«Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»



бет3/8
Дата12.03.2017
өлшемі1,35 Mb.
#11476
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиеттер:

  1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.

  2. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 255 б.

  3. Айғабылов А. Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті. 1982

  4. Ұйықбаев И. Лексиканы оқыту. Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969

7 Дәріс. Қазақ тілі және оқыту әдістемесі бойынша студенттердің оқытушымен орындайтын өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі



Мақсаты: Қазақ тілі және оқыту әдістемесі бойынша студенттердің оқытушымен орындайтын өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі тиімділігін көрсету.

Жоспар:



  1. Қазақ тілі және оқыту әдістемесі бойынша студенттердің оқытушымен орындайтын өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

  2. Қазақ тілі және оқыту әдістемесі бойынша студенттердің оқытушымен орындайтын өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады.

Студенттердің танымдық қызметі барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалымдар, мысалы, Ястребова Е.Б., Ерецский М.И., Гарунов М.Г., Блохина Р.А., Сабодашев В.П., Вербицкий А., т.б үлкен мән беріп, зерттеген. Бұл зерттеулердің өзектілігі – студенттердің теориялық және практикалық білімді саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай білуге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен бірге студенттер жай ғана беріліп жатқан дайын біліммен қаруланып ғана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына, яғни студенттерді оқи білуге үйрету маңыздырақ.

Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) басқа жұмыстардан ерекшелігі – студент өз алдына мақсат қояды, оған жету үшін жұмыс түрін, тапсырманы таңдайды.

«Өзіндік жұмыс» бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Адамның ешбір білімі, егер де ол өзінің қызметінің объектісіне айналмаса, қажетті нәтиже бере алмайды, дейді Петровский. (1, 129 б). Өзіндік жұмыс жасай білудің негізі, алғашқы дағдысы мектепте қалануы тиіс. мектептен жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттілігі төменділігінен, жұмыс жасау тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады. Мысалы, 1-курс студенттерінің 80%-ы материалды талдау, жүйелеу, амал-тәсілді қолдану дағдылары жоқтың қасы. Электронды кітапхана, интернет ресурстарын пайдаланумен қатар, энци-клопедия, сөздікпен жұмыс жасау дағдысы жоқ студенттерде кездеседі. Сондықтан да, студенттердің өзіндік жұмыс жасауына көмек беру оқытушының негізгі міндет-терінің біріне айналады.

Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті тұлғаларды қажет етеді. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың дәрежесі. Осы заманғы ақпараттық технологиясын игеру болашақ мұғалімдерді даярлау ісінде міндетті кілт деуге болады.

Инновациялық білім беру – тұлғаға бағытталу, білім берудің негізділігі, шығармашылық, кәсіби бағдар, ақпараттық технологияларды қолдану деген түсінік-тердің жиынтығы. Сондықтан оқытушыны студенттердің қандай қасиеттерін, сапаларын дамыту керек, қалайша өзін-өзі дамыта білуіне көмектесуге болады деген сұрақтар толғантуы керек. Студенттердің ең алдымен, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, өзін-өзі бақылау мен бағалау әдет-дағдысын қалыптастыру тұлғаның шыңға (акме-шын, акмеология) жету жолы болмақ.

Жоғары оқу орындарындағы студенттердің өздік жұмысы оқыту лекция, практикалық, лабораториялық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Лекция ақыл-ой әрекетінің тек 1-деңгейін, (тану) және біліммен танысу деңгейін қамтамасыз етеді. Ал СӨЖ ақыл-ой әрекетінің 2-деңгейін: қабылдау мен қайта жаңғырту және білім көшірмесін игеруін қамтамасыз етеді. Одан әрі ол алған білімді практикада қолдану, ептілік, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Оқытушы студенттің білім алуға деген мотивін дамытуға, ішкі ынта-ықыласымен білім алуға ұмтылуына көмектеседі.

Оқытушының бақылауымен студент:

- Зерттеушілік іскерлігімен дағдысын қалыптастырады;

- Өткен материалдарды жалпылай алу және қайталау;

- Алған білімді қолдану, оларды толықтыру, кеңейту дағдысын қалыптастырады;

- Оқытушы студенттің психофизи-ологиялық және академиялық үлгерімін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріп, олардың дербестігінің дамуына мүмкіндік жасайды.

- Студентпен бірлесекен іс-әрекет барысында оқытушы – студенттің уақытын тиімді пайдалануға беретін түсіндірмелі-иллюстративті (схема, таблица, тезис, т.б.) материалдарды қолдануды үйрету, қажетті әдебиетті іздеу жолдарын көрсету;

- Өзіндік белсенділігін, дербестігін дамыту үшін проблемалық баяндау, шығармашылық ізденіс әдістерін қолданған дұрыс.

- Оқытушы студентке жеке тапсырма таңдауға (курстық жұмыс, реферат, ғылыми баяндама, үлгі сабақ жоспарын құруға) көмектеседі.

- Әдебиеттермен қамтамасыз болуға, олармен жұмыс жасай білуге;

- Тиімді әдіс-тәсілдер, тапсырма орындау жолдарын қолдана білуге үйретеді;

- Жеке не бірнеше студентке кеңес береді, студенттердің бір-бірімен жұмыс жасауын үйлестіреді.

Жоғары оқу орындарындағы студент-тердің өздік жұмысы (СӨЖ) барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін құрағандықтан, оның тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған өздік жұмысты ұйымдастыру үлгісінің дұрыс құрылуына байланысты болады. Алайда студентке қойылатын негізгі талаптар төмендегідей жіктелініп көрсетіледі:

- Студенттің шығармашылық потенциалын белсендіру: студент оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу және шығармашылық технологиясын меңгеуді жүзеге асырады.

- Өз бетінше білім алу және өзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т.б.

- Оқу іс-әрекетке деген мотивациясын жоғарылату: білім беру процесінде тұлғаның позициясын белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді өз бетінше алу функциясы, нақты студент үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығы.

- Танымдық белсенділікті дамыту: өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалыптастыру, оқу процесіндегі оқу-танымдық процесс белсенділігінде студенттердің оқыту әдісінің белсенділігі жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады.

Дәрісті қорытындылау: Студенттердің өзіндік жұмыс жасаудағы қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе студенттерді оқытуда болып табылады. Мұндай оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалып-тастыруды, студенттердің ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспек-тілердің, оқу-практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) басқа жұмыстардан ерекшелігі «Өзіндік жұмыс» түрлері

Әдебиеттер:


  1. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғалым: 1999. 152- 390 бет.

  2. Кириллова Г.И Теория и практика урока в условиях развивающего обучения М., 1980

  3. Педагогика. АГУ.

  4. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Кұдиярова. Педагогика. Дарын - Алматы-2004

  5. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2004

8 Дәріс. Қазақ тілі және оқыту әдістемесі бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Мақсаты: Қазақ тілі және оқыту әдістемесі бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі туралы мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Өздік жұмыс түрлері

  2. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемес

Студенттердің өзіндік жұмыс жасаудағы қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе студенттерді оқытуда болып табылады. Мұндай оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалып-тастыруды, студенттердің ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспек-тілердің, оқу-практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған оқу жұмысының тәсілдері үлкен қызығушылық тудыруы мұмкін:

- «мәтінді мағыналық қайта өңдеу тәсілдері, оқу материалын үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орын-даудың жалпыланған тәсілдерін саналау, мектеп оқушыларының белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өз бетінше құру;

- оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалар мен «динамикалық оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері);

- есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);

- зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни мектеп оқушысының өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, өз жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бөлуге сүйенетін;

- қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материал-дармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды үйдегі кітапханада сақтау;

- емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсіл-дері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, ауызша және жазбаша қиын тапсыр-маларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтығы, т.б.) тәсілдері». Бұл жерде ақыл-ой еңбегін ұйымдастырудың жалпы тәсілдері де, оқу жұмысының нақты тәсілдері де, мысалы, мәтінмен жұмыс істеу келтірілгені айқын.

Соңғылардың қалыптасқандығы сту-денттердің барлық оқу пәндері бойынша өзіндік жұмыстарының негізгі алғышар-ттарының бірі және де негізі болады.

Тағы атап өтейік, жалпы студенттердің өзіндік жұмысы - оқу іс-әрекеті тұрғысынан, сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл оқытушының сыртқы қадағалауынан студенттің өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, оқытушының бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады.

Өздік жұмыстың тиімді ұйым-дастырылуы тек өздік жұмыстың жүйесіне ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шарттардың орындалуына да байланысты:

- Студенттің аудиториядағы және өздік жұмысының көлемінің дұрыс үйлесімі, студенттің оқу жүктемесінің тиімді болуы, сабақ кестесінің дұрыс құрылуы, оқытушының өздік жұмыстың күрделілігін анықтауда студенттің уақытын, орындау мүмкіндігін, оқу әдістемелік әдебиетпен қамтылуын ескеруі студенттің өздік жұмыс нәтижесіне үлкен әсер етеді.

- Әдістемелік тұрғыдан студенттің аудиториядағы және одан тыс өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өздік жұмысты орындауға оқу орынның материалдық-техникалық базасының, оның қызметкерлерінің лайықтылығы. Студен-ттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға қатысушылардың өз қызметтерін дұрыс атқаруы.

- Студенттердің өздік жұмысының процесін шығармашылық процеске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орынның кітапханаларында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электронды оқыту бағдарламасының және қазіргі таңдағы мықты ақпарат көздерінің бірі – интернеттің болуы. Оқу процесінің компьютерленуі студенттің өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс жасауына, өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады. Сондықтан өздік жұмысты тиімді қолдануда мазмұнды динамикалық түрде өзгертуге және соңғы ғылыми жаңалықтармен жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді электронды оқулық-тардың маңызы зор.

- Студент пен оқытушы арасындағы қатынасты студент белсенділігімен оның өз бетімен білім алуға ұмтылуы бағытына өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ соған сәйкес студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдіс-терін, формаларын, түрлерін, құралдарын дұрыс таңдау және қолдану студенттің өздік жұмыс нәтижесіне ықпал жасайды. Студенттердің өздік жұмысының тиім-ділігін және оны орындауға студенттің ынтасын арттыруда дидактикалық құралдары мен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Әр өздік жұмыстың мақсаты айқын, түсінікті, оның көлемі мен мазмұны оқу мақсатына сай, студентті орындауға ынталандыратындай жасалып, оны орындауға студенттің жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары алған білімді жаңа жағдаятта қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілеттерін арттыратындай болуы қажет.

- Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға, яғни оқу формасына (күндізгі, сырттай), білім деңгейіне, оқу курсына, мамандыққа, пәнге, орындалу орнына байланысты ерекшеліктерді ескеру.



Дәрісті қорытындылау: Студенттің өздік жұмыс мәселелерін шешуде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға, ой қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау. Мұның өзі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру үлгісін жүзеге асырумен тікелей байланысты. Нәтижесінде өздігінен жұмыс жасау, өз бетінше білім алу, өз кәсіби әрекетінде ғылыми ізденіс жасау іскерлігі мен дағдысы, аналиткалық ойлауы қалыптасқан, өз әрекетін басқара алатын, өз жұмысының нәтижесінде өзіндік бақылау жасайтын студенттің шығар-машылық тұлғасы қалыптасады.

Олай болатын болса, ғылыми негіздегі ұйымдастырылған студенттердің өздік жұмысы мен студенттердің оқу-танымдық әрекеттерін басқару жұмысы олардың саналы белсенділігін, жоғары оқу-кәсіби мотивациясын, оқу процесінің сапасын қамтамасыз етеді.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) басқа жұмыстардан ерекшелігі «Өзіндік жұмыс» түрлері



Әдебиеттер:

  1. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғалым: 1999. 152- 390 бет.

  2. Кириллова Г.И Теория и практика урока в условиях развивающего обучения М., 1980

  3. Педагогика. АГУ.

  4. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Кұдиярова. Педагогика. Дарын - Алматы-2004

  5. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2004

9 Дәріс. Қазақ тілі пәндері бағдарламалары, оқу жоспары

Мақсаты: Қазақ тілі пәндері бағдарламалары, оқу жоспары туралы ұғым қалыптастыру.

Жоспар:

  1. Қазақ тілі пәндері оқу жоспары

  2. Қазақ тілі пәндері бағдарламалары

Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат

Типтік оқу жоспары білім және ғылым министрлігінде жасалынып, барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.

Оқу бағдарламасы  - оқу пәніне  байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.

Оқу бағдарламасы өзіне қамтиды:

-   белгілі пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, іскерліктері мен дағдаларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын  түсінік хат;

-   пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

-   негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

-   әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;

-   пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

-   әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

-   ұсынылған әдебиет.



Оқулық  оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап

Оқулық оқушылар  оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан, соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары шығуда.  Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-, видеокассеталар және компактдискілерге жазылған, сонымен бірге электрондық  оқулықтар пайдаланып ж

 Біртұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту

Біртұтас педагогикалық процестегі оқыту процесін дидактика бөлімі қарастырады. 

Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:

1)    оқыту – мақсатты процесс;

2)    оқыту – таным процесі;

3)    оқыту -  даму негізі

4)    оқыту – екі жақты процесс;

5)    оқыту -  жоспарлы процесс;

6)    оқыту – бұл күрделі процесс.

Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.

 Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды іске асырылады. Олар:

Оқытудың тәрбиелік функциясы – оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландыра отырып, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастырып, дамыту

Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдык нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, акыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесінде тығыз байланыста өткізіледі. Сонымен, оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.

Оқытудың дамыту функциясы. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана –сеземі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамына, іскерліктері шыңдалып, қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Тұлға жан –жақты дамиды. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту негізінде  даму іске асады.

 Оқытудың түрлері

Дәрісті қорытындылау:

Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, қазақ тілі сабақтары сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар,сабақты ұйымдастыру жолдары.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1 Қазақ тілі пәндері бағдарламалары,

2. оқу жоспары



Әдебиеттер:

1. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы: Мектеп, 1989. – 4 -68 -75 бб.

2 Ұйықбаев И.Қ және т.б. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 65 б.

3 Әлімжанов Д. Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1965. – 66 б.

10 Дәріс. Қазақ тілі пәндерінің типтік бағдарламасы, жұмыс бағдарламасы

Мақсаты: Қазақ тілі пәндерінің типтік бағдарламасы, жұмыс бағдарламасы туралы мағлұмат беру

Жоспар:

1. Қазақ тілі пәндерінің типтік бағдарламасы

2. Қазақ тілі пәндерінің жұмыс бағдарламасы

Типтік бағдарлама – білім мазмұны мен көлемін, оқытылатын пәнді меңгеруге икемділік пен дағдыны (аталған жағдайда мемлекеттік тілді оқыту), тақырыптарға, бөлімдерге және оқыту кезеңдеріне бөлуге арналған, оқыту жүйесінде пайда болған құжат. 


Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама тілді оқыту үдерісін жүйелеуге тікелей бағытталған және қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша тілдік құрылымының қарапайымнан күрделіге қарай жіктеліп берілуімен ерекшеленеді. Мысалдар негізінде жүйеленген әрбір тілдік құрылымның бірліктеріне сәйкес жағдаяттар келтірілді. 
Типтік бағдарламаны филология ғалымдары мен еліміздің өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары бірігіп әзірледі. Типтік бағдарламаның тәуелсіз сараптамасын білім берудің өзге саласындағы типтік бағдарлама, оқу жұмыс бағдарламасы авторлары жүргізді. Типтік бағдарламаны қолданысқа енгізу бойынша ғалымдар мен тіл саясаты төңірегіндегі қайраткерлердің басын қосып дөңгелек үстел басында талқыланды, нәтижесінде тағы да сараптамалар жасап пысықтап, қолданысқа енгізу ұсынылды. 
Кез келген сала бойынша қазақ тілін оқытудың оқу жұмыс бағдарламалары тек осы типтік бағдарлама негізінде әзірленетін болады. Типтік бағдарлама қазақ тілін оқытудың коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын Мемлекеттік стандарттарға негізделген нормативтік құжат болып табылады.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама тілді оқыту үдерісін жүйелеуге тікелей бағытталған және қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша тілдік құрылымының қарапайымнан күрделіге қарай жіктеліп берілуімен ерекшеленеді. Мысалдар негізінде жүйеленген әрбір тілдік құрылымның бірліктеріне сәйкес жағдаяттар келтірілді. 

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. 1. Қазақ тілі пәндерінің типтік бағдарламасы

  2. 2. Қазақ тілі пәндерінің жұмыс бағдарламасы

Әдебиеттер:

1Б. Құлмағамбетованың . Қазақ тілін оқыту методикасы. -Мектеп, 1988. 36-38бет.

2 Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. –Астана: Елорда,- 2002.
11 Дәріс. Жоғары мектепте қазақ тілін оқытуға арналған оқулық, оқу құралдары, дидактикалық технология.

Мақсаты: Жоғары мектепте қазақ тілін оқытуға арналған оқулық, оқу құралдары, дидактикалық технологияларды көрсету.

Жоспар:

1Жоғары мектепте қазақ тілін оқытуға арналған оқулық

2 Жоғары мектепте қазақ тілін оқытуға арналған оқу құралдары



3 Жоғары мектепте қазақ тілін оқытуға арналған дидактикалық технология.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - дей отырып, басым міндеттердің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту» - деп көрсеткен [1]. 
Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы өшпей, жалғасып келе жатқаны – тіл құдіреті мен танымының тереңдігінің көрінісі. Адам баласының өз тіршілігінде көрген-білгенінен тоқып-түйгенін ойлап-толғап, қорытып, келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны – табиғи заңдылық. Бабаларымыздан қалған мәдени мұраларымыз бен баға жетпен құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын табуда ана тіліміздің ролі зор. Еліміздің егемендік алып, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай барлық жоғары оқу орындарында, мектептерде, колледждер мен лицейлерде қазақ тілін ана тілі ретінде, екінші тіл ретінде оқыту жұмыстары жүргізіле бастады
Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбеав т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші-ғалымдардың бірі – М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан «Очерки по методике казахского языка в русской школе» деген еңбегінде жарық көрді [2]. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды. М.С.Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі. 
Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты . 

.  Дәрісті қорытындылау: Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы өшпей, жалғасып келе жатқаны – тіл құдіреті мен танымының тереңдігінің көрінісі. Адам баласының өз тіршілігінде көрген-білгенінен тоқып-түйгенін ойлап-толғап, қорытып, келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны – табиғи заңдылық. Бабаларымыздан қалған мәдени мұраларымыз бен баға жетпен құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын табуда ана тіліміздің ролі зор

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет