ТұҚымдық жадығАТҚА (материалғА) Қойылатын талаптар дәрістердің негізгі сұрақтары


Тұқымдық жадығат сапасы жөніндегі құжаттар



бет9/9
Дата19.03.2022
өлшемі158,5 Kb.
#136134
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 Дәріс
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
Тұқымдық жадығат сапасы жөніндегі құжаттар. Мемлекеттік үлгіқалыптар (стандарттар) бойынша тұқымдық жадығат үш немесе екі сыныпқа (класқа) бөлінеді (3 - кесте).
Көрсетілген кластардың біріне кіретін тұқымдарды кондициялы деп атайды, олар себуге жарамды. Себу сапасының көрсеткіштері үшінші (екінші) сыныпты үлгіқалып шарттарына сәйкес келмейтін тұқымдарды кондициялы емес (кондициясыз) тұқымдар деп есептейді де олар себуге рұқсат етілмейді.
3-кесте – Сыныптарға бөлгендегі тұқым сапасының негізгі көрсеткіштері

Дақылдар

Сынып

Негізгі дақылдың тұқымы, %

Басқа өсімдіктер тұқымының қоспасы, дана/кг көп емес

Лабораториялық өнгіштіқ, %



барлығы

оның ішінде арамшөп өсімдігі

1

2

3

4

5

6

Жұмсақ бидай

І

99

10

5

95

ІІ

98

40

20

92

ІІІ

97

200

70

90

Қатты бидай

І

99

10

5

90

ІІ

98

40

20

87

ІІІ

97

200

70

85

Арпа, сұлы

І

99

10

5

95

ІІ

98

80

20

92

ІІІ

97

300

70

90

Тары

І

99

16

10

95

ІІ

98

100

75

90

ІІІ

97

200

150

85

Асбұршақ

І

99

5

рұқсат етілмейді

95

ІІ

98

10

2

92

ІІІ

97

50

5

90

Күнбағыс

І

99

5

2

95

ІІ

98

15

5

93

ІІІ

97

35

15

90

Майлы зығыр

І

98

200

150

95

ІІ

97

550

500

90

ІІІ

86

1550

1550

85

Еркек шөп

І

95

-

0,5 % көп емес

80

ІІ

90

-

0,1 % -//-

65

Егістік жоңышқа

І

96

-

0,5 % -//-

80

ІІ

96

-

1,0 % -//-

70

Ақ және сары түйе жоңышқа

І

96

-

0,3 % -//-

80

ІІ

96

-

0,8 % -//-

65

Қылтықсыз арпабас

І

95

-

0,6 % -//-

75

ІІ

90

-

1,0 % -//-

65

Судан шөбі

І

98

-

0,2 % -//-

80

ІІ

95

-

0,5 % -//-

70

«Тұқым кондициясы жөніндегі куәлік» құжатының әсер ету мезгілі берілген уақытынан санағанда көпшілік дақылдар үшін (көкөніс, бақшалық дақылдар және мал азығындық тамыр жемістерден басқалары) - төрт ай, және ол мерзім тұқымның өнгіштік көрсеткіші бойынша белгіленеді.
«Тұқым талдаудың нәтижесі» - себу сапасы МҮҚ шарттарына сәйкес келмеген тұқымдарға және мөлшерленетін көрсеткіштер түгел тексерілмегенде берілетін құжат. Бұл құжатта тұқымды талдаудың нәтижесі келтірілген және қандай себептермен үлгіқалып шарттарына жауап бермейтіндігі көрсетілген, сонымен бірге кондицияға жеткізу үшін тұқымға қандай өңдеу жұмысын жүргізу қажет екендігі айтылған.
Өздігінен тексеру сұрақтары:

  1. Тұқымдық (егістік) сапа көрсеткіші деп нені атайды?

  2. МҮҚ (МСТ) талаптарымен мөлшерленетін тұқымдық сапа көрсеткіштерін атаңыз.

  3. МҮҚ (МСТ) талаптарымен мөлшерленбейтін тұқымдық сапа көрсеткіштерін атаңыз.

  4. Тұқым тазалығы деп нені атайды және оны анықтаудың әдістемесі қандай?

  5. Тұқымның зертханалық (лабораториялық) өнгіштігі, өну қуаты (энергиясы) және оларды анықтау әдістемесі.

  6. Тұқым ылғалдылығы деген не, оны қандай тәсілдермен анықтайды және негізгі тәсілдің анықтау әдістемесін атаңыз.

  7. 1000 тұқымның массасы қалай анықталады?

  8. Өсу күшінің мәні, анықтау тәсілдері.

  9. Тұқымның тіршілікке қабілеттілігі деп нені атайды және оны анықтаудың қандай тәсілдерін білесіз?

  10. Тұқымның тіршілік ұзақтығы (ұзақ өміршеңдігі) деген не? Оның түрлері, ісаналық мәні қандай?

  11. Тұқымның себу жарамдылығы дегеніміз не? Агрономиялық мәнін, қолдану аясын атаңыз.

  12. Тұқым кондициялығы жөніндегі куәлік қандай тұқымдық жадығатқа толтырылады?

  13. МҮК талаптары бойынша дақылдарға байланысты тұқымдық жадығат қандай сыныптарға (кластарға) бөлінеді?

  14. «Талдау нәтижесі» қандай тұқымдық жадығатқа және қандай жағдайда толтырылады?



Әдебиет:
1. Аринов К.К., Шестакова Н.А. Агрономические основы семеноведения и семенного контроля на Севере Казахстана. Астана, 2006
2. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А. ж.б. Өсімдік шаруашылығы практикумы. Астана, 2004
3. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Шестакова Н.А. ж.б. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2011
4. «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы (2009.17.07 берілген өзгертулер және толықтырулармен). Астана, 2009.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет