс бөлімшесінің меңгерушісі. Оның ұлы Әлішер  бастауыш мектеп оқушысы. 
Ол  сыныбындағы озат оқушылардың бірі. 
Қазақ отбасында ата-ананың орны ерекше. Әкені отбасының тірегі деп есептеген. 
Сондықтан «Әке  асқар тау, ана  бауырындағы бұлақ, бала  жағасындағы 
құрақ»,  деп,  әкені  тауға,  отбасының  ұйытқысы  ананы  бұлаққа,  баланы  өсіп 
келе жатқан құраққа, шөпке теңеген. Досымның отбасы да ата-анасын ерекше 
құрметтейді. Сәлімнің әйелі Салтанат атасы мен енесін өз ата-анасындай жақсы 
көреді. Оларға үнемі шын ниетімен қызмет етеді. 
Қазақ қонақжай халық. Қазақтар дәмдісі мен жұмсағын қонағына сақтайды. 
Сәлімнің отбасы да өте қонақжай. Үйлеріне келген қонақты сыйлап, құрметтеп 
төрге шығарады. 
Салтанат    шебер  аспаз.  Ол  ұлттық  тағамдарды  дәмді  дайындайды. 
Салтанаттың  пісірген  бауырсағын  бүкіл  отбасы  жақсы  көреді.  Салтанат  сиыр 
сауып, айран ұйытады. Одан құрт-май жасайды. Әкелері Мәлік келінінің жасаған 
жентін  сүйсініп  жейді.  «Менің  Салтанатымның  жасаған  женті  бала  күнімдегі 
әжемнің жентіне ұқсайды»,  деп, келінін үнемі мақтап отырады. Отбасындағы 
ерке қыз Ақниет те жеңгесін ерекше сыйлайды. «Ақ жеңгетай, маған да ас әзірлеуді 
үйретсеңші»,    деп  жеңгесінің  жанынан  қалмайды.  Салтанат  та  өз  білетінін 
Ақниетке үйретуден еш жалықпайды. 
Тәні саудың  жаны сау. Отбасы мүшелерінің барлығы спортпен шұғылданады. 
Олар таңертең ерте тұрып, спорттық жаттығулар жасайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет