Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың 2011-2013 жылдарға



Дата29.01.2018
өлшемі88,33 Kb.
#36057



Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың 2011-2013 жылдарға арналған іс-шараларын орындау бойынша Шығыс Қазақстан облысының 2011-2013 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын бекіту туралы» 2011 жылдың 29 қыркүйектегі №214 қаулысының

2012 жылдың 1 жартыжылдығында орындалуы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының

2012 жылғы қызметі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауға бағытталды.

Мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сай Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізуге негізделді.
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 878 қаулы-сының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 214 қаулысымен Тілдерді қолдану мен дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы

№ 67 қаулысымен құрылған Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі өз жұмысын жалғастырып,

2012 жылдың 1 жартыжылдығында 1 отырысы өткізілді, мемлекеттік тіл саясатына қатысты 2 мәселе қаралды.

2012 жылдың 28 мамырында «Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің» отырысы өткізілді. Мәжілісте «Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдері мұғалімдерінің біліктілігін артырудың жағдайы туралы» және «Үздіксіз білім беру арқылы қазақ тілін оқытудың Өскемен қаласындағы жағдайы туралы» мәселелер қаралып, ШҚО білім басқармасы бастығының және Өскемен қаласы әкімінің есептері тыңдалды. Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

2012 жылдың 20 маусымында облыс әкімдігінің отырысында «Қала және аудан әкімдіктерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жыл-дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындауы туралы» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының ақпараты тыңдалып, облыс әкімінің облыста мемлекеттік тіл саясат жұмыстарын жақсарту жөніндегі тапсырмалары бекітілді.


Мемлекеттік басқару органдарындағы тілдік даму

Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қолданылу аясын барынша кеңейту басқарманың басты назарында болды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын тексерудің ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша облыстық басқармасымен келісілген кестеге сәйкес 2012 жылдың 1 жартыжылдығында 2 аудан және 1 облыстық басқарма мен 1 облыстық департаментте, жиыны 39 мемлекеттік органдарда тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындылары бойынша кеңестер өткізіліп, кемшіліктерді жою шаралары белгіленді.

Басқарма тарапынан облыстық басқармалар мен департаменттердің, аудан және қала әкімдіктерінің құжат айналымына ай сайын мониторинг жасалып отырылды. 2012 жылдың 5 айында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын басқармаларда мемлекеттік тілдің үлесі 90,3,%-ды, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 82%-ды, аудан және қала әкімдіктерінде 93,6%-ды құрады. Облыс бойынша орташа көрсеткіш 93,6% болды.

Жекелеген аудандар бұл көрсеткішті төмендетіп отыр. Глубокое ауданындағы мемлекеттік органдарда бұл көрсеткіш 82,6%-ды, Шемонаиха ауданында 83,1%-ды, Риддер қаласында 87,5%-ды құраса, Семей ( 92,2) және Өскемен ( 87,6) қала-ларындағы, Бесқарағай (92,8) және Зырян (92,5) ауданында мемлекеттік тілдің үлесі 93,6%, облыстық көрсеткіштен де төмен болып отыр. Тек Абай ауданында ғана бұл көрсеткіш 100% болды, облыстың қалған аудандарда бұл көрсеткіш 94%-дан 98%-дың арасында болып отыр. Бұл аталған әкімдіктер мен облыстық басқармаларда ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 931- қаулысының және Тіл туралы Заңының 8 және 10-баптары талаптарының орындалмай отырғандығын көрсетеді.

Басқарма облыстың мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру мақсатында 2012 жылы 3 рет аудармашылар мен мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып,

48 аудармашы қамтылды.

Ағымдағы жылдың 21-26 мамырында ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті тарапынан облыстың Зырян ауданы мен Өскемен және Семей қаласының әкімдіктері мен құрылымдық бөлімдерінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын тексеру болып өтті. Тексеру қорытындысы бойынша облыста мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда біршама жұмыстардың атқарылып жатқандығы атап өтілді.

Облыстағы мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы жұмыстарын талдап жаңа міндеттерді белгілеу мақсатында ағымдағы жылдың 19 қаңтарында облыстық актив жиыны өткізілді. Активке мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың өкілдері, ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мемлекеттік органдар мен мекемелерде, үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік тілде іс жүргізудің жағдайын талдау мақсатында 22 ақпан күні «Мемлекеттік тіл және мемлекеттік емес ұйымдар» және «20 сәуірде «Мемлекеттік тіл қызмет көрсету саласында» атты дөңгелек үстел отырыстары өткізілді.


Білім беру мен тіл оқыту салаларындағы тілдік даму

Облыстың мемлекеттік органдары мен мекемелерінде, ұйымдарында Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабына сәйкес азаматтардың мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажеті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдай жасау басқарманың басты назарында болды. 2011-2012 оқу жылында әкімдіктердің 1 облыстық және 7 аудандық және 1 жекеменшік оқыту орталықтары облыстағы ересек азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруін жүзеге асыруда.

2011-2012 оқу жылында ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталғында

827, Глубокое ауданында 200, Бесқарағайда 136, Бородулихада 255, Шемонаихада 198, Риддер қаласында 248, Курчатов қаласында 96, Зырян ауданында 246 тың-даушы қазақ тілін үйрену курстарында оқыды. Жалпы жиыны оқыту орталықтарында 2 мың 766 тыңдаушы оның ішінде 1009 мемлекеттік қызметші, аудан және қалалардағы 641 үйірмеде 15 311 тыңдаушы қазақ тілін үйренуде. Жалпы облыс көлемінде мектеп оқушылары мен студенттерді қоса есептегеде 320 мыңнан астам тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Семей қаласы мен Көкпекті және Ұлан аудандарында ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Оқыту орталығының негізінде азаматтардың басқа санаттары (зейнеткерлер, студенттер, жұмыссыздар т.с.с.) үшін 60 сағаттық «Тілашар» курсы ұйымдастырылып жүр. Өткен жылы 347 тыңдаушы курстан өтсе, биыл 513 тың-даушы курсты аяқтайды. «Тілашар» курсын шын ниетімен қажетсінген азаматтардың білім деңгейі мемлекеттік қызметшілерден артық болып отыр, оқыту курсын бітіргендер ауызекі сөйлесе алатын деңгейде аяқтауда.

Қазақ тілінен білім деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша мемлекеттік қызметшілерді тестілеуден өткізу биыл да жалғастырылды. 2011-2012 жылдары облыс бойынша 3047 мемлекеттік қызметші тестілеуден өтіп, республика көлемінде алдыңғы орынды иеленудеміз. Жоспар бойынша тестілеуден өтуге тиісті 4 мың мемлекеттік қызметшінің 2011-2012 жылдары 3047-сі өтті. Өткен жылғы тестілеуде тест тапсырғандардың білім деңгейі 57 пайыз болса, биылғы жылы 54 пайыз болып отыр. Бұл жұмыс әрі қарай жалғастырылатын болады.

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарындағы кадрлардың, мекемелердегі тіл оқыту үйірмелері оқытушыларының біліктілігін жетілдіру, оқытудың сапасын арттыру мақсатында 1 жартыжылдықта 2 облыстық семинар-кеңес пен 1 әдістемелік кеңес өткізілді.

Облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығында қашықтықтан оқытудың жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстық оқыту орталығының әдіскері С. Ақыласова әзірлеген «Учимся говорить по-казахски» мультимедиалық жүйесі бойынша «Kazcenter.kz» сайтының қызметін пайдалануда. Өткен жылы осы сайтты 32 мың адам пайдаланса, биыл 73 мыңнан астам адам осы сайтты пайдалануда.

Бағдарламаның 4-ші бағыты қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту болып табылатындықтан облыстағы этнос өкілдері 80 этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептердегі 51 топта 2648 тыңдаушы ана тілін үйренуде. Жексенбілік мектептерде өздерінің ана тілі мен мемлекеттік тілді үйренуде жетістіктерге жеткен этнос өкілдері балаларының жазғы «Тіл лагерінде» демалысын ұйымдастыру соңғы 5 жылда жүйелі түрде жүргізілуде. 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша өз ана тілдерін оқуда үздік нәтиже көрсеткен жексенбілік мектептің 20 оқушысы Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тегін жолдамасымен «Тіл лагерінде» жазғы демалыстарын мемлекеттік тілді және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін үйренумен ұштастырады.

Жексенбілік мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жыл сайын аудан және қала әкімдіктері мен тілдерді дамыту жөніндегі басқарма тарапынан қомақты қаражат бөлініп отырылады.

Өзге ұлт өкілдері жастарын қолдау мақсатында облыстың жоғары оқу орындарының қазақ бөлімдерінде оқу үшін жыл сайын облыс әкімінің 20 гранты бөлінеді. Қазіргі кезде 8 студент облыс әкімінің грантымен оқып жүр, оның ішінде 4-еуі Күршім ауданының қалғаны Зайсан, Тарбағатай, Жарма, Ұлан аудандарының мектеп бітіруші түлектері. Бұл жұмыс әрі қарау жалғастырылуда.

Облыс көлеміндегі мемлекеттік және жеке меншік ағылшын тілін оқыту орталықтарындағы 59 топта жалпы жиыны 1164 тыңдаушы ағылшын тілін оқып-үйренуде. Облыстағы 20 мектепте пән мұғалімнің жоқтығынан ағылшын тілін оқытылмауда. Атап айтқанда Зырян ауданында 3, Катонқарағай ауданында 9, Ұлан ауданында 7, Риддер қаласында 1 мектепте ағылшын тілі оқытылмауда. Қала және аудан әкімдері ағылшын тілі мұғалімдерін қала, аудандарға тарту бойынша жеткіліксіз жұмыс істеуде.

Облыста 718 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 366-сы (51%) мемле-кеттік тілде, 176-дан (24,5%) орыс тілінде, қалғаны аралас тілде білім беруде.

Облыста 143 балабақша жұмыс істейді. Оның 56-сы (40%) мемлекеттік тілде, 37-сі (26%) орыс тілінде және 50-і (34%) аралас тілде тәрбие беруде. Басқарма тарапынан облыста мемлекеттік тілде оқытатын мектеп мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын жоспарлы түрде арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарындағы, денсаулық

сақтау мен тұрғындарға қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму

Басқарма тарапынан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында 1 жартыжылдықта 8 облыстық конкурстар мен байқаулар өткізілді. Бұл конкурстар мен байқауларға өзге ұлт өкілдерінің балабақшалардағы тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының студенттері, ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы отбасылар тартылды. Маусым айында Абай ауданында 15-35 жас аралығындағы басқа ұлт өкілдерінің арасында «Мақсұтым–тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары, Көркемсөз оқу шеберлерінің О. Бөкей атындағы ХV байқауы өткізілді. Басқарма тарапынан өткізілген әрбір іс-шара басқарманың сайтына дер кезінде орналастырылып, көпшілік назарына ұсынылып отырылды.



Мемлекеттік тіл саясатының көкейкесті мәселелері бойынша 4 дөңгелек үстел, 2 айлық өткізілді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жыл-ғы 6 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен атын жазуға байланысты мәселелерші шешу тәртібі туралы» № 2923 Жарлығын орындау мақсатында айлық өткізілді. Айлық барысында облыста 82 семинар, кеңес, дөңгелек үстелдер өткізілді. Оған 6824 адам қатысты. БАҚ-та 30-дан астам мақала жарияланды. 1822 азамат тегін, әкесінің атын өзгертуге тілек білдірсе, 256 азамат қазақша куәлік алды.

2012 жылдың 22 наурызынан 22 сәуірге дейін облыстың елді мекендеріндегі көрнекі ақпарат пен деректемелерді Заң талабына сәйкестендіру мақсатында «Көркем тіл-көрікті жарнама» айлығы өткізілді. Айлық барысында облыста

368 рейд ұйымдастырылып, 2816 нысан қамтылды, оның 2014-де бұзушылықтар анықталып, 1837-сі ретке келтірілді.

Облыстағы бұқаралық ақпара құралдарында 1 жартыжылдық кезінде месмлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері бойынша 10 хабар, 42 бейнесюжет,

4 сұхбат ұйымдастырылды. Баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 199 мақала жарияланды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 2012 жылға 74 млн. 840 мың теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша бөлінген қаражаттың



99,3% мақсатқа сай игерілді.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет