«ТІл-мәдениет-қоғам» үштігіндегі әйел концептінің тілдік сипаты



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата05.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#180280
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
4. С. Қ. ИманбердиеваПЕ тур

ХҒТАР 16.21.51 
DOI 
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2022-3.04

 
С.Қ. ИМАНБЕРДИЕВА 

Еуразия гуманитарлық институты, Астана, Қазақстан 


(е-mail: imansaule@mail.ru) 
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ПРЕЦЕДЕНТТІ ТОПОНИМДЕР 
 
Аңдатпа.
Мақалада тілдік тұлға танымында әлемнің топонимикалық бейнесін 
жасауда өзіндік орны бар Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдер бойынша 
ақпарат зерделеніп, қоғам мүшелері танымындағы маңызды қор ретінде 
қарастырылған. 
Мақаланың мақсаты – Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдердің тілде 
қолданылыс ерекшелігін көрсету және сол арқылы тілдік тұлғаның әлемнің 
топонимикалық бейнесін жасаудағы танымын айқындау.
Зерттеу жұмысы когнитивтік бағытта орындалған. Автор прецедентті 
топонимдерді ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалатын, тілдік тұлғаның әлемнің 
топонимикалық бейнесін қалыптастырушы ерекше лингвомәдени бірлік қатарына 
жатқызады.
Жүргізілген зерттеу барысында Ұлы жібек жолындағы прецедентті 
топонимдердің тілдік тұлғаның қоршаған ортаны танудағы маңызды бірлік ретінде 
коммуникациялық нормаларын реттеуге ат салысатын қасиетіне ерекше назар 
аударылған. Прецедентті топонимдердегі аялық білімі мен танымына сай ақпаратты 
ашуда ұлттық код, атау тағуда стандарт ретінде қолданып, ассоциация т.б. ретінде 
атқаратын танымдық қызметіне айрықша мән берілген. Тарихи мәтін, көркем 
шығармалардағы прецедентті топонимдердің атқаратын қызметі, атау ретіндегі 
прагматикалық әлеуеті зерделеніп, олардың халықтың ғасырлар бойы жинақтаған 
таным-түсінігі, әлемді қабылдаудағы тасымал құрал ретіндегі орны айқындалған.
Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдердің ұлттың танымдық қорын 
қалыптастыратын, мәдени ақпарат тасымалдаушы негізгі лингвомәдени бірліктер екені 
дәйектеліп, олардың тасасындағы имплицит ақпараттардың астарындағы мәдени 
кодтар ашылған. Жасалған тұжырымдар когнитивтік, салғастырмалы-сипаттамалық 
әдістер арқылы негізделіп, нақты мысалдармен дәлелденген. Дәйектер тарихи мәтінмен 
қатар, ұлт өкілдеріне жақсы танымал ақын-жазушылардың шығармаларынан алынған. 
Мақаланың практикалық маңыздылығына оның негізгі нәтижелерін ономастика, 
когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, салғастырмалы типология тәрізді 
теориялық курстарда, сондай-ақ қазақ тілін оқыту парктикасы үшін семинарларда 
қолдануға болатыны жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет