Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы ұғым және мағына


Кез келген затты немесе құбылысты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе, білім негізінде жүзеге асады



бет3/16
Дата16.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#112392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2-ДӘРІС.
2-ДӘРІС., ЖМП кері байланыс, даур тепло (копия), ТГО 143 на казахском 2020 года
Кез келген затты немесе құбылысты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе, білім негізінде жүзеге асады.

Сезімдік танымның үшінші сатысы - елестеу. Елестеу дегеніміз бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу мен жалпылаудың нәтижесі. Елестеудің қабылдаудан басты айырмашылығы - заттар мен құбылыстардың өзіне ғана тән, көрнекі, тұрақты белгілерін бейнелендіреді. Мысалы, Апельсиннің ең көрнекі белгісі – дәмділігі, тағам бола алатындығы. Түйсік пен қабылдау кезінде көріп тұрып түйсінсек, қабылдасақ; елестеу кезінде ол заттардың қасымызда тұруы міндетті емес.



Заттар мен құбылыстардың (түйсік псн қабылдауға керісінше) көрнекі, тұрақты, жалпы белгілерінің санамызда бейнеленуі елестеу деп аталады. Елестеу түйсік пен қабылдаудан ойға ауысу сатысы болып табылады.

Танымның жоғарғы сатысы - ойлау. Ол сезімдік танымға негізделеді, бейнелерге сүйенеді. Ойлау - ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс. Жекелеген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді және сөйтіп олардың әрқайсысының мәнісі мен өзара байланысын танып біледі. Бұл өмірді тереңірек түсінуге, дүние болмысының елеулі жағын, жалпы белгілерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, үйден шығып жатқан түтінді көрсек, ар жағында от жанып жатқанын ойлап біле қоямыз. Сонда от пен түтіннің байланысы, қатынасы бар екенін ойлау арқылы біле қоямыз. Немесе аспанды бұл жапты, найзағай ойнады, яғни жаңбыр жауады.Таң атты көп кешікпей күн шығады. Азан шақырылды яғни намаз уақыты болды деген сөз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет