Тілдік мақсаттар туралы 2 Орта мерзімді жоспар 11



бет4/4
Дата10.04.2017
өлшемі2,06 Mb.
#13658
түріСабақ
1   2   3   4




Математика Бастауыш мектеп 1-сынып


3C Бөлім: Теңдіктер және теңсіздіктер. Теңдеулер


Ұсынылатын алдын ала берілген білім


100 шамасындағы сандардың жүйесін түсіну; салыстыруды жүргізуді білу және салыстыру тілін қолдану

Мәнмәтін

Есептеу мен алгебра үшін теңдіктер мен теңсіздіктер түсінігі негіз болатынын түсіну.

Оқу жоспарының осы бөліміндегі пән бойынша тілдік мақсаттары
Оқушылар үшін тиісті тілді қолдану бойынша тілдік мақсаттары төменде көрсетілген.

Пән бойынша оқыту мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер сериясы

• Практикалық аспаптарды қолдану, мысалға, табақшалы таразыны заттардың теңдігі немесе теңсіздігін анықтау мақсатында, соның ішінде бір уыс үрме бұршақ

• Сандар қолданылуымен жүргізілген зерттеулер нәтижесін анықтау және теңдіктер мен теңсіздіктер жөнінде бекіту құрастыру

• «Саяхат» тақырыбы аумағында теңдіктер мен теңсіздіктерді зерттеу. Мысалы, қалалар арасындағы қашықтық, мектепке немесе дүкенге барғанға кететін уақыт

• Объектілерді салыстыруды көрсету үшін таңбалар немесе әріптерді қолдану

• Теңдіктер мен теңсіздіктерді жазу үшін дұрыс математикалық таңбаларды қолдану


Оқушылар жасай алады:
сандар мен шамаларды салыстыруды, және олардың қалай теңдіктер мен теңсіздіктер түзе алатындығын түсіндіруді.

• сол/бірдей, тап сол мәні, сонша, тең, теңдік

• басқа мән/бірдей емес, әр түрлі, тең емес, теңсіздік

Есеп, есептің шарты, есептің сұрағы, есептің шешуі.

Қысқаша жазбаша, есептің үлгісі, схема, кесте.


Талдау:


  • Мұның дәл осы екенін қайдан біз білдік?

  • Өлшеу нәтижесінде не болады?

  • Таразы теңестірілмеген болғанда, бұл нені білдіреді?

  • Қайтадан сол шама шықты ма?

  • Осы (өрнек, шама) көп немесе аз мына өрнекке қарағанда?

Неге екенін айта аласыз ба…?

• … таразылар теңестірілген?

• … мына өрнектің шамасы басқаға қарағанда көп?

• … дұрыс жауап біреуден көп болуы мүмкін ба?



Жазылым :

• Теңгерімді көрсететін диаграмма құрастырыңыз

• Бірыңғай мәндері бар өрнектердің тізімін құрастырыңыз

• ... кем сандар тізімін құраңыз



Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз

Қысқаша шолу

Оқушылар теңдіктер мен теңсіздіктерді меңгеру үшін «Саяхат» тақырыбы мәнмәтініндегі зерттеулерге қатысады. Олар сандар мен өрнектерді салыстыруды үйренеді және бір-бірлеріне арналған есептер құрастыратын болады.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқу ресурстары

2.2 Теңдеулер мен теңсіздіктер

1.2.2.1 теңдік, теңсіздік, теңдеуді білу; дұрыс және бұрыс теңдіктерді ажырата білу

1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу




Теңдік дегеніміз не?

) Табақшалы таразыны қолдана отырып, бір табақшаға 3 тиын салыңыз. Оқушының басқа табақшаға бір уыс тиын салуын сұраңыз. Нәтижесін қараңыз. Оқушылардан не көріп тұрғанын түсіндіруді сұраңыз. Оқушылар тепе-теңдік болмауын айтуы керек, себебі табақшалардың ішіндегісі әртүрлі. Бірінші табақшаға тиын қосыңыз да және тағы сұраңыз: «Ал енді тепе-теңдік болды ма?». Табақшалар теңестірілген уақытта, бастапқы 3 тиынға қанша тиын қосылғанын жазып аламыз. Біз қосу амалын өрнек түрінде жаза аламыз ба?

/Т,қ) Жабдықтың болуына байланысты, оқушылардың кішкене топтарда осыған сәйкес тәжірибелер жүргізудегі жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Егер Сізде 1 ғана таразы болса, оқушылардан барлық сыныпқа өзінің тәжірибелерін кезекпен көрсетулерін сұраңыз.

(С) Оқушыларға келесі тапсырма үшін өздерінің қиялдарын қолданғаныңызды қалайтыныңызды айтыңыз. Олар елестетулері керек, егер де бірінші табақшаға 4 тиын салса және екінші табақшаға 10 тиын салса, содан кейін бірінші табақшаға 5 тиын қоссақ, не болады? Енді осы тапсырманы шын тиындармен және табақшалы таразымен орындаңыз. Бірдей ауыр болатын және бірдей ауыр болмайтын комбинацияларды бірнеше рет қайталаңыз.

(С) Бірінші тәжірибедегі жазылған қосудың өрнек амалын қараңыз. Ол көрсетуі мүмкін, мысалы, 3+6=9. Алдын ала дайындалған карточкаларды қолданыңыз. Бір қолыңызда өрнекті (мысалға, 6+3) және екінші қолыңызда сан жазылған карточка (мысалға, 10) ұстап тұрып осы теңдік бола ма деп сұраңыз. Сіз табақшалы таразының үлгісін көрсете аласыз, ол кезде 6+3 ұстап тұрған қолыңыз жоғарыға көтеріледі, 10 ұстан тұрған қолыңыз төмен түсіріледі.

/Т, қ) Оқушылардың жұптасып жұмыс істеуін ұйымдастырыңыз: олар қосу өрнегі амалы жазылған және сандары бар карточкаларды таразы үлгісін көрсете отырып таңдайды.
Теңдіктер мен теңсіздіктер жазбасы

(С) Теңдіктер мен теңсіздіктер таңбаларын ( = ,≠) қайталаңыздар. Бұл таңбалардың теңдіктер мен теңсіздіктер жазбасында қолданылатынын айтыңыз.

/Т,қ) Таңбалар жазылған карточкалар дайындаңыз және жоғарыда көрсетілген тапсырмана қайталаңыз. Бұл жолы таразы тәрізді әрекет ету орнына, оқушылар жұптасып немесе топта саны мен өрнегі бар карточкаларды таңдап және теңдік/теңсіздік дұрыс болуы үшін қандай таңба қолдану керектігін шешеді.

(С) «Теңдік» ұғымын «соншама» ұғымымен байланыстырыңыз.

Ол үшін осы сөздер кездесетін бірнеше есептер шығаруды ұсынуға болады. Мысалы, терім төсемінде 4 дөңгелек салып, оқушыдан соншалықты шаршы салуды сұраңыз. Содан кейін мәтін есепті шығару, мысалы, «Мектеп жанында 5 қайың және соншама жөке ағашы өсіп тұр. Мектеп жанында қанша жөке ағашы өсіп тұр?»


«+», «-» таңдау амалы бойынша белгісіз компонентті табу ережесі негізінде теңдеуді шығару. Теңдеу түбірі

(С) Өрнекті тақтаға жазыңыз.

Мысалы: a = 3 + 7

Оқушылар белгісіз санның нешеге тең екендігін айта алатындығын сұраңыз. Олардан өздерінің көзқарастарын түсіндіруді өтініңіз.

Басқа теңдік беріңіз. Мысалы:
15 + a = 19

Тағы да өрнектің мәні мен белгісіз санды табуда қолданылған амалды түсіндіруін сұраңыз. (Оқушылар белгісіз санды таңдау жолымен тапқан болатын). Оқушылардан белгісіз санды тағы басқаша қалай табуға болатынын сұраған жөн. Оқушылардан сұраңыз: а орнында 19-дан көп сан немесе аз сан тұратынын? Қандай амал арқылы ең төмен санды табуға болады? Осы жағдайда оқушылар белгісіз санның мәнін табу үшін азайту амалын қолданамыз деп айтуы мүмкін. Осылайша, белгісіз санды табудағы кері операцияның қолданылуы туралы жақсы пікір айтылуы мүмкін.



(Ж) осыған ұқсас оқушылар а+12=19 қарастырады, 15+а= 19 қарастырғандағы келген шешімді қолдана отырып.

Егер де сынып оқушылары мықты болса, есепті қиындатыңыз, мысалы, белгісіз санды табудағы амалдарды нақты тұжырымдауға талап қоя отырып, жоғары мәнді сандарды (100 шамасындағы) қолдана отырып, азайту әрекетімен өрнектер енгізіңіз.

) Оқушыларға белгісіз санмен өрнектерді өздері табуына рұқсат беріңіз, сол арқылы стратегияны дұрыс қолданғанын және өзінің шешімдерін жаза алатындығын көресіз.

(С,Ж,қ) Оқушыларға теңдеулер шешудің амалдары, белгісіз компоненттер табу туралы есіне түсіріңіз. Жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан белгісіз компонентті табу амалын әр кезде түсіндіруін сұраңыз.

Ұқсас есептерді құрастыруға болады

Дәптерге өрнекті жазыңыз. а әрпінің әр түрлі шамасындағы берілген өрнектің мәнін табыңыз. Осыған ұқсас тапсырманы а – 4 өрнегімен орындап көріңіз.





5.2 Математикалық тіл

1.5.2.2 «+», «-», «≠», «=», «>», «<» таңбаларды/ сандарды / белгісіз сан (􀂅) белгісін қолданыңыз


(Ж,қ) Оқушыларға сандары мен « =, ≠, >, < » таңбалары бар карточкалар жиынтығын беріңіз. Олардан сандары бар екі карточка таңдауды және сандардың қатынасын көрсету үшін сәйкес белгісі бар карточка қолдануды сұраңыз.

Табақшалы таразы туралы есептерде қолданылған қосу амалы өрнегі бар карточкалар мен « =, ≠, >, < » таңбалары бар карточкаларды қолдана отырып тапсырмаларды қиындатыңыз, салыстыру нәтижелерін жазып алыңыз.

Мысалы: 60+30? 40+20

(С) Сандары және «+ - =, ≠,<, >» таңбалары бар карточкаларды қолданыңыз. Сандар мен қосу амалы бар (немесе жоғарыда көрсетілген тапсырмадағы қосу өрнегі бар карточкалар) және таңбасы кем («+» және «<») карточкалардан бастаңыз, мысалы,

16 + 2 <

Оң жаққа қандай карточка қойғанда өрнек дұрыс болатынын сұраңыз. Оқушылар көптеген дұрыс варианттар ұсына алатынын түсінеді. Теңсіздік таңбасын қолдана отырып ұқсас тапсырма беріңіз, мысалы,

16 – 6 ≠

Тағы да дұрыс варианттар көп болуы мүмкін. Ал егер теңдік таңбасын қолдансақ, қандай айырмашылық болады?

12 + 7 =

Өрнектің мәні (оң жақтағы сан) әрқашан 19-ға тең болуы керек, бұл сан қосу немесе азайтудың нәтижесі болса да.

(С) Белгісізді бейнелейтін таңбамен оқушыларды таныстырыңыз. Мысалы:

12 + 7 = 14 + □

Теңдік таңбасы (=) өрнектің мәні сол және оң жағында да бірдей болатынын көрсетіп тұрғаны туралы әңгімелесіңіз. Осылайша, біз белгісіз санды таба аламыз.

(Ж, қ) Теңдіктегі белгісіз санды табуға арналған есептерді шығару үшін оқушылардың жұптасып жұмыс істеуін ұйымдастырыңыз. Бұл тапсырманы жұмыс парақтарына дайындауға немесе сандары мен таңбалары бар карточкаларды қолдануға болады. Өздерінің пікірлерін дәлелдеуді сұрау арқылы, оқушылардың түсінгенін тексеруге мүмкіндікті қолданыңыз.








5.1 Есептер және математикалық үлгі

1.5.1.1 есепті схема, сурет, қысқаша жазу түрінде үлгілеу; есепті шешуге қажетті тірек схеманы таңдау 1.5.1.3 ** қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау; кері есептер құрастырып, оларды шығару

1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, азайту, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу

1.5.1.5 қосу мен алудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу


Есеп

Қосу мен азайту амалдарын қайталаңыз.

(С) «Саяхат» тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізу үшін біз қосу амалдарын қолданатынымызды оқушыларға хабарлаңыз. Өзіңіздің аймақтағы бірнеше жерлерді ойлап, оқушылардан олардың сол жерлерде болған болмағандарын сұраңыз. Қосуды өрнек түрінде жазып алу үшін ақпаратты қолданыңыз, мысалы, сіздің оқушыларыңыз мынадай өрнек 6+3 құрастырды, оны тақтаға жазыңыз. Ал өзіңіз осы өрнектен есеп құрастырыңыз және оны тақтаға жазыңыз немесе интерактивті тақтада көрсетіңіз, мысалы: 6 адам паркте болды, 3 адам спорт орталығында болды. Барлығы қанша адам демалды?

Оқушыларға осы есеп бойынша құрылымын түсіндіріңіз: шарт (6 адам паркте болды, 3 адам спорт орталығында болды), сұрақ (Барлығы қанша адам демалды?), шешім (6+3=9), жауабы (9 адам орталықта демалды).

Оқушыларға есептерге қысқаша жазба, сурет, сызба, кесте құрастыруға болатынын көрсетіңіз. Әр вариантты көрсетіп шығыңыз.

(Т) Топ ішінде оқушылардың қайда барғысы келетіндігін талдауды ұйымдастырыңыз, соны жазып алу үшін қосу амалын қолданып өрнек құрастырыңыз. Компоненттер атауын қайталаңыз. Содан кейін олар өздерінің таңдауы туралы басқа топтарға айтып береді.

(С) Кітапханаға (тіс дәрігеріне, емханаға) қанша оқушы барғысы келетінін сұраңыз, оқушыларға қанша адам барғысы келмейтіндігін білгіңіз келетінін айтыңыз. Осы жерлерге барғысы келмейтін балалардың санын қалай табатынымыздың үлгісін жасап шығыңыз: Барлық балалар санынан барғысы келген адамдардың санын алып тастаймыз. Өрнек түрінде азайту нәтижесін жазып алыңыз, компоненттердің атауын қайталаңыз.

) Ұқсас тапсырмаларды оқушылар топта орындайды. Топтарды сондай зерттеу жүргізуді сұраңыз, және топтағы қанша бала аталған тапсырманы орындағысы келмейтінін біліңіз. Өрнек түрінде азайтудың нәтижесін үлгілеуді тапсырыңыз және жазба жазуын сұраңыз.



Белгісіз қосылғышты табуға арналған есептер

) Оқушыларға келесі түрдегі есептерді шешуді ұсыныңыз: "Коляда 6 таңба болды. Оған тағы бірнеше таңба сыйлады, сонда барлығы 10 таңба болды. Коляға қанша таңба сыйлады?" Оқушылардан Коляда қанша таңба болса, партаға сонша дөңгелек қоюды сұраңыз. Онда барлығы қанша таңба болды? (6.) 6 дөңгелекті жылжытыңыз. Қалған дөңгелектер нені білдіреді? (Оған сыйланған таңбалар.) 6 дөңгелекті жылжытып, біз оларды өшіріп тастағандай болдық. Бұл қандай амалды еске түсіреді? (Азайту.) Сонда біз қандай шешім аламыз? (10-6=4 таңбалар). Ары қарай оқушыларға сызба және есептерге үлгілер құрастыруды сұраңыз.

Белгісіз азайғышты табуға арналған есептер

(С) Оқушылардан үстел үстіне 8 шаршы қоюды сұраңыз, оқушылар оларды қайтып санап шықсын, 3 қалатындай оқушылардан бірнеше шаршыларды алып тастауды сұраңыз. Қанша шаршының алып тасталғанын қайдан білуге болады?

(Т/Ж) Тәжірибелік жұмыс ұсыныңыз: Ұзындығы 10 см қағаздың кесіндісінде 4 см кесінді қалдырыңыз. Қалған бөлікті қызыл түспен бояп, қызыл түсті кесіндіні қиып тастау. Ұзындығы қанша болатын бөлік кесіп алынды?

Есептің суреттемесі үшін сызба сызыңыз





Санның бірнеше бірлікке өсуі/азаюына арналған есептер

(С) Оқушылардан партаның үстіне 4 шаршы мен 6 үшбұрыш қоюды сұраңыз, бұл жағдайда тек үшбұрыш шаршының астында болуы керек. Оқушылардан сұраңыз: қандай фигураға жұп жетпей қалды? Қанша үшбұрыш жұпсыз қалды? Оқушыларға мұның келесіні білдіретінін түсіндіріңіз: үшбұрыштар шаршыға қарағанда 2 артық, немесе шаршы үшбұрыштарға қарағанда 2 кем. Содан кейін мәтін есептерді қарастыруға көшіңіз.

Бұл демалыс күндері оқушылар қай жерлерге барғанын немесе отбасының басқа мүшелері қайда барғанын білуге көмектеседі. Бұл жерде зерттеу үшін қосу мен азайтуды қолдану үшін «Саяхат» тақырыбына ақпарат жинаған маңызды.

Постерлер немесе кітапшалардың болуы зерттеуге деген қосымша ынталандыру болатын еді.

Оқушыларды жай есептерді шешумен таныстыруды бастаңыз. Оларды есептің басты бөліктерімен, шешім алгоритмімен, жауапты қалай жазу керектігімен таныстырыңыз. Есептің жазбаша түрде рәсімделуін көрсетіңіз. Мүмкіндігі бойынша есептерді, қысқаша жазбаны, шартын, шешімін, жауабын дәптерде орындауға болады.

Пәндік көрнекі мәлімет біртіндеп сызбалық үлгілеумен ауыстыруға болады. Осымен бірге үлгі жиынтықтың бірігуі мен жиынтықтың кейбір бөліктерін алып тастауды көрсетуі керек, мысалға,

Барлығын табуға





Қалдықты табуға



Сызбалық үлгілеудің екінші варианты: кесінділер түріндегі графикалық сызба

«Бірнеше бірлік артық» өрнегін оқушыларға «соншалықты және тағы шамалы» өрнегімен түсіндіруге болады

Егер оқу дағдысы жақсы дамыған болса, тапсырманы дұрыс ретте орындап шығу үшін әрекеттердің орындалу адымдарын карточкаға жазып алуға болады

Оқушылар барлығын табуға арналған тапсырма мен басқа тапсырмалар арасындағы айырмашылықты байқау үшін осы тапсырмаларды бір уақытта қарастыру керек.

Пәндік көрнекі мәліметті біртіндеп сызбалық үлгілеумен, кесінді түріндегі графикалық сызбамен алмастыруға болады.






2.1 Сандық және әріптік өрнектер


1.2.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (қосынды, айырма) / теңдік және теңсіздікті құрастыру, оқу, жазып алу және тану

1.2.1.2 әріптің мәні берілген бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу

1.2.1.3 қосу мен азайту арасындағы әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-b=a

1.2.1.4 қосу мен азайту кезінде 0 қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету: a+0=a; a-0=a

1.2.1.5 жақшасыз берілген әріптік, сандық өрнектерді салыстыру


Әріптік өрнектер

) Сыныпқа бір мүшесі белгісіз болатын өрнек көрсетіңіз. Бұл жағдайда таңба □ орнына әріп қолданылатын болады. Мысалы:

60 + a = 10

Оқушылар a мәнін таба ала ма және қалай тапқандарын түсіндіре ала ма?

) Ойын «Код сақтаушысы». Бір мүшесі белгісіз болатын өрнекті тақтаға жазыңыз. Оқушылар әріптің мәнін табады, сосын тапсырманы орындағандарын дәлелдейді және сол әріпті пайдалана отырып жаңа өрнек құрастырады. Мысалы, мұғалім көрсетіп тұр 30 – a = 2. Тапсырманы жұрыс орындаған оқушы код сақтаушысы болып табылады және ол жаңа өрнек ұсынады, мысалы,

а+ 30 = 50.

Барлық оқушылар өзінің шешімдерімен бөліспейінше ойынды жалғастыра беріңіз.

(С) Екі белгісіздің сомасы санға тең болатын өрнекті оқушыларға көрсетіңіз. Мысалы, a+ b = 9.

a және b қандай мәндер бола алатыны туралы болжамдарды тыңдаңыз. Соңында, орын ауыстыру қасиетін көрсететін бірнеше сөйлемдер болу керек. Мысалы,

«а» 6-ға тең болуы мүмкін, «b» 3-ке тең болуы мүмкін, «а» 3-ке тең болуы мүмкін, «b» 6-ға тең болуы мүмкін

Бұл екі мәндер де дұрыс, осыдан шығатыны, әріптік өрнектер де сандық өрнектер секілді орын ауыстыру қасиетіне бағынады.

) Оқушылардан осы ойды көрсететін мысалдар құрастыруын сұраңыз.

(С) Оқушылардан а + 4 өрнегінің мәнін табуды сұраңыз. Неге бұл тапсырманы орындауға болмайтынын талқылаңыз. Қандай шартта өрнектің мәнін табуға болатынын сұраңыз. Оқушылардан а мәні неге тең болуы мүмкіндігін айтуын сұраңыз.

) Оқушылардан осы ойды көрсететін мысалдар құрастыруын сұраңыз.










Қосу мен азайту арасындағы әріптік теңдік байланыс түрінде таныстыру және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-b=a
(С), Берілген санды табу үшін қосуға болатын сандар комбинациясын қалай тапқанымызды (2А бөлім) оқушылардың есіне түсіріңіз Оқушыларға қосу заңдылықтарын түсінуге негізделген өрнектерді жұптасып құрастыратынын түсіндіріңіз.

, қ) Әр оқушы сан таңдайды, мысалы, 15 пен 20 аралығында, оны әріппен (таңбамен) көрсетеді. Жеке жұмыс жасағанда, олар өздерінің кішкене тақтасында қосу амалымен екі теңдік құрастырады. Оқушылар дайын болған кезде, олар берілген әріптің мәнін табу үшін тақталарымен алмасады. Олар мәнін білетіндерін дәлелдеу үшін, сыныптасы ойлаған әріптің мәнін пайдалана отырып жаңа теңдік құрастырулары керек.

(С) Осы әрекетті қиындату үшін жоғары мәнді санды қолдануға және теңдік құрастыру үшін азайту амалын пайдалануға болады. Оқушылар осы мән үшін неше теңдік құрастыруға болатынын табуға тырысатын болады.
Өрнектерді салыстыру

(Ж,Д,қ) Оқушыларға екі амалмен орындалатынжақшалы бар және жақшасыз өрнектері бар карточкаларды таратыңыз. Берілген өрнектің мәнін табуды сұраңыз.

Осы жұмысты берілген карточкаларға ұқсас карточкалар дайындап қиындатуға болады, бірақ енді осы өрнектерді салыстыруды сұраңыз.






Таңбалар мен сандары бар карточкалар, әріптік өрнектері бар қосымша карточкалар (мысалы, 6 + a): көрсету карточкалары және оқушыларға арналған карточкалар




Математика Бастауыш мектеп 1-сынып


4A Бөлім: Күнделікті өмірдегі есептеулер


Ұсынылатын алдын ала берілген білім

100 шамасында санай білу; ондықтармен санау; сандық теңдіктер мен теңсіздіктерді салыстыра және суреттей білу.

Мәнмәтін

Ақша арифметикасын түсіну, үлгілеу және қолдану күнделікті өмірде математикалық білімді қолдануға мүмкіндік береді.

Оқу жоспарының осы бөліміндегі «Математика» пәні бойынша тілдік мақсаттары
Оқушылар үшін тиісті ғылыми тілді қолдану бойынша тілдік мақсаттары төменде көрсетілген.

Пән бойынша оқыту мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер сериясы

• Тиынәндерін білу және тану (теңге)

• Тиындарды дүкенде тәжірибе жүзінде қолдану - төлеу және қайтарымды алу үшін

• Оқушылардың ақшаның қолданылуын зерттей алатын «Тамақ және сусындар» тақырыбының контексінде рөлдік жағдайлар (дүкен, кафе) құрастыру

• Екі немесе одан да көп заттар сатып алуда қосу амалының байланысын түсіну; өрнек түрінде қосу амалын жазу

• Әмияннан төленген ақша мен кассадан берілген қайтарым барлық ақшасының санын азайту амалының байланысы; өрнек түрінде азайту амалын жазу


:
кафеде тапсырыс беріп және қалай төлейтінін түсіндіру

• сомасы, құны, тиын, теңге, барлық саны, қайтарым

• құнын есептеу


Талдау:


• Сіз ... теңгеге не сатып ала аласыз?

• Егер Сізде осы тиындар болса, сіз не сатып алар едіңіз?

• Ол қанша тұрады?

• Төлеу үшін қандай тиындар қолданасыз? Бұл нақты сомасы ма? Қайтарым қала ма?

• Қандай түрде қайтарым беріледі/алынады?

Неге екенін айта аласыз ба…?

• … түрлі ақша әдісімен төлей аласыз ба?

• … сіз нақты соманы осындай тиындармен төлей алмайсыз ба?

• … мен сатып ала алмаймын... .... теңгені мынадай ақшалармен?



Жазылым :

• Сіз ....теңге бола тұра не сатып ала алатыныңыздың атауларын тізімдеп жазыңыз

• Әр атаудың құнын көрсете отырып өзінізге жеке мәзір дайындап алыңыз.

• Досыңыз үшін сатып алынғандарға касса чегін дайындаңыз.



Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз

Қысқаша шолу

Оқушылар теңгені айналымда қалай және қандай әдіспен қолдану керектігін үйренеді. Олар төлемді қалай жүргізу керектігін және «Тамақ және сусындар» тақырыбындағы контексте қайтарымды қалай беру керектігін зерттейтін болады.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері


1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау


Тиындар. Жинау және айыру

,М,қ) Теңге монеталары (1, 2, 5,10, 20) бар қалтаны алыңыз және тиындардың шылдырын есту үшін оны сілкіңіз.. Оқушылардан қалтада не бар екендігін сұраңыз. Оқушылардың монета туралы бұған дейін алған білімдерін еске түсіретін тақырыптарды талқылаңыздар, қалыптастырушы бағалау жүргізіңіз. Ең кішісінен бастап тиындарды біртіндеп алыңыз. Тиындардың белгіленген құны/қасиеттерін білетінін/білмейтінін сұраңыз.

(С) Әр тиынды көрсетіп және талқылап болғаннан кейін, оларды бір ретке белгіленген құнды өсуіне байланысты бір сызыққа орналастырыңыз. Оқушылардан не көріп тұрғанын түсіндіруді сұраңыз. Тиындарды өлшемі мен түсіне байланысты салыстырыңыз. Неге кейбір сандардың тиындары жоқ екеніне назар аударыңыз. Мысалы, 3, 30. Неге олай?

(С) Оқушылардан тиындарды тани ма, оларды қашан пайдаланады, қолдарында монетаның бірі болса, онымен не істеуге болады сұраңыз.

) Әр түрлі тиындары бар сөмкені оқушыларға беріңіз, олардан бір тиынды алып шығып және қарамай тұрып тиында қандай «көмекші сөздер» бар екенін сұраңыз. Қараңыз және тексеріңіз. Бұл көздері нашар көретіндерге немен көмектесуі мүмкін?

Шотты төлеу. Ақшаны есептеу және қайтарымды алу

(С) Кафедегі тамақ пен сусындарға төлейтін тиындарды / теңгені қалай қолдану керектігін талқылаңыз. Құны жазылған бәліштің суретін көрсетіңіз, мысалы 18 тг. Оқушылардан бәлішке қандай тиындар төлейтінін сұрап алыңыз. Бір тиыннан көп тиындар комбинациясы болуы мүмкін бе?

/Т,қ) Мәзірді құрастыру үшін ойын үшін түрлі заттар (пластмасса жемістер, бөлке мен бәліш үлгілері, пластмасса ыдыс) немесе Интернет, журналдан алынған суреттерді қолданыңыз. «Кафеде» ойын ұйымдастыру үшін бірнеше шын бөлкелер, жемістер, сусындар қолдануға болады. Оқушыларға бір атаудан тапсырыс жасауға және оны төлеуге рұқсат етіңіз. Төлеу үшін қандай тиындар қолданады?

) «Кафеде» ойын жағдайында оқушыларға екі немесе одан да көп атаулар үшін төлемді қарау үшін әдістерді жоғарылатыңыз.

(Ж/Т) 10 тг тиынды тапсырысты төлеуді зерттеу үшін оқушылардың әдісін жоғарылатыңыз. Қанша тиын алу керек? Қайтарым беріледі ма?

,қ) Сыныппен бірге олардың нені білгенін талқылаңыз? Қай соманы төлеу қиындық тудырды?



• Тиындардың дүкендегі тәжірибе жүзінде қолданылуы - төлеу және қайтарымды алу үшін

• Оқушылардың ақшаның қолданылуын зерттей алатын «Тамақ және сусындар» тақырыбының мәнмәтінінде рөлдік жағдайлар (дүкен, кафе) құрастыру

Екі немесе одан да көп заттардың сатып алынуына қосу амалының байланысын түсінуге бағытталған есептре мен оқу жағдайлардың шешімі мен таңдауы; өрнек түрінде қосу амалын жазу және әмияннан төленген ақша мен кассадан берілген қайтарым барлық ақшасының санын азайту амалының байланысы; өрнек түрінде қосу амалын жазу
Пластмасса немесе қатты қағаздан жасалған монеталар олардың дәл көшірмесін бергенімен, нағыз монеталарды пайдалану оларды шынайы өмірмен байланысты екенінен хабар береді. Оқушыларды жалпы құны 28 тг болатын монеталар жиынымен қамтамасыз ету. Тиындар әрқашан айналымда болады.

Олар ақшаға құрметпен қарап, монеталарды оқу үшін пайдаланатындықтарын және сабақтың соңында қайтарып беруге тиіс екендіктерін түсінулері керек. Кейбір оқушылар қағаз тиындарды талқылағысы келеді. Қазір бұл қазіргі оқыту мақсаты емес, бірақ ой-пікірлермен бөлісу керек. Содан кейін, бұл тақырыптың кейіннен оқытылатынын айтуға болады.


Оқушыларды жай есептерді шешумен таныстыруды бастаңыз. Оларды шешім алгоритмімен, жауапты қалай жазу керектігімен таныстырыңыз. Есептің жазбаша түрде рәсімделуін көрсетіңіз.

«Кафе» рөлдік ойынның құрастырылуы оқыту әдісінің бағалысы болар ма еді, және де ол «Тамақ және сусындар» тақырыбы мәнмәтінінде басқа заттарды үйренуде қолданылатын еді.


Мектеп оқу жоспары шеңберінде бөлкелердің үлгісін жасап және олардың әдістерін ұйымдастыруға болады.
Келесі зерттеулер үшін тауарлардың құнын үйрену үшін мектеп асханасына саяхат ұйымдастырыңыз.

Ішінде (1, 2, 5, 10, 20, ) тиындар/теңгелері бар қалта, әр оқушы жұптарына бір-бірден.

Монеталардың суреттері, жүктеу және тақтада көрсету үшін: http://en.wikipedia.org/wiki/File:Tenge_coins.jpg

«Кафе» рөлдік ойынына арналған ресурстар – үстел, орындықтар, асхана аспаптары, майлықтар және т.б.

Тамақ және сусындар – шынайы тағамдар немесе пластмасса үлгілер / сұреттері бар карточкалар

Бағалықтары

Тиындар/теңге (тиындар үлгілері)

10 тг тиындар.








Есептің шешімі

(С) Оқушылардың есіне қосу мен азайту нәтижелерін табу жолдарын зерттегеніңізді түсіріңіз. Бір тағамнан көп тағам сатып алатын болып кафеде тапсырыс берілгенде, қосуды қалай қолданатынымызды талқылаңыз. Және біз қайтарым алғанда/бергенде, азайтуды қалай қолданамыз.

(Ж) Оқушыларды кафеде алма-кезек даяшы болуларын сұраңыз. Клиент 2-3 зат сатып алу керек және 100 теңге тиынмен ақша төлеу керек. Жалпы сомасын есептеу керек және даяшы қайтарым беру керек. Есептің дұрыс жүргізілгенін екеуі да тексеру керек.

, қ) Оқушылар өз тапсырысын/таңдауын қағаз тәрелкеге оны жазып алады, және барлық сомасы мен 100 теңгеден алынған қайтарымды көрсетеді.

(С) Салыстыру амалын оқушылардың есіне түсіріңіз, теңсіздікті зерттей отырып олар қандай таңбалар қолданды. ( <;>, =, ≠) салыстыру таңбалары бар карточкаларды қолданыңыз және салыстырмалы мәнін көрсету үшін заттардың немесе зат топтарының орналасуын ұйымдастырыңыз. Бұл жаттығуды барлық сыныппен немесе топта/жұпта/жеке зерттеу ретінде өткізуге болады.


Тамақтар толық ондықтар құнында болу керек, яғни оқушылар толық ондықтарды қосу мен азайтуында жұмыс жасау керек.

Тиындар - 100 тг

Әр түрлі тиындар (ұсақ), қайтарымды беру үшін

Касса немесе тиындарды сұрыптау үшін ұяшықтары бар қораптар

Қағаз тәрелкелер немесе бояуға арналған қағаздар және атаулардың жазбасы мен тапсырыстың құны

Бағалары жазылған тағамдардың суреттері

Таңбалары бар карточкалар;

«<;>, =, ≠»


5.1 Есептер және математикалық үлгі


1.5.1.2 орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын анықтайтын сандарды, заттарды, тауар бағасын/терминдерді салыстыруда қолданылатын ұғымдарды қолдану

1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, кемітуге, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу

1.5.1.3 ** қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау; кері есептер құрастырып, оларды шығару

1.5.1.6 амалдарды таңдауын негіздеу және қосу мен азайтуға арналған есептерді шешу амалын түсіндіру





Есептің шешіміне түрлі амалдар

(С) Сыныпқа есептің әр түрлі шешімін қарастыруға болатынын түсіндіріңіз. Кейде Біз шартты білеміз және жауап табуға тырысамыз, бірақ кейде жауапты біле тұра есептің шартын құрастыруға тырысамыз.

) Сыныптан келсілерді қарауды сұраңыз: Менде 20 теңге бар. Мен оны 100 теңгеден қайтарым ретінде алдым. Сіз қалай ойлайсыз, мен кафеде не сатып алдым? Оқушыларға шешімді әр түрлі орындау үшін жұпта жұмыс жасауды сұраңыз. Жауаптың бір ғана варианты бола ма алде көп пе?

) Оқушылардан бір-бірлеріне ұқсас есептер құрастыруды сұраңыз. Мысалы, Мен 50 теңге, 5 теңге, 1 теңге тиындарды қолданып төледім. Мен не сатып алдым? Олар достары құрастырған есепті шеше алады. Олардың қызықты ойын құрастырудағы ойларын қызықты ойындардың «Мәзір» жасауға және «Кафе» рөлдік ойында қолдануға болады және таңдап алынады.


Жанама сұрақтары бар есептер

(С) Келесідей ойлаулары бар түрлі салыстыруға арналған есептерді шешуді ұсыныңыз. Тапқаннан кейін, басқасынан қанша санға жоғары екендігін, қарастырылған жиынтықтардың әр заты бойынша оқушылар не білетінін айту керек. Мысалы, есеп: Саматтың 70 теңге, ал Мараттың 90 теңге ақшасы бар. Мараттың ақшасы қаншаға артық? Есепті шығарған соң: Мараттың ақшасы туралы не айтамыз? - деп сұраңыз. Саматтағы ақша саны туралы айтуды сұраңыз.

(Ж) Жанама түрде көрінетін санның бірнеше бірліктерге өсуімен байланысты жаттығулардың тәжірибе жүзінде орындалуы. Оқушыларға бірінші қорапқа 40 теңге салуын сұраңыз. Бұл қорапта екіншіге қарағанда 10 теңге артық екендігін айтыңыз. Екінші қорапта қанша теңге бар? 40 теңгеден артық па, әлде кем бе? Неге? Қандай тапсырманы орындадыңыз? Қалай ойлау керек? (Егер бірінші қорапта 10 теңге артық бола, онда екінші қорапта 10 теңге кем болады. Олай болса, екінші қорапта 30 теңге бар).

Сұрақтан есепті талдау – бұл пікір, есептің сұрағына жауап алу үшін бір немесе түрлі шамалардағы екі сандық өрнекті таңдау үшін құралады. Бір немесе екі мән белгісіз болуы мүмкін, оларды табуға басқа екеуі таңдалынады. Шамалардың белгілі сандық мәнін тапқанша дейін осылай жалғаса береді. Сұрақтан есепті талдау нәтижесінде оқушылар шамалардың сандық мәні арасында бағыныштылық орнатады, және есепті талдайды және шешімі үшін жоспар құрайды. (« талдау әдісі».)

Сандық мағлұматтардан есепті талдау екі сандық мағлұматқа сұрақ келістірілетінінен тұрады. Келесі екі мағлұматқа, бірінші әрекеттің нәтижесі болып табылатын біреуіне тағы да бір сұрақ қарастырылады. Есептің сұрағына жауап алынбайынша осылайша жалғаса береді (« жинақтау әдісі»)

Айтылып отырған есептерді талдаусыз шешуге болмайды

Әдетте оқушылар, елеусіз белгілерге, соның ішінде жеке сөздерге назар аударады(осы жағдайдағы сөз «артық»), өрескел математикалық қате жібере отырып қосудың амалын орындауға асығады.

Тәжірибелік жаттығулар орындау кезінде осы жаттығулардың меңгерілуіне көп көңіл бөліңіз. Оқушының келесіде меңгерілуін жеңілдететін және жанама түрдегі өрнектерді құрастыратын есептерді орындай алуы маңызды.







Математика Бастауыш мектеп 1-сынып


4B Бөлім: Жиындар. Логика элементтері

Ұсынылатын алдын ала берілген білім

Сандар жүйесін түсіну және заңдылықтар мен тізбектерді зерттеу тәжірибесі

Мәнмәтін

Заңдылықты табу – ғылымда көп қолданылатын амал; логикалық амалдарды жүйелеу және қолдану мүмкіндігі – оқуда қажет бағалы білімдер.

Оқу жоспарының осы бөліміндегі пән бойынша тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін тиісті ғылыми тілді қолдану бойынша тілдік мақсаттары төменде көрсетілген.



Пән бойынша оқыту мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және

терминология

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер сериясы



• Өлшемдерді түсіну негізінде көптеген элементтердің тәжірибе жүзінде жасалуы және зерттелуі

• «Тамақ және сусындар» тақырыбы мәнмәтініндегі заттардың топтастырылуы, мысалы: жемістер, көкөністер, тәттілер, ащы тағамдар және т.б.

• Пиктограмма мен гистограмма түрінде зерттеудің мағлұматтарын жинау және оларды таныстыра білу

• Сандардың заңдылығына байланысты үш-үштен топтастырылудың зерттелуі

• «Дені саудың – жаны сау» тақырыбы мәнмәтінінде зерттеу және Кэролл диаграммасы түрінде нәтижелерді көрсету



Оқушылар жасай алады:
зерттеудің шарттарын ескере отырып, неге бұл комбинациялардың дұрыс немесе бұрыс екендігінің себебін анықтау.

• комбинациялар, тізбек, тармақ, элемент, заңдылық, шешім.



Талдау:


• Әрбір комбинация неден тұрады?

• Сіз барлық мүмкін болатын комбинацияларды таба аласыз ба?

• Барлық комбинацилардың табылғанын қайдан білесіз? • Біздің жұмыстың жүйесі немен қорытындыланады?

• Қандай тізбектер мүмкін болмайды?



Неге екенін айта аласыз ба…?

• … бұл мүмкін/дұрыс шешім?

• … бұл шешім бұрыс па?

• … барлық комбинациялар құралғаны бізге таныс па?



Жазылым:

• Сіздің нәтижеңізді түсіндіретін сөйлемдер жазыңыз.

• Өзіңіздің жеке логикалық есебіңізді жазыңыз.

• Осы жірде тіркелуге болатын пункттер тізімі.



Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз

Қысқаша шолу

Тақырыпты меңгеру кезінде оқушылар:

шама мен оның сандық мәні секілді ұғымдарды ажыратады

бір атаудың ұзындығын өлшеу бірлігінен екі атаудың ұзындығының өлшеу бірлігіне өтуді және керісінше амалдарды пайдалана отырып, оқу және тәжірибелік есептерді шығарады;

шаманы өлшеу құралдарымен қолдану біліктерін көрсетеді.

Жиындарды дұрыс құрастыру үшін заңдылықты анықтағаннан кейін, оқушылар ақпаратты түрлі әдістермен көрсететін болады. Олар алынған ақпаратты комбинаторлық және логикалық есептерді шешуде қолданатын болады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқу ресурстары

5.2 Математикалық тіл

1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері





1.5.2.5 деректерді жинау, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды күнделікті материалдардың көмегімен жүйелеу, жасап бітіру, құру

1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық); өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.3 ұзындық: см/ масса: кг/ сыйымдылық: л шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау


Пиктограмма мен бағандық диаграмма құрастыру

(С) Шағын тізімнен оқушылардың ұнататын жемістер мен жидектерін атауын сұраңыз. Мысалы: алма, банан. бүлдірген, апельсин, қаражидек және т.б. Әр оқушы өзінің таңдауын жасайды және пиктограмма сала отырып тақтада бағана бойына жемістер мен жидектердің суреттері бар жапсырмаларды жапсырады (немесе тақтаның бағдарламалық жабдықтамасын пайдалана отырып, электрондық түрде суретті қойыңыз). Нәтижелер мен суреттің құрастырылу әдісін талқылаңыз.

,ОТ) Оқушылардың азық-түлік және сусындар туралы мәліметтерді қалай жинайтынын ойлануын сұраңыз. Оқушылар жоғарыда оқытушы құрастырған сұрақтарды қоя бастайды. Суреттер жапсырма қағазға басып шығарылуы мүмкін немесе қағаздан қиып алынады. Әр оқушыға өзінің сұрағын құрастырып оны сұрау үшін, сосын мәліметті көрсетіп таныстыру үшін уақыт керек.

(С) Сыныпта басқа зерттеулер жүргізіңіз. Мысалы, оқушылардан мектеп алдында таңертеңгісін не ішетінін сұраңыз. Оқушылар түсті шаршы көмегімен өзінің таңдауын көрсетеді және олардан мұнара жасайды. Мұнаралар гистограмма түрінде бірінің қасына бірі орналасады. Сосын, гистограмманы интерактивті тақтада бағдарламалық жасақтама көмегімен көрсетуге болады.

, қ) Оқушыларға тор көз қағаз беріңіз және гистограмма секілді мағлұматтарды жинап өзінің нәтижесін көрсетуін қалай қалайтыныңызды түсіндіріңіз.

Кэролл диаграммасын құрастыру

(С) Кэролл диаграммасын құрастыруды үлгілеңіз. Әсіресе әр жағында бөлімдердің келесідей белгіленгенін көрсетіңіз: «өлшемге сәйкес» және «өлшемге сәйкес емес». Осылайша, «қызыл» және «қызыл емес» деп белгілеуге болады. Бірақ кейбір оқушылар «қызыл» және «сары» деп белгілеуге болады деп ойлауы мүмкін. Бұл дұрыс емес.

(С) Флипчарт қағазының бетінде бейнеленген Кэролл үлкен диаграммасын қолданыңыз және оқушыларға біз ойыншықтарды сұрыптаймыз деп айтыңыз. Екі жақ үшін қандай өлшемдер ұсына алатынын сұраңыз. Мысалы: егер бір өлшем «жұмсақ» болса, онда екіншісі «жұмсақ емес» болады. Келесі екі өлшем де ойыншықтарға сәйкес ойлап табылады. Мысалы: «үлкен», «үлкен емес». Ойыншықтарды сұрыптамас бұрын, диаграмманың әр төрт торының қасиеттері туралы сөйлесіңіз. Оқушыларды біртіндеп ойыншық таңдауға және оны торға орналастыруға шақырыңыз және олар оны қасиеттерін көрсетеді деп ойлауы мүмкін. Орын ауыстырумен келісетінін әрқашан сұрап тұрыңыз.

) Залда немесе балалар алаңында Кэролл үлкен диаграммасын жасау үшін арқан қолданыңыз. Оқушыларға топқа бөлінетінін айтыңыз. Қандай белгілеріне байланысты жасай алатынымызды сұраңыз.

Басқа қасиеттері «Дені саудың – жаны сау!» тақырыбымен байланысты болуы керек. «Биік» және «төмен» өлшемдері ұсынылуы мүмкін бірақ бұл жеткілікті емес. Нақтысы «100 см-ден жоғары» и «100 см-ден төмен» болуы мүмкін. Басқа қасиеттері жеке таңдауға көрсетуі мүмкін. Мысалы: «спортты жақсы көреді» және «спортты жақсы көрмейді». Белгіленуі анықталған кезде, карточкада көрсетіңіз, сосын оқушылардың дұрыс жиынтыққа кіруін сұраңыз.

, қ) Оқушыларға жұппен жұмыс істеп, Кэролл диаграммасын құрастыруды сұраңыз. Олар сынып бөлмесінде табылған объектілерді немесе ойыншықтарды қолдануы мүмкін еді. Олар ««Дені саудың – жаны сау!» тақырыбы мәнмәтінінде өздерінің өлшемдерін ұсынуы мүмкін.



Гистограммада кейбір оқушылардың сусындары көрсетілмеген болуы мүмкін. Осылайша, күтпеген жағдайларды бейнелейтін «тағы да бірдеңе» және «мүлдем ештеңе» категорияларына талап пайда болады.

Бұл тапсырмаларды «Тамақ және сусындар» тақырыбы мәнмәтінінде қолдануға болады, егер бұл тақырып әлі аяқталмаған болса немесе «Дені саудың – жаны сау!» тақырыбы мәнмәтінінде болса (жаңа тақырып бастамасы).

Дәлбедерлер немесе шынайы жемістер.

Суреттері бар жапсырмалар немесе жемістердің электронды суреттері.
Гистограмманы суреттейтін шаршылар жиынтығы немесе гистограмма жасауға арналған интерактивті тақтаның бағдарламалық қамтамасыз етілуі.

Флипчартта Кэролл үлкен диаграммасы.

Мектеп залында немесе балалар алаңында улкен диаграмма салу үшін арқан немесе бор.



4.2 Тұжырымдар


1.4.2.1 дұрыс пен бұрыс тұжырымдарды анықтау

1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу





Логикалық есептерді зерттеу мен шешу

) Оқушыларға келесі түрдегі есептерді шешуді ұсыныңыз: қатар бойында тұрған төрт тәрелкеде алма, тоқаш, апельсин және шоколад бар. Алма қатардың бір шетінде тұр. Шоколад ешқандай жемістің қасында тұрған жоқ. Тоқаш апельсиннің жанында тұр. Әр зат қандай тәрелкеде тұр?

Біз қолдана алатын есептердің шешімінің амалдарын талқылаңыз. Тиімді бастау үшін диаграмма салыну мен әр заттын орналасқан жерін көрсету болар еді. Тексеріңіз, есеп шешімінде есеп шартының сақталатынын – бұл шешімнің басқа басты амалы болып табылады. Шешімнің соңғы амалы – бір дұрыс шешімнен кейде көп шешім болуы мүмкін.

, Ж, қ) Оқушыларға жай есептерді шешуді ұсыныңыз, бірінші олар кішкене топтарда, содан кейін жұптасып немесе жеке жұмыс жасаулары қажет. Есеп шығарылғаннан кейін, оқушының қалай тексергенін және дұрыс шешім екендігіне сенгенін сұраңыз.


Логикалық есептің мысалы: (әрқайсысы бөлісіп және талқылау үшін топтың әр мүшесіне арналған жеке карточкаларда мағлұматтарды орналастыру мүмкін)

Кафе ақ немесе қара нанмен бутербродтар дайындайды. Олар ірімшікпен немесе етпен жасалған. Адамдар топтары бутербродтар үшін келеді:

6 адам ақ наннан жасалған бутерброд қалайды

2 адам ақ наннан және ірімшік қосылған бутерброд қалайды

8 адам ірімшік қосылған бутерброд қалайды

Қара нанмен және етпен бутерброд қалайтын адамдардың екі еселенген саны және соншалықты етпен және ақ нанмен бутербродтар қалайтын адамдар саны.

Қандай түрдегі бутерброд жасау керек екендігін білу үшін сіз қалай жұмыс жасайсыз?

Кесте саламыз. Оны мәліметтермен толтырамыз. Бірінші нені табуға болады? Ойлан.






Ірімшік

Ет




Ақ нан

2

?

6

Қара нан

?










8









Интернет - логикалық есептерге бай дереккөз, мысалы, (ағылшын тілінде):

http://www.primaryresources.co.uk/maths/mathsD3.htm



4.4 Объекттер комбинациясы


1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі-екіден» комбинациялар жиынын құрастыру


Объектілер комбинациясы

(С) Оқушыларды комбинаторлы есеппен таныстырыңыз: дәмханада стақанға салынған дәмі әр түрлі үш шариктен тұратын балмұздақ сатады. Мысалы, ең төменге ваниль, оның үстіне шоколад, жоғарыда құлпынай дәмі.Үш шарикті біріктіру бойынша неше әдіс бар? Шешімді кеңейтіңіз: біз шоколадты төменге, ортасына, үстіне сала аламыз.

Осындай типті есептерді шешу бойынша тәсілдемені диаграмма немесе жүйелі зерттеу түрінде көрсетіңіз, барлық мүмкін комбинацияларды анықтау бойынша стратегияға акцент жасап отырыңыз. (Д,қ) Заттарды үш үштен үйлестіруге және зерттеу жүргізуге болатын қарапайым есетерді ұсыныңыз.






4.1 Жиындар, олармен жүргізілетін операциялар

1.4.1.2 жиынды элементтердің белгілері бойынша жіктеу (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті)

1.4.1.3 заттар жиындарын жұп құру арқылы салыстыру; тең жиындарды, бос жиынды анықтау

1.4.1.1 екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу


Жиын

(С) (Ұ) Оқушылармен топтастыру мен қосуды зерттеген кезде топтар немесе заттарды жинақтау идеясын қалай пайдаланғанымызды қайталаңыз. Екі шеңберді алып, біреуін «жеміс», екіншісін «көкөніс» деп қағаздармен (стикерлермен) белгілеңіз. Ойыншық немесе шынайы жеміс-көкөністерді пайдаланып, оларды екі шеңберге бөліп салып әр затты қай шеңберге салғанын сұрау керек.. Жиындардың тең болуын қадағалаңыз. «Тең жиындарар» ұғымын қарастырыңыз.

Қасына тағы бір шеңбер орналастырыңыз және «Жидектер» деген жапсырма белгілеңіз. Осы жиынғаа кіретін заттарды табуды сұраңыз. «Бос жиын» ұғымын қарастырыңыз.

(Т/Ж) Оқушыларға сынып бөлмесіндегі заттарды анықтап, оларды шағын топтарға бөлуді тапсырыңыз. Мысалы, ойыншық автомобильдердің жиыны. Оларға қандай топтастыру критерилерін ұстанатыны туралы келісіп алулары керек екендігін айтыңыз. (Ұ) Жемістер мен көкөністер жиынына қайтып келіңіз. Біз оларды қалай салыстырғанымызды талқылаңыз.Бұл жиындарда заттардың саны бірдей ме? Әлде бір-бірінен артық па? Оларды көрсету үшін қандай белгілер пайдалануымыз мүмкін? (Ұ,Ж,Т) «Тағам және сусын» тақырыбындағы заттар жөнінде ойландырыңыз. Олар заттарды, ойыншықтарды, тағамдардың суреттерін және сусындар арқылы жиындар құрастыра ала ма? Осы тақырыпта оқушылар шағын топтарда тағамдар жиыны мен сусындардан заттардың жиынын құрастырып, оларды салыстыру тәсілдерін ұйымдастырыңыз. (Ұ,Қ) Түрлі зат топтарын алып және топтастыру үшін қандай қасиеттерді пайдаланғанын қарастырыңыз. Алдында құрылған жиындардан үлкен жиындарға қалай жинақталатынын көрсету керек. Мысалы, біз пайдаланатын азық-түліктің үлкен жиыны.


Біздің сын-бағамдармен келісуге тиіс екенімізді түсіндіріңіз. Біз бұл жерде жемістің дәмі туралы ойлауымыз керек, әдетте олардың дәмі тәтті болып келеді, бұдан басқа оқушылар өсе келе түсінетін биологиялық ерекшеліктері де бар.



Сақиналара/шеңберлер, подностар немесе қораптар жапқышы, заттарды топтарға бөлуге арналған
«Көше» пазлы:

http://nrich.maths.org/5157






Математика Бастауыш мектеп 1-сынып


4C Бөлім: Объектілердің орналасуы мен бағыты

Ұсынылатын алдын ала берілген білім

Сызықтар, жазық және кеңістіктік фигураларды анықтау мүмкіндігі.

Мәнмәтін

Сызықтар мен фигураларды салыстыру және зерттеу геометрияның, механиканың және инженерияның бастауы болады.

Оқу жоспарының осы бөліміндегі пән бойынша тілдік мақсаттары
Оқушылар үшін тиісті ғылыми тілді қолдану бойынша тілдік мақсаттары төменде көрсетілген.

Пән бойынша оқыту мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер сериясы

• «Дені саудың – жаны сау» тақырыбы мәнмәтінінде дененің жылжуын тәжірибе жүзінде зерттеу, сәйкес терминологияны қолдана отырып

• «Анықталған мақсатқа ойыншықтарды орналастыру» досы үшін нұсқама жасау, сәйкес терминологияны қолдана отырып (оңға, солға, алға, артқа, жоғарыға, төменге)

• Объектілердің орналасуы мен олардың арасындағықашықтық туралы көрініс және суреттеудің амалдарын зерттеу

• Геометриялық фигураларды суреттеу үшін сурет/сызу дағдыларын дамыту



фигураларды құрастыру және оларды нақты орналастыру үшін нұсқаулыққа сүйемелдеу


жалғастыру/сурет салу, өлшеу, орналастыру, бағыттау

• көп/аз, жоғары/төмен, кең/тар, қалың/жұқа

• қарама-қарсы, артта, сол жақта, оң жақта, биік, төмен, жанында, арасында, маңында, астында, үстінде, ішінде, сыртында, ортасында



Талдау:


• Қандай фигура биік / төмен / жанында...?

• Шаршының оң жағында / сол жағында не бар?

• Қандай фигураның төрт жағы болады?

Неге екенін айта аласыз ба…?


  • егер біз үшбұрышты бұрмаласақ, бұл - әлі де үшбұрыш па?

  • …, егер біз шаршыны бұрмаласақ, бұл бұдан артық шаршы ма?

  • … барлығы нұсқаулыққа сүйенуде, бірақ нәтижелер неге басқаша?

Жазылым:

• Досыңыз үшін диаграмма құрастыруда нұсқаулық жазыңыз.

• Есікке дейін орын ауыстыру жұмыстары үшін нұсқаулықтар тізімін жазыңыз.

• диаграммада фигураларды дұрыс белгілеңіз.



Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз

Қысқаша шолу

Оқушылар тәжірибелік әрекеттер көмегімен фигуралардың түрі мен орналасуын зерттейді. Олар әрекеттерді суреттеп және орындау үшін қолдану барысында объектілердің орын ауыстыруына, бағыттарына байланысты сөздерді үйренетін болады.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

3.1 Геометрикалық фигуралар мен оларды жіктеу


1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш)/ кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру



Сызықтар мен фигуралар

(С) Оқушыларға сызықтар мен фигураларды 1В бөлімде қарастырғанымызды еске түсірейік. Олардың нүкте, түзу, қисық сызық және сәуле, тұйық және тұйықталмаған сызықтар, интервал, аудан және шектер туралы білетініне көз жеткізіңіз. Барлығы фигураларды анық көру үшін интерактивті тақтада үлгілеу үшін геометрияның бағдарламалық қамтамасыз етуін, Геогебра сияқты пайдаланыңыз.

(Д) Оқушыларға сызу арқылы анық орындалудың тәжірибе жасауын, үшбұрыш пен тіктөртбұрыш сияқты фигуралардың құрастыруына рұқсат етіңіз. Оқу жоспарына сәйкес шығармашылық жұмысты орындай отырып оларды үлгі/шеңбер ретінде қолдануға болады.

(С) Суреттің нәтижесін бірігіп қарастырыңыз және сәйкес терминологияны пайдалана отырып, фигураларды суреттеп беруін және олардың өзара байланысуын айтуды сұраңыз.

) Экранда шарттардың ретін көрсетіңіз және шартқа сүйенетін диаграмма құрастыруды сұраңыз. Мысалы:

Сызық бет бойымен өтеді. Сызық жоғарысында үшбұрыш орналасқан. Үшбұрыш жоғарысында басқа сызық орналасқан.



Сызуды анық орындау керектігін және құралдарды дұрыс пайдалану керектігін түсіндіріңіз. Оқушылар сызғышта сынған шеттер жоқ екендігіне және қарындаштың ұшы ұшталғанын тексерулері керек.


Сәйкес қағаз бетіне сурет салуға арналған құралдар

Бағдарламалық қызмет көрсету, Геoгебра секілді




3.2 Сурет және геометриялық фигуралардың орналасуы



1.3.2.1 тура, қисық, үзік, тұйық және тұйықталмаған сызықтарды/ қарапайым жазық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағаздың жазықтығында бейнелеу

1.3.2.2 берілген ұзындықта кесінді сызу

1.3.2.3 композицияларды жазық фигуралардың үлгілерінен және олардың бөліктерінен жасау
1.3.2.4 геометриялық фигуралардың арасындағы негізгі арақатынасты анықтау (үлкен-кіші, жоғары-төмен, кең-тар, жуан-жіңішке)


Геометриялық терминдерді қолдану

, қ) Салыстыру сөздерін қосу үшін жоғарыда көрсетілген әрекеттерді ұлғайтыңыз, мысалы, «Үйлердің суретін салыңыз, олардың біреуі екіншісінен биік болуы керек; екі 5-қабатты үй салыңыз, біреуінің ені екіншісіне қарағанда кіші»

(К, И) Геометрияның бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып фигураларды көрсетіңіз. Оқушылардан фигураларды өзгертуін сұраңыз (жоғарысындағы «қаламдары» арқылы), оларды биігірек, кеңірек және т.б. өзгерту үшін
Фигуралар көмегімен заңдылық түсінігін дамыту
(С) Геометрияның бағдарламалық қамтамасыз етуін қолдана отырып, экранда изометриялық торды көрсетіңіз немесе флипчартта үлкен өлшемнің бір версиясын дайындап қойыңыз. Фигураларды құрастыру үшін торда сызықтардың қалай жүргізілуі керектігін көрсетіңіз. Оқушылардың фигураларды дұрыс атауын тексеріңіз.

(С) Изометриялық қағазды табыстап және торда фигураларды салуын оқушылардан сұраңыз. Қабілетті оқушылар фигураларды анықтап және атын жаза алады (фигуралар ішіне). Бұл заңдылықтың негізі және шығармашылық жұмыс болуы мүмкін.

Оқуышылар өздерінің диаграммалары үшін заңдылықтарды таңдай алады, мысалы, олардың фигуралары жанаса ма?

) Оқушылардың жұмысын көрсетіңіз және талқылаңыз. Фигуралар дұрыс анықталған ба? Әр үшбұрыш, әр тікбұрыш, әр шаршы ұқсас па? Қандай айырмашылықтарды байқауға болады? Біз атай алмайтын басқа да фигуралар бар ма?

(С) Оқушылардың фигураларды бояғысы келуі мүмкін. Балама ретінде – фигураларға қатысты емес ауданды бояу керек. Бұл салынған фигураларға назар аудартады және олардың формаларын көруге рұқсат береді.


Моторикасы жеткілікті дамымаған оқушылар анық және тез сызу үшін, биік/төмен, кең/тар және т.б. сөздерін түсіну үшін пластмасса фигуралардың үлгілерін қолдануы мүмкін. Олар оларды қозғалту арқылы фигураларды таңдайды.



Кілт сөздері бар карточкалар (оқу мақсаттарын қараңыз)

Изометриялық қағаз

Интерактивті тақтада демонстрациялық нұсқа

Бағдарламалық қызмет көрсету, Геoгебра секілді



5.1 Есептер және математикалық үлгі



1.5.1.2 **

заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану



«Дені саудың – жаны сау!» тақырыбы мәнмәтінінде объектілердің орналасуы мен бағытына қатысты терминологияны пайдалану

(С) Қоршаған ортадағы заттар арасындағы арақашықтықты, бағытты және орналасуын анықтайтын терминдерді оқушылармен бірге қайталаңыз (олар 1В бөлімінде қарастырылған болатын). Егер қажет болса, терминдердің анықтамасын көрсету үшін сәйкесінше жерде (мысалы, ойыншық үйде) ойыншықтар (қуыршақ, ойыншық жануарлар және т.б.) көмегімен орнын/бағытын үлгілеңіз.

, қ) Сәйкес орын табыңыз да оқушыларға олардың жұптасып жұмыс істейтінін және берілген бағытта кезекпен қозғалатынын айтыңыз. Мысалы, әріптесіңізге қарсы тұрыңыз, оның оң жағынан тұрыңыз. Терминологияны әрқашан нақты түсіне бермейтін оқушыларды бақылаңыз, және қажет болса, сөздердің мағынасын қайтадан түсіндіріңіз. Оқушыларды арақашықтық терминологиясымен таныстырыңыз. Оқушылардан әріптесінен бірнеше берілген адымға алшақтауын сұраңыз (берілген бағытта). Оқу дағдысын бекіту үшін, сөздері бар карточкаларды пайдаланыңыз.


Ғимарат ішінде сәйкес келетін кеңістік болмаған жағдайда бұл әрекеттер таза ауада ұйымдастырылуына болады.


Сөздері бар карточкалар (Оқу мақсаттарын қараңыз) – осы бөлімге ескертпе ретінде жарға жапсыруға болады.
Ойыншықтар
Суреттер мен бояулар

Сабақ жоспары


Бастамас бұрын орта мерзімді жоспарыңызға сүйеніңіз. Сабақ жоспарларын оқыту мен оқудың соңғы үлгілеріне негіздеп, қажетті өзгерістерді енгізе отырып осы үлгінің негізінде құру керек.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Осы сабақты меңгеруге көмектесетін Оқу мақсаттары

Бұл мәліметтерді орта мерзімді жоспардан көшіріп алыңыз

Сабақтың мақсаттары

Сіз жоғарыда көрсеткен мақсаттардың дәл өзі немесе олардың бір бөлігі болуы мүмкін мақсаттарды белгілеңіздер. 40 минуттық сабақ үшін оқытудың нақты, шынайы және қол жетімді көлемі жайлы ойланыңыз

Тілдік мақсаттар

Лексика мен сөз тіркестері үлгілері кіретін тілдік мақсаттарды белгілеңіз

Оқушылар істей алады:

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:


Бұған дейін алынған білім

Оқушылар осы сабақтың алдында нені үйреніп үлгерді және нені әлі де білуі қажет? Бұрыннан бар білімдерін қалай тексересіз?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған шаралар (бағаналардың мазмұнын жоспарланған шаралармен ауыстырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басталуы


Сабақтың басында мұғалімдер:

Оқушылардың назарын өздеріне аударады

Сабақтың/оқудың контексін жасайды

Мақсатар жайлы айтып береді

Күтілетін нәтижелерді белгілейді

Келесі аббревиатураларды қолданыңыз:

МН = мұғалімге арналған нұсқаулық

МД = мұғалім дайындаған

БД = басқа дереккөздер

Сабақтың ортасы


Негізгі шаралар ретінде сабақ барысында оқушылар келесілерді жүзеге асырады алады: Сабақ мақсаттарына қатысты білімдері мен дағдыларын дамытады

Түрлі техниканы қолданады

Бұрыннан бар білімдері мен дағдыларын қолданадыТұжырымдамаларды зерттейді

Проблемаларды шешеді




Жоспарланған мерзімі

Жоспарланған шаралар (бағаналардың мазмұнын жоспарланған шаралармен ауыстырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың соңы


Сабақтың соңында оқушылар:

Нені үйренгені туралы пайымдай алады

Келесі сабақтың мақсаттарын белгілейді

Өз жұмысы мен өзгелердің жұмысын бағалай алады




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық пен қауіпсіздік

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация тапсырма, нәтиже, қолдау көрсету, бөлінген уақыт, пайдаланылған ресурстар түрінде көріне алады.

Дифференциация сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында нені үйренгенін бағалау үшін пайдаланатын әдістерді жазуға арнаңыз

Сізге сабақтың жоспарын жасау үшін, басқа пәндік оқытушының кеңесі керек пе?

Сізге сабақ жоспарын әзірлеу үшін басқа пән мұғалімінің кеңесі қажет пе?

Сабақтағы шаралар барысында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төнбей ме?

Оқушылар осы сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамыту үшін қандай мүмкіндіктер бар?

Пайымдаулар
Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма?

Бүгін оқушылар не нәрсеге үйренді?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолдан келді ме?

Мен уақыттық кестені ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ бойынша бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау
Неғұрлым жемісті екі сәтті атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?1:
2:
Сабақты жақсартуға ықпал ететіндей екі жайтты атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?

1:
2:
Мен сынып пен жекелеген оқушылар туралы жаңа нені білдім және бұл менің келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет