«ТІл-мәдениет-қоғам» үштігіндегі әйел концептінің тілдік сипаты



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата05.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#180280
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
4. С. Қ. ИманбердиеваПЕ тур

Түйін сөздер:
топоним, прецедент, аялық білім, жалқы есім, имплицитті 
ақпарат, тілдік тұлға, тілдік бірлік, төлсипат. 
Кіріспе.
Жалқы есiмдердiң атау қызметi басты болғанымен, атқаратын қызмет 
ерекшелiктерi тек онымен шектелiп қоймайды, себебi ономастикалық атау

бұл тiлден 
тысқары жатқан құбылыстарды (нысанды, т.б.) атайтын сөйлеу әрекетiнiң бiр түрi. 
Жалқы есiмдер табиғаты өте күрделi, сондықтан оларды қолдану аспектiлерiн атау 
берген адамдарды және атау беру мезгiлiн, себебiн бiлгеннен соң ғана түсiндiруге 
болады. Әр қоғам өмiрiнiң өзгеруi, тарихи-мәдени қазыналарды қайта қарастыру 

атау 
беру қызметiне ықпал ететiндiгi белгiлi.
Қазiргi кезде прагматика әлеуметтік лингвистикамен, психолингвистикамен


Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдер 
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ ISSN 1999-4214
№ 3/2022
41 
және тiл бiлiмiнiң басқа да салаларымен байланысқан сөйлеу лингвистикасы деген 
ұғымды бiлдiрсе, ал кiшiрек мағынада – адам мен таңбаның қатысы ретiнде 
қарастырылады.
Жеке адамдардың тiлдiк құрамында прецеденттi атаулар белгiлi бiр оқиғаны 
бағалау үшiн стандартты құрал (белгi, символ) рөлiн атқара отырып, ерекше орын 
алады. 
Прецедентті бірліктердің қалыптасуы мен қолданысында маңызды рөлді 
уәждемелік деңгей атқарады. Ол көпқырлы және прецедентті бірліктердің прототиптері 
және ұқсастықтарымен өзара байланысының көптеген кодтарын өзінде сақтайды. 
Зерттеуші үшін, әрине, ол күрделі, себебі тіл иелерінің мүддесін, мақсаты мен 
номинативті стратегиясының тек синхронды түрдегі емес, сонымен бірге диахронды 
түрдегісінен көрініс береді, барлық тілдік деңгейін синтездейді. Мәселен, Ұлы жібек 
жолындағы Алатау, Қаратау, Ұлытау т.б. прецедентті есімдерді басты уәжі 

таудың 
түсі, қарттығы, ұлылылығын олардың құдіретін, күшін білдіру үшін үшін қолданған.
Негізінен туынды бірлік ретінде прецедентті бірліктер «дайын» тілдік формула 
ретінде немесе кейіннен прецедентті табиғатқа ие болатын жаңа, бұрын белгілі 
болмаған тілдік бірлік ретінде қолданылады. Олардың категориялық белгілеріне бір 
жағынан ментальдық, өнімділік, сілтемелік, репрезенттеушілік, стереотиптік 
(қайталануы, танылуы), ал екінші жағынан гетерономинативтілік (номинативті белгі 
вариативтілігі), лингвокреативтілігі (бірегей еместігі, сөзжасамдық жаңашылдығы) 
жатады.
Әр деңгейдегі тілдік белгі екі референциалды құрылымнан тұратын қатынасына 
ие: заттық-логикалық және эмоционалды-экспрессивтік, тіптен екеуінің біреуі нөлдік 
мағынаға ие болса да. Бірінші компоненті оны тікелей денотатпен байланыстырады 
және синонимдік қатарға немесе басқа да белгілеу құралдарына жол бермейді. 
Мәселен, Түркістан 

шаһар; Алатау 

тау т.б. Екінші компоненті парадигматикалық 
байланыстың барын көрсетеді: синонимдер, антонимдер, басқа да эмоционалды 
реңктік, «көтеріңкі» немесе «басыңқы» көркемдеуіш құралдармен алмасуы.
Сонымен, прецеденттік есім – бұл белгілі бір ассоциация тудыратын жекелеуші 
белгілері бар және салыстыру үшін қолданылатын нақты оқиғаға, кеңінен танымал 
мәтінге, жеке тарихи немесе белгілі тұлғамен байланысты кез келген жалқы есім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет