ТұҚымдық жадығАТҚА (материалғА) Қойылатын талаптар дәрістердің негізгі сұрақтары


ІІ. Мемлекеттік үлгіқалыптармен мөлшерленбейтін себу сапа көрсеткіштері



бет4/9
Дата19.03.2022
өлшемі158,5 Kb.
#136134
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 Дәріс
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
ІІ. Мемлекеттік үлгіқалыптармен мөлшерленбейтін себу сапа көрсеткіштері. Тұқым ірілігі мен біркелкілігі. Тұқым ірілігі мен біркелкілігінің алынатын өнімге әсері ғалымдар мен диқан қауымын ертеден ойландырған. Көптеген шетелдік ғалымдар (Ф. Любарский, 1901; А. Новицкий, 1881; Габерлант, 1880; Вольни, 1881; және басқалар ірі тұқымдармен сепкенде өнімнің артатынына ертеден көңіл аударған. П.А. Костычевтың (1887) еңбектерінде тұқымдық жадығаттың ірілігіне айтарлықтай мән берілген. Ол өзінің «Тұқым сапасының өнімге әсері» деген монографиясында былай деп жазған: «Егістікке барынша жақсы, басқаша айтқанда жақсы дамыған ірі және ауырсалмақты дәндерді пайдалану өзінің әсері бойынша тыңайтқыш немесе өте жақсы өңделген топырақтың әсеріне пара-пар, сондықтан өнімді арттыру жолында тұқымды сұрыптауға жоғары да аталған екі шараға аударғандай көңіл бөлген дұрыс». Ірі тұқымдардың жоғары тиімділігі кейінгі кезеңдегі ғалымдардың жұмыстарында да дәлелденді (М.С. Савицкий, 1956; И.М. Коданев,1970; Г.В. Гуляев,1962; Н.И. Кулешев, 1963; П.П. Лукьяненко, 1968; ж.б.).
И.В. Алехин 100 жылдан аса жүргізілген эксперименттік зерттеулер нәтижелерін талдай келіп мынадай қорытындыға келген: ірі тұқымдар 9-11 жағдайдың 8-10 жағдайында кәдімгі тұқым мен ұсақ тұқымға қарағанда жоғары өнім береді, ал орташа тұқыммен салыстырғанда 5 жағдайдың төртеуінде осындай заңдылық байқалады. Ірі, біркелкі және биологиялық құнды тұқымдардан өнімнің жоғарылауы мен төмендеуінің мұндай қатынасы заңды құбылыс, ал ірі тұқымдардан өнімнің төмендеуі кездейсоқ жағдай немесе белгілі бір зерттеушінің таңдап алған тәсілінің ерекшелігімен байланысты.
Ірі тұқымдардың егістіктегі оң әсерін Қазақстанда жүргізілген зерттеулерде де әйгіленді. Бұрынғы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының (В. Ферапонтов, 1967), Зырян селекциялық стансасында (П.Пискунов, 1965) және басқа ғылыми мекемелердің тәжірибелерінде ірі тұқымдармен себілген алқаптардан мол астық өнімі жиналған.
Ірі тұқымдардың артықшылығы көптеген ғалымдардың тұжырымы бойынша, оларда қорлық қоректік заттар көп жинақталған, ұрықтары ірі және т.б., осылар олардың биологиялық құндылығын сипаттайды.
Алайда, ірі тұқымдар мен орташа іріліктегі тұқымдардың құндылығы бір шамада болған тәжірибелер нәтижелері де белгілі.
В.Я. Юрьев атындағы Украина өсімдік шаруашылығы, селекция және генетика ҒЗИ-да И.Г. Стронаның жетекшілігімен бірнеше жыл бидай, арпа, тары ж.б. дақылдарымен жүргізілген зерттеулерде орташа және орташадан ірі тұқымдар барынша жоғары астық өнімін қалыптастырған, олар сорттың биологиялық ерекшеліктерін сипаттайды. Ал ең ірі және ең ұсақ тұқымдар не төмен немесе тұрақсыз өнім береді. Мұндай құбылысты Н.Г. Строна ірі тұқымдардың анатомиялық құрылымы борпас гипертониялық ағзалардан қалыптасқан, жеңіл жарақаттанады және тіршілікке қабілеттілігі әлсіз болып келетіндігімен түсіндіреді.
Солтүстік Қазақстанда да кезінде жаздық бидайдың тұқым ірілігін астық өнімі мен сапасына әсері жөнінде ірі зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Біртұтас әдістемемен жүргізілген зерттеу жұмыстары мен өнімділік сапасын тұқым ірілігі анықтай алмайтын эксперименттік нәтижелер жинақталды. Біздің зерттеулер мен қазіргі «А.И. Бараев атындағы АШ ҒӨБ» РММ-нің бұрынғы тұқымтану лабораториясының зерттеулері осыған дәлел. Аталған лабораторияның деректері бойынша, оңтайлы себу мөлшерімен өсірілген Саратовская 29 жаздық бидайының әртүрлі фракцияларының астық өніміне айтарлықтай әсері байқалмады: оңтүстік қара топырағы жағдайында (Шортанды) әр гектарға 3,5 млн. өнгіш тұқыммен себілген танаптардан жиналған астық өнімі мынадай болды: кәдімгі тұқымнан (бақылау варианты) – 20,7; ірі тұқымнан - 20,7; ұсақ тұқымнан - 20,6; орташа тұқымнан - 21,0, орташа және ірі тұқым қоспасынан - 21,4 ц/га алынған.
Тұқым ірілігінен астық өнімі мен сапасына әсері жаздық бидай үшін Солтүстік Қазақстанның қара-қоңыр топырақтарында кезінде қазіргі «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің» өсімдік шаруашылығы кафедрасының ғалымдарымен зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет