Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет2/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

. 1. Лингвосемиотика өз назарына тілдің коммуникативті қызметін алады. Ол тіл айтушының өз ойын білдіру және ол ойларды тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізу құралы болады дегеннен тұрады. Бұл процестердің лингвофилософиялық зерттелуі тіл басқа таңбалар жүйесі аясында қарастырыла бастағанда мүмкін болады. Сөйтіп лингвофилософия тіл мен семиотика – таңба туралы ғылым аралығындағы орынды иеленеді. Қазіргі лингвосемиотиканың негізі Ф.де Соссюрдың «Жалпы лингвистика курсы» еңбегінде қаланған. Ол тіл білімін семиотиканың бөлімінің бірі деп есептеген, кейін ол асыра сілтеу ретінде бағаланды. Дей тұрғанмен Соссюр қазіргі тіл білімінде тілді ерекше таңбалық жүйе ретінде қарастырудың жалпы қабылданылуына ықпал етті. Лингвосемиотиканың мәселелерімен Ч.Моррис, Ж.Пиаже, Р.Якобсон, Э.Бенвенист, Ю.С.Степанов сынды ғалымдар да айналысты.

  • 2.Әлеуметтік лингвистика (социолингвистика лат. soci (etos) қоғам, франц. Lingua тіл), - тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Негізгі нысаны – тілдің функционалды жағын зерттеу. Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік қызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм процестері. Аса қажетті мәселелерінің қатарына тілдің (тілдердің) өмір сүру формасынан туатын тілдік жағдайлар, тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты т.б. жатады. Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш назар аударғандар 19-ғасырда П.Лафарг, А.Мейе, А.Соммерфельт, 20-ғ.-да Прага структурализмі, Женева мектебінің өкілдері т.б. анкета арқылы байқау, сұхбат алу, статистикалық әдіс т.б. қолданған. Кеңестік дәуір өкілдері – Л.П.Якубинский, В.В.Виноградов, Б.А.Ларин, В.М.Жирмунский, Е.Д.Поливанов т.б.

  • 3.Интерлингвистика – тіларалық қарым-қатынас құралы болып табылатын халықаралық тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Нысаны – халықаралық жасанды тілдердің қолданылуы мен жасалу процесі, сонымен бірге көптілділікті, тілдердің бір-біріне әсерін, интернационалдық терминдердің жасалуын да зерттейді. Интерлингвистика жасанды тілдердің теориялық мәселелерімен бірге, олардың көмекші қатынас құралы ретінде тәдірибе жүзінде қолданылуын да қарастырады. Ол Р.Декарттың, кейін Г.Лейбництің лингвожобалық теориясы негізінде қалыптасты. 1879 жылы ең бірінші халықаралық жасанды тіл волапюктің пайда болуымен байланысты интерлингвистиканың әлеуметтік өмірде қолданылу кезеңі басталды. 1887 жылы эксперанто пайда болды. Интерлингвистика проблемалары халықаралық лингвистикалық конгрестерде (1931, 1948) көтерілді. Ондағы негізгі мәселе жоспарлы (жасанды) тіл жасау және оны қолдану мүмкіндігі болды. Көптілділікті жеңудің ең тиімді жолы болып табылатын жасанды тіл жасау идеясын О.Есперсен, Э.Сепир, А.Мейе, М.Дж.Бартоли, Ш.Балли, Ж.Вандриес қолдады. Интерлингвистика адамның тілге тигізетін әсері, ғылыми жіне техникалық номенклатураның халықаралық стандарт деңгейіне көтерілуі сияқты мәселелерге де үнемі көңіл бөлді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет