Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы ұғым және мағына


Шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы нақты байланыстар мен қатынастарды ашатын психикалық процесті ойлау деп атайды



бет4/16
Дата16.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#112392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2-ДӘРІС.
2-ДӘРІС., ЖМП кері байланыс, даур тепло (копия), ТГО 143 на казахском 2020 года
Шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы нақты байланыстар мен қатынастарды ашатын психикалық процесті ойлау деп атайды.

Сөйтіп, дүниедегі заттар мен құбылыстар сезімдік бейнеленулер арқылы адам санасында сәулеленеді. Олар туралы ұғым пайда болады. Ұғым шындық өмірдің ең жалпы, ең қажетті жақтарын білдіреді. Демек, ұғым –заттың немесе құбылыстың жай ғана бейнесі емес, ойда қорытылған, жинақталған бейнесі. Заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің жалпы және мәнді белгілері туралы ой ұғым деп аталады.

Зерттелетін нысанның (объектінің) әр түрлі қасиеттері ғылымда белгілер деген атауға ие. Мысалы, қарындаштың ұзындығы, түсі, жазу құралы болу қасиеті, тағы басқа ерекшеліктері оның белгілері болып есептеледі. Заттар мен құбылыстар белгілеріне қарай бір-бірінен өзгеше немесе бір-біріне ұқсас болады. Мысалы, балды қантпен салыстырсақ, тәтті - бір-біріне ұқсас, жусанмен салыстырсақ, бірі - тұщы, бірі - ащы, айырма жер мен көктей.

Заттар мен құбылыстар бір-бірінен мәнді, мәнсіз белгілері арқылы да ерекшеленеді. Мысалы, кез келген химиялық элементтің атомдық құрылысы оның мәнді белгісі болып саналса(бір атом ауысса басқа элемент болып шығады) , физикалық күйі, сыртқы формасы, салмағы, тағы басқа қасиеттері мәнді емес (жалпы) белгілері болып есептеледі. Жануарлар әлемімен салыстырғанда адам үшін мәнді белгілер - ойлау, сөйлеу қабілетінің бар болуы, өндіріс құралдарын жасай алатындығы. Өзге қасиеттері (аяғы, қолы, көзі, мұрны т.б.) мәнсіз белгілерге жатады. Қысқасы, заттар мен құбылыстардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін қасиеттері - мәнді белгілер, ұқсастығын көрсететін қасиеттері – жалпы (мәнсіз) белгілер ретінде танылады.1



1.1.1.2. Ұғымның логикалық категориядан тілдік категорияға айналуы. Дыбысталу. Ұғымдық мағына (Лексикалық мағына). Ұғым дүниенің бейнесі ретінде санада өмір сүреді. Ол жарыққа шығып, іске, қажетке асуы үшін белгілі бір материалдық формаға енуі шарт. Адамдардың дыбыс шығару, дауыстай білу қабілеті бұл мұқтаждықтан құтқарады. Дыбысталу ұғымға таңба ретінде қызмет көрсетеді. Алайда, дыбысталу - сөз емес, небары сөздің материалдық қабығы (қауызы, жамылышы). Дыбыс көп. Мысалы сиыр мөңірейді, қасқыр ұлиды, қамыс сыбдырлайды т.б. Бұлар физикалық дыбыстар ғана. Ұғым мен дыбысталу әбден бірігіп, біте қайнасып, қоғамның сандаған ұрпақтарының талқысына түскенде ғана қалыпты сөз пайда болады. Кез келген дыбыстардан әркім өз қалауынша сөз жасауына, болмаса грамматикалық тұлға жасауына болмайды. Лексикалық элемент те, грамматикалық элемент те дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалады. Сол арқылы тілде жалпыға ортақ сөздер қалыптасады да, олар ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып сақталады.2 Екінші жағынан, осындай процестің барысында логикалық ұғым сөздік мағынаға айналады. Басқаша айтқанда, ұғым сөзге мағына түрінде бекітіледі. Осы тұрғыдан дыбысталуды - сөздік мағынаның өмір сүру формасы дейміз. Дыбысталу айтыла-айтыла жүйеленіп, тіл дыбыстары қалыптасады. Тіл дыбыстары – тілдің материалдық бөлшектері. Тіл дыбыстарынан құралған сөздерді бір-бірімен тіркестіріп қолдану арқылы ғана ойды білдіруге, пікір алысуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет