Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет17/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Жасанды тілдерқолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері.

Жасанды тілдер жасау 17 ғасырда латын тілінің халықаралық маңызы бәсеңдеуіне байланысты, әлем халықтарының қарым-қатынасын жеңілдету мақсатынан туды. Жасанды тілдердің ғылымда белгілі бірнеше түрі бар:

И.Шлейер жасаған воляпюк (1879),

Луи де Бофрон жасаған "идо" (1907),

Ж. де Вааль жасаған "оксиденталь" (1922),

О.Эсперсен жасаған "новиаль" (1928),

Нью-Йоркте А.Гоуданың жетекшілік етуімен “Көмекші тілдердің халықаралық ассоциациясы” жасаған (1950) "интерлингва", т.б.

Жасанды тілдердің ішінде көп тарап, кең қолдау тапқаны — 1887 жылы поляк дәрігері Л.Заменгоф жасаған эсперанто тілі.



Эсперанто тілі (Esperanto немесе Lingvo Internacia,  [espeˈranto]) — 1887 жылы польшалық еврей-окулист Людвик Лазарь Заменхоф (пол. Ludwik Łazarz Zamenhof; 1859—1917) жасап шығарған халықаралық қатынасқа арналған жасанды тіл. Заменгофтың лақап аты — Эсперанто («Үміттенуші») — аз уақытта жаңа тілдің атауына айналды. Эсперантошы (esperantisto) деп эсперанто тілін меңгеріп, оны қолданып жүрген адамды атайды. Эсперанто әлемдегі ең кең таралған, әрі ең көп жетістікке жеткен жасанды тіл. 10 жыл бойы құрастырылған жасанды тіл бойынша алғаш жарыққа шыққан кітап «Бірінші кітап» (Unua libro) деп аталады. «Бірінші кітаптың» жарияланған күні эсперантоның «туған күні» саналады.1905 жылы Заменгофтың Fundamento de Esperanto(«Эсперанто негізі») еңбегі жарияланып, тілдің негізгі ережелері бекітілді.

Эсперанто қарапайымдылығымен және ықшамдығымен ерекшеленеді. Тілдің бұл қасиеттері волапюк деп аталатын басқа жасанды тілге үлкен қауіп төндірді. Эсперантоның грамматикасы жеңіл болғанымен, бұл тілдің кей ерекшеліктері сынға ұшырады. Эсперантоның негізін өзгертуге мүмкіндік болмағандықтан, бұл тілді реформалау да мүмкін емес еді. Бұл жағдаймен келіспегендер эсперантоның негізінде жаңа жасанды тілдер құрастыра бастады. Бұндай тілдерді эсперантоидтар деп атайды. 1907 жылы эсперантоның негізінде идотілінің пайда болуы эсперантошылардың арасына жік салды, олардың бір бөлігі идоға ауысып кетті. 1928 жылы тап осындай жағдайға идо тілінің өзі душар болды — новиал деп аталатын «жақсартылған идо» пайда болды.

1908 жылы негізі қаланған эсперантошылардың ең ірі халықаралық бірлестігі Жалпыға ортақ эсперанто ассоциациясының (Universala Esperanto-Asocio, UEA) әлемнің 83 елінде мүшелері бар, эсперанто ұлттық қауымдастықтарының саны 50 жетті, эсперанто тілін қолданатын 22 халықаралық кәсіби қауымдастық бар. Жыл сайын Дүниежүзілік эсперанто конгрессі өткізіледі.

Қазіргі таңда 100 астам эсперантоша мерзімді басылымдар бар, бұл тілде 30 мыңнан астам кітап жарияланды. Эсперантоға Библия, Вергилийдің «Энеидасы», Уильям Шекспирдің «Гамлеті», Гётенің«Фаусты», Александр Пушкиннің «Евгений Онегині», Владимир Маяковскийдің «Во весь голос» поэмасы және т. б. көптеген әдеби шығармалар тәржімаланған. Библияның аудармасын (La Sankta Biblio) Людвиг Заменгофтың өзі жасаған, 1970 жылы КопенгагендеҚұранның аудармасы шықты (La Nobla Korano). Эсперантоға баһаи дінінің, жапондық оомото ілімінің, вон-буддизмнің қасиетті кітаптары тәржімаланған. 2018 жылдың 20 ақпанына сәйкес эсперанто тіліндегі Уикипедияда 245 151 мақала бар. Бұл көрсеткіш бойынша ол Уикипедияның бірқатар бөлімдерінен, оның ішінде Қазақша Уикипедиядан (220 922 мақала) асып түседі. Бір кездері волапюк тіліндегі Уикипедия бөлімі эсперантоша Уикипедияны басып озғанмен, қазіргі таңда эсперанто тіліндегі бөлім өзінің бәсекелесін екі есеге озып түсті (волапюкше Уикипедияда 120 955 мақала бар).

Эсперанто тіліне алғаш назар аударған қазақ қоғам қайраткерлерінің бірі — Міржақып Дулатұлы. Ол «Айқап» журналының 9 нөміріндегі (1913) «Эсперанто тілі» мақаласында жақында пайда болған жасанды тіл туралы баяндап, оны оқып-үйренуге үгіттеген: «Оқыған һәм оқып жүрген, білімге дарынды қазақ жастарының эсперанто тілі хақында үйренулеріне мәслихат беремін», — дейді ол[5].

Ethnologue сайтының 1999 жылғы дерегі бойынша әлемде 2 млн жуық эсперанто тілін меңгерген адам бар екен, оның ішінде 200—2000 адамға эсперантоана тілі болып табылады. Бұл деректер америкалық эсперантошы Сидни Кулберттің зерттеуіне негізделген, бірақ олардың қандай әдіспен анықталғаны белгісіз. Британника энциклопедиясының дерегі бойынша эсперантошылардың саны 100 мың адамнан асып түседі. Эсперантошылардың көбісі Еуропа одағында тұрады, эсперанто тіліне байланысты іс-шаралардың да көбісі Еуропада өткізіледі. Жалпыға ортақ эсперанто ассоциациясы (UEA) мүшелерінің көп

бөлігі Бразилия, Германия, Франция, Жапония және АҚШ мемлекеттерінде өмір сүреді.

Эсперанто әліпбиі латын әліпбиінің негізінде жасалған. 5 дауысты, 2 жартылай дауысты және 21 дауыссыз дыбысты білдіретін 28 әріп бар. Көп әріптердің айтылуын арнайы дайындықсыз ақ білуге болады, ал басқаларының (C, Ĉ, G, Ĝ, H, Ĥ, J, Ĵ, L, Ŝ, Ŭ) оқылуын арнайы үйрену керек. Әріптердің оқылуы олардың сөздегі орнына еш байланысы жоқ. Екпін әрдайым соңғы буынның алдындағы буынға түседі.

Эсперанто әліпбиі:



А а

B b

C c

Ĉ ĉ

D d

Е е

F f

G g

Ĝ ĝ

H h

Ĥ ĥ

I i

J j

Ĵ ĵ

K k

L l

M m

N n

O o

P p

R r

S s

Ŝ ŝ

T t

U u

Ŭ ŭ

V v

Z z







Эсперанто сөздігінің көп бөлігі роман және герман түбірлерінен құралған, сонымен қатар грек және латын тілдерінен енген интернационализмдер де баршылық. Біршама сөздер славян тілдерінен (орыс және поляк) алынған. Кірме сөздер эсперантоның дыбысталуына ыңғайластырылып, олардың әу бастағы жазылуы сақталмайды. Жалпылай алғанда эсперанто басқа тілдерден жаңа түбірлерді қабылдауға құштарлық танытпайды. Жаңа түсініктер үшін бұрынғы сөздердің негізінде жаңа сөздер құрылады. Тілдің бұл ерекшелігі эсперантоны меңгеруге керекті түбір сөздер мен қосымшалардың санын азайтуға көмектеседі.

Жасанды тілдердің 200-ден астам түрлерінің жобасы жасалған. Бұлар әр түрлі тәсілмен жасалған: табиғи тілден сөз ала отырып, көбінесе, ойдан шығарылған сөздер пайдаланылған (волапюк, т.б.), интернационалдық лексика пайдаланылып жасалған (эсперанто).

Жасанды тілдерде бірнеше оқулықтар мен сөздіктер жарық көрді.

Жасанды тілдерді зерттейтін ғылым- интерлингвистика. Мұнда халықаралық қатынас үшін жасалған табиғи тіл аналогы болып саналатын халықаралық жасанды тілдер, бағдарламаландыру тілдері, ақпараттық тілдер қарастырылады.

Түрлі ұлттар қарым-қатынас жасайтын табиғи тілден жасанды тілдің ерекшелігі олар жазба мәтіндерді құру үшін қолданылатыны белгілі. Бұндай тілдер жасанды тілдерден жеңіл болып табылады, себебі бұл тілде көп мағыналық пен синоним жоқ, синтаксис пен семантика жеңілдетілген, сондай-ақ айтарлықтай мәтіндік бағыныңқылық төмендетілген. Жасанды мәтіндердің негізгі қызметі - ақпаратты компьютерлер мен басқару құрылғыларына беру

Адам баласы бір-бірімен тіл арқылы танысады, табысады, достасады. Тіл адам мен адамды байланыстырушы құрал ғана емес, ол ең алдымен ойдың жемісі, сана сарабы.

Тіл халық пен халықты табыстырады, тілдің тұрақтылығымен мемлекет құрылады. Берік тілдің көмегімен мемлекет пен мемлекет байланыс жасайды. Тіл екі елді мәмілеге келтіріп, бүкіл елдің бақытты, тыныш өмір сүруінің ұйытқысына айналады. Адам мен адамды, халық пен халықты тату өмір сүруге бағыттайтын да – тіл. Тілдің бұл қызметке жету деңгейін нақтылау үшін оның қоғамдық-әлеуметтік қызметін айқындау керек.

Кез келген тілді ауызекі сөйлеу тілі, көне тіл, жалпыхалықтық тіл және т.б. түрлерге бөлеміз. Мұндағы мақсат – тілдің жалпы қолданыс аясын айқындау, өмірдегі нақтылы жүйесін белгілеу.



Ауызекі сөйлеу тілі деп халықтың күнделікті өмірдегі, тұрмыстағы қарым-қатынас жасау құралын айтамыз. Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамдардың дайындықсыз, күнделікті байланыс жасау мәртебесіндегі тіл болып табылады. Онда әдеби тіл нормасына жатпайтын диалектілер, дөрекі, қарапайым сөздер мен жаргондардың орын алатындығы; көңіл күйге, сезімге байланысты әсерлі сөздердің болуы жиі кездеседі.

Ал жалпыхалықтық тіл деп белгілі бір халықтың ауызекі сөйлеу тілінде кең қолданылатын, жұмсау өрісінде стильдік шек қойылмаған тілді айтамыз. Жалпыхалықтық тіл бір тектес тілдік ұжымның тілі ретінде қалыптасады, тіл құрылысы жағынан ол ұлттық тілдің негізі болып саналады.



Тілдің жалпы сипаты, жеке мәндегі ерекшелігі, салалық қолданыс аясы кейде кең арнаға түссе, кейде белгілі бір пән, ғылым, кәсіп төңірегінде қалыптасып, дамиды. Бұл тілдің пәндік мүмкіндігінің дамуы болып есептеледі. Бұл тұрғыдан алғанда, ұлтаралық тіл, халықаралық тілдер деген ұғым пайда болады. Ұлтаралық тіл деген не? Оның қандай ерекшелігі бар?

Ұлтаралық тіл көп этникалық мемлекеттерде халықтардың өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін сөйлеу құралы болып табылады. Қазіргі таңда ұлтаралық тілдер қатарына ағылшын, испан, француз, қытай, араб, орыс тілдері енеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет